Жамбыл - жүз жыл өмір сүрген ақьн


Жамбыл Жабаев
(1846-1945)
Жамбыл - ауыз әдебиетінің көрнекті өкілі, жыр алыбы. Жамбыл - жүз жыл өмір сүрген ақьн. Жамбыл қазіргі Жамбыл облысы Шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы туған. Жастайынан өленді қолма-қол жанынан суырып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.
Жамбыл көзі тірісінде-ақ "халық поэзиясының алыбы" атанған. Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе, мектептің есігін ашпаса да, қолына қалам ұстап, жазу-сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен бірге, әйгілі жыршы атанды. Ол "Көрұғлы", "Өтеген батыр", "Сүраншы батыр", "Мұңлық-Зарлык", "Шахнама", "Қыз Жібек" сияқты үлкен-үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған. Жамбыл атағы елге жайылған үлкен ақындармен айтысып, бәрін жеңген. Ол екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады. 1916 жылғы ұлт-азаттық кетерілісті, Амангелдідей халық батырларын жырға қосты. Екінші дүниежүзілік соғыс ақын жырының өзекті тақырыбы болды. Ұлы ақын ақырғы демі біткенше кең байтақ Отанын, Алатаудай құтты мекенін жырлап өтті. Ақын өлендерінде шындық, ерлік тақырыбы ерекше орын алады.
Ақынның ерлікті жырлайтын өлеңдерінің бірі - "Ленинградтық өренім". Бұл өлең - ел тағдыры сынға түскен ең ауыр сәтте жауынгерлерге күш, рух берген маңызды өлең.
Бүл шығарма монғол тіліне (аударған Жүкел Қамайұлы), болгар тіліне (аударған А. Германов), ағылшын тіліне (аударған Антал Гидаш), француз тіліне (аударған П. Люкс), езбек тілдеріне (аударған Мұзафар Ахмад) аударылған.
Ал орыс тіліне М. Тарловский аударған.
Жабаев Жамбыл (1846-1945) - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері - Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі - Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық-жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «Қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері XIX ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалыбына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде XIX ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезенде Жетісуға сонау Аркадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, Балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан - Жалай-ыр Түбектің келуі, оңтүстіктен - Майкөт пен Майлықожаның келуі, ту-у Атыраудан - Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жанғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақын-дық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде-ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де данқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал-қүйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқгы ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл үдайы шоқгығын асырып отырған. Бүлар ғана емес қырғыздың Балық, Тьшыбек, Қалығүл, Най-манбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқгы ақын-жьфау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поэзи-ясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шындай түседі. Жамбыл енді ақындық-суырыпсалмалық өнеріне қоса "Көрғұлы", "Шаһмардан" сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық-жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылары - бір жағынан, Қоқан хандығы - екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар - үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік-саяси қыспакқа алған шақ еді. Жаны сергеқ санасы өрелі Жамбыл өзінің "Шағым", "Жылқышы", "Шәбденге", "Сәт сайланарда", "Өстепкеде", "Патша әмірі тарылды", "Зілді бұйрық" сияқгы өлеңцерінде елдің әлеуметтік-саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматгық жауапкершілікпен бедерлейді.
Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның "Туған елім" атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы "Правда" газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонғ-ан Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақган асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жащ*-ыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлай-ды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен "Өтеген батыр", "Сұраншы батыр" сиякты эпикалық туынды-лар қайта жащырып ақгарылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz