ЖАНСҮГІРОВ Ілияс (14. 5. 1894, Алматы обл. Ақсу ауд. - 1938) — ақын


ЖАНСҮГІРОВ Ілияс (14. 5. 1894, Алматы обл. Ақсу ауд. - 1938) - ақын. Алғашын-да өз әкесінен, ауыл молда-ларынан сауат ашқан. Қара-ғаш ауылында жәдитше бас-тауыш мектепті бітіреді. Бо-лашақ ақынның бұдан соң-ғы біраз уақыты ауылда өте-ді. 1919 ж. Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі. Оны бітірген соң өз ауылында мұғалім болып, кейін "Тілші" газетінде қыз-мет аткарады. 1922 ж. Вер-ныйдағы (Алматыдағы) Қа-зақ ағарту ин-тының меңге-рушілігіне тағайындалады. 1925 ж. Мәскеудегі Журна-листика ин-тына оқуға түсіп, оны 1928 ж. бітіріп шыққан соң, "Еңбекші қазақ" газеті-не кызметке жіберіледі. Ж. шығарм. жұмыспен қатар Қазақстан Жазушылар ода-ғын ұйымдастыру ісіне де белсене катысқан. Бұрынғы ҚазАПП (1926) таратылған соң, 1932 ж. Жазушылар ода-ғын ұйымдастыру комис-сиясының терағасы болып сайланып, 1934 ж. өткен 1-съезге дейін кызмет істейді. Съезде Қазақстан Жазушы-лар одағының алгашкы төр-ағасы болып сайланды. 1934- 37 ж. Қазақ саяси баспа-сының редакторы, сонымен бір мезгілде, 1933 - 36 ж.
Кдзақ АКСР ОАК-нің мүше-сі болды. 1937 ж. жалған сая-си айыппен тұтқындалып, 1938 ж. ату жазасына кесіл-ген. 1958 ж. ақталды. Ж. өлең жазуды 1912 ж. бастаған. Оның "Балдырған", "Қызыл жалау" атты өлең дәптерлері кейін, 1957 ж. Үлттық кітап-ханадан табылды. Ж-тың баспа бетін көрген алғашқы туындылары - "Сарыарқа-ға", "Тілек" деген өлеңцері. Бұлар 1917 ж. Семейде шы-ғып тұрған "Сарыарқа" га-зетінде жарияланған. 1923 ж. "Сана" журналында "Мер-ген Бөкен" әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Ж. өлеңдері "Тілші", "Ақжол", "Ке-дей еркі" газеттерінде жиі жарияланып жүрді. 1925 -28 ж. Ж. өлендері сан жағы-нан молықса, сапа жағынан да салмақтана, терендей түс-ті, тақырып жағынан да то-лықты. Мәскеуде оқып жүр-ген кезінде "Заводта", "Орақ пен балға", "Отарба" өлең-дерін үлкен ақындық шебер-лікпен жазып, қазақ поэзия-сын тың тақырыппен байыт-ты. 1927 ж. оның "Беташар" атты шағын жинағы "Әйел тендігі" журналына қосымша ретінде жарық көрсе, 1928 ж. "Сағанақ" атты тұңғыш жи-нағы басылып шықты. Осы-дан былай қарай Ж. халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретін-де мөшһүр болды. Ж. шы-ғармаларының бастау алар арнасы - қазақ халқының бай ауыз өдебиеті, Абай поэ-зиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан са-лалы, көп қырлы. Ол әдебиеттің күллі жанрында қа-лам сілтеген каламгер. Алғаш-кыда ол лирика жанрымен қатар қоғамдық талапқа сай сол заманның өзекті мөселе-лерін көтерген шағын жанр - әңгіме, фельетон түрінде-гі сатира жанрын дамытты. Қоғамдағы теріс мінез, ұс-қынсыз өрекет, сыйықсыз қылықтарды тез керіп, өткір әжуа, ащы тілмен сатиралық образ жасау Ж. дарынының негізгі бір қыры. Оның "Сөз Қамысбаевқа!", "Қүқ", "Сыйға сый, сыраға бал", "Жарайсың, Шұлғаубаев!", "Шалқыбай", т. б. туындыла-ры "Құқ" деген атпен жеке жинак болып басылып шы-ғып, оқырман ілтипатына бөленді. Ж-тің прозалық шы-ғармалары еңбек адамдары-ның өміріндегі жаңа сипат-ты бейнелейді. Қаламгер кд-зақ халқының өмірінде бұ-рын болмаған жаңару проце-сін, адамдардың еңбекке де-ген көзқарасының өзгеруін типтік образдар аркылы суреттеді. Мұның өзі зор тәр-биелік рөл атқарды. Ж. про-засының елеулісі - оның "Жолдастар" романы (1935) . "Жоддастар" жаңа дами бас-таған қазақ прозасын тың белеске көтерген салмақты шығарма. Романда 1-дүние-жүз. соғыс кезіндегі қазақ аулының өлеум. жағдайы, өмір қайшылықтары, 1916 жылғы көтеріліс, Ақпан, Қа-зан төңкерістері халық өмірі аясында көркем бейнелене-ді. Ж. драматургия жанрын-да да жемісті еңбек етіп, "Кек", (1931), "Түрксіб", "Исатай Махамбет" (1936), т. б. пьесалар жазды. "Кек" қазақ ауылындағы тарихи тартыс тақырыбын қозғаса, "Түрксіб" Түркістан - Сібір темір жолын салу жұмысын-дағы шытырман тартыс оқи-ғаларын бейнелейді. Жазы-лып, сахнада қойылып үл-гермеген "Исатай - Махам-бет" пьесасы тарихи тақы-рыпты қозғаған жазушының елеулі шығармасы. 1931 -36 ж. Ж. ақын ретінде толы-сып, кемелдене өсті. Бұл тұстағы оның ерекше еңбегі, өсіресе, үлкен эпикалық поэ-маларынан байқалады. Әрбір үлкен шығармаларының ал-дывда Ж. сол таідырыпқа ша-ғын өлендер жазып, экскурс-тар жасап отырды. Мыс., әй-гілі "Дала" (1930) поэмасы-ның алдывда "Бүгінгі дала" (1928), "Гималай" (1929), т. б. туындылары дүниеге келді. Ж. барлығы 15 поэма жазған. Бүлардың ішінде "Рүстем қырғыны" (1926), "Байқал" (1937), т. б. кезінде жарық көре алмаған. Ал "Мақпал", "Исатай", "Көбік шашқан" төрізді поэмалары аяқталмай қалса да, ақынның мол да-рынын, ерен суреткерлігін "Ілияс Жансүгіров". Гравюра. Суретшісі В. И. Антощенко-Оле-нов. 1958 ж. танытатын дүниелер. Сон-дай-ақ, "Мәйек" (1929), "Жаңа туған" (1933), "Жа-рық" (1934) поэмалары -заман бейнесін, өмір шын-дығын көркем бейнелеген үздік эпикалық туындылар. Ж-тің алғашқы шығармашы-лығына "Бұлбұлға", "Әнші-ге" өлеңцерінен бастап ерек-ше бір сарын төн болатын. Сол сарын 30-жылдары үл-кен бір арнаға үласты. Ол 1929 ж. "Күй", 1934 ж. "Күйші", 1936 ж. "Құлагер" поэмаларын жазды. Бұл шы-ғармалар Ж-тің эпикалық жанрдағы ізденістерінің сәтті жемісі. "Күй" поэмасында ол өнер тегін, тетігін терең бой-лап тани білетін нәзік эстет екенін танытса, "Күйші" поэмасында ол өнердің адам өміріндеп рөлш, азаттық пен азаматтыққа өсерін, махаббат парасатының биіктігін бей-нелей түрып, өлеум. қайшы-лықгар төркінін де аңғарта-ды. "Құлагер" - Ж-тің ал-уан сырлы ақыл-ой сезімде-рінің ағындап, тасқындап келіп құйған терең арналы туывдысы. Шығармаға халык композиторы Ақан серінің өміріндегі трагедия езек бол-ған. Сюжет желісі - халық-тық аңызға айналған тарихи шындық. Поэмада заман си-паты, адамдар арасындағы өлеум. тартыс, Қүлагердің өліміне байланысты жанды көріністер шынайы суретте-ліп, сол дәуірдегі халық өмі-рінің тыныс-тіршілігінен мол 54 мағлүмат берілген. Шығарма-дағы оқиғаның шымыр да-муы, кейіпкерлердің мінез даралығы, портреттгік бейне-лер - ақын шеберлігінің ай-ғағы. Поэмада халық өмірі, тұрмысы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz