Кенесары хан бастаған халық-азаттық күресі (1837-1847)


РЕФЕРАТ
Кенесары хан бастаған халық-азаттық күресі (1837-1847)
Қасым сұлтан мен оның балаларының қаза табуы, бой көрсетулердің алдынғы кезеңі стихиялы, ұйымдаспаған сипатта болғанына қарамастан, Орта жүзде әкімшілік-саяси жаңалықтардың қатаң енгізілуі жағдайында ойышылдыққа қарсы күрестің жалғастырылуына тың тыныс қосты, қазақ Жерлерін біріктіруші Абылай хан ұрпақтарының тар өрісті рулық әулеттік мүдделерін екінші қатарға ығыстырып, қозғалысқа неғұрлым айқын көрінген халық-азаттық сипатын берді. Бұл күресті енді Абылай немерелерінін бірі - сұлтан, кейін хан тағына отырған Кенесары Қасымов (1802-1847) басқарды.
Кенесары Қасымов тарихи аренаға Қазақстанның 1822, 1824 жылдардағы сібір және орынбор қазақтары туралы Жарғылардың қабылданғанына қарамастан саяси оқшаулығын сақтауды жалғастырған аудандарының тәуелсіздігіне патша әскерлерінің жаппай аттаныстары салдарынан қатер төнген жағдайда Абылай ханның ісін жалғастырушы ретінде келді. Сондықтан да көтеріліс жасаған сұлтанның басты мақсаты Абылай хан кезіндегі Қазақстанның аумақтық шектерінің тұтастығын қалпына келтіру, «дуандарды» (XIX ғасырдың 20-30-жылдарында Қазақстанда құрылған округтер оның хаттарында осылай көрсетілген) тарату, Ресей құрамына әлі кірмеген жерлердің толық дербестігін сақтап қалу болды.
Ғұбайдолла сұлтан да, атақты ағасы Саржан да Кенесары Қасымовпен бір қатарға тура алмайды, М. Красовскийдің пікірінше, ол «ақылы жөнінен атасынан (Абылайдан. - Ред. ) кем, одан да. әкесінен де (Қасым төре. - Ред. ) мінезінің өрлігімен асып кетіп бүкіл далаға әйгілі болды.
«Айлакер ерекше сипатты саясатшы» ретінде Кенесары Қасымов сұлтан құдіретті Ресей державасымен күрес қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір құрбандықты, әскери ғана емес, дипломатиялықта күш-жігер жұмсауды талап ететінін жақсы білді. Ол халық қозғалысынан бөлініп қалған жекелеген сұлтандардың старшындардың билердің бетімен кетушілігін аяусыз басып, Ресей саясатын қолдағандарды қатаң жазалағанмен, бәрі бір патша үкіметімен түсініспеушіліктерді, негізінен алғанда, бейбіт жолмен шешуді жақтаушы болып қала берді. Соғыс тұтқындарына, соның ішінде орыстарға да төзімділікпен қарады, олардың кейбіреулері оған қызмет етті, Ресей елшілерін сыпайылықпен қабылдады, қырғыздармен тайталас кезеңінде мінез танытқаны болмаса, өз әрекеттерінде қатыгездікке жиі жол бермеді. Дегенмен, көтеріліс мүдделерін сатып кеткенлер, әскери тәртіпті бұзғандар онын каһарына ұшырап отыруы жиі болып тұрды. Атап айтқанда мұны «Кенесары-Наурызбай» дастаны дәлелдейді, оның авторы ақын әрі жауынгер Нысанбай атақты «қазақ Шәмілінің» барлық іс-әрекеттеріне белсене қатысқан. «Кенесарының бойы биік емес, ашаң, оның бет әлпетінде қалмақ сипатты бітім бар және оның шыққан тегін еске салады. Айта кетелік, оның қысыңқы кездері мысқыл араласқан ақыл нұрын шашып тұрады, ал оның кескінінен әсте де қаталдық байқалмайды, алайда ол көптеген жағдайларда қаталдық көрсеткен.
Ақылды саясатшы Кенесары сұлтан Ресейге қарсы ұзаққа созылып, титықтататын қарулы күрестің бүкіл қиындығын ұғынып, Сібір және Орынбор әкімшіліктермен келіссөздер жүргізу арқылы үздік дипломатиялық қасиеттерін көрсетті.
Орынбор генерал-губернаторы В. А. Перовскийдін атына жазған алғашқы хатында-ақ ол Қазақстан аумағында бекіністер салуды, қазақ жерлерін басып алуды 35 жылға тоқтата тұруды ұсынған.
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатында қазақ жерлерін басып алуды кеңейткен және Ресей ықпалы шегінен тыс қалған аудандарда жаңа округтер құрған патша үкіметімен алауыздықтарды қазақ ханының бейбіт жолмен шешуге ұмтылыстарын дәлелдейтін қызықты Құжаттар сақталған.
Кенесары үш жүздің дәстүрлі топтарын, рулық бөлімшелерін біріктіруге барлық амалдарды қолданды, дегенмен бұл мақсатқа азаттық күрестің 1844-45 жылдардағы ең шырқау биігіне көтерілген кезеңінін өзінде де қол жетпеді.
Көтерілістің ең басынан-ақ қазақ шоңжарлары қарама-қарсы екі лагерьге бөлінді: олардың үкімет қолдаған бір бөлігі отаршылдық әкімшіліктің қолдануына сүйеніп, омбы және орынбор әкімшіліктерінен әр түрлі пұрсаттылықтар алуға тырыса отырып, өздерінің саяси дұшпандарын күйретуге ұмтылды. Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин Кенесарының ымырасыз жауы болды, Кіші жүздің билеуші-сұлтандары Ахмет және Мұхаммед Жантөриндер, Айшуақов сұлтандар көтерілісшілерге қарсы өршеленген күрес жүргізді. Кенесары Жетісуға барғаннан кейін азаттық күресі жетекшісінің өз туыстары, Абылай ханның балалары Әли, Сүйік, Әділдер көтерілісшілер жөнінде ымырасыз көзқарас ұстанды. Кейіннен қару кезеніп тұрғанда Ресей үкіметіне көтерілісшілердің келгенін «хабарлау» туралы міндеттемеге қол қойған 27 би мен сұлтанның көпшілік бөлігі сол кезде Жетісудағы көптеген ру бөлімшелерін басқарған Абылай ұрпақтары болатын. Старшындардың, билердің, сұлтандардың бір бөлігі, соның ішінде Орта жүзде де қарсы әрекет жасағанына қарамастан, Кенесары Қасымов үш жүз қазақтары руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре білді. Бір кездерде Кенесары әскерінің саны 2 адамға дейін жетті. Көтерілісшілердің ұйытқысы Орта жүздің қатардағы көшпелілері болды. Саржан бастаған азаттық қозғалысына 23 жасынан бастап белсене қатысып, қоқандықтардын ағалары мен әкесінің қаза табуына соқтырған екіжүзді көзқарасына көз жеткізген Кенесары өзін ара-тұра оқ-дәрімен, мылтықпен жабдықтап отырған Бұхара әмірімен достық қатынаста болғанымен, Сырдарияның төменгі ағысының қазақтарына қысым көрсеткен қоқан құсбегімен келіссөздерден бас тартты.
Кенесарыны үш жүздің ханы деп танудың мұрағат деректері арқылы расталатын фактісі оның ұлт мүшелерін бірден-бір, жоғары дәрежеде білдіретін, бүкіл халық сайлаған билеуші ретіндегі өкілеттігінің заңдылығын дәлелдейді.
Көтерілістің қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатардағы егіншілер де, старшындар сұлтандар да тартылды. Қазақ жерлерін әскери отарлауға, қоқан зорлық-зомбылықтарына қарсы жалпыға бірдей күреске азаттық сипат берді. Өкінішке қарай, Кенесарыны қолдау билердің старшындардың, сұлтандардың бәрі бірдей дәйекті шықты: негізгі күштердін басқа аудандарға шоғырландырылуы мен үнемі жылжып отыруына қарай рулық белгілері бойынша жинақталған жекелеген топтар негізгі ұйытқыдан бөлініп қалып отырды.
Кенесарының соғыс қимылдары 1838 жылдың көктемінде Ақмола приказын қоршауға алып өртеуден басталды. Бекініс коменданты әскери старшина Қарбышев пен Ақмола округінің аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин ертелген бекіністен әрең дегенде қашып шықты. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай даласы өңіріне қоныс аударды. Орынбор Шенеуніктеріне жазған хаттарында Кенесары бұл қадамды өзінің Орынборға жақындап көшіп барып, келіссөздер жүргізуді жеңілдетуге деген тілегімен түсіндіреді. Ал жігерлі сұлтан іс жүзінде 1836-38 жылдары Исатай Таймановтың басшылығымен көтеріліс болған. Ресейге тікелей іргелес жатқан Кіші жүз кеңістігіне көтерілісті таратуды мақсат еткен еді.
1841 жылдың қыркүйегінде қазақтың үш жүзінің ықпалды билері, сұлтандары Кенесары Қасымовты қазақ жерінің ханы етіп сайлады. Қазақ мемлекеттілігі қалпына келтірілді. 1841 жылдың күзінде көтерілісшілер қоқандықтардың едәуір күштері орналасқан Созақ, Жаңақорған. Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршады. Қоқандықтардың бірнеше бекіністерін алу бостандық жолындағы күрескерлерді жігерлендірді. Тіпті қозғалыстың басты ошақтарынан алыста көшіп жүрген төртқара және шекті рулары да оны бүкіл қазақ ханы деп танитынын хабарлады.
Кенесарының қоқан бектерімен өзара қатынастарының шиеленісуін қазақ сұлтанының жеке себептері де туғызған еді.
Қоқан билеушілерінің 1836 жылы соның алдындағы кезеңдегі қазақтар көтерілісі жетекшілерінің бірі, ағасы Саржамлы қарақшылықпен өлтіруі, 1840 жылы әкесі Қасым төрені, сондай-ақ ағалары Есенгелді. Ержан сұлтандарды және Абылайдың басқа ұрпақтарын сатқындықпен қырып салуы да қозғалыс жетекшісінің қоқанға қарсы көзқарасын қатайта түскенді. Атап айтқанда, Кенесары бұл жөнінде Орынбор губернаторына хаттарының бірінде жазған. Азаттық күресінің ең басынан өзі қаза тапқанға дейін Кенесары хан Қоқан хандығы жөнінде айқын бағыт - қазақтарды қоқан билеушілерінің езгісінен азат ету бағытын ұстанды.
Осы мән-жайлардың бәрі Кенесарының өзбек хандықтары жөніндегі саясатының сипатын, мәнін белгілі бір дәрежеде алдын ала анықтап берді, хандықтың әкімшілік басқару құрылымына ықпал жасады.
Империяның отаршылдық билігі едәуір берік орныққан Ертіс, Есіл, Жайық шептері бойындағы аудандарды қоспағанда. Кенесары құрған мемлекет өз билігін бүкіл Қазақстан аумағына таратқан дәстүрлі мемлекет болды.
Кенесарының мемлекеті қазақтардың егіншілікке көшуін көтермеледі. Басқа мән-жайлармен қоса, мұны патша әкімшілігі тарапынаи сауда жолдарын бақылау қатайтылған жағдайларда көтеріліске шыққан ауылдарды астықпен қамтамасыз етудің қажеттігі талап етті. Көтеріліс аудандарына астық жеткізуші керуендер қолға түскен жағдайда астығы тәркіленді, ал көпестер саудагерлер қатаң жауапқа тартылды, мұның өзі көшпелі халық үнемі көшіп-қонып отырған жағдайда да ханды егіншілікті көтермелеуге мәжбүр етті. Үкіметтің қатаң шараларына қарамастан астық артылған керуендер жер-жерден тіпті алыстағы Кіші жүзден де келіп жатты. Ол егіншілікті бірден-бір және «күнкөрістің молшылық көзі» деп білді.
Кенесарының сауда саясатының да өзіндік ерекшеліктері болды. Көпестер керуендерінен алынатын баж едәуір кіріс келтіретінін көрген хан оларды тонауды тоқтатты. Кейде керуенбасыларын өзі қабылдап, тауарлар алып өткені үшін баж төлеуден жалтарғандарға қосымша салықтар салып отырды.
Бұрынғы мемлекеттік құрылыс едәуір қайта ұйымдастырылды. Жоғары кеңесші орган ретіндегі Хан кеңесі халық мүдделеріне берілген батырлардан, билерден, сұлтандардан, туыстарынан тұрды.
Кенесары жекелеген жасақтарына әскери кеңестің мүшелері, атақты батырлар басшылық еткен ұрысқа қабілетті қалын қол ұйымдастыра білді. Кенесарының жүздіктерге және мыңдықтарға бөлінген әскері ұзаққа созылатын дала соғысы жағдайларына бейімделген болды. Кенесарының жеке өзі қадағалап отырған қатаң тәртіп, оның айтарлықтай қысқа уақытта жауынгерлердің толық жиналуын қамтамасыз етуіне мүмкіндік берді
Кенесары өзіне қажетті мәліметтер жеткізіп отырған жансыздарының қызметін шебер пайдаланды. Осындай ақпараттың арқасында, хан жазалау күштерінің әскери жүріс-тұрысының жоспарларын алдын ала біліп отырды, бұл оның өз адамдарын орынсыз қырғынға үні ұшыратуды болғызбауына мүмкіндік берді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz