Темірбек Жүргенов (1898-1939): Қазақстан мен Түркістанның мемлекет және қоғам қайраткері, білім мен мәдениеттің ұйымдастырушысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Темірбек Жүргенов

(1898-1939жж. )

Түркістан және Қазақстан мемлекет, қоғам қайраткері, Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында туған.

Жүргенов Перовскідегі орыс-қазақ бастауыш мектебін (1913), Суханский атындағы орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1917 ж. Уфа жер өлшеу училищесіне түседі, бірақ азамат соғысы сабағын үзуіне мәжбүр етеді, Саяси күрестің иірімі Темірбекті өзіне тартып кетеді. Кеңестердің облыстық съездерін дайындауға қатысады, «Қазақ мұңы» газетнде жұмыс жасайды, Ырғыз уезінде еңбекшілермен бірге ақгвардияшылармен соғысады. Кенжарға болыстық ревкомының төрағасы, 1920-1921 жылдары Ырғыз уездік атқару комитеті төрағасының орынбасары және төрағасы болады.

Бейбітшілік құрылысқа көшу Жүргеновтың оқуын жалғастыруына мүмкіндік береді. Орынбордағы жұмфакты (1923) бітіргеннен кейін, ол Орта Азия мемлекеттік университетіне жолдама алады (1927), Елді қалыпқа келтіру жылдарында халық шаруашылығында мамандар мен ұйымдастырушылар өте қажет екені байқалады, сондықтанда әртүрлі мекемелерде жоғары оқу орындары мен техникумдарының студенттерін жұмысқа тарту жиі болып тұрады. 1924-1926 жылдары студент Жүргеновке ҚАКСР-дің Түркістан республикасындағы өкілетті уәкілі қызметін атқару жүктеледі. Жартылай төраға ретінде ол Орта Азия мен Қазақстанның ұлттық-мемлекеттік бөлінісін дайындауға белсене қатысты. Көптеген статистикалық-демографиялық материал жинады, әдебиет пен архивтік түпнұсқаларды зерттеді. Университеттің соңғы курсында Жүргенов Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалады (1926-1929) . Қазақстан және Түркстанның ОАК мүшесі болып сайланады.

Университетті өте жақсы бітірген Жургенов онда мемқұқық бойынша ғылыми қызметкер болып қалады. Бірақ 1919 жылы оны Тәжік КСР қаржысының халкомы етіп тағайындайды, 1930-1933 жылдары Өзбек КСР оқу халкоматын басқарады.

Т. Жүргенов 1933 жылы Қазақ АКСР оқу ісі халкомы етіп тағайындаған уақыт республика үшін өте күрделі еді, БКП (б) Қалкомның жаңа басшылығы коллективтендіру кезінде жіберілген дөрекі саяси қателерді түзеуге үлкен күш жұмсады. Халықка білім беру саласында да көптеген ұйымдастырушылық таланты бастауыш білім беруді іске асыруда, сауатсыздықты жоюда және жоғары оқу орындарын ашуда танылды, айқындалды. Халықтың білім деңгейін зерттеу үшін ол әртүрлі аудандарға сапар жасап, баяндама оқиды және мақалалар жариялайды. Халкомның Қазақстандағы әдебиет пен өнерді дамытуға қызметі мейлінше жемісті болды. Ол қазақтың әдеби тілінің дамуына, ғылыми терминологияны жасауға, аударма ісінің теориясы мен тәжірибесін байытуға үлкен үлес қосты. Жүргенов талмай жүріп халық таланттарын іздеді, оларға оқу мен жұмыс жасау үшін қажетті жағдай жасады. Қазақ музыкалық театры ұжымының шығармашылық өсуіне көп еңбек жасады, Қазақтың ұлттық опаерасының, кино өнерінің, қазақ драматургиясының дамуына жағдай жасады. 1936 жылы мамырда Мәскеуде өткен Қазақстанның әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне дайындық жүргізу мен оны өткізуге мол күш-жігерін жұмсады, соның нәтижесңде Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

1933 жылдан 1937 жылға дейінгі жылдарда Жүргенов Қазақстан БКП(б) округтік комитетінің және оның бюросының мүшесі болды. Ол - марксизм-ленинизм еңбектерін қазақ тіліне аударғандардың бірі.

1937 жылы тамызда негізсіз тұтқындалып, соңынан қайғылы қазаға ұшырағанда, қазақ мәдениетінің талантты қайраткері Жүргенов шығармашылық күші жалындаған шағында еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темірбек Жүргенов (1898-1939) - Қазақстан мен Түркістанның мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткері
Темірбек Қараұлы Жүргенов: өмірі және қазақ мәдениеті мен білім саласына қосқан үлесі
Темірбек Жүргеновтің қазақ мәдениеті мен білім жүйесін қалыптастырудағы рөлі
1920-1950 жж. Қазақстан: алаш зиялыларына саяси қуғын-сүргін, ұжымдастыру мен аштық, депортациялар және Темірбек Жүргенов
Нәзір Төреқұлов (1893-1937): Түркістанның мемлекет қайраткері, дипломат және педагог-ғалым
Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі және мәдени-білім саласына қосқан үлесі
Әбіш Кекілбаев: қазақ жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері
Өзбекәлі Жәнібеков (1931-1998): мемлекет қайраткері, этнограф және мәдениет қайраткері
Әлихан Бөкейхан (1866-1937) - ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі
Сұлтанбек Қожанұлы Қожанов (1894-1938): өмірі және мемлекет пен қоғам қайраткері ретіндегі қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz