Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пiкiрлерi


Абай Құнанбаевтың қоғам және замана туралы ой-пiкiрлерi.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845-1904) саяси және құқықтық iлiм тарихы бойынша арнайы еңбек жаз-бағанымен, өлеңдерi мен қара сөздерiне өзi өмiр сүрген дәуiрдiң тыныс-тiршiлiгiн, қоғамдық өмiрiн, халықтың мұң-мұқтажы мен басқару орындарының жұмысын арқау еттi. Сол уақыттағы жер-гiлiктi атқару органдары мен билер қызметiн, әлеуметтiк тең-сiздiктi жырлаған Абай әлеуметтiк iстерге де араласады.
Билердiң төтенше съезiне жетпiс алты баптан тұратын жаңа заң ережелерiн ұсынады және осы билер съезiнiң төрағасы бо-лып сайланады. Абайдың төрағалығымен өткен бұл съезде әдет-ғұрып нормаларының негiзi сақталған Ереже қабылданды. Билер сотының артықшылығын көрген Абай оған Ресей империя-сының кейбiр заң ережелерiн ғана енгiзедi. Бiрақ Абайдың бұл реформалық талаптары патша өкiметiнiң отаршыл әкiмшiлiгiнен қолдау таппайды. Бұл кезде қазақ даласында 1868 жылы 21 қа-занда қол қойылған ″ Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыс-тарын басқару жөнiндегi Уақытша Ереже″ үстемдiк етiп тұрған едi. Аталған ереже негiзiнде Ресей өкiметi қазақтардың дәстүрлi заң жүйесiн бұзып, қазақтың тұрмыс-тiршiлiгiмен үйлеспейтiн заң жобасын жасады.
Қазақтар ″ екiншi низам″ деп атап кеткен қазақ даласын бас-қару туралы ереже нағыз отаршылдық пиғылда жазылған бола-тын. Осыған сәйкес сот жүргiзу iсi де едәуiр өзгерiске ұшырады. Бұрын билер сотының қарауына жататын жиырмадан астам жалпы қылмыстық әрекеттер шекаралық соттардың қарауына берiлдi, ал ″ халық соттарына″ жергiлiктi ұсақ-түйек iстер ғана қалдырылды. Бақылау мен қадағалаудан тыс қалған сот орын-дарының лауазымды адамдары өз қызметтерiн жеке бастарының баюына пайдаланды.
Отаршыл әкiмшiлiк енгiзген ережелер мен тәртiптер болыс-тық пен билiк мансапқа ғана қызмет еттi. Судьялардың сатыл-ғыштығы мен болыстардың жағымпаздығы Абайдың жүрегiн жаралады. ″ Болыс бидi құрметтейiн десең құдайдың өзi берген болыстық пен билiк елде жоқ. Сатып алған, жалынып, бас ұрып алған болыстық пен билiктiң ешбiр қасиетi жоқ″ деп күйiне жазған Абай, бiр елдiң заңы екiншi елге жетекшi бола алмай-тындығын жақсы түсiндi. Сондықтан да ол зорлықпен танылған заң ережелерiн керексiз деп тапты. Отарлық билiктi қамтамасыз етуде мың құбылып, өзгерiп отыратын сатылған заңдарды аяусыз сынаған Абай:
Ант iшiп күнде берген жаны құрсын,
Арын сатып тiленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тiлмен қулық сауған заңы құрсын, - деп,
мұндай заңдарды пайдаланудан бас тартуға шақырды. Отар-шыл мемлекеттiң күнделiктi саясатына қарай бейiмделiп, өзгерiп отыратын тұрақсыз заңнан қандай әдiлдiк күтуге болатындығын ашына айтты.
Патша өкiметi құрған әкiмшiлiк басқару iсiндегi әдiлетсiздiк пен жорықсыз әрекеттердiң қазақтың билiк дәстүрiне қандай зардабын тигiзгендiгi мен ″ бар малын шығындап, болыс болған-дардың ″ қызметi де Абай назарынан тыс қалған жоқ. ″ Болыс болғандар өзi қулық, арамдықпен болыстыққа жеткен соң, мо-мынды қадiрлемейдi, өзiндей арам, қуларды қадiрлейдi″ . Сон-дықтан да Абай болыстыққа бiлiмдi адамдардың сайлануын жақ-тайды. Оның ойынша бiлiмдi болыс қана сайлану құқығына ие болса, оң нәтиже бередi. ″ Кiсiге бiлiмiңе қарай болыстық қыл″, - дейдi Абай.
Егер бiлiмдi адам табылмаса, болысты сайлау арқылы емес, жоғарыдан тағайындауды халыққа пайдалы болар деп есептеген Абай сайлауды ру арасындағы араздықты қоздыратын iс деп тапты. Адам өзi үшiн ғана қызмет етпеуi тиiс. Көпшiлiк үшiн жасаған еңбегiңдi құдай да ескередi. ″ Өзiң үшiн еңбек қылсаң, өзiң үшiн оттаған хайуанның бiрi боласың, адамшылықтың қарызы үшiн еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың″ .
Сайлау кезiндегi өзара тартыстың зардаптары туралы Абай ″ өз басын осындай таласпен кiсi көбейтемiз деп партия жиғандардың бүгiн бiреуiне, ертең бiреуiне кезекпен сатады да жүредi. Ұрылар тиылмайды. Ел тыныш болса, оның ұрлығын ешкiм сүйемес едi. Ел екi жар болған соң, кiм ант iшiп, арам-дығын жақтап сүйемiн десе, соған жақ болып сүйенiп, бұрын-ғыдан ұрлығын әлденеше есе асырады″ . Тыныш жатқан елдiң ″ шала бүлiнгенiн″ патша өкiметiнiң әкiмшiлiк және сот реформа-сының нәтижесi деп түсiнген Абай ″ әрбiр болыс елде старшына басы бiр би сайланғандық халыққа көп залал келтiрдi″, - деп жазды.
Абай сонымен бiрге қазақ даласында билiк айта алатын адамдардың да өте аз қалғанына қынжылыс бiлдiредi. Билiк айта бiлу үшiн ″ бұрынғы Қасым ханның ″ қасқа жолын″, Есiм ханның ″ ескi жолын, Әз Тәуке ханның ″ Күл төбенiң басында күнде кеңес″ құрған ″ Жетi жарғысын″ бiлмек керек… ондай кiсi аз, яки тiптi жоқ″ .
Заманы тозған, дәстүрi озған дәуiрде кiмге ақыл айтасың, сенiң насихатыңды кiм тыңдайды? Заманның тозуына не нәрсе себеп болды? деген мазасыз сұрақтарға Абай өзi жауап бередi. ″ Бiреу-болыс, бiреу - би. Олардың ақыл үйренейiн, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес едi. Олар өздерi де аздық кiсiмiз, өзiмiз бiреуге үлгi берiп, ақыл айта-мыз деп сайланды. Өздерi түзелiп жеткен, ендi елдi түзерлiгiнен қалған. Ол не қылып тыңдасын және тыңдайын десе қолы тие ме? Басында өзiндiк жұмысы бар: ұлығымызға жазалы болып қаламыз ба, яки елдегi бұзақыларымызды бүлiндiрiп аламыз ба, яки халқымызды бүлдiрiп аламыз ба, яки өзiмiз шығындап, шығынымызды толтыра алмай қаламыз ба? - деген ебiне қарай бiреудi жетiлтейiн, бiреудi құтылтайын деген бейнетiнiң бәрi басында, қолы тимейдi″ . Елдi басқаруға сайланғандар басқаның ақылын қажет етпей, өздерiнiң ғана бас пайдасын ойласа ″ балық басынан шiридiнiң″ растығына Абай күмән келтiрмейдi. Арын сатқан билер мен болыстардан түңiлген Абай ″ бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық, сақалын сатқан кәрiден еңбегiн сатқан бала артық″ деп ой қорытады.
Абай шығармаларында әр топтың өкiлдерi, олардың әрқилы мiнездерi мен қасиеттерi үнемi бой көрсетiп отырады. Олардың жаман қасиеттерiн ашып көрсеткен ақын, оның себебiн түсiн-дiредi. Жиырма екiншi қара сөзiнде ол ″ Байды қадiрлеймiн десең бай жоқ. Бай болса өз басының, өз малының еркi өзiнде жоқ. Мырзаларды қадiрлейiн десең, осы күнде анық мырза елде жоқ, мал бергiш мырза иттен көп. Бiреу бiр пайдама келтiрем деп мырза болып жүр. Мықтыны сыйлайын десең, жаманшылыққа елдiң бәрi мықты, жақсылыққа мықты кiсi елде жоқ. Естi кiсiнi тауып құрметтейiн десең әдiлет, ұят, нысапқа естi кiсi елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға елдiң бәрi естi″ .
Әр топтың iшiнен қадiрлiсiн таба алмаған Абай, оның себебiн заманның өзгеруiнен iздейдi. Осыдан келiп ол ″ көпте ақыл жоқ″, - дейдi. Абайға дейiнгi ғұламалар мен ойшылдардың көпшiлiгi де көптiң билiгiн дұрыс көрмедi. Өйткенi, көптiң билiгiнде дау-дамай мен қызыл сөз және бас араздық қоса жү-редi.
Көпке ақыл айту да қиын. ″ Көп қорқытады, терең батыра-ды″ . Абай көп дегендi бүтiндей бiр халықты меңзеп отырған жоқ. Ол жетексiз кеткен, билiкке көнбеген айғай-шудың тобы-рын айтып отыр. Ретiн тапса көптi де ақылға, жөнге келтiруге болады. ″ Сократқа у iшкiзген, Жанна д, Аркты отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенiң жемтiгiне көмген кiм? Ол-көп, ендеше, көпте ақыл жоқ″ . Ебiн тап та, жөнге сал″, - дейдi ұлы Абай. Оның пiкiрi бойынша ақылсыз тобыр - өзiнiң ақылынан айрылып, басқаның жетегiне ерген-дер, ерте ме, кеш пе олар өз қателiктерiн ұғынады. Абай оларды ″ Көп шуылдақ не табар, билемесе бiр кемел″, - деп сипаттайды.
Абай өзi өмiр сүрген орта мен заман ызғарынан шырқы бұзылған халықтың бет-бейнесiн көрсетумен бiрге, оның себептерiн де ашады.
″ Қалың елiм, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түстi мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бiрi қан, бiрi май боп ендi екi ұртың.
Ұқпайсың өз сөзiңнен басқа сөздi,
Аузымен орақ орған өңкей қыртың.
Өзiмдiкi дей алмай өз малыңды,
Күндiз күлкiң бұзылды, түнде - ұйқың,
Бас-басына би болған өңкей қиқым.,
Мiнекей, бұзған жоқ па елдiң сиқын? ″
Абай ″ адам деген ұғымды кең де, терең түсiндi. Оның түсiнi-гiнше адам - ақылдылық пен имандылықтың, еңбек сүйгiштiк пен адалдықтың, әдiлдiк пен бiлiмдiлiктiң жиынтығы. Абайдың айтуынша, ″ күллi адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан қашпақ керек. Әуелi - надандық, екiншi - ерiншектiк, үшiншiсi - зұлымдық деп бiлесiң. Надандық - бiлiм-ғылым-ның жоқтығы, дүниеден ешнәрсенi оларсыз бiлiп болмайды. Бiлiмсiздiк - хайуандық болады. Ерiншектiк - күллi дүниедегi өнердiң дұшпаны. Талапсыздық, жiгерсiздiк, ұятсыздық, кедей-лiк - бәрi осыдан шығады. Зұлымдық - адам баласының дұш-паны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлiнедi″ . Адам бойындағы жаман қасиеттердi саралаған Абай адамгершiлiктi, әдiлеттiлiктi ең негiзгi моральдық принцип ретiнде ұсынады.
″ Досыңа достық - қарыз iс,
Дұшпаныңа әдiл бол.
Асығыс түбi - өкiнiш,
Ойланып алмақ - сабыр сол″ .
Адамгершiлiк пен әдiлдiк болмаған жерде өкiнiш пен мұқ-таждық жүредi, олар адамды бақытқа жеткiзе алмайды деп ой түйедi дана ақын. Адам өмiрiнiң мағыналы да, саналы болуы, алдына қойған мақсатына жету жолдары да өз заманы мен заман талабына сәйкес болу керек деп түйген Абай:
Әркiмдi заман сүйремек,
Заманды қай жан билемек?
Заманға жаман күйлемек,
Замана оны илемек, - дейдi.
Дiн туралы Абай екi түрлi көзқараста болды. Ол құдайды және ислам дiнiн жоққа шығармайды. Отыз төртiншi, отыз бесiншi, отыз алтыншы және отыз сегiзiншi қара сөздерiнде Абай құдай жаратқан әлем мен ислам дiнiнiң қағидаларын, оның қазақ даласындағы көрiнiстерiн айтумен бiрге дiндi тарату-шылар мен уағыздаушылардың кейбiр жағымсыз әрекеттерiн сынға алады. Адам бойындағы жаман қасиеттердi ислам заңда-рымен дәлелдейдi. Абайдың дiни түсiнiгiнше ″ дүние бiр қалыпты тұрмайды, әрбiр мақұлыққа құдай тағала бiрқалыпты тұрмаққа берген жоқ. Құдай тағала дүниенi кәмәлатты шеберлiкпен жаратқан, һәм адам баласын өссiн-өнсiн деп жаратқан″ .
Абайдың дiн туралы пiкiрiне сүйенсек, ойшыл ақын дiннiң таусылмас рухани-тәрбиелiк маңызын жақсы түсiнген және көпшiлiктi мұсылмандықтың ақиқат жолына түсуге шақырған. Абай үшiн ең жоғары абсолюттi шындық - құдайды сүю. Абай-ша айтқанда адам алланы сүюмен ғана нағыз адам бола алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz