Есенберлин қаламына тән сыйпаттар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мүсілім Базарбаев атындағы № 138 қазақ гуманитарлық өнер-гимназиясы

Ілияс Есенберлин
(1915 – 1983)

Орындаған: Орынбеков Әлішер 33-топ
Тексерген: Баяхметбекова Ләйлә

Алматы 2004
І. Есенберлиннің жазушылық жолын шолып, тұжырымдай келгенде, оның
қаламына хас бірнеше ерекшелік көзге айқын шалынады. Сол ерекшелектер
жазушының өзіндік қолтаңбасын, суреткерлік қуаты мен құлашын, оның қазақ
совет әдебиетіндегі орны мен мәнін анықтайды.
Ең алдымен, жазушының творчестволық белсенділігін, замана сұрауларына
көңіл сергектігін, орасан ебеккерлігін көрсету ләзім. Оның соңғы он – он
бес жыл көлеміндегі әдеби өнімі ұлғайыр. Бұл шығармалар тек сандық
көрсеткіш емес, әр тарап көркемдік ізденістер мен жемістердің де нышаны. Ол
бір туындысында – ғылым әлеміндегі терең тартыстарды салдарлы түрде
әңгімелесе, екіншісінде – қазақ зиялылардың революция дәуіріндегі іс-
әрәекеттерін, түрлі қөзқарастарын ашуға барады, енді бірде Қазақстандағы
тың және тыңайған жерлерді игеру аттанысына алғашқылардың бірі болып үн
қосады, жеріміздің қазба байлығын пайдалану мәселесіне ден қояды, тағы бір
топ шығармасында замандастарымыздың рухани өмірін, тұрмыстық, семьялық
жағдайларын терендеп көрсетуге ұмытылады. Көтерген тақырыбы мен жасаған
адам бейнелерінің әрі мол, әрі сонылығы оларға шын мәнінде актуальдылық
сипат дарытылады.
Әрбір шығармасында күрделі ой, проблема айтушылық, бұрын көп сөз бола
қоймаған тыңға барушылық, творчестволық батылдық – жазушы. І. Есенберлин
қаламына тән сыпаттар. Адам мінездеріндегі қайшылық ешкімнінде туды-бітті
пішенесіне жазылған тағдыр таңбасы емес, дәуірдің, уақыттың, саяси,
әулеметтік күрестерінің, таптық арпалыстардың сынадағы көрінісі екенін
ұғындыра алғаны – автордың елеулі еңбегі.
Қандай тақырыпқа барса да, өндірістің немесе шаруашылықтың жағдайларына
деңдеп кетпей, адамдар арасындағы байланыстар, ықыластар негіздеп
таңдаушылық нағыз өмір романын жазуға ойысушылық. І. Есенберлин
шығармаларында неғұрлым кең көрініс берген.
Ірі әулеметтік, таптық мәселелерді көтеретіндік, құбылыстарды озық
дүниетаным тұрғысынан талғайтындық, қаһармандардың қоғамдық аренадағы
істеріне, өмірдің объективті қозғалысын көрсететін басым мән беретіндік –
прозамыздың табысы. Ұнамды деп ауызға ілінген, жамғашылық ілтипатына
бөленген шығарманың көбінен осындай өнеге табылатын. Сонымен бірге,
прозалық мәдениеттің әлі де толық жетіліп болмағанын байқататын бір көрініс
– кейіпкерлердің жеке бастың аңсар-ықыласының кейде аз немесе мүлде
көрінбей қала беретіндігі еді. Міне, осы екі бастауды – қоғамдық өмірдің
объективтік заңдылықтары мен қаһармандық мінездік сипаттамасын, іс-әрекетін
қоса-қабат суреттеу соңғы жиырма шақты жыл ішінде негіздеп жүзеге аса
бастады. Қазіргі кезде өндіріс тақырыбында жазылған шығарманың өзінде жалаң
технологиялық процесстерді ұзақ-шұбақ көрсету күрт азайды, оның есесіне
қаһарманның көңіл күйін, өзара қарым-қатынастар таихын айту қомақты орынға
шықты.
Әдебиетіміздің кейінгі ширек ғасырында кең өріс алған осы тенденция І.
Есенберлин романынан толық аңғарылады. Мәселен, автордың Алыстағы
арпалыс, Маңқыстау майданы романдары осы айтқанымызды дәлелдейді.
Бұлардың алғашқысында өзенге үлкен бөгет салу, соңғысында қызыналы
Маңқыстау түбегінен мұнай байлығын іздеу, өндірісті жетілдіру мәселесі
оқиғалық қазық болған. Бұл шығармаларда өндірістің тікелей кәсіптік
мұқтажын әңгімелеуге жазушы бармаған, өндіріс айналысындағы түрлі
қайшылықтар мен қақтығыстар кейіпкерлердің мінездік ерекшеліктерімен ұласып
шыққан. Осыдан барып, суреттелетін оқиғалардың бәрі дерлік қаһармандардың
мінез-құлқын, жақсылығын немесе кемшілігін ашпай қоймайтындай өмір
мәселесіне айналып отырады. Өндірістік ситуация бір бөлек, қаһарманның
рухани әлемі және өзінше келетін үйлесімсіздік прозаның өткен кезеңі деп
есептесек керек.
І. Есенберлин шығармасын қандай проблемаға құрса да, нағыз заманалық
рухани, мәдени қажеттерді бірінші кезекке қояды. Оның ұнамды қаһармандары
мейлі қазақ жеріндегі көне цивилизация қалдығын іздейтін археолог (Алтын
аттар оянды) болсын немесе алдынғы қатарлы кенші болсын (Алтын құс) –
бәрібір тынысы, жан әлемі, іс-әркеті замана сазына үндес. Сондықтан да,
олардың тағдыры, жеңісі мен өкініші, үміті мен арманы оқушы көңіліне жақын.
өмірдің жанды мәселесін, күрделі шындығын қаны сөлі көрініп тұрған қалпында
кесек ойып ала білетіндігі бұл шығармалардың шыңшылдық әсерлілік қуатын
артырады.
Қазақстан тарихындағы соңғы жиырма бес жыл ішіндегі ең көрнекті
істердің бірі – тың және тыңайған жерлерді игеру эпопеясы болса, осы
тақырыпқа қазақ жазушылары арасынан үлкен прозада (Көлеңкеңмен қорғай
жүр) ат салысқан санаулы қаламгер қатарында І. Есенберлин есімі де атаулы
кездейсоқ емес.
Қаламгердің Айқас романы – көтерген мәселелермен де, көркем
бейнелермен де оқушыға ой саларлық, соны бітімді шығарма. Мұндай сыртай
қарағанда өндіріс, ғылым проблемаларына байланысты қайшылықтар, тартыстар
сөз болатын секілді. Бірақ шығармада аңғарылатын ойлар мен армандар
анағұрлым терең түбегейлі. Өмірді зерек суреткерше түсіну, тартыс астарын
жан-жақты ұғыну, байланыстар заңдылықтарын таба білу жазушының жаңа
көркемдік жүрістер, тың мінездер ашуға апарған.
Көне мен жаңаның күресі деп аталатын философиялық жалпы қағиданы мың
сан құбылыс болатынын өмірдің өзі көрсетіп келеді. Дүниедегі жақсы мен
жаманды, озық пен қалықты бағалаудың, саралаудың да тұғырлары көп. Біздің
қоғам өкілдерінің бәрі бірдей комунистік мұраттар биігіне шыға
қоймағандығы, жаңа ұғымдарды, адамгершілік принциптерін сіңіру үшін ұдайы
күрес жүргізу керектігі қазіргі әдебиетте жігерлі көрсете бастағаны анық.
Осының жарқын мысалы сөз болып отырған роман.
Таза еңбек адамның белгілі бір идеаға шын берілген кісінің тіршілік
күресінде бір әлсіз жағы бар. Олар көзделген нысанаға қалайда жетуді ғана
ойлай отырып, сол жолда кездесетін кедергіліерлі жоюдың жолдарын жете
қарастыра бермейді, мақсат асыл, мұрат оң болған соң, ілгері қарай еркін
атауға болады деп біледі. Теория жүзінде бұлай тұжырымдау дұрыс. Бірақ
өмірде жақынды алыс ететін бөгесіндер аз кездеспейді. Ол кедергілер және де
мен мұндалап төте килікпейді. Олар да өзінше шыңдықтың тонын жамылып
келеді.
Айқас романының басты кейіпкерлерінің бірі – белгілі геолог, адал
азамат Дәурен Ержановтың қарсыласы Нүрке Әжімов күресте арам тәсілдер
қолданып, қарт ғалымның өліміне тікелей себепкер болады. Ол Дәурен сынды
тәжіребелі, беделді ұстаз ғалымының идеясын көпшілік қолдап келе жатқанын
сезіп, ең қара қиянатқа барады. Бірақ Дәурен өлгенмен, оның ісі жеңіп
шығады, оның жоспарының келешегі мол екені дәлелденіп, көп ұзамай жоғарыдан
қолдау табады.
Шығарманың қымбат ғибраты да өмірде осындай шытырман шиенің
кездесетінің, ондай қайшылықтар шырқау шегіне дейін барып, нағыз драмалар
туғызатынын нанымды көрсетуінде.
Қазақ әдебиеті қазіргі дәуірде сапалық жаңа өрістерге шығып келе
жатқаны қаһарман өмірін көп бояулы, жан-жақты, толық етіп көрсету ынғайынан
да анғарыла түседі. Бұл күнде ұнамды кейіпкерлерді көрмеге қойғандай қолдан
жасандыру, ұнамсыздың басына құбыжықты төндіру тәсілі ешкімді
иландырмайды. Авторлық жалаң аңсар күшімен де жетелеп, схемаға салу шарты
ескірді. Ендігі кейіпкерлерге не ақ, не қара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Ілияс Есенберлиннің романдарын оқытудың әдістері
Есенберлин - көне тарихымыздың жиһангері
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы: Тарихи шындық және көркемдік шешім
Тарихи қазақ романдары
Махаббат пен ғадауат
Қазіргі қазақ прозасындағы тақырыптық, жанрлық ізденістері
Кенесары - төре тұқымынан шыққан әйгілі қолбасшы
ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰСТАЗ БЕЙНЕСІ
Пәндер