ЖОСПАР ЖАНТӨРЕ ХАН ТАРИХЫНЫҢ АҚТАҢДАҚТАРЫ


ЖОСПАР
ЖАНТӨРЕ ХАН ТАРИХЫНЫҢ АҚТАҢДАҚТАРЫ1
ӘДЕБИЕТТЕР, ДЕРЕКТЕР:4
ЖАНТӨРЕ ХАН ТАРИХЫНЫҢ АҚТАҢДАҚТАРЫ
Кіші жүз ханы Айшуақ Әбілқайырұлы 1805 жылдан бастап хандық тақтан біржолата кетуге шешім қабылдайды. Қарт Айшуақтың ендігі басты мақсаты өз орнына ұлы Жантөре сұлтанды сайлап, патшалы Ресейге бекіттіру еді. Сондықтан да өз саясатының жүзеге асуы үшін Ресей саясаткерлерімен, соның ішінде Орынбор губернаторы Г. С. Волконскиймен жазысқан хаттарында жаңа хан сайлау мәселесіне айрықша көңіл бөліп, олардан Жантөрені қолдауды өтінеді. Осы тұста Орынбор басшылығында Жантөре сұлтан жөнінде екі пікір болғанын байқаймыз. Алдымен, Г. С. Волконский сұлтанды "Орта жастағы адам, Орда істерін қарауда әділ, пайдакүнем емес, Ресейге ниеттес, барлық халқына әділдігімен сыйлы" деп анықтап ашық қолдайтынын көрсетеді. Губернатор Жантөре сұлтанның Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс кезіндегі шекаралық орыс әкімшілігіне қарсылық көрсетуін "1792 жылға дейін жастықпен және біреулердің айдап салуымен қазақтардың кейбір бой көрсетулеріне қатысты деген түрлі сыбыс әңгіме болғанымен, осы 1792 жылдан бастап Ресей бағытында, өзім (Г. С. Волконский - Ә. М. ) және ру басылары мен сұлтандардан естігенім орыс үкіметі пайдасына қызмет ете алады" деп түйіндеп ақтап алады. Бұл пікірге қарама-қайшы пікірді Орынбор мүфтиі М. Хұсайынов ұсынады. Ол бойынша Жантөре сұлтан, керісінше, "Ордадағы түрлі қарсылықтар мен барымтаға әуес, әкесі Айшуақ хан орнына лайықты емес. Кіші жүзде ұнамсыз тұлға, шекаралық шептен бірнеше шақырым ұзап ел ішіне ішкерілеп ене алмайды екен" (1) . Сонымен бірге мүфти жаңа хан сайлау қазақ елі ортасында өтуі тиіс, ханды халықтың өзі таңдауы тиіс, өйткені Орынборда хан сайланған Есім Нұралыұлы өлтірілді, Ерәлі хан шекарадан не бәрі 8 шақырым жерде сайланды, содан беделге ие бола алмады деген ерекше ұсынысын білдіреді (2) .
Кіші жүз халқы алдында Нұралыұлдары Бөкей мен Қаратай, Айшуақұлы Жантөре сұлтандардың арасынан лайықты хан сайлау күн тәртібіне енеді. Басы ашық нәрсе Ресей үкіметі ұзақ ойланбастан Жантөре сұлтанды хан тағына бекітуге шешім қабылдайды. Бөкей сұлтан Еділ-Жайық аралығындағы Iшкі Ордада деген сылтаумен, ал Қаратай "саяси сенімсіз" тұлға ретінде хан тағынан отыру мүмкіндігінен қағылады.
Жаңа хан сайлау тағы да 1805 жылы 1 қыркүйекте Орынбор қаласында өтеді. Әдеттегідей губернатор алдын ала бүкіл Кіші жүздің сұлтандарына, батыр-билеріне, старшындарына хабар салып, тамыздың аяғына Орынбордағы Сауда үйі маңына жиналып, Кеңес ашу қажеттігін хабарлайды. Орыс деректеріне сенсек, 29-тамызда 5000-ға жуық қазақ Сауда үйі маңына жиналған. Осы хан сайлауға Бөкей сұлтан жол ұзақтығын алға тартып қатыспаса, Қаратай сұлтан Г. С. Волконскиймен кездесуге келген. Содан 31-тамызда Қаратай, Жантөре бастаған 2000-ға жуық Кіші жүздің ру басылары өзара келісім жасап, Жантөрені хан тағына көтеру мәселесі шешіледі. Дегенмен, бұл арада Жантөрені хан сайлау формальды түрде қазақтарға жүктелгенін баса көрсетуге тиіспіз. Себебі оған дейін Г. С. Волконский патша үкіметінен Жантөрені хан тағына бекіту жөнінде бұйрық алған-ды.
Г. С. Волконский өз жоспарының сәтті жүзеге асқандығын I Александр мен Сыртқы істер министрлігі басшысы А. А. Чарторыйскийге хабарлайды. Ол кездесуден соң "екі қарсы жақ - Жантөре, Қаратай сұлтандар - ағайындылар, мәңгілік достыққа ант берді" деп түйіндейді (3) . Мұрағат деректеріндегі осындай фактілерге қарамастан орыс зерттеушілері Л. Мейер мен А. И. Добросмыслов Жантөрені хан сайлау жасырын өтті, оған тек байғұстар (қазақтардың кедейленіп, күйзеліске ұшыраған бөлігі, шеп маңындағы станица казак-орыстарына жалақы іздеп келген жарлы-жақыбайлар - Е. Бекмаханов, Қазақстан ХIХ ғасырдың 20-40-жылдарында. Алматы, 1994, 95-б. ) қатысты, Қаратай сұлтан хан сайлауды естіп өзі келді деп қорытады (4) . Біздіңше, бұл арада тағы да орыс үкіметі өзінің отарлау саясатын шебер жүргізе білгені басы ашық нәрсе. Орыс зерттеушілері, саясаткерлері қазақ хандарын патша сайлады деп бекіте түсіп, оны халқымыздың санасына сіңіруді көздейді. Ал Қаратай сұлтанның Орынборға келіп, хан сайлаудан соң кетіп қалуын сан-саққа жүгіртіп, ішкі тартысқа мегзейді. Бұл кезеңде Жантөре ханды, негізінен, орыс шекарасына жақын жерлерді жайлайтын Жетіру руларының бөлімдері қолдайды. Әбілқайыр хан заманынан бері осы рулар әкесі Айшуақ ханға бағынған еді. Ал Қаратайдың арнайы келіп, үкімет алдында Жантөреге қолдау көрсетуі қазақтардың ішкі өзара келісім мәселелерінен туындаса керек. Оның үстіне Қаратайға бағынатын Байұлы рулары Орынбордағы Сауда үйіне Жетіру рулары ауылдарының үстімен келетінін ескерсек, бұл елбасылары арасындағы келісімді, ынтымақты дәлелдесе керек.
Мұндай кездесулер кейін де өткен. Мәселен, 1807 жылы 2-шілдеде Орловск және Зеленовск форпостары аралығында өткен Бөкей, Орман Нұралыұлдары мен Жантөре хан арасындағы келісімге арнайы орыс әкімшілігінен жіберілген Скрыпкин қатыстырылмайды. Бұл жәйді орыс шенеунігі кейін Г. С. Волконскийге жеткізеді. Кеңес екі мәрте өткізілгенімен, тиянақты нәтиже болмайды. Мұрағат деректерінен анықталғандай, кеңесте ішкі қазақтар арасындағы мәселелерді шешудің 2 түрлі жолы байқалады. Біріншісі - патша үкіметі ұстанған бағыт. Бұл сол тұста шекаралық әскерлер дәстүрге айналдырған қазақтарға әскери күш көрсету арқылы нәтиже шығару. Мұны қолдаған Жантөре хан "әскер мен 10 зеңбірек" қажет, соны жоғарыда аталған сұлтандармен бірлесіп сұрауды жақтайды. Ал екінші бағыт, ішкі мәселеге ешкімді араластырмай, өзара келісімге келудің жолдарын іздестіруді Бөкей, Орман сұлтандар көтереді. Міне, осындай кереғар пікірлер келісімді нәтижесіз аяқтатады (5) .
Көп ұзамай Г. С. Волконский Кіші жүздегі шиеленіскен саяси жағдайға кінәлі Қаратай сұлтан деп тауып, оны қолдайтын Байұлы руларына қарсы генерал-майор Д. И. Гертценберг бастаған сақадай сай 1073 жауынгер мен 3 зеңбіректі аттандырады. Оған қосымша полковник Струков жіберіледі. Патша әскерлері тыныш жатқан елді тонап, осы арқылы ішкі қатынасты шиеленістіріп кейін қайтады. Бұған қоса губернатор ханның көпшілік талабымен ел ортасына көшем деген сұрауына "кейбір қазақтардың жағдайы анықталмайынша, рұқсат етпеймін" деген сияқты бұйрығын хабарлады (6) .
Сөйтіп Г. С. Волконский Кіші жүздегі ішкі қатынасты осындай қитұрқы саясаттармен әдейі шиеленістіре түседі. Халық алдында өз ханын дәрменсіз қылып шығарады. Ал оны реттеуге ұмтылған сұлтандар Жантөре ханға қарсылар қатарына жатқызылады. Олардың соңына әскери бөлімдер салынады. Шекара маңындағы жайылымдарды атам заманнан иеленіп жүрген қазақтарды қоқан-лоққымен 15 шақырымға қуа бастайды. Мұның арты айналып келгенде қазақтың өзара талас-тартысын, алауыздығын арттырып, біржолата бөлшектеуге бағытталған нақты ойластырылған жоспар еді. Сол сәтте оның соңы Жантөре ханның өліміне ұласады. 1809 жылы 2-қарашадағы осы қанды оқиға қазақ тарихында терең із қалдырады. Орыс деректері хан өліміне тек қазақтарды ғана кінәлап, кейін Орман Нұралыұлы бастаған сұлтандарды соттап, отарлау саясаты жөнінде жұмған аузын ашпайды. Егер сол тұстағы тарихи дамуға байыптап қарасақ, хан өлімі қолдан жасалады. Оған Қаратай Нұралыұлы бастаған елбасылары, өзге де қазақтар қатысын жоққа шығармасақ та дәстүрлі хандық басқаруды әбден шайқалтып, әлсіретіп, елді, қазақты өз айтқанына жүргізу үшін жанталаса жасалған патша саясаткерлері әрекеттері басты себепкер болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz