Жамбыл Жабаев туралы мәліметтер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ЖАМБЫЛ Жабаев (28. 2. 1846, Жамбыл обл. Жамбыл тауының етегінде - 22. 6. 1945, Алматы) - ұлы ақын, жырау, жыршы. Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасының екей руынан шыққан Жапа деген елге қадірлі адамның отбасында дүниеге келген. Ж. жасынан өлең-жырға қанып өскен, өз анасы Ұлданның ақындық талантын бойына сіңірген, "Менің пірім - Сүйінбай . . . " деп Ж-дың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқгы жыр даңғылынан төлімтәрбие алған. Ж-дың ақын болып қалыптасуы тек Жетісу ақындық мектебінің ауқымында қалған жоқ.

"Жамбыл Жабаев". Суретші Н. И. Крутильников. 1957 ж.

Ол өзіне дейін өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас ақындар мен жыршылардың бай мұрасын, күллі халық поэзиясын толық меңгеріп, өз шығармашылығына тұғыр еткен. Асан Қайғы, Бұқар жырау, Шөже, Балта, Шернияз, Шортанбай, Дулат, Сүйінбай, Досқожа, Нысанбай, Майкөт, Майлықожа, Құлыншақ, т. б. ақындарды үлгі тұтқан. Сонымен бірге Ж. туысқан қырғыз елінің де сез өнерін жетік білген. Қырғыз манасшылары мен жомоқшылары арасында әріптес достары көп болған, солармен бірге қырғыз айылдарын аралап, өлең айтып, жыр тоғытқан, күй тартып, айтысқа түскен. Атақгы Тоқтоғұл, Мұраталы, Әлімқұл, Балық, Тыныбек, Қатаған сияқты дүлдүлдермен өнер сайысына түскен, солармен жарыса "Манас", "Ер Төш-түк" эпостарын жырлаған, олардың ілтипат-ықьшасына беленген. Ж. бүкіл әлемге тараған "Мың бір түннің" тарауларын, Орт. Азия мен Кавказ халықтарына ортақ "Көрұғылы" жырын, Фирдоуси "Шахнамасының" үзінділерін жасынан жаттап алып, айтып жүрген. Осындай қайнарлардан нәр алған Ж. өсе келе тек қазақ еліне ғана емес, барша әлемге әйгілі жырау, ақын, жыршы болып қалыптасқан. Сөз өнерінің бұл үш түрін бір адамның меңгеруі - сирек кездесетін құбылыс. Ал Ж. өзін әрі жырау, әрі жыршы, әрі ақын ретінде сезінген ("Шын жүректен жыр төгіп, сөйлеп бір кетті ж ы р а у ы ң ", "Нені естісек, соны айту - ежелден ісі ж ы р ш ы н ы ң ", "Жамбыл а қ ы н сейлеген сөзді бекер демеңцер") . Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлең-жырмен өткізген Ж. -өткен екі ғасырдың куәсі бол-ды, кайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі аралас, жақсылығы мен жамавдығы қатарлас екі түрлі қоғамда ғұмыр кешті. Ж-дың шығармашылық өмірі, негізінен, 19 ғ-дың 70-жылдарынан басталған. Бұл - қазақ халқы үшін өте ауыр кезең еді. Осы жыл-дары бүкіл қазақ елін түгел жаулап алған Ресей импе-риясы енді оны басқарудың жаңа амалын тапқанды. Сөйтіп, 1868 жылғы "Жаңа мизам" негізінде Қазақстан үлкен 6 облысқа, облыстар уездерге, уездер болыстарға, болыстар ауылдарға бөлініп, қазақ даласына ішкі Ресейдің басқару жүйесі отаршылдық сипатқа көшірілді. Соның салдарынан қазақ халқы арасына Ресей мемлекетінің бюрократтық аппараты тудырған көптеген келеңсіз құбылыстар мен іс-әрекеттер жайылды. Осының бөрі халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс-салтын бұзды, елдің ішіне іріткі салды, адамдардың санасы мен мінез-құлқын өзгертті. Сөйтіп, бұрын болмаған ұлыққа жа-ғымпаздық, болыстыққа та-лас, ағайынға жала жабу, біреудің үстінен шағым айту, кісіні аддау, өтірік айту, барымта сияқты жағымсыз қылықгар мен жаман құлықтар пайда болды, барымташылықты малданған арамтамақ-тар көбейді. Жерден, малдан айырылған жұрттың тұрмысы жүдеп, рухы жадап, ел

рынын шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азамат-тық өресін өсірді және тақы-рып аясын кеңейггі. Ж-дың Сайкал қызбен (1864 - 65), Жаныс ақынмен (1866), Бө-лектің қызымен (1870), Бұ-рым қызбен (1873), Айкүміс-пен (1874), Сарамен (1875), Сары ақынмен (1875), Шы-былмен (1890), Белтірікпен (1890), Майкөтпен (1891), Сарбаспен (1895), Құлмам-бетпен (1897), Доспамбетпен (1907), Шашубаймен (1909), т. б. айтыстары казак, әдебие-тінің алтын қорына қосылды. Оның айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да,

күйзеліске ұшырады. Ол аз болғандай, 20 ғ-дың 20-жыл-дарында ақ пен қызылдың соғысы, атамандар мен ко-миссарлардың ылаңы, кәм-пескелеу мен үжымдастыру сияқты оқиғалар халықтың бүкіл бітіміне теріс өсерін тигізді, қарапайым адамдар-дың да, зиялылардың да пси-хологиясын езгертті. Осын-дай жағдайдың куөгері бол-ған Ж. шындықты айтып, замана болмысын суреттеді, өзінің өкініші мен күйінішін ащы дауыспен жырлайды, мысқылдайды, сынайды, кү-йініп те, қиналып та сөйлей-ді. Шыншылдық пен сын-шылдық қасиетін Ж. ақын-дармен айтыстарында да сақ-тап, турашыддығымен ерек-шеленеді. Ж-ды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан, оның есімін бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқан өнері - оның ай-тыстары. Ақындармен айтыс Ж-дың суырып салмалық да-

түре айтыс та, сүре айтыс та бар. Осының қай-қайсысын-да да Ж. өзінің нағыз май-талман, кестелі сөздің шебе-рі, өрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен екенін көрсетеді. Ж. айтыстарының кебісі көте-ріңкі, лепті интонациямен басталады, ұйкастары өр ал-уан болып келеді. Кдрсыла-сын ащы мысқылдау, өлең-мен тұқырту, өзін кетере сөйлеу, карсьшасы мақгаған адамдарын мінеу секілді сол заманның айтыстарына тән барлық өдісті Ж. да пайдала-нады. Қажетті жерде Ж. өз руының атынан да сөйлейді. Сонымен қатар айтыстарда Ж-дың ақындық, дара "мені" айқын көрінеді. Әсіресе, атақ-ты ақындармен сүре айтысқа түскенде өзінің жеке кдсиет-терін ерекше сезінеді, өзінің көпшіліктен бөлек тұлға еке-нін айрықша түсінеді. Мүны ол айшықты образдар мен метафоралар арқылы жеткізеді ("Мылтықга түтеп тұрған мен

бір пистон", "Қүйындаған көкке ұшқан мен бір пырақ", "Сен - күйкентай, мен -тұйғын", "Мен - қорғасын сакдмын", "Мен - бір соқ-қан дауылпаз", "Сез иесі - мен деймін", т. б. ) . Айтыста көрінетін Ж-дың екі "мені" (рулық ері ақывдық) кейін, 1930 - 40 ж. өте жоғары мен-ге ие болып, азаматтық "мен" дәрежесіне көтеріледі. Бүл кезде Ж. ақын ғана емес, үлы ж ы р а у болған еді. 1916 ж. ұлт-азаттық қозғалы-сына Ж. ақын белсене каты-насты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бүқа-расының қалың ортасында

зақстантойына", "Жастарал-дындагы сөз" сияқгы арнау, толғаулары осы тұста жырлан-ды. 1936 ж. Мәскеуде өткен кдзақ өдебиеті мен өнерінін онкүндігі кезінде оның даусы бүрынгадан да аскақ естілді. Ежелгі данышпан жыраулар-ша Ж. 1930 - 40 жылдар аралығында мемл. мөні бар мәселелерді көтеріп, қоғам өмірі мен ел мүддесін жыр-лайды, замана жайында тол-ғайды. Мұндай толғауларын-да қарт жырау, көбінесе, ер-тедегі болмысты суреттеп, көне тарихкд кез жүгіртеді, өз дөуірінің асқарынан дана абыз болып замана ағымын

Жамбыл әдебиет пен өнер кайраткерлері арасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларьш сол қозғалыскз ар-нап шығарды. Оның көбісі сақгалмаған. Тек есте калып, хаткз түскені - "Патша әмірі тарылды", "Зілді бұйрық" деген өлең-толғаулары. Осы шығармаларында Құлансаз, Қарабастау жайлауындағы Кдоғалы, Самсы, Үзынағаш және Шейінпенде болған кақ-тығыстардан елес береді. Ж. көтерілісшілерді өлең-жыры-мен жігерлендірді, оның үгіт-шілік қимыл-өрекетін патша әкімдері жазаламақ болды, бірақ халық Ж-ды қорғап ка-лып отырған. Ж. 1919 ж. Жетісу халық ақындары бас қоскзн слетке катысты. 1934 ж. респ. енер шеберлерінің түң-ғыш слетіңде жыр толғап, тағы бір көзге түсті. "Замана ағы-мы", "Белсенділерге", "Кд-

шолады, мезгш мен өмір ту-ралы ойланады, соларға мі-нездеме береді. Ол байырғы ұлы жыраулардың дөстүрін қайта түлетіп, біздің дөуірі-мізге жаңа сапада, соны маз-мүнға байытып жетызді. Асан Қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Үмбетей, Бүкар жырау сияқ-ты Ж. да қалың жүртшылық алдында мемлекет басшыла-ры мен партия көсемдеріне қарата айтқан жырларында жалпы мемл. мөселелерді кетереді. Ж. Мәскеудің төрі - Кремльде, Жоғ. Кеңестің сессиясында, Жазушылар одағы пленумында, Тбили-сидегі Шота Руставелидің тойына арналған үлкен жиында, ез жерлестері - кол-хозшылар арасында, яғни үлкенді-кішілі мінбелерден шаршы топтың алдывда жыр толғап, жыраулық мшез көр-сеткен. Үлы Отан соғысы тұ-сында бүкіл Кеңес Одағын-да Ж-дан дөрежесі, мәртебесі биік ақын болған жоқ. Ж. есімінің өлемнің шартарабы-на танылған тұсы да осы кезең еді. Ақын жырлары майдандағы өр ұлттан құрал-ған жауынгерлердің бөрінің де жүрегіне жетіп, жігерін кайрады. Оның Украинаны, Мәскеуді, Кавказды, Ленин-градты (казіргі Санвсг-Петер-бург) қорғаушыларға арнап, еолардың рухын көтере, ерлікке шақыра жыр төккені де - жыраулықтың үрдісі. Ол замана туралы толғап,

насы биік те терең мөселе-лерді қозғайды, олар: кемел тұлға мен тобыр ("Тамам қарға жиылса, бір сүңқарға жетпейді"), адамның азат-тығы ("Дүниенің кендігі -жүргеніңде басың бос"), уа-қыт пен адам ("Заман, заман дегенде, заманға қожа - адам ғой"), т. б. фштос. мөндегі ой-түжырымдар. Ж. - ж ы р -ш ы л ы қ өнердің де асқан шебері. Ол ел арасына кең тараған жырлар мен дастан-дарды кепке дейін орындап жүрген. "Менің өмірім" атты естелігінде Ж. былай дейді: "Ел жүдеген үстіне жүдей берді, ел менен жыр сұраған-

белгілерімен қатар біраз өз-гешеліктер бар. Әсіресе, он-дай айырмашылық қаһарман-дардың күйінген сэттерін беруде, сондай-ақ, эпоста болмайтын табиғаттың су-ретгерін бейнелеуде жөне ескі батырлар жырына тән кейбір байырғы сарындарды түрлен-діруде көрініс табады. Демек, Ж. белгілі эпосты жырлаған шақта да импровизация жа-сап отырады. Сейтіп, Ж. си-яқты дүлдүл ақын жыршы-лық өнерге үлкен шығарм. нэр береді, эпосты құр жат-тап алып айтпайды, сюжетті, оқиғаларды, қаһармандарды жадыңда сақтайды да, жыр-

ңар ұйқастың да үлгілері көп. Логикалық ой түйдегіне кұ-рылған ұйқастар - Ж. поэ-зиясының басты ерекшелік-терінің бірі. Ырғақ пен ұйқас ақын шығармасының ауенін, немесе әуезін түзіп қана қой-майды, сонымен бірге оның мағыналық қүрылымындағы бөліктерді, сарындарды бай-ланыстырушы, сабақгастыру-шы да қызметін атқарады. Ж. туывдыларында ойлы, образ-ды, нақыл, қанатты сөздер мен фразалық тіркестердің атқаратын көркемдік-эстет. қызметі аса жоғары. Сондай-ақ, оның шығармаларында метафора, символ, метони-

Жамбыл Жабаев немересі Ділдаханмен бірге

дәуірге сипаттама береді, өтіп жатқан оқиға-құбылыс-тарға өз бағасын айтады. Ж. поэзиясында жырауға тән нақылдық, афоризмдік си-пат, ойшылдықтың абыздық нұсқалары, сөз өнерінің ер-екше құдіреті танылады. Оның шығармаларында на-қьш сөз бен ақьш сөз өзара жарыса, қатарласа қолданы-лады. Ақыл сөзді айтушы да, оны тыңдаушы да шығарма-да анық, нақты керініс таба-ды. Нақыл сөз, негізінен, жеке адамға арналмай, бар-ша жұртқа ортақ өмір қүбы-лыстарының мәні мен маңы-зы туралы тұжырымды пікір сипатында айтылады. На-қылға айналып кеткен тол-ғауларында Ж. өмірден түй-гені мен тоқығаны көп дана ретінде көрініп, мән-мағы-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Қазақстанның ХХ ғ. мүсін өнеріндегі тұңғыш қазақ кәсіби мүсінші Хакімжан Наурызбаев шығармашылығының орны
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында деңгейлік тапсырмалар мен тірек сызбаларды қолдану жолдары
Жамбылдың ұстазы еді майкөт ақын
Жыр алабы - Жамбыл
ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ (1846 - 1945) АҚЫН ӨМІРІ
Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz