Қожа Ахмет Яссауидің өмір сүрген уақыты, тарихи жағдайлары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ

Қожа Ахмет Яссауи XІ ғ. екінші жартысында дүниеге келген. 1116 жылы
қайтыс болған. Ел аузындағы аңыз бойынша, 125 пен 133 жыл шамасында өмір
сүрген. Сопылық ілімнің негізін салушы ақын, уағызшы. Шағатай тілінде
жазған "Хикмет" жыр жинағының авторы.
Қожа Ахмет Яссауи Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының
маңындағы Исбижап (Сайрам) қаласында туған. Ахметтің әке-шешесі Исбижап
қаласында тұрған. Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында оның әкесі –
Ибрагим мен шешесі Қарашаштың кесенесі сақталған. Жеті жасында әкесінен
айырылып, Арыстан Бабтың тәрбиесінде болады. Арыстан Баб қайтыс болған соң
оқуын Бұхарада жалғастырады. Бұхарадан оралған соң Иасы шаһарында тұрақтап
қалады (қазіргі Түркістан). Мұнда келген соң сопылық бағыттағы исламның
уағызшысына айналады. Өзінің маңына дарынды мүридтерді топтастырып,
исламның нығаюы үшін жұмыс жүргізеді. Сопылар мұсылман әлемінде өздерін
шындықтың жақтаушысымыз деп білді. Жұрт қасиетті деп санаған Ахмет
ғұмырының соңына дейін Түркістанда өмір сүрді. Ол туралы халықтың аузында:
"Меккеде — Мұхаммед пайғамбар, Түркістанда — Ахмет Иассауи" деп айтылатын
сөз бар. 62 жасқа толған соң жер асты қылуетіне түсіп, қалған өмірін
құдайға құлшылық етіп, сонда өтікізеді. Қазіргі кезде қылует табылып,
қалпына келтірілген.
Қожа Ахмет Яссауидің өмір сүрген уақыты, тарихи жағдайлар араб
Халифаты үшін жақсы кез емес еді: XІ ғасырдың аяғы мен XІІ ғасырдың басы
Халифаттың күш-қуатының әлсіреп, Орта Азияда жеке хандықтар бой көтере
бастаған болатын. Қожа Ахмет Яссауидің еңбектерінің жазылуы Қарахан
қағанатының күшеюімен тұспа-тұс келді. Оның туындылары ірі философиялық
ойларымен бүкіл адамзаттың дамуына қызмет етті. Өзінің атақты "Диуани
Хикмет" даналық кітабымен адамдарды адалдыққа, әділдікке, төзімділік пен
достыққа, адамгершілік қарым-қатынасқа шақырды. Ахмет Иассауидың ой-түйіні
бойынша сопылық ілім шындыққа тура бастар жол: этика сақтау, адамгершілікті
жоғалтпау, адамзатты сүю, жетімді жылатпау, халыққа тек шын сөзді айту, сөз
байлығы мен мазмұнын терең түсіну. Шындықты танудың жолы: шариғат, ақиқат.
Ахмет Иассауи— мұсылман әлемінде, әсіресе, түркі тілдес халықтардың ішінде
асқан ойшыл, адал уағызшы, қасиетті адам болып саналған.
Ахмет Иассауи Орталық Азияда империя құрған Әмір-Темір дүниеге
келгеннен көп бұрын көз жұмды. Исламның Азияда қанат жайып, өркендеуіне
өлшеусіз еңбек сіңірген Ахмет Иассауиге деген құрмет сезімін арада екі
ғасырға жуық уақыт өткен соң, еңселі ескерткіш-күмбез орнату арқылы
білдірген Әмір-Темір мұсылман жұртының есінде мәңгі қалды. Ортағасырлық
шеберлер салған ірі архитектуралық құрылыс-кесене бүгінге дейін көрген
адамды таңдай қақтырумен келеді. Бұл кесене – қаһарлы әмірдің өткен тарихты
қадірлеуі, ірі ойшыл Иассауиге деген құрметі. Иассауидің бұл жалғаннан
өткеніне 700 жылдан асты. Кесене болмағанда, кім білсін, осы уақытта
Иассауидің қайда жерленгенін білмей қалуымыз да мүмкін еді-ау.
Қожа Ахмет Иассауи біздің Ұлы даламызға мұсылмандықтың жарық сәулесін
шашқан, дініне өте берік, ойшыл қайраткер ретінде халық жадында сақталған.
Ол дүниеден өткен соң жерленген қабірі түркі мұсылман жұртының мінажат
ететін қасиетті кесенесіне айналды.
Барлық сопылық тарихаттың ақ жолына түсіп, оның салтын берік ұстаған
Ахмет Иассауи көзі тірі кезінде-ақ өзінің шәкірттері мүридтерін
Түркістанның әрбір түкпіріне аттандырды. Олар барған жерлерінің бәрінде
оның сопылық ағымдары ілімін уағыздады. Иассауидың ең алғашқы мүриді
Арыстан бабтың ұлы Мансұр ата (1197 ж. қайтыс болған). Екінші мүриді Саид
Ата (1218 ж. қайтыс болған), үшінші мүриді Сүлеймен Бақырғани (Хакім ата).
Бұл сопы өзінің құран оқиғаларына жазған хикмат-жырлары мен дастандары
күллі түркі жұртына кеңінен мәлім.
Сүлеймен Хакім атаның да ізін басқан көптеген мүридтері болған. Олар
да Иассауи ілімі мен ақыл-ойын бүкіл Орта Азияға, сондай-ақ Хорасанның
әртүрлі облыстарына, Иранға, Әзірбайжан мен Анатолияға таратты.
Қожа Ахмет Иассауи еңбектері 1889, 1902 ж.ж. Қазанда, 1905 ж.
Стамбулда, 1902, 1911 ж.ж. Ташкентте баспадан шықты. Иассауи шығармалары
туралы зерттеу еңбектер жазған орыстың шығыстанушылары: Е.Д.Бертельс (1890-
1957), А.Н.Самойлович (1880-1938), С.Е.Малов (1880-1957) жоғары бағалады.
Мұның өзі Иассауи туындылары адамзат даму тарихына үлкен үлес қосқанын
дәлелдейді. Мұсылмандар Түркістанды екінші Мекке санайды. Ислам дін ретінде
идеология екені мәлім. Иассауи ислам идеологисының өте көрнекті, ірі
өкілдерінің бірі.
Міне, Түркістан қаласының да жарқын мерекесі 1500 жылдығы жақындап
келеді. Бұл қалада данагөй Иассауи өмір сүріп, атақты шығармаларын жазды.
Оның есімі мен өсиет уағызын келер ұрпақтар ұмытпайды.
Иассауи өзінің үлгілі өмірімен, артында қалдырған еңбектерімен де діни
имандылықтың дәнін сеуіп, адамзатқа зор ееңбек сіңірді. Иассауидің
Түркістандағы кесенесіне зиярат етушілер оған үш рет барса бір қажылық
сапарға тең деп есептейді. Ел арасындағы: ”Мәдинеде — Мұхаммед, Түркістанда
— Қожа Ахмет” деген сөз оның бүкіл түркі жұртының рухани атасы екендігін
көрсетеді. Иассауи ғимаратын 1389 жылы Ақсақ Темір салдырған.
”Білімді адамның арқасында жүн кілемге, ал жер сарайға айналады,
рухани адамның болғаны осындай құбылыстарға әкеледі” — дейді Руми. Иассауи
бабамыз мұсылман қауымының жан тазалығы, озықтығы үшін әділет, рақым,
көркемдікті жырлады, ұрпаққа өнеге қылды. Бүгінгі заманда тәннің құмарлығы,
тәннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмед Яссауий кесенесі
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Қожа Ахмет Яссауи (1093 1094-1166)
Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
Дін анықтамалары. Діннің алғашқы формалары, әлемдік діндер
Қ. Жұбанов - Яссауйтанушы ғалым
Қожа Ахмет Яссауидің өмірі
Оңтүстік Қазақстан облысының көрікті жерлері
Диуани хикметтің тілі қай түрік тілінде
Пәндер