Абайдың дүниеге көзқарасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Өмірбаяны 3
Абай поэзиясы 5
Абайдың дүниеге көзқарасы 10
Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi 12

Өмірбаяны

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (10.8. 1845—6, 7. 1904) — қазақтың ұлы ақыны,
композитор, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы, алғашқы
классигі. Бұрынғы Қарқаралы дуанына (округ) қарасты шыңғыс тауының
бауырында, Қасқабұлақ күзегінде туған. Руы — Арғын ішінде Тобықты, Әкесі
Құнанбай Өскенбайұлы сол маңайдағы қазақ руларының ішіндегі байының,
биінің, беделді адамының бірі болған. Патша үкіметі оны 19 ғ-дың орта
тұсындағы бір сайлауда Қарқаралы дуанының аға сұлтандығына бекіткен. А.
Құнанбайдың екінші әйелі Ұлжаннан туады. Ол Арғын ішіндегі Қаракесек руының
шешендік, әзіл-әжуамен атағы шыққан Шаншар тобының қызы екен. Ұлжаннан
Тәкежан (Тәңірберді), Абай, Ысқақ, Оспан деген 4 ұл туады. Абайдың Атадан
алтау, Анадан төртеу, Жалғыздық көрер жерім жоқ деуі сондықтан. Абайдың
шын аты — Ибраһим; кейіннен шешесі еркелетіп Абай деп кеткен.
Құнанбай өте діншіл адам болған. Сол кезге дейін көшпелі қазақ
ауылдарының арасына кең тарай қоймаған мұсылман дінінің ықпалын күшейтуге
тырысқан; намаз, ораза, зекет сияқты дін шарттарын өз еліне күшпен таратпақ
болған. Осы мақсатпен Орта Азияның діндар қожаларын, татардың молдаларын
қарамағындағы ауылдарға таратып, олардың балаларын мұсылманша оқыттырған.
Сондай қожа-молдаларды өз аулында да ұстап, өз балаларын, оның ішінде
Абайды Рабитхан деген татар молдасына сабаққа берген. Молдадан 3—4 жыл
оқыған Абайдың сабаққа зеректігі байқалған соң, әкесі оны Семей қаласындағы
мұсылман имамы Ахмет Ризаның медресесіне берген. Ол ислам әлемінде
мүтәкәллимин аталатын бағытты қолдайтын, яғни дін сабақтарына тарих,
поэзия, математика, философия сияқты дүние тану пәндерін араластыра оқытуды
қажет көретін ағымның өкілі болады. Соның медресесінде 4 жыл оқыған Абай
араб, иран және Орта Азия әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысып,
соларға еліктеп қысқаша өлеңдер жаза бастайды. Бірақ Семейде Абай ұзақ бола
алмайды. Сол кезде әкімшілік жұмысынан қол үзуге айналған, тек дінмен
шұғылданып, Мекеге қажылыққа баруға дайындалған Құнанбай ел басқару
істерінде келешекте өзінің орнын басады деп дәмеленіп, Абайды 13 жасында
оқудан "шығарып, қасына алады. Жастайынан ел басқару ісіне араласқан Абай
қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршылары, ертекшілері,
тақпақшылары, күлдіргілері, әнші-күйшілері сияқты өнер иелерімен жиі
кездесіп, өз халқының рухани мәдениет жүйелерімен жақсы танысады. Өзі де
билер үлгісінде шешен сөйлеуге төселеді. Сөздері ұтымды, билік шешімдері
тұжырымды болады. Ел ішіне осындай өнерімен танылған А. 70 жылдардың бас
кезінде Тобықты руындағы Қоңыр Көкше дейтін елге болыс болып тағайындалады.
Заманды қай жан билемек деп өзі айтқандай, би және болыс болған
күндерінде Абай сол заманның ауқымынан ұзап шыға алмайды. Мұнысына кейін
өкінгені Өлсем орным қара жер сыз болмай ма деген өлеңінен байқалады.
Өмірінің ақырғы шағында, яғни 1903 ж. Ойға түстім, толғандым деген
өлеңінде өкінішін тереңдетіп, өзіне сын айтады. Әкімшілік етіп тұрган тұста
Абай ауыл арасындағы барымта, ұрлық, зорлық сияқты біраз істерді қисық деп
санап, бұларды түзетуге де талаптанған. Бірақ бұл ниетінен іс шығара
алмаған да, халқына пайдалы санаған ойларын өлең тілімен үгіттеуге
кіріскен. Содан кейін Көңілдің күйі тағы да, Өмірдің улап алды ішін,
Аударды өлең жағына, Нәпсінің сынған қайғысын деп, біржола өлең жазу
ісімен шұғылданған. Бұл, шамасы, 80 жылдардың орта тұсы, Абайдың жасы —
қырықты алқымдаған кез.
Абай шығармалары үш жүйемен өрбиді: өз жанынан шығарған төл өлеңдері,
ғақлия (немесе қара сөз) атаған прозасы, өзге тілдерден, әсіресе орысшадан
аударған өлеңдері. Барлығы 45 сөзден, үш-төрт мақаладан құралатын
прозалық шығармаларында Абай тарих, қоғам, шаруа, дін, мәдениет туралы
пікір айтып, өз ұғымын білдіреді. Бірталай сөздердің сарыны кейбір
өлеңдерімен қабысады. Бірақ, прозалық шығармаларында ол өлеңдеріндегідей
көркемдік дәрежеге көтеріле алмайды, оның есесіне ғибрат айтушы, ақылгөй
дана болып көрінеді. Жазу жұмысына 20 жылдай шұқшия отырған Абайдың басына
1891 жылдан бастап біріне-бірі ұласқан бірнеше қайғы түседі. Сол жылы інісі
Оспан өледі. Бұл қазаға қалай қайғырғаны Оспанға арнаған өлеңдерінен
байқалады. Осы қазаның күйігі басыла берген шақта, 1895 ж. орысша жоғары
әскери білімі бар, армияда офицерлік қызметте жүрген баласы Әбдірахман
(Әбіш) өледі. Бұл баласын жаңаның алдына, өзін ескінің артына санаған
Абайдың оған тіпті күйзеле қайғырғаны осы тақырыптағы көптеген өлеңдерінен
көрінеді. Замана, неткен тар едің, Сол қолқамды қоймаған деген өлеңін осы
кезде жазады. Әбдірахманның өліміне көптеген басқа да өлеңдер арнайды. Бұл
қайғыны әрең көтеріп жүрген кезінде, 1904 ж. Абай тағы бір ауыр қазаға
ұшырайды. Сол жылдың көктемінде және бір баласы, талантты ақын Мағауия
(Мағаш) опат болды. Ол Африкадағы құлдар тұрмысынан Медғат-Қасым деген
көрнекті поэма жазған ақын еді. Осындай қабаттасқан қайғы-қасіреттен күрт
сынған А. Мағауиядан 40 күн кейін өзі дүние салады. Абайдың сүйегі
Шыңғыстаудың ығындағы Жидебай мекенінде, інісі Оспанның қасына жерленеді.

Абай поэзиясы

Өлең жазуға бала жасынан әуестенгенімен және алғашқы өлеңдерінен-ақ
ақындық ұшқыны шашырағанымен, бірыңғай жазу жұмысымен Абай, жасы 40-қа
жеткен кезде ғана айналысады. Өйтуіне өмір тәжірибесінің молаюы және көркем
әдебиетке деген көзқарасының тұрақталуы себеп болады. Ел басқару ісіне
жасөспірім кезінен араласқан Абай туған халқының тұрмысындағы сәулелі және
көлеңкелі жақтарын түгел көріп, оның өмірін жан-жақты таниды. Халық
тұрмысындағы көлеңкелі жақтарға сәуле түсірмек болғанымен, бұл талабынан ол
оншалықты нәтиже шығара алмайды. Сондықтан халқына пайдалы деп ойлаған
істерін көркем сөзбен, әсіресе өлеңмен насихаттамақ болады. Абайға дейінгі
қазақ әдебиетінің ең күшті жанрлары шешендік сөз бен өлең-жыр болатын.
Бірақ бұлар Абайды қанағаттандырмайды. Ескі бише отырман бос мақалдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зардап дейді ол. Ескі бише бос мақалдап
дегенді Абай босқа айтпаған. Патриархты ауылдың көне заманнан Абайға
дейінгі дау істерін билер шешіп келген. Билік үстінде олар өз ара шешендік
салыстырған, бірақ қай би әлдірек жақтың өкілі болса, істің ақ, қарасына
қарамастан, сол жеңіп отырған. Қазақтың Істің ағы білмейді, жігіттің бағы
біледі деген мақалы содан шыққан. Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап
деуі қазақтың өлеңді ауызша шығаратын ақындарының көбі кедей болып,
өлеңдерін күн көрістің құралына айналдырған; тыңдаушыларынан, әсіресе
олардың байларынан ақы тілеген. Сондықтан да Абай оларды Жат елде
қайыршылық қылып жүріп, Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап деп сөккен.
Абайға дейінгі қазақтың байлары немесе атақтылары руымыздан ақын мен бақсы
шыққан жоқ деп мақтанған. Өйткені ақындық кедейлердің күн көріс кәсібіне
айналып, тілемсектік пайда болған. Сондықтан Абай оларды менсінбей,
Ақындары ақылсыз, надан келіп,
Көр-жерді өлең қылған жоқтан қармап деген.
Ел ішінде аты ауызға ілінген дара ақындар шыға бастаған кезде, Абай
олардан да мін тауып: Шортанбай, Дулат пенен Бұхар жырау, Өлеңі бірі —
жамау, бірі — құрау деген. Халық жырларының эпикалық түрлерін айтатын
жырауларды да жаңа заманға лайық көрмеді.
Қысқасы, Абай қазақ ауыз әдебиетінен тіл, образ, сарын жөнінде көп нәр
алғанымен, оның дәстүрлерін жаңа реалистік жазба әдебиетке шексіз үлгі
етпеді. Оның көп қолданғаны — мақалдар мен мәтелдер. Бұларды өлеңіне ретін
тауып қосып отырған. Мыс., Аларманға алтау аз, берерменге бесеу көп деген
мақалды өлеңінде Берерменге бесеусің, Аларманға және алтау деген түрде
алған.
Абайдың ислам діні тараған Шығыс елдері әдебиетімен жақсы таныстығы
мәлім. Алғашқы бірер өлеңінде бұл әдебиеттің классиктерін пір тұтып, оларға
сиынады да: Иузи — раушан, көзі — гауһар тағы бірнеше қысқа өлеңдерін
солардың үлгісінде жазады. Кейін Масғұт және Ескендір дейтін екі Шығыс
хикаясын өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген Абай Тәңріні тану
жайындағы философиялық көзқарасын да өлең еткен. Шығыстың классикалық
поэзиясының үлгілерінен үйренген. Алайда ол ислам ақындарының дінді
уағыздайтын мінажат аталған шығармаларының үлгісінде аса көп ештеңе
жазбаған. Абайдың жазу жұмысында үлгі көріп, сүйенері — алдымен орыс
әдебиеті, әсіресе оның 19 ғасыры болған. Ахмет Ризаның Семейдегі
медресесінен кетер алдында Абай үш айдай орысша оқыған, осы тілде аздап
жаза және сөйлей білген. Еліне қайтқаннан кейін де, Семеймен қатынасын
үзбей, "ондағы орыстардан достар тапқан, әсіресе саяси көзқарастары үшін
жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ағартушыларының философиясы
Абай Құнанбаевтың философиясы, дін туралы ойлары
Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы
Абай шығармашылығының рухани болмысы
Абай шығармашылығындағы эстетикалық көзқарас
Абайтану ғылымы туралы
Абайдың қазақ педагогикасының тереңірек дамуына қосқан үлесі
Философ Абай Құнанбаев
Абай шығармашылығының рухани болмысы туралы
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Пәндер