Шахмардан Есенұлы Есенов


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Шахмардан Есенұлы Есенов

Шахмардан Есенұлы Есенов - қазақ халқының ардақты ұлдарының бірі. Оның есімі елімізге талантты жер қойнауын барлаушы, аса ірі ғылым геолог, геология қызметінің білгір ұйымдастырушысы, Қазақстанда академиялық ғылымдар дамуының ұйытқысы болған, аса ірі ғалым және мемлекет қайраткері Лениндік сыйлықтың және Қазақ ССР мемлекеттік сыйлықтың лауреаты ретінде етене таныс. Шахмардан Есенұлының халық арасында беделі, атағы өте зор болды.

Шахмардан Есенов 1927 жылы 5 тамызда Қызылорда облысының Шиелі ауданы Тартоғай ауылында азамат соғысына қатысушы қызметкер отбасында дүниеге келген. Осы жерде орталау мектепті бітіріп, Қызылорда педагогикалық техникумына оқуға түсіп, оны 1944 жылы аяқтады. Сол жылы Қазақтың тау-кен институтының геология-барлау факультетіне оқуға қабылдады. Студенттік жылдардың өзінде-ақ Ш. Есенов өз құрбылары арасында сымбаттылығымен, жұғымдылығымен, қоғам өміріне қызу араласатын белсенділігімен көзге түсетін, ол студенттік ғылыми зерттеулерге араласып, геологиялық үйірмелердің белсенді мүшесі болды. Тақырып жүйесі, көтерген проблемалары аса қызғылықты баяндамалар қалалық студенттік ғылыми конференцияларда оқылып, ғылыми көпшіліктің назарына ұсынылатын. Міне, осындай игі істердің ұйытқысы және ұйымдастырушысы Ш. Есенов болатын.

Қ. И. Сәтбаев 1937 жылдан бері геология-барлау факультеті мемлекеттік емтихан алу комиссиясының төрағасы болып келген

Қ. И. Сәтбаев кейіннен де Ш. Есенұлының жолына бағыт-бағдар сілтеп отырды. Оның ұсынысы бойынша 1949 жылы жас маман тау-кен инженер-геологы Жезқазған кешенді геология-барлау экспедициясына жұмысқа жіберілген.

Еңбек жолының алғашқы кезеңдерінде Шахмардан Есенұлы, өзінің жан-жақты білімділігн, ұйымдастырушылық қабілетін таныта білді. Алғашында отряд геологы қызыметінен бастаған ол аз уақыттың ішінде аға геолог дәрежесіне дейін көтеріліп, көп кешікпей экспедициясының бас инженері қызметін атқарды.

Ұлытау-Жезқазған өңірінде жүргізілген геологиялық жұмыстарды Ш. Есенов 11 жыл бойы үзбей басқарып, мыс, түсті металдардың республика бойынша аса ірі шикізат қорын жасауға үлкен ықпал жасады.

Перспективасы жоғары аудандарды небәрі 10 жылдың ішінде барлау үшін Ш. Есенұлы экспедициясының басқа да басшылармен келісе отырып, бұрғы жұмысының көлемін (бұрғылау техникасын) 5 есе арттыру мәселесін алға қойды. Осындай батыл ұсынысты Ғылым академиясы және Қазақ ССР-інің геология және жер байлығын қорғау министрлігі де қолдады. 60-шы жылдардың басында Ш. Е. Есенов басқарған геологтардың болжауы таңғаларлық дәлдікпен анықталды. Бұл Жезқазғанның сол кездегі қорын 2, 5-3 есе ұлғайтуға мүмкіндік берді, кейін кен орындарында бас есептеу нәтижесін көрсетті.

Шахмардан Есенұлы өзінің Жезқазған өңірінде жасаған қызметі кезінде мыс кен орындарын барлау және бағалау жұмыстарымен ғана айналысып қойған жоқ, сол сияқты басқа да металдар кен көздерін ашуға барынша ат салысты: кендіртас марганец полиметалл, никель, кобальт темір, құрылыс материалы, ауыз су тағы басқалар қорларын айқындап, олардың болашағын белгілеуге тырысты. Осы кезде ол үлкен әрі бағалы жаңалық ашты: кен орындарына жан-жақты тексеру және барлау жұмыстарын өзі арнайы жасаған әдістемесі бойынша жүргізіп, аса ірі стратегиялық маңызы жоғары елімізде әлі белгілі бола қоймаған родусит-кендір тасы-Қумола көгілдір кендір тасын анықтады. Елімізде оны "Жезқазған" типі деп аталды. Айта кететін бір жайт бар. Ш. Есенов жүргізген кен орындарының барлау және бағалау әдісі сол кезде қолданылып жүрген құжаттардың нормасы мен талаптарына мүлде қайшы болатын, бірақ жаңа әдістеменің ұқыпты тиімді пайдаланылып үлкен экономиялық жетістіктерге жол ашатыны белгілі болды. Осындай жаңа әдістеменің кен орындарын барлау және бағалау да бұрыннан қолданылып жүрген құжаттар талаптарына қайшылықтарына қарамастан Қумола өңіріндегі кендіртас кен орындарының жаңа әдіспен есептелген қоры СССР мемлекеттік Қор комиссиясында бекітілді.

Осылай родусит-кендіртас кен орны өте қысқа мерзім ішінде өндіріске енгізіліп, Ш. Есенұлының әдістемесі бұрынғы Одақтың геология салалары бойынша негізгі құжат болып қабылданды.

Қызметінің осы кезеңінде Ш. Есенов өзінің тікелей басшылығымен жүргізілген геологиялық жұмыстарға барлық ынтасымен араласып, аса күрделі геологиялық мәселелерді, әсіресе Ұлытау, Жезқазған өңірінде тағы басқа аудандардағы кен орындары геологиясының теориялық әрі практикалық мәселелерін шешуде тікелей белсенділік көрсетті.

1960 жылы 33 жасар Ш. Е. Есенов Қазақ ССР геология және жер байлығын қорғау министрінің орынбасары болып тағайындалды, жыл өткеннен кейін осы министрліктің бірінші басшысы-Министр-болып-1961-1965 жылдар аралығында қызмет жасады. Министрліктің басшысы қызметтерінде Ш. Е. Есенов өзінің тамаша ұйымдастырушылық қабілетін пайдалана отырып, геология саласының кезек күттірмейтін мәселелерін шешуде, барлау және іздестіру жұмыстарының бағытын анықтауда, экономикалық тиімділігін бағалауда үлкен іскерлік көрсетіп, геологиялық жұмыстардан алынған деректерді күнделікті өмірге енгізуге және теориялық тұрғыдан қорытындылар, болжаулар жасауда ғылыми білгірлік танытып, көзге түсті. Аймақта ірі-ірі кен көздерін ашқаны үшін Ш. Е. Есеновке 1966 жылы Лениндік сыйлық берілді, республиканың геологиялық қызметін мінсіз басқарғаны үшін Ленин орденімен награда берілді.

Есенов тек өндірісті-талантты ұйымдастырушы болып қана көзге түскен жоқ, сонымен қатар ірі ғалым екендігін де ғылыми көпшілікке көрсете білді.

Ш. Есенов жеке, кейде авторлармен бірлесе, көптеген ғылыми еңбектер жазады. Ш. Есенов Қазақстанда геологтар мектебін қалыптасқан дәстүрін жалғастыра отырып, ғылым мен өндірістің шын мәнінде тығыз байланысын тұрақтандыруға күш-жігерін жұмсады.

Ш. Есеновтың геология ғылымын дамытуға қосқан басты еңбегі - геологиялық барлау-іздестіру жұмыстарын кешенді түрде жүргізу, әсіресе геологиялық, геофизикалық және геохимиялық әдістерін кеңінен қолдану.

Ш. Есеновтің инициативасы бойынша Қазақстан геофизиктері алғашқылардың бірі болып Кеңес Одағы бойынша кондициялық геологиялық түсірілімдер жасауға кірісіп, оларды геологиялық тексерулермен толықтырып отырды.

Ш. Есеновтің ғылыми зерттеулері өзінің әдістік жаңалықтарымен, тың ойларымен белгілі болды.

Ш. Есенов - геологияның маңызды саласының бірі металлогениялық дамытуына үлкен үлес қосқан ғылым. Оның куәсі ретінде геология, металлогения салаларында ол жазған түбегейлі еңбектерін, мысты, құмтасы (Жезқазған типі) кен орындарын іздестіру және барлаудың әдістерін келтіруге болады.

Ол жұмысты Ш. Есенов Мәскеуде докторлық дисертация түрінде ғылыми кеңесте қорғап, геология-минералогия ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды. Ол "Қазақстан жер қойнауы " атты үлкен монографиялық еңбек жазды.

Ш. Е. Есеновтің басшылығымен және тікелей қатысуымен бірінші рет Қазақстанның 1:1500 000 масштабтағы геологиялық картасы жасалып баспадан шықты.

1965 жылы Ш. Есенов Қазақ ССР Министрлер советі төрағасының орынбасары болып тағайындалып республикамыздың ауыр өндіріс салаларына басшылық етіп, еліміздің өндіріс салаларына қажетті шикізат базаларының дамуына ықпал жасады. 1966 жылы "Маңғыстаудың техникасы және мұнай-газдылығы" атты монографиялық еңбегін аяқтады. 1967 жылы ақпанда Ш. Е. Есенов Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі болып сайланып, Қазақстан Ғылым академиясының президенті және онымен қоса Қ. И. Сәтбаев атындағы геология институтының директоры болып тағайындалды.

Ол Ғылым академиясының мыңдаған адамдардан құралған ұжымы алдында ғылыми жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатын қойып, республикамызда ғылым дамытудың негізі болып саналатын түбегейлі зерттеулер жүргізуді барынша ұсынды.

1967 жылы қарашада болған Қазақ ССР-і Ғылым академиясының мерейтойлық жалпы жиналысында президент Қазақстанда ғылымның дамуы жайында баяндама жасап, республика ғалымдарының қол жеткен табыстарын қортындылай келіп, академия жұмысындағы кемшіліктерді де сынға алды және оларды тез арада жоюдың шараларын ұсынды. 1967 жылы академияда ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстардың біршама жанданғаны байқалды. Ш. Е. Есенов басқа да ғалымдар мен өндіріс мамандарының арасында болды. Қазақ ССР Ғылым академиясының жалпы жиналысының арнайы сессиясы қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 125 жылдық мерейтойына арналды. Әл Фараби еңбектері жарық көрді. Шахмардан Есеновтің "Қазақстан ғылымы мен ғылымдары" атты еңбегі басылып шыққан болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ел баласы - Сыр баласы Шахмардан Есенұлы Есенов туралы сыр
ҚазҰТУ - мақтаныштары
Ауданындағы тарихы, мәдени ескерткіштердің қысқаша анықтамасы
Студенттердің өзіндік жұмысының тапсырмалары
Инклюзивті білім беру моделі
Шиелі жерінің арғы тарихы - жалпы Сыр бойы тарихымен өзектес, бөлежара қарауға болмайтын біртұтас тарих
Қорларды есептеу
Футбол ережелері
СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВ КЕҢЕСТІК БИЛІК ЖАҒДАЙЫНДА АЛАШТЫҚ ИДЕЯНЫ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ
Пластина сіңіргіш
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz