Ел баласы - Сыр баласы Шахмардан Есенұлы Есенов туралы сыр



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Ел баласы - Сыр баласы Шахмардан Есенұлы Есенов туралы сыр 2
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 13

Ел баласы - Сыр баласы Шахмардан Есенұлы Есенов туралы сыр

Қазақ алладан бала сұрайды, бала сұраса дана сұрайды Бала берсең, дана
бер, дана бермесең, е құдай, бір-бірлеп ала бер, - деген мәтел содан қалса
керек. Дана бала әкесінің атын, халқының салтын, Отанының даңқын асырады, -
деп ойлаған ол. Жаман бала әке атына кір келтіреді, Отанын қорғай алмай
сағыңды сындырады, Қоянды қамыс өлтіреді, ерді намыс өлтіреді, -
дегендей, күнде күйік болып, тірідей жерлейді. Міне осының бәрінен тәлім
алған қазақ атамыз бала дегенді екіге бөлген: бірі-әкесінің баласы,
екіншісі-ел баласы. Әкесінің баласы түтін түтеткенмен ауыл арасынан, елдің
қарасынан ұзамай жүреді. Анасы ренжігенде бар бол, бар болғыр дейтін бала
солар. Қазақтың әкеңнің баласы болма, елдің баласы бол,-деп бата беруі де
көп дүниені аңғартады. Өз замандастарына Шах аға аталған Шахмардан
Есенұлы Есенов – міне осындай ұлт перзенті, ел баласы. Осы арада толассыз
жарға соғып, аласапыран замананы дабылдатқан ХХ ғасыр ұлысы Әлихан
Бөкейхановтың өзін Қыр баласы деп атауы ойыңа еріксіз оралады. Әлекең
бастаған ұлы шоғыр Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауыов,
Мағжан Жұмабаев Елім-ай,-деп зарлап өмірден өтті. Қуыршақ совет Қазақ
Республикасының болмысына қарамай, даналылықтарын танытып, білім, өнер
көгіне құлаш ұрған Мұхтар, Қаныш ағалар құйрықты жұлдыздай аспан әлемін
қақ жарып, таңдандырып олар кетті. Міне сол кезде ат тұяғын тай басып,
қыр балаларының орнына жас буынды бастап, сыр баласы Шахаң келді.
Шахмардан Есенұлы Есеновтың есімі елімізге талантты жер қойнауын
барлаушы, аса ірі ғалым-геолог, геология қызметінің білгір ұйымдастырушысы,
Қазақстанда академиялық ғылымдар дамуының ұйытқысы болған, аса ірі ғалым
және мемлекет қайраткері, Лениндік сыйлықтың және Қазақ ССР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты және ретінде етене таныс. Оның қажымас қайрат-жігері
ғылымның аса қажетті проблемаларына, әсіресе халық шаруашылығы мен
мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге жұмсалды.
Шахмардан Есенұлы Есенов 1927 жылы 5 тамызда Қызылорда облысының Шиелі
ауданы, Тартоғай ауылында Азамат соғысына қатысушы қызметкер отбасында
дүниеге келген. Осы жерде орталау мектепті бітіріп, Қызылорда педагогикалық
техникумына оқуға түсіп, оны 1944 жылы аяқтады. Сол жылы қазақтың тау-кен
институтының геология-барлау факультетіне оқуға қабылданды. Студенттік
жылдардың өзінде-ақ Шахмардан Есенұлы Есенов өз құрбылары арасында
сымбаттылығымен, жағымдылығымен, қоғам өміріне қызу араласатын
белсенділігімен көзге түсетін, ол студенттік ғылыми зерттеулерге араласып,
геологиялық үйірмелердің белсенді мүшесі болды. Оларда өз құрбылары-
студенттер геологияның әр түрлі бағыттары бойынша ғылыми баяндамалар,
хабарламалар жасайтын. Тақырып жүйесі, көтерген проблемалары аса қызғылықты
баяндамалар қалалық студенттік ғылыми конференцияларда оқылып, ғылыми
көпшіліктің назарына ұсынылатын. Міне осындай игі істердің ұйытқысымен
ұйымдастырушысы Шахмардан Есенұлы Есенов болатын. Факультет студенттерінің
ғылыми-практикалық өмірінің шын мәнінде ол басшысы еді. Оның осындай
белсенді студенттік өмірінің қыры мен ұйымдастырушылық талантын
алғашқылардың бірі болып таныған ұлы ғалым Қ.И.Сәтбаев. 1937 жылдан бері
геология-барлау факультеті мемлекеттік емтихан алу комиссиясының төрағасы
болып келген Қ.И. Сәтбаев кейіннен де Шахмардан Есенұлының жолына бағыт-
бағдар сілтеп отырды. Оның ұсынысы бойынша 1949 жылы институтты бітірген
жас маман тау-кен инженер-геологы Жезқазған кешенді геология барлау
экспедициясына жұмысқа жіберілді. Еңбек жолының алғашқы күндерінің өзінен-
ақ Шахмардан Есенұлы бұл іске белсене араласып, өзінің жан-жақты
білімділігін, ұйымдастырушылық қабілетін бастаған ол аз уақытттың ішінде
аға геолог дәрежесіне дейін көтеріліп, көп кешікпей экспедицияның бас
геологы, ал 1957 жылдан бастап, Қазақстан және сол кездегі Одаққа белгілі
аса ірі Жезқазған кешенді геологиялық экспедициясының бас инженері қызметін
атқарды.
Ұлытау-Жезқазған өңірінде жүргізілген геологиялық жұмыстарды Шахмардан
Есенұлы 11 жыл бойы үзбей басқарып, мыс, түсті металдардың республика
бойынша аса ірі шикізат қорын жасауға үлкен ықпал жасады. Оның тікелей
инициативасы және басшылығымен 50-жылдарда Жезқазған кенді аймағының ірі
масштабты геологиялық болжау картасы сызылып, онда мыс, қорғасын және мырыш
рудалары таралған аудандардың шекаралары айқындалып, олардың таралу
географиясының кенді аймақтың территориясынан да сытқары жатқаны белгілі
болды. Міне осы болжамға байланысты Жезқазғанның айқындалған қорын 3-4 есе
ұлғайтуға байланысты тың идея туды. Небәрі 10 жылдың ішінде барлау үшін
Шахмардан Есенұлы экспедициясының басқа да басшылармен келісе отырып, бұрғы
жұмысының көлемін 5 есе арттыру мәселесін алға қойды. Бұл батыл ұсынысты
Ғылым академиясы (Қ. И. Сәтбаев) және Қазақ ССР-інің Геология және жер
байлығын қорғау министрлігі де қолдады. 60-жылдардың басында Шахмардан
Есенұлы Есенов басқарған геологтардың болжауы таңқаларлық дәлдікпен
анықталды. Бұл Жезқазғанның сол кездегі қорын 2,5-3 есе ұлғайтуға мүмкіндік
берді. Осы кезеңде Жыланды мыс кендерінде (Итауыз, Сарыоба, Қарашажақ,
Қыпшақпай, Айранбай, Талды бұлақ, Жартас т.б.) барлау жұмыстары жүргізіліп,
олардың болашағы айқындалды. Осындай аса ірі көлемде жүргізілген
жұмыстарының нәтижесі үшін Шахмардан Есенов кен орындарын алғашқы ашушы
деген дипломын алды. Тағы да сол өңірде Шахмардан Есенов аса ірі
стратегиялық маңызы жоғары елімізде әлі белгілі бола қоймаған родисит-
кендір тасы-Қумола көгілдір кендір тасын анықтады. Елімізде оны Жезқазған
типі деп атады. Айта кететін бір жайт Шахмардан Есенов жүргізген кен
орындарының барлау және бағалау әдісі сол кездегі құжаттардың нормасына
қайшы болатын, бірақ жаңа әдістеменің уақытты тиімді пайдаланып, үлкен
экономикалық жетістіктерге жол ашатыны белгілі болды. Родисит-кендір тар
кен орны өте қысқа мерзім ішінде өндіріске енгізіліп, Шахмардан Есенұлының
әдістемесі Одақтың геология салалары бойынша негізгі құжат болып
қабылданды. 50-жылдардың соңына қарай жан-жақты жүргізген барлау
жұмыстарының нәтижесінде экспедиция геологтары аса ірі жер асты суы
қалыптасқан Жанай және Айдос жер асты теңіздерін ашып, оларды қысқа
мерзім ішінде елді мекендердің пайдалануға мүмкіндік жасап, тұщы су
проблемаларын шешті.
Есенов кейінгі жылдардағы лауазымды қызметтерінде де толық пайдалана
білді.
1960 жылы 33 жасар Шахмардан Есенұлы Есенов Қазақ ССР Геология және жер
байлығын қорғау министрінің орынбасары болып тағайындалды, жыл өткеннен
кейін осы министрліктің бірінші басшысы-министр болып, 1961-1965 жылдар
аралығында қызмет жасады. Министрліктің басшы қызметтерінде Шахмардан
Есенұлы Есенов өзінің белгілі қасиеттері, онымен қоса табандылығы және өз
ісіне деген сенімділігі арқасында Қазақстанда қысқа мерзім ішінде көптеген
кен орындары ашылып, іске қосылды. Мысалы: Оңтүстік Маңғыстаудағы аса ірі
мұнайлы-газды аймақтар, Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражамбас, Бозащы т.б кен
көздері бүгінгі ТМД елдерінде аса ірі кен орындарының қатарында.
Осы өңірдің геологиялық барлау жұмыстарына тікелей араласып, басшылық
жасағаны үшін басқа да ғалымдар мен өндіріс мамандары қатарында Шахмардан
Есенұлына 1966 жылы Лениндік сыйлық берді және республиканың геологиялық
қызметін мінсіз басқарғаны үшін Ленин орденімен марапатталды.
Қазақ ССР-і Геология министрі қызметін атқарған жылдары Шахмардан
Есенұлы Есенов аса ірі дарын иесі екенін, жан-жақты терең білімділігін,
геологиялық тексерулердің қыр-сырын жете игергендігін, жинақталған
деректерді қорытындылап, геологиялық-барлау жұ-мыстарының экономикалық
көрсеткіштерін жақсарту, тиімділігін арттырудың мәселелерін терең
білетіндігін көрсете білді. Осы кезде Шахмардан Есенұлы Есенов тек
өндірісті талапты ұйымдастырушы болып қана көзге түскен жоқ, сонымен қатар
ірі ғалым екендігін де ғылыми көпшілікке көрсете білді. Шахмардан Есенұлы
Қазақстан жағдайы ерекшеліктерін жан-жақты қамтыған әдістері жайында
кандидаттық диссертация жазып, оны ғылыми кеңесте қорғап, геология-
минерология ғылымдарының кандидаты атағын алды. Шахмардан Есенұлы Есенов
өзі жеке, кейде авторлармен бірлесе көптеген ғылыми еңбектер жазды, көбіне
ондай жұмыстар өзінің теориялық жаңалығымен, көтерген тың мәселелермен
көпшілікті қызықтыратын, өндірісте қолдау табатын.
Шахмардан Есеновтың геология ғылымын дамытуға қосқан басты еңбегі-
геологиялық барлау-іздестіру жұмыстарын кешенді түрде жүргізу, әсіресе
геологиялық, геофизикалық және геохимиялық әдістерді кеңінен қолдану.
Әсіресе республикамызда Бүкілодақтық барлау геофизика институтының
Қазақстандық бөлімшесін, жаңа ғылыми есептеу орталығын ұйымдастырушылардың
бірі болды. Бұл геология саласына кибернетиканы енгізу бағытында құрылған
Қазақстанда алғашқы есептеу орталығы еді. Өзінің жан-жақты қызметін әрқашан
Қазақстан геологиясы мен металлогениясының ғылыми теориялық проблемаларымен
байланыстырылып, аса ірі халық шаруашылық салаларын минералды шикізат
түрлерімен қамтамасыз ету жолына бағыттап отырды.
Шахмардан Есенұлы Есенов-геологияның маңызды саласының бірі
металлогенияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Оның куәсі ретінде
геология, металлогения салаларында ол жазған түбегейлі еңбектерін, мысты,
құмтасты (Жезқазған типі) кен орындарын іздестіру және барлаудың әдістерін
келтіруге болады. Бұл еңбектерінде Қазақстанда кездесетін ондай кен
орындарының өндірістік маңызы, генезисі тағы басқа мәселелері жан-жақты
қарастырылып, тың деректермен тұжырымдалған. Осы жұмысты Шахмардан Есенов
Мәскеуде докторлық диссертация түрінде ғылыми кеңесте қорғап, геология-
минерология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды. Ол өз
әріптестерімен бірігіп, ғылыми-тарихи дерек және көпшілікке арналған аса
бағалы Қазақстан жер қойнауы атты үлкен монографиялық еңбек жазды.
Шахмардан Есенұлы Есеновтың басшылығымен және тікелей қатысуымен бірінші
рет Қазақстанның 1:1500 000 масштабтағы геологиялық картасы жасалып
баспадан шықты. Ол Қазақстанның барлық территориясын геотехникалық тұрғыдан
аудандастыру бағытында жүргізілген үлкен ғылыми жұмысқа басшылық етті. Оның
нәтижесінде аса ірі геотехникалық блоктар бөлініп, кейбір аса ірі
геотехникалық блоктардың шекаралары анықталып, қатпарлы аймақтардың
қатпарлану процестерінің аяқталғаны, болмаса әлі де даму үстінде екені
анықталды.
1965 жылы Шахмардан Есенұлы Есенов Қазақ ССР Министрлер Советі
төрағасының орынбасары болып тағайындалып, республикамыздың ауыр өндіріс
салаларына басшылық етіп, еліміздің өндіріс салаларына қажетті шикізат
базаларының дамуына ықпал жасады. 1966жылы ол Маңғыстау тектоникасы және
мұнай-газдылығыатты монографиялық еңбегін аяқтады.
1967 жылы ақпанда Шахмардан Есенұлы Есенов Қазақ ССР Ғылым
академиясының академигі болып сайланып, Қазақстан Ғылым академиясының
президенті және онымен қоса Қ. И. Сәтбаев атындағы Геология институтының
директоры болып тағайындалды. Шахмардан Есенұлы Есенов өзіне тән күш-
қуатымен қатаң талап қоя білуімен, жан-жақты ғылыми білімділігімен,
инициативасымен және кадрларды ұйымдастыру қабілетімен бұрынғы
қызметтерімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шахмардан Есенұлы Есенов
ҚазҰТУ - мақтаныштары
Ауданындағы тарихы, мәдени ескерткіштердің қысқаша анықтамасы
Шиелі жерінің арғы тарихы - жалпы Сыр бойы тарихымен өзектес, бөлежара қарауға болмайтын біртұтас тарих
СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖАҒДАЙЫНДА АЛАШТЫҚ ИДЕЯНЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ
Балұстаұлы Есбай
Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы
Қазақ мәдениетіндегі күй өнері
Айтбай Белгібайұлы айтыс жанрындағы келбеті
Қызылорда қаласы
Пәндер