Есім хан жайлы деректер
Есім хан (т.ж. белгісіз —1645 ж. ш. ө.) —Орта жүз ханы (1598—1645). Шығай
сұлтанның баласы, Орта жүздегі қазақ хандары әулетінің (17— 18 ғ.) басы.
Есім хан Түркістан қаласындағы қазақ хандарының ордасында тұрды. 1598 ж.
қазақ сұлтандары Сырдария маңындағы қалаларда, Түркістан, Ташкентте т. б.
мұрагерлік билік үшін Мауараннахрмен арадағы байырғы күресті күшейтіп,
Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді басып алды. Бұл соғыста Есім хан 20
мың әскермен Самарқанда қалды да, арасы Тәуекел 70—80 мың әскермен Бұқар
қаласын алуға аттанды. Бірақ жеңіске жете алмады. Есім хан соғыста айрықша
көзге түсіп, еңсегей бойлы ер Есім атанды. Тәуекел өлгеннен кейін (1598)
таққа отырды. 1599 ж. Бұхармен шарт жасасып, соның негізінде Ташкент қаласы
атрабымен қоса 200 жыл бойы қазақ хандарыныц билігінде болды. Есім хан
ойрат-қалмақтарға қарсы күрес жүргізді. Бір орталыққа бағынған мемлекет
құруды көздеді. Шығыс Түркістандары Күшар қаласына жорық жасады. Қазақ-
қырғыз ынтымағын орнатуға күш салды.
Есім ханның Шығыс Түркістанмен қарым-қатынасы (17 г.). Моғол мемлекеті
біртұтас мемлекет болып саналғанымен, іштей бір-біріне бағынбайтын екі
бөлікке бөлініп (орталықтары Жаркент, Жалыс), өзара жиі-жиі қақтығысып
тұрды. Есім хан (Шығай сұлтанның баласы) бұл қақтығысты өз мақсатына
пайдалануды көздеді. Бұл тұста, 17 ғ-дың бас кезінде Ташкент билеушісі
Тұрсын Мұхаммед хан мен Түркістанды билеуші Есім ханның арасында (орыс
деректері бойынша екеуі ағайынды) үстемдікті өз қолына алу үшін табан
тірескен күрес жүріп жатты. Деректерге қарағанда, бұл күресте Тұрсын
Мұхаммед жеңген. Есім хан Түркістанды тастап, Моғол мемлекетінің Шығыс
бөлігінің ханы Абд ар-Рахымның қол астына өтіп, оның жауынгерлерімен бірге
соғыс жорықтарына қатысып жүрді. Есім хан Абд ар-Рахымның қызы Падшах
ханымға, ал Абд ар-Рахым Есім ханның ағасы Күшік сұлтанның қызына үйленді.
Есім хан Шығыс Түркістанмен қарым-қатынасы жақсара түсті. Осыған арқа
сүйеген ол Ташкентке келіп, Тұрсын Мұхаммед ханды өлтіріп (1628), қазақтың
ұлы ханы болды.
Есім салған ескі жол (Есім ханның ескі жолы) — Есім ханның
(1598—1645 ж. ш.) ел билеуі тұсында қалыптасқан әдет-ғұрып, жол-жобалар.
Ондай жол-жобалардың бірсыпырасы Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның
қасқа жолы, Тәуке ханның жеті жарғысы деген атпен ереже ретінде әдет-
ғұрып нормаларында 19—20 ғ-ға дейін қолданылды. Есім хан бір өзі ғана әкім
болу, елді жуасытып бағындыру, басқа елдерге шабуыл жасау саясатын ұстады.
Сондықтан ол қанға қан алу, мертіктіргенді мертіктіру, кек алу, құн төлеу,
барымта алу, құлды сату, дүре соғу, көп әйел алу, қалың мал төлеу,
әмеңгерлікті сақтау, зекет, ғұшыр жинау, айып салу, діни өшпенділіктер
сияқты патриархалдық-ұлттык, ескі салтқа арқа тіреп, соны уағыздады. Халық
Есім ханның ескішіл істерін Е. с. е. ж. (кертартпа жол) деп атады.
“ЕҢСЕГЕЙ БОЙЛЫ ЕР ЕСІМ” — Қазақ хандығының билеушісі (1598 — 1645)
Есім хан туралы тарихи жыр (17 ғ.). Көлемі 7000 жол. Дәстүрлі эпикалық жанр
арнасында жазылған. Жырдың 1938 ж. Қазанғап Байболұлынан жазып алынған бір
нұсқасы “Есім хан туралы жыр” деп аталады. Ақын мұны ел есінде қалған
тарихи аңыз-деректерге сүйене отырып жырлаған. Жырдың алғашқы “Шыңғыс хан”,
“Тәуекел хан” деп аталатын тараулары Шыңғыстың, Тәуекелдің өмірге келуі
және хан тағына көтерілуі туралы аңыз сарындармен басталады да, олардан
бергі қазақ хандарының тарихына қысқаша шолу жасайды. Шығарманың бұдан
кейінгі тараулары Есім ханның ер жетуі мен жорықтарына, оның заманындағы
тарихи оқиғалар мен ел басқару үлгісін баяндауға арналған. Жырдың, әсіресе,
деректі тарихи оқиғалар мен нақты адамдар жайынан мағлұмат беретін тұстары
аса құнды болып табылады. Онда Әбілғазы хан, Жиембет жырау, Алатау,
Сүлеймен, Жақсығұл, Сиқымбай сияқты батырлардың көркем тұлғалары сомдалған.
“Е. б. е. Е” жырында халқымыздың өмір салты, тұрмыс ғұрыптары, ынтымағы мен
жауынгерлік дәстүріне байланысты аса мол материалдар жинақталған. Есім хан
туралы өлеңмен жазылған жыр-аңыздар Шығыс Түркістан қазақтарының арасында
да ұшырасады. Қ.Байболұлынан жазылып алынған жырдың бұлардан ерекшелігі
Тараз, Шымкент, Сайрам, Ташкент, Түркістан жерінде болып өткен сол кездің
тарихи оқиғалары мол қамтылуымен дараланады. Аталған жырдың қолжазбасы Орт.
ғыл. кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы. Авторы белгісіз. Жазушы
М.Мағауин бұл жырды алғаш жырлаған Марғасқа ақын деп есептейді. Жырда 7 — 8
буынды шұбыртпалы ұйқас пен 11 буынды қара өлең үлгісі ауысып келіп
отырады. Жырдың шағын үзіндісі “Ана тілі” газетінің 1990 жылғы 31 мамырдағы
санында жарияланған.
ЕСІМ ХАН, Еңсегей бойлы ер Есім (т.ж.б. — 1645) — Қазақ хандығының
ханы (1598 — 1645), Шығай сұлтанның ұлы. Қазақ хандығының астанасы
Түркістан қ-нда тұрып, билік жүргізген. Сұлтан кезінде-ақ ағасы Тәуекел
ханмен бірге Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді Қазақ хандығы құрамына
қосқан. 20 мың әскерімен өзі Самарқанда қалып, ағасы Тәуекел 80 мыңдай
әскермен Бұхараға аттанды. Бірақ жеңіске жете алмады. 1598 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz