Қожа Ахмет Иассауидің туған жері - қазіргі Қазақстандағы Сайрам қаласы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ

Ахмет Иассауидің туған жері - қазіргі Қазақстандағы Сайрам қаласы. Бұл қала Қарасу, Ақсу аталатын өзендер бойындағы өңірде орналасқан. Ахмет Иассауидің дәл қай жылы туғаны анық белгілі болмаса да, хижра жыл санауының V-ші ғасырының орта тұсына тура келеді. Ахметтің әкесі Шеих Ибраһим - Сайрамның ең беделді адамдарының бірінен саналған. Ол осындағы және бір үлкен бедел иесі Муса шейхтің Айша атты қызына үйленген, одан Гауһар Шаһназ атты бір қыз бен Ахмет есімді ұл бала дүниеге келген. Бұл екеуі аналарынан жастай жетім қалған. Әкелерінен де ерте айрылған. Ибраһим дүниеден өткен кезе Ахмет небәрі алты-жеті жас шамасында екен. Ол әуелінде апасының қолында тәрбиеленеді.

сонымен апасына еріп Йассы қаласына келіп тұрақтаған Ахмет осында оны алыстан арнайы іздеп келген Арыстан баба атты белілі түркі шейхының жылы көңілі мен ілтифатының, қайырымдылығы мен дұғасының, ұстаздық өнегесінің шуағына бөленеді. Бірақ Арыстан баба да Ахметтің тым жас шағында дүниеден өтеді. Содан ба екен, әлде жазба тарих бетіде қалған жөнді мағлұматтар болмауынан ба, әйтеуір осынау үлкен тұлғаның жас Ахметке еткен еңбегі мен әсер-ықпалы ғылым таразысынан әзірше толық тұжырымын тапқан жоқ. Ахмет алғашқы оқу жылдарын Йассыда өткізген болуы керек. Содан соң білімін жетілдіре түсу мақсатымен сол кездегі атақты Ислам орталығы ретінде даңқы жайыла бастаға Бұхара шаһарына барғаны, онда аса білімдар ғұлама Қожа Йусуф Хамаданидан дәріс алып, өнеге үйренгені тарихтан мәлім.

Ислам дінінде негізгі төрт мәзһаб бары белгілі. Соның бірі - Имам Ағзам мәзһабы. Йусуф Хамадани осы Имам Ағзам жолын берік ұстанған діндар ғұлама. Дұға оқып, зікір айтқада бүтіндей жан-тәнімен берілетіні сондай, тынысы тарылып, әбден қара терге түседі екен. «Құран кәрім» аяттарын аузынан тастамайтын болған.

Мінеки, Қожа Ахметтің ұстазы, мршиді Йусуф осындай үлкен ғұлама әрі барынша пәк-таза кісі болған екен. Ол өзінің шәкірттеріне де Ислам дінінің тәртіп-шаттарын қатаң сақтауды тапсырған, дін тазылығын өсиет еткен. Бүкіл мінез-құлқы, ілім-білімі өзіне ұнаған, үмітін ақтайтынына сенген үш шәкіртін халфелікке, яғни өзінің орыбасарлығына тағайындаған. Сол үшеудің бірі Қожа Ахмет болыпты. Алдыңғы екеуі: Қожа Абдуллаһ Барқи, Қожа Хасан Андаки, кейін төртінші кезекке Абдуллаһ Халық Гиждуани қойылыпты.

Билікті аз-ма жүрізіп, ол туған еліне қайтты. Қожа Ахмет мұнда келісімен өзіне жүктелген міндетті - Ислам жолын уағыздап, халықты дінге тартуе, ұстаздық ету қызметін атқаруға қызу кірісіп кетеді. Йусуф Хамаданидай ақ сүйек, пәк жүрек, жаны нәзік, қаны таза ұстаз өнегесі бойына дарыған, жастайынан тазалық рухында тәрбиеленген Қожа Ахметтің төңірегіне топтасқан шәкірттері мен мүридтері де өзгеше болса керек-ті. нақ осы тұста Хорезм шаһтары да өздерінің бар күшін Ислам дінін нығайтуға жұмсайтындай ниетте болды. Азияның Ислам діні тарай бастаған өлкелерінде шейхтердің абыройы мен ықпалы артып, әр жерде діни орындар ашылып жатты.

Ахмет Иассауи Сырдария мен Ташкент өңірлерінде, тіпті солтүстіктің бозқырларында да уағыз жүргізді. Бұл кезде оның төңірегіне Бұқара мен Самарқандтағыдай Хорасан шаһарларындағыдай фарсы тілі мен әдебиетіне ден қоюшылар ғана емес, Ислам дініне біржола бет бұрған, көңілдері таза бір өңкей түркілер топтасып үлгіреді. Ахмет өзі өте жақсы білетін араб ғылымы мен Фарсы әдебиетіне қоса, түркі тілінде жазылған және айтылатын жәдігерлерге ықылас аударып, бүтіндей зейін қояды. Өзінің діни уағызын да туған түркі тілінде жүргізу қажеттігіне көз жетеді. Араб, фарсы тілдерін білмейтіндерге діни-софылық дәрістерді түсіндіруде түркілердің халық әдебиеті үлгілеріне сүйенеді. Өзінің нақыл сөздері мен өлең-жыларын да түркі тілінде жазуды бастайды.

Ахмет Иассауи жасы алпыс үшке толған шағында тереңдігі үш аршын келерлік хилуат-жәй жасатып, күні-түні соның ішінде жатып алады. Әттең, мұның дәл қай жылы басталып, қанша уақытқа созылғанын біз білмейміз. Тек «Хикметтер» жинағында ғана жер астында жайғасуының, дүние қызығынан безінуінің себебі мен жай-жапсары софылық сарын әуенімен ұзақ-ұзақ баяндалады. Төңірегін қаумалаған мүридтеріне, жалпы халыққа Тариқат пен Ақиқат жолдарын, жан тазалығының тәртіптерін тәптіштей ұғындырады.

Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Иссауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы «Диуани Хикмет», «Мират-ул Кулуб», «Пақырнама» сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Иссауи сопылық ілімнің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Иссауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және «инсани камил» дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні - «адамның өзін-өзі тануы» арқылы «Хақты тануы». Бұл жолды алғашы мақамы - «тәуба», соңғысы «құлдық». Иссауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі - адам. Адам «кемелдікке» жетуі үшін қажетті білімді игеру керек. Бұл білімнің қайнары - хикмет. Хикметтерде нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік - адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Иассауи ілімінде Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Ал, халыққа, ұлтыа қызмет етудің шарты - топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Иассауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты - Хаққа құлшылық ету, ол: «Сізді, бізді Хақ жаратты ибадат үшін» дейді. Бұл ғибадат Хаөты тану жолындағы ең жоғары мақам. Құдайлық ашықты, Аллаға деген махаббатпен тұтастықта көретін Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымы Алла жаратқан адам баласын кемсітпей, өзімен тең дәрежеде қрметтеуді парыз деп қарайды. «Сүннет екен кәпір де болса берме азар, Көңілі қатты ділазардан Құдай бизар» деген хикмет адамның тегі мен түсіне, діні мен діліне қарамастан оған құрмет көрсету, адам ретінде ардақтауды пайғамбарлық сүннет (жүйе, заң, қағида) ретінде танытады. Өйткені Қожа Ахмет Иассауи ілімі - дін, мазһаб аясына сыймайтын шексіз ашық жолы. Иссауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ «ғарип адам» тұлғалары да дәріптеледі. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды. Қожа Ахмет Иассауи өзін де ғарип ретінде көрсетеді: «Ғариппін ешкімім жоқ, бейшарамын һәм пақыр, Сенен басқа кімім бар, рахым ет Сен (Алла) таң сәріде» деп рақымды тек Алладан ғана күтеді. Өйткені оны Алладан басқа шын ұғатын, қолдайтын ешкім жоқ. Оны ғарип қылып, жалғыздыққа итермелейтін күш оның дүниеге деген көзқарасы, илаһи ашық - Хақ жолына деген ұмтылысы мен махаббаты. Ғариптік - адамның өз-өзімен іштей күресіп, санасын сан-сыратқан мәселелердің шешімін табу жолында рухымен тілдесу, өз әлімен ғана ләззат алу сияқты көңіл-күйді білдіретін психологиялық хал. Сондықтан да Иассауи «Қай жерде ғарип көрсең һем дем болғыл» дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені. Оның ілімінде нәпсі - жамандықтың, рух - жақсылықтың қайнар көзі болып табылады. Жақсылық пен жамандық секілді нәпсі мен рухтың да қатар өмір сүруі үшін нәпсінің өлуі шарт. Өйткені өмірдің мәні рухтың тазалығында, яғни көңіл айнасының сафтығында жатыр. Рух тазылығын мақсат тұту «ашық» мәртебесіне ұласып, Хақ дидарын көру болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йассауи
Оңтүстік Қазақстанның киелі жерлері мен әулие адамдары
Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет
Қожа Ахмет Иассауи туралы
Омар хайямның ағартушылық ой-пікірлері
Қазақастандағы орта ғасырлық қалалар
Туған жер туралы
Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін сипаттау
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Қазақстан Республикасында зиярат ету діни туризмнің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz