Керей хан - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
КЕРЕЙ ХАН (1456-1473) Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-
жылдарының басында қайтыс болған) - қазақ хандығының негізін қалағандардың
бірі. Тауарих-и гузида-йи Нусратнама (ﻨﺎﻣﻪ ﻨﺻﺮﺕ ﻩ ﻜﺯﻳﺪ ﺘﻭﺍﺮﻳﺦ) (1268-
1270) еңбегінің авторы айтып өткендей, Керей хан - Орыс ханның немересі
Болат ханның ұлы. 1456-жылы Керей хан мен Әз Жәнібек ханның Әбілхайыр
хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-
Қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоныс аударуы қазақ хандығының құрылуына
мұрындық болған маңызды тарихи оқиға еді. Бұл оқиғаның мән-жайы мынадай
болатын: 1428 жылы Ақ Орданың ақырғы ханы Барақ ішкі феодалдық қырқыста
қаза болған соң, Ақ Орда мемлекеті ыдырап, ұсақ феодалдық иеліктерге
бөлінгенде өзара қырқыс үдей түсті. Бұрынғы Ақ Орданың орнына Әбілхайыр
хандығы мен Ноғай одағы құрылды. Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан
бұрын Орда Ежен ұрпағы билеген Ақ Орда территориясы - Шығыс Дешті-Қыпшаққа
40 жыл (1248-1468) үстемдік етті. XV ғасырдың ортасында Әбілхайыр
хандығында толассыз болып отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық
қырқыстар болған сайын үдеп феодалдық езгі мен қанау халық бұқарасын ауыр
күйзеліске түсірді. Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық
салдарынан Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылысын
пайдаланудың дағдылы көшіп-қону тәртіптері бұзылды, көшпелі тайпалар
мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал
шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық
бейбіт өмірді, Әбілхайырдың үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді
армандады. Мұхаммед Хайдар Дулати Тарих-и Рашиди (ﺮﺷﻴﺪﻯ ﺗﺎﺮﻴﺦ) атты
еңбегінде былай дейді: Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол
Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан
мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы
алып, Моғолстанның батыс шетіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар
барып орналасқан соң Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы
шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан,
Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп олардың маңына жиналғандардың саны 200
мыңға жетті. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465-1466) билей бастады...
Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен
Талас өзенінің алабы еді. Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш
рет Қазақстан деген атау қолданылды, ежелден осы алапты мекендеген
қазақтың ұлы жүз тайпалары Дешті-Қыпшақтан қоныс аударған қазақ
тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран
соғыс салдарынан қанжілік болған қазақ халқы бұл араға келіп ес жиып, етек
жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ
көшпенділері Әбілхайыр хан қоластынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып
қазақ хандығына келіп жатты. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-
жылдарының басына дейін Әбілхайыр ханның қарамағынан батыс Жетісуға 200 мың
адам көшіп барды. 1462-жылы Моғолстан ханы Есенбұға қайтыс болған соң,
бұл мемлекетте ішкі феодалдық қырқыс күшейіп, өкіметсіздік жағдайдың өріс
алуы, Амасанжы Тайшы бастаған ойрат жоңғарларының жасаған шабуылы
салдарынан Моғолстан мемлекетінің шаңырағы шайқалған кезде Жетісуды
мекендеген қазақ тайпаларының қазақ хандығына келіп қосылуы үдей түсті.
Бұлар жаңадан құрылған Қазақ хандығының үкімет билігін нығайтып, оның
беделі мен әскери, саяси күш-қуатын арттыра түсті. Алайда жаңадан
құрылған қазақ хандығының экономикалық негізі әлі де әлсіз еді. Бірсыпыра
қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай одағының және
Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа телі болып отырған
болатын. Оның үстіне шығыс Дешті-Қыпшақты билеген Әбілхайыр хан өзіне қарсы
шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып, масайрап
отырғандығына, әсіресе Әбілхайыр хандығынан көптеген тайпалардың оған
ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Ол жаңа құрылған
қазақ хандығын тарпа бас салып жойып жіберуге сұқтанды. Оншақты жыл
айналасында батыс Жетісу өңіріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі
тайпалардың жиналуы кең өріс, қоныс керек етті. Ал көшпелі елдің отырықшы-
егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған
экономикалық орталық - Сырдария жағалауындағы қалалармен сауда-саттық қарым-
қатынастарына қолайлы жағдай жасау халық тұрмысындағы маңызды мәселеге
айналды. Бұл қарым-қатынастың оңалуына тек көшпелі халықтар ғана емес,
отырықшы аймақтардағы егіншілік өнімдерін өткізіп егіс көлігін алуды
аңсаған егіншілер де, қолөнер өнімдерін өткізіп шикізат (жүн, тері, т.б.)
алуды аңсаған қолөнершілер де, сауда тауарын өткізіп пайда табуға
саудагерлер де мүдделі болды. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-
Қыпшақ даласы үшін күресте қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы
Әбілхайыр хан еді. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен
Моғолстан мемлекетімен тату көршілік одақ ойрат жоңғарларының тайшасы
Амасанжының Моғолстанға шабуыл жасауынан және Әбілхайыр ханның Жетісудағы
қазақ хандығына шабуыл жасауынан тізе қоса отырып қорғануды мақсат етті.
1468 жылы қыста Әбілхайыр хан қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға
жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, жорық жолында қаза тапты.
Әбілхайырдың қаза болуы қазақ хандығының нығаюына және көлемінің кеңеюіне
үлкен орай тудырды. Әбілхайыр өлгеннен соң оның елінде қиян-кескі қырқыс
басталып, хандық ыдырай бастады. Өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ірі
шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан мен Жәнібек ханға көшіп
кетті. Мұндай тиімді жағдайды дер кезінде пайдаланған қазақ хандары Керей
мен Әз Жәнібек бұдан он екі жыл бұрын өздері ауып кеткен ата қонысы Дешті-
Қыпшаққа қайта оралды. Керей ханесімі тарихи деректерде соңғы рет 1472-
1473 жылдары Сырдария жағасындағы қалалар үшін Моғолстан ханы Жүністің
ордасына Бұрыш сұлтанның шабуыл жасаған кездерінде айтылады. Тарихи
материалдарда Керей ханның хандық билікті ұлы Бұрындыққа бергені туралы,
Керей ханның өзбек ұлысын басқарған кезеңі, оның тағдыры қай уақытта,
қандай жағдайларда қаза болғаны туралы нақты мәліметтер көрсетілмеген.
Керей хан 1472-1473 жылдардағы оқиғалардан кейін қайтыс болған деп
есептеледі.

ӘБІЛҚАЙЫР ХАН (1693-1748) ӘБІЛҚАЙЫР, Әбілқайыр
Мұқамбет Ғази Баһадүр хан (1693 — 12.08.1748) — хан, қолбасшы. Шыңғыс хан
әулетінің кіші буыны — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы. Соғыстарда
батырлығымен, айлакерлігімен, шабуылдарды ұйымдастыра білуімен аты шығып,
мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды (1710—
12.08.1748). 1715ж. Тәукен хан өлгеннен кейін үш жүздің бас хандығы тағына
үміткерлердің бірі болды. Бірақ мұрагерлік жолмен Тәукенің ұлы Болат бас
хан сайланды. Әбілқайыр қазақ қалмақ қарым-қатынасы мейлінше шиеленісіп
тұрған 1716 — 18 ж. Ресей империясынан көмек алу мақсатымен Сібір
губернаторы князь М.П. Гагаринге, Уфа воеводасына хат жазып, қазақтардың
ахуалын біршама реттеуге ат салысты. 1723 жылға дейін Түркістанда тұрып,
одан жоңғар басқыншылары қуып шыққаннан кейін Бұхар мен Хиуа хандықтарының
шекарасындағы өзіне қарайтын көшпелі тайпаларға қоныс аударды. Әбілқайыр
1726 ж. Ордабасыдағы халық жиналысында казақ жасақтарының қолбасшысы болып
сайлаңды. Бүланты өз-нің жағасындағы (1728), Аңырақайдағы (1729 -30)
жоңгарларды талқандаған соғыстарда қолбасшылық қабілеті ерекше көрінді.
Аңырақай шайқасында бас қолбасшышылықты өз еркімен Болат ханға бергенімен
үш жүздің қолын үйлестіруде көп жұмыс атқарды. Әбілқайыр қазақ хандары мен
сұлтандарының алауыздығы артып, сыртқы қауіп күшейген шақта, Ресей
империясына арқа сүйеуді ойлады. Әбілқайырдың Құндағүлов Сейітқүл мен
Көштаев Құтлымбет бастаған елшілігі Петербургке барып (1730), Ресей Сыртқы
істер министрлігі коллегиясының М. Тевкелев бастаған елшілігі оған келді
(1731). (қ.Құндағұлұлы елшіліг, Құтлымбет елшілігі) Елшілік қазақ ұлысын
Ресейдің қарамағына алу туралы келіссөз жүргізді. Әбілқайыр 1731 ж. қзанда
Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді (Бұл антгы
1738,1740,1742 ж. қайталады). Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, оның
қарамағына өткен башқүрт пен Еділ қалмақтарының қазақ қоныстарына
шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғар қалмақтарының қол
астында қалған қазақ жері мен қалаларын қайтарып алуды, империя
әкімшілігіне сүйеніп, қазақ арасындағы беделін арттырып, үш жүздің басын
біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес,
мұрагерлік жолымен қалдыруды көздеді. Сөйтіп ол жеке мүддесімен бірге
халықты апаттан сақтауды да ойлады. Алайда Ресей саясаты да теренде жатты.
Империя қазақ жерін бүтіндей отарлауды ойлады. Әбілқайыр Петербург сарайы
мен оның Орынбор әкімшілігінің саясатын дер кезінде түсіңді. Ханның өз ұлы
Қожахметті аманаттан қайтарып алудағы Ресей өкімдерімен тартысы,
императрицалар Анна Иоанавнаның, кейіннен Елизавета Петровнаның талаптарына
мойынсұнбауы, Кіші жүзде дербес саясат жүргізуге тырысуы, ел тәуелсіздігін
сақтау бағытындағы шаралары отаршылдықтың барлық көріністеріне карсылығын
байқатады. Орыс үкіметімен әр түрлі қатынастарды үзбей, Әбілқайыр сонымен
қатар, жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серенмен (Цэренмен) астартын байланыста
болды. Жоңғар шапқыншылығы әлсіреген сайын Ресейден бойын аулақ салуға
тырысты. 1740 ж. Хиуаны басып алып, аз уакыт осында хан атанды. Бірақ
Иранның Нәдір шаһынан ығысып, тастап шығуға мөжбүр болды. Әбілқайыр үш
жүздің билеуші, қадірлі билерімен, белгілі батырларымен, саяси
қайраткерлерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Өзінен жас, беделі өсіп келе
жатқан Абылаймен әр кезде түсінісе білді. Абылайдың бір әйелі Қарашаш —
Әбілқайырдың қызы. Кіші жүз ханы ретінде оның саясатында қайшылықтар да
бар. Қазақ даласын отарлаудың тірегі болған Ор бекінісін салуды өзі ұсынды
(1735). 1737 - 38 жылғы башқұрт халқының отаршылдық езгіге қарсы
көтерілісін басуға қатысуы туысқан екі елдің қарым-қатынасын шиеленістірді.
Әбілқайырдың дербестігі мен қазақ даласына жайылып кеткен атағы кейбір
сұлтандарға ұнамады. Солардың бірі — Орта жүздің сүлтаны Барақ Ор
бекінісінен қайтып келе жатқан Әбілқайыр мен ен далада кездесіп қалып, оны
өлтіреді. Ханның серіктері де сол жерде қаза тапқан. Бірақ Барақ
Әбілқайырды "орысшылдығы" үшін емес, өзінің жеке басының мүдделерін көздеп
"қарақшылық" іске барған еді. Әбілқайырдың моласы Қабырға өзенінің Ұлқүяққа
құятын тұсында, Торғай қаласынан 80 шақырым жерде. Кейін бұл ара Хан моласы
аталды. Әбілқайырдан көптеген ұрпақ қалған.

АБЫЛАЙ ХАН (1711-1781)
АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] - 23.5.1781, Оңт.
Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат.
Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз
Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. - Жәңгір
ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады.
Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп,
Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының
баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер
Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр
(кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) "ақтабан шұбырынды" жылдарында
жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген
өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған "Сабалақ" деп ат қойып,
түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.
Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің
мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майдвнда ерлігімен танылған.
Бұқардың Абылайға "Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ
сұңқар құстай түледің" деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 - 33 ж.
аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансүр жекпе-
жекке шығып, қалмақгың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы
(кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Үлкен әкесінің
аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансүр жеңісті ұрыстан соң,
Орта жүздің сүлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің
біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып,
Абылай атанады. Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай
шайкасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай катысқан
алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай
жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай
шайкасына катыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730 - 33 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Керей хан
Керей хан (1456-1473 жж. билік құрған)
ХV-XVI ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ (ҚАСЫМ ХАН, ХАҚНАЗАР ХАН МЕН ЕСІМ ХАНДАРДЫҢ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ МЕН САЯСИ РЕФОРМАЛАРЫ
Қазақ хандары жайында мәліметтер
Ноғай Ордасының қалыптасуы
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
Қырым хандығының қалыптасуы
Қазақ хандығын зерттеудегі деректік негіздер
Қазан хандығының құрылуы
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Пәндер