Жамбыл жырлары - теңіздің терең түбінде жатқан тұңғиық сырдай қол жетпес асыл қазына



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Халық поэзиясының алыбы - Жамбыл 3
Жамбылдың жастық шағы 3
Жаңа дәуірдегі Жамбыл творчествосы 5
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер тізімі 11

Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды, оны жинап
алып, халқының қолына беру-біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз
(С. Сейфуллин).

Кіріспе

1996 жыл – Жамбыл жылы болып аталып өтті. Осыдан 150 жыл бұрын ерекше
дарын иесі ақпанның бұлыққан аязы мен далданған боранды күнінде Шу өзенінің
бойындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың балалық,
жастық, бозбалалық, қарттық шақтары XIX ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас
шенінде өтті. Жамбыл – осы кездерде халық басынан өткен күрделі тарихи
оқиғалардың басты куәгері. Сондықтан жай ғана ақын атына ие емес, ал – одан
да жүйелі шежіре, тарихи ақын деген күрделі атқа ие.
Сахарасы қазағымның берген талай
алыпты,
Сол алыптан жер жүзінде алыптығын
таныпты.
Соның бірі болған Жамбыл Алатаудың
айбарлы,
Қыран даусы саңқ еткенде жалт қаратқан
халықты, -

дегендей, жыр дүлділі Жамбыл ғасырлар бойы айтылып, барған сайын шыңдала
түскен халық өнерінің ең жақсы жақтарын бойына сіңіре білген жыр жампозы өз
өлеңдерінің көркемдік қасиетін жоғары сапада көрсетті. Жамбыл жырлары –
теңіздің терең түбінде жатқан тұңғиық сырдай қол жетпес асыл қазына.
Жарқын шығар дауысым,
Мен жырлаудан талмаймын.
Барған сайын самғаймын,
Тауларынан Жамбылдың.
Шырқаған бұл кезімде,
Жер әлемнің жүзінде
Жетіп жатсын дабысым, -
деп, жырымен күйзелген халыққа нұр құйып, халқының ұмтылысын арттырған.
Халқын дұрыс жолға салуда Жамбылдың көптеген толғау жырлары баршамызға
мәлім. Сондықтан Жамбыл ерекше жырау болып есептеледі.

Халық поэзиясының алыбы - Жамбыл

Жамбыл Жабаев (1846—22. 6. 1945, Алматы) — қазақ халық поэзиясының
алыбы. Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде, көшпелі Екей руының
кедей шаруа семьясында туған. Жасында қараңғы ортада оқи алмай қалған зерек
бала сауатсыз болса да, көп нәрсені көзімен көріп, көңіліне түйіп өсті.
Жасында білім алуға мүмкіндігі болмаса да, зерек бала көзімен көріп,
көңіліне түйгендерді өлең етіп айта бастайды. Сөйтіп, 16 жасының өзінде-ақ
ол қазақ даласына белгілі болды. Оның қазақ, қырғыз ақындарымен айтысы
қазақтың халық ауыз әдебиетінін алтын қорына енді. Жамбылдың Бақтыбай,
Айкүміс, Сарыбас, Шашубай, Құлмамбет сияқты ақындармен айтысы көпшілікке
кеңінен мәлім. Әсіресе, ақынның Құланаян Құлмамбетпен айтысы даңқын көпке
жайды.

Жамбылдың жастық шағы

Әуелі Қоқан хандығының, кейін Россия патшалығының отаршылдық
саясатының қыспағында және ел арасындағы бай, манаптардың екі жақты
қанауында зар шеккен халықтың ауыр өмірін ол бастан кешіріп, жүрекпен
сезінді. Әрі ұлттың, әрі таптық езгінің зардабын еңбекші бұқарамен бірге
тартқан Жамбыл әлеумет өміріндегі қайшылықтарды, әділетсіздіктерді ерте
және терең таныды. Ол Октябрь революциясына дейінгі ұзақ өмірінде ел
аралап, үлкенді-кішілі ақындармен айтысқа түсіп, өлең, терме, жыр шығарды.
Оның ақындық атағы өткен ғасырдың өзінде-ақ бүкіл Жетісу мен Қырғыз еліне
мәлім болған. 15 жасынан ақындық өнер жолына түскен Жамбыл ондаған жылдар
бойында туған елін әнмен, жырмен кенелткен. Ауыл арасындағы кішігірім
қайым айтыстарға қатыса жүріп, айтқыштық өнерін шыңдай берген. Жетісудың
әйгілі де, абыройлы ақыны Сүйімбайдан әрі жолдама, әрі тәлім алып, өлеңнің
халық жырын жырлайтын нағыз көркемөнер екенін түсінді. Ертедегі көп
айтыстарынан Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарыбас, Досмағанбет, Шашубай,
Құланаян Құлмамбеттермен айтыстары ғана есте сақталып, кітаптарына енді.
Өткен ғасырдың 80-жылдары айтыста атақты Құлмамбетті жеңгеннен кейін,
Жамбыл өз өлкесінің ең жүйрік ақыны болды. Оның бүкіл творчествосында желі
тартып жататын халықтық сарын алғаш сол айтыстарда анық бой көрсеткен-ді.
Құлмамбет өз руының байларын, болыстарын мақтаса, Жамбыл ел қорғаған
ерлерді мадақтаған.. Осы демократиялық бағыт Жамбылдың өнерпаздық
өмірінде адастырмас темірқазық болды. Ақынның поэзия жолында үлгі-өнеге
алған мектебі — халықтың ұшан-теңіз ауыз әдебиеті. Ол тұрмыс-салт
өлеңдерін, ғашықтық хикаяларды, көркемдігі жоғары қаһармандық дастандарды
жаттап алып, жұртшылық алдында толғап, өз әуенімен әсемдеп айтатын. Туысқан
қырғыз халқының Манас жырын да өзінше толғап, өзгеше бір нұсқасын айтып
келді.
Жамбыл қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған,
Арыстанбек, Сағымбек секілді манасшы, жыршыларының да өнерін жақсы біліп,
қырғыз поэзиясының тұнығынан сусындады. Мұның үстіне ол шығыс әдебиетінің
де ең асыл үлгілерінен хабардар болды. Мыс., Орта Азия халықтарының ортақ
мұрасы Көрұғылы дастаны оның сүйіп айтатын жырының бірі еді. Арғы түбі
Мың бір түннен, Шаһнамадан тараған алуан түрлі, кең өрісті көркем
әңгімелер мен жырларды Жамбыл жадында жақсы сақтаған. Осының бәрі оның
ақындық мәдениетінің шыңдалуына, өнерінің кемелденуіне себін тигізді.
Айтыстың асқан шебері ретінде Жамбыл атағы елге кеңінен тарады. Ол жас
кезінде Майлықожа, Майкөт, Құлыншақ тәрізді ірі ақындардың үлгісін көрді.
Жасынан қаздай қалқып, ерінбей өлең терген ақын жалғыз Жетісу емес,
Қаратауға, Сыр бойына барып та көп өнерпаздармен дидарласқан, кейбірімен
әріптес болған. Ол өлең айтумен қатар, күй де тартқан.
Ақынның Октябрь революциясына дейінгі айтыстары мен өлеңдерінің көбі
кезінде жазылып қалмағандықтан, ұмытылған. Ел аузында сақталғандары —
солардың бір бөлігі ғана. Ал сақталғаны Жамбылдың жасынан-ақ сөзге жүйрік,
шыншыл, өткір ақын болғанын аңғартады. Жамбыл өлеңдерінде басы артық сөз
аз. Ақын шығармаларының әлеуметтік мәні зор, таптық бағыты айқын. Кедей
күйі деген өлеңінде аштықтан қайыршыға айналған кедей балаларының халі сөз
болады. Ал Шалабайға деген өлеңінде екі жүзді атқа мінердің арам пейілі
әшкереленеді. Ақынның сол кездегі қай өлеңін алып қарасақ та, әлеуметтік
қайшылықтарды, таптық теңсіздіктерді ерте көргенін байқаймыз. Шағым,
Әкеме, Жылқышы, Шәбденге, Сәт сайланарда, Өстепкеде, Патша әмірі
тарылды, Зілді бұйрық секілді өлеңдөрінде өмір шындығының алуан түрлі
қырлары, көбінесе зілді әжуа, сықақ, сарказм арқылы сыналып, айқын
суреттелді.

Жаңа дәуірдегі Жамбыл творчествосы

Жамбылдың өміріне өзгеше мазмұн әкелген, дарынына жаңа қуат бітірген
совет заманы болды. Ол совет жылдарында қартайғанына қарамастан (1917
Жамбыл 70 жастан асқан еді) аса өнімді еңбек етті. Оның даңқы, әсіресе 1936
Жамбыл Туған елім атты толғауы жарияланғаннан кейін, өрлей берді. Туған
елімнің орысша аудармасының Правда газетінде басылуы Жамбылдың есімін аз
уақытта әлемге жайды. Жеңген социализм елінің жалынды жыршысы Совет
Одағында болып жатқан әрбір елеулі, тарихи, мәдени құбылысқа өлеңіменен үн
қосып, ұлы жаңалықтарды шалқыған шабытпен жырлады.
Жамбылдың шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады. Жасы 90-ғa келген
ақынның өлеңді осыншама тасқындатуы — өте сирек кездесетін құбылыс. Ол
жырлар — соғысқа дейінгі бесжылдықтар дәуірінің, соғыс кезіндегі ерлік пен
бірліктің көркем шежіресі. Жамбыл ежелгі толғау, арнау өлең үлгісімен өз
заманының ерлерін жырға қосты. Табыс пен жеңісті көтеріңкі леппен
мадақтады. Екі ғасырдың куәсі болған ақынның аузынан шыққан асыл сөздерді
халық ерекше жоғары бағалады. Ол бұрынғы мен бүгінгінің арасындағы жер мен
көктей айырмашылықты салыстырып, жаңаның жақсылығын, сонылығын сипаттарлық
тың теңеу, лайықты балама таба білді. Жамбыл ерте заманнан ел
қаһармандарына бағытталып келген дәстүрлі баламаларды құлпырта жандандырып,
жаңа мақсатқа жарасымды қолданды. Ескі әдебиеттегі тұлпар, сұңқар,
ғарыш, арыстан секілді теңеулерді жаңа идеяны жырлауға шебер
пайдаланды. Ақын ұлылығының бір қыры поэзияның көне дәуірде қалыптасқан
әсем айшықтарын ең озық идея — коммунистік идеяны жырлауға жарата білуінде
еді. Бұл жаңалық оның атақты Туған елім атты шығармасынан айқын көрінген
болатын. Мұнда ол бүкіл қазақ тарихына көркемдік шолу жасап, атам заманнан
бері қазақ даласын шапқыншылық пен теңсіздік жайлап келгенін баяндады.
Игіліктерді шабытпен көтере жырлап, өз өлеңдерінде көркемдік құдірет
танытты. Ақын қазақ әдебиетінде ежелден бар арнау өлеңдер үлгісін тың
мазмұнмен байытып, жаңа сатыға көтерді. Оның ақындық даңқын шығарған
жырларының арналы саласы—арнаулар (Белсенділерге, Қазақстан тойына,
Калинин ақсақалға, Орден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Домбырамен сүйемелдеудегі дәстүрлі ән айту арқылы жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Төлеген Айбергенов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Мағжан Жұмабаев Анама өлеңі
Шашубай Қошқарбайұлы
Қазақ батырлары және көркем әдебиет
Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығындағы ұлттық болмыс, халықтың салт-дәстүрлері мен нақыл сөздері
Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық аспаптарға үйретудің мәні мен мазмұнының теориялық негіздері
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Пәндер