Ибн Сина Әбу Әли Хусейн ибн Абдолла – Орта Азиялық ғұлама ғалым, энциклопедиялық білімді дәрігер, филисоф, астроном, жаратылыс зерттеуші, ақын



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ибн Сина Әбу Әли Хусейн ибн Абдолла (лат. Лақап аты Авиценна) ( 980,
Бұхара маңындағы Афшана с. – 18.6.1037, Хамадан) – Орта Азиялық ғұлама
ғалым, энциклопедиялық білімді дәрігер, филисоф, астроном, жаратылыс
зерттеуші, ақын, орта ғасырда араб тілінде өрши дамыған мед. Ғылымның
негізін салушы, шығыстық аристотелизм өкілі. И. Синаның балалық шағы, оқу-
тәрбиесі Бұхарада өтті. 22 жасында Хорезм астанасы Үргенішке келіп, ол
жерде 10 жылдан аса уақыт білімін толықтырды және негізгі еңбектерін жазды.
1012 ж. Қуғынға ұшырап, Иранға кетуге мәжбүр болды, онда Исфаһан, Хамадан
шаһарларында шахтың бас дәрігері болды. Әкесі (Абдолла) сауатты, мәдениетке
қол созған адам болған. Зеректігі жастай білінген балаын мұсылман мектебіне
10 жыл оқытады, содан соң Бұхарадағы білімдар кісілермен араластырады.
И.Сина философия, логика, хисап, геометрия, астрономия, поэзия, медецина
салаларын зерттеді, жергілікті (Әл-Фараби) және ескі грек философтың
(Аристотель, Платон) шығармаларымен танысты.
Ол уақытта Бұхара мен Үргеніш дүние жүзіндегі ірі мәдениетті қалалардан
саналатын. Ал Хорезм, бір жағынан согдиялықСамарқанмен ұштасса, екінші
жағынан – Сыр бойындағы түркістандық Отырар, Тараз, Шам, одан әрі
Жетісудағы Баласағұн сияқты заманындағы жоғары мәдениет орталықтарымен
тығыз байланысты еді. Мұнда қолөнердің түр-түрі өріс алып, қағаз жасау,
кітап шығару ісі де жөнге қойылған. Сөйтіп, 7-12 ғ-да Түркістан мәдениеті
өрге басқан өлке болған. Арабтар жаулап алып, жергілікті жазбаны, санатты
құрту үшін, елді мұсылман дініне көшіруде аса озбырлық жасап, қырғын
салуына қарамастан, жергілікті халық өз мәдениетін сақтап қалды; құрылыс
санатта өзіндік көркемдеу әдісін қолдана берді, ал араб тілі ғылыми тілге
айналды. Түркістанның атақты ғалымдары білім салаларын өз жерінде ғана
дамытып қоймай, Халифат орталығы Бағдатта да ықпалы болды. Ондағы
академияның бірінші жетекшісі астрономия, математика, хисап ғылымдарының
атасы әл-Хорезми болды, одан соң сол жерде көп уақыт ғылымдық еңбегімен
екінші Аристотель аталған жерлесіміз әл-Фараби (Отырарлық) араб тіліндегі
ғылымдарды көтеруге шексіз қызмет атқарды. ...Ғылым жөнінде ол уақытта
Шығыс Батысқа бәрін берді. Бағдатқа шақырылған ғалымдар кейін
жіберілмеді... дейді Бартольд.
И. Синаның ең негізгі еңбектерін Бұхара мен Үргеніште бітірсе де,
шығармалары араб тілінде жазылғандықтан, оны батыстықтар араб ғалымы деп
келген. Тегінде ол Түркістан ғалымы еді. Ол заманда Түркістан тоғыз жаолдың
торабында болатын: шығыста Қытай, батыста Руми (Византия), солтүстікте
Еділдегі Хазар, одан әрі орыс жұрты. Бұхара, Түркістан қалаларында ірі-ірі
кітапханалар, ескі грек ғалымдары еңбектерінің түпнұсқалары мен
аудармалары, жергілікті ғалымдардың кітаптары кең тараған, кітап базарлары
болған. Ол қалаларда көптеген ауруханалар, даруханалар істеген. Сөйтіп ол
кезде Түркістан дүние жүзінің ғылыми дамының ең бір қайнаған ортасы екен.
Үргеніште әйгілі Мамун академиясы болды, онда Ахмед-әл-Ферғани сықылды
әйгілі ғалымдар еңбек етіпті, жас И.Синаның үлгі алар ұстаздары болыпты.
Оның көзқарасына әл-Фараби, Бируни үлкен әсер еткен. әл-Фараби туралы
И.Сина былай дейді: Аристотельдің метафизикасын 40 рет оқып жатқа білсем
де, оның мағынасына түсіне алмадым. Бір күні базардан әл-Фарабидің
метафзикаға талдау кітабын сатып алдым. Ақылдың есігі ашылды, енді жатқа
білген кітапты соның арқасында ұғындым. Аса қуныш билеп жомарт тасаттық
үлестірім.
И.Сина тарихқа әуелі дәрігер ретінде еніп, бұл кәсіппен ол 16 жасынан
бастап шұғылданды. Жергілікті тәбиб әдістерін үйренген соң, ол кітаптардан
ескі грек, руми, үнді, парсы, қытай медецина негіздерін өңдеп жетіктірді.
Әсіресе, ескі юнан жұртының атақты дәрігерлері Гиппократ пен Галеннің
еңбектерңмен толық танысты, олар айқан қағидаларды толықтырды, қатесін
түзетті, ескірген ұғымдарын алып тастады. И.Сина арқасында Гиппократ пен
Галеннің даңқы қайта жайылды, әйтпегенде Еуропада олардың еңбегі түгіл
есімі де ұмтыла бастаған еді. Оның күрделі туындсы – Дәрігерлік ғылымның
каноны (Китаб әл-канун фи-т-тибб), бұл көлемі 200 баспа табақ, 5
кітаптан тұратын медециналық энциклопедия Араб тілінде сан рет көшірілді.
Латынша аудармасы 12 ғасырда жарық көріп, аз уақытта бүкіл дүние жүзіне
таралды. Күллі Шығыс пен Батыста И.Сина осы кітап арқылы 5-6 ғасыр бойы
медецина ғылымының дара жетекшісі, дәрігерлердің ұлы ұстазы болды,
Медециналық ханзада, Шейх-ур-раис деген ұлы есімге ие болды. Баспа
әдісі пайда болғаннан кейін Каноның басылуы інжілмен бәсекелес өтті. Араб
тіліндегісін санамағанда, латын аудармасы отыз шақты рет басылды. Канон
орыс, өзбек тілінде ғылымның мың жылдық салтанатына байланысты Ташкентте
(1954-56) басылып шықты. Медецина – саулықты сақтау, науқасты кеселден
айықтыру үшін адам тәнін зерттейтін ғылым, - дейді автор. Медецинаның бір
бөлігі – білім, екіншісі – амал, мұның екеуі де ғылым, біреуі медецинаның
түпнегізі болса, екіншісі – амал жасау ережелері. И.Синаның ең негізгі
насихаты – саулықты күні бұрын сақтау. Бұл жөнінде оның қоятын шарттары:
тағамды талғай білу, денені шынықтыру және таза ұстау. Бұл ережелер осы
күнге дейін маңызын жойған жоқ. Ал ғасырлар бойы бұған еліктеп жазылған
кітаптар да өте көп. Саулықты сақтау жолдарын И.Сина былай былай деп
көрсетеді: ...Дене құрылысының гармонисын бірқалыпты ұстау, тағам мен
ішімдікті талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын ұстау,
дене мен рух бірлестігін көздеу, ол үшін ұйқы тәртібін бұздырмау. Дене
шынықтыру үшін әр адамның жасына, күшіне сәйкес әрқилы болуы қажет. Орта
жастағыларға салт қыдыру тиімді болса, қуаты азайған адамдарға жаяу жүрген
пайдалы. Сол сияқты бозбалаға шарт тағам қарттарға зиянды болуы ықтимал.
Жасы келіп қартайған шақта ұйқыны көбейту, жылы су бұлау қабылдау, қышқыл,
тұзды тағамды азайтып, сүт қоректерін, өсімдіктерді, әсіресе сарымсақ,
қызылша мен капустаны көбірек пайдалану керек, - дейді. Канондағы саулық
сақтау үшін дәрігерлер қолданатын ережелердің ең маңыздысы – қанағат.
Тамақтануда, шарап ішуде, дәрі пайдалануда, нәпсіге де, қомағайлыққа да жол
бермей, қанағат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Гуманитарлық ғылымдар және өнер факультеті
Әбу Әли ибн Сина
ОРТА АЗИЯ ЖӘНЕ АРАБ ҒЫЛЫМЫ
Әбуәли ибн Сина- ғалым, пәлсапашы
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
«Арабтардың философы» - әл – Кинди
Ирандағы Фараби туындылары
Ортағасырлық батысеуропалық философия
Философиялық көзқарастары
Пәндер