Спандияр Көбеев туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Спандияр Көбеев

Спандияр Көбеев 1-қарашада 1878, қазіргі Қостанай облысы, Боровской ауданы, Ақсуат ауылында тұған, -2-желтоқсанда 1956, сонда қайтыс болды. Спандияр Көбеев - қазақ жазушысы, ағартушы, педагог. Кедей шаруа семьясында туған. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған ауылдың мектепте сауат ашып, Қостанай қаласында мұғалімдер даярлайтын курсты (1901) бітірді. Көбеев ұзақ жылдар бойы ағартушылық жұмыспен айналысып, жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісімен шұғылданды, қазақ мектептерінде орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Ол өзінің ұзақ та жемісті ұстаздық еңбек жолын «Орындалған арман» атты мемуарлық кітабында (1951) баяндады. Жазушы шығармасында бастан кешкен дәуірдің нақты тарихи деректерін негізге ала отырып, әлеуметтік-қогамдық құбылыстарды шынайы суреттеді, көптеген адам образдарын бейнеледі. Көбеев педагогтық жұмысында және творчестволық әдеби еңбектерінде Ы. Алтынсариннің ағартушылық жолын ұстаған, жаңашыл педагог ретінде көрінді.

Көбеев ұстаздық жұмысы мен жазушылық қызметін тығыз байланыстыра жүргізді. Өзі оқытқан шәкірттерінің кластан тыс оқуына арнап орыс жазушылары меп ағартушыларының бірқатар шығармаларын қазақ тіліне аударып, «Үлгілі тәржіме» (көпшілігі И. А. Крылов мысалдары) деген атпен жеке кітап (1910) етіп бастырды. Көбеевтің 1912 ж. жарық көрген «Үлгілі бала» атты екінші кітабы - оқу құралы, хрестоматия. Бұған өзі аударған Крылов мысалдары, қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары енген. Сонымен бірге, хрестоматияға қазақ оқушыларын табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемi туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер де кіргізілген.

Қазақ әдебиетінің тарихында Көбеевтің «Қалың мал» романының (1912) алар орны ерекше. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы - тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер характерін даралап көрсеткен. Көбеев екі рет сайланған ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты (1947) . 2 рет Ленин орденімен наградталды.

«Үлгілі тәржімә»

1903 - 1905 жылдар ішінде Спандияр Петропавл уезіндегі Нілді болыстық мектебінде істейді. 1905 жылы жазда Омбы қаласында бір айлық ауыл шаруашылық курсында оқиды. Бұдан кейін Спандияр Петропавлдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне орналасады, онда 1910 жылға дейін мұғалім боп істейді. Осы жылдарда (1908 - 1909) ол өзі Кішіқұмда бастап аударған Крылов мысалдарын көбейтіп, жөндеп, баспаға ұсынады. Ол аудармалары 1910 жылы Қазанда «Үлгілі тәржімә» деген атпен басылады.

И. А. Крылов мысалдарын кезінде Абай мен Ыбырай, одан кейін Спандиярдың замандастары А. Байтұрсынов пен Б. Өтетілеуов те аударған. Солардың бәрінің Крылов мысалдарына жүгінуі кездейсоқ емес еді. Сол дәуірдегі орыс қоғамы мен қазақтың тұрмыс-тіршілігінің, олардағы әлеуметтік теңсіздіктің, зорлық пен әділетсіздіктің ұқсас жақтары да аз болмайтын. Сондықтан қазақ ақындары Крылов мысалдарында суреттелетін арыстан, аю, қасқыр, түлкі сияқты жыртқыштардың қой-қозы, өгіз тәрізді момын жануарларға жасаған зорлығынан ел өмірінің шындығын таныды, оны тұспалдау арқылы сынауға мүмкіндік алды.

Қаладан шалғайда, қараңғылықтың қаймағы бұзылмаған заманда Ыбырай байдың аулы сияқты жерлерде Көбеев те осы тәрізді сорақылықтарға ұшырасты. Оларды жас ұстаз ақын Крылов үлгісімен сынауға тырысты. Мұның бәрі заманның талабы еді.

Зорлық пен әділетсіздікті ғана емес, надандық пен тоғышарлық, мақтаншақтық пен көрсеқызарлық, әлін білмей, қолдан келмес іске ұмтылушылық сықылды өрескел қылықтарды да Көбеев Крылов мысалдарын аудару арқылы сынға алған. Мысалы, ол «Маймыл мен көзілдірік» атты мысалда біреудің айтуымен көзілдірік алып, оны іске жарата алмаған маймылды күлкі етеді. Мысал идеясы - әр затты өз орнына пайдалану, оның қадірін, бағасын білу. «Аққу, шортан, һәм шаянда» алауыздықты сынау арқылы қазақ халқына бірліктің, ынтымақтың керектігін ескертеді.

«Көлбақа мен Юпитер» атты мысалында Крылов әлін білмей әлекке түскен және өз ісінің оңға баспағанына біреуді кінәлайтын тоғышар адамдарды сынаған еді. Онда батпақты, сулы жерді тастап, тау басына шығып кеткен көлбақа жер кепкен кезде мекеніне жете алмай, тәңірден топан су ағызуды тілейді. Тілегі болмаған соң Юпитерге тіл тигізеді. Юпитер оған елге жамандық ойлағанша, ақырындап төмен түс дейді. Мысалды Спандияр:

Көбі-ақ бұл кездегі адамзаттың

Ұқсайды ғибратына үшбу хаттың.

Көл тастап, тауға шыққан бақадай-ақ

Тілегі бір басына ақымақтың, -деп қорытады.

Крылов мысалдарын оқу, аудару Спандиярдың демократтық көзқарасының қалыптасуына зор әсер етті. «Қойлар» мен «қасқырлардың», әлділер мен әлсіздердің, момындар мен жемқорлардың арасындағы күресті айтқанда, ол үнемі халықты, әлсіз момынды жақтайды, оған зорлық жасамауды уағыздайды.

«Арыстан мен масаларда» ақын:

Нашарға күлмеңіздер күші жоқ деп,

Кемдікке қалдырмаңыз не қылад деп.

Жиылып өңшең жаман кейбір жерде,

Алатын сыбағасын басып көптеп.

Іс етпе күшіңе сеніп болсаң мықты,

Кінө қып жоқ нәрсені барды-жоқты.

Аң патшасы кәдуілгі Арыстанды,

Тынданыз сары масалар не қылыпты, -дейді.

Одан әрі күштісінген Арыстанды сары масалардың талап, орманға қуып тыққанын әңгімелейді.

«Арыстан мен тышқан», «Жапырақтар мен тамырлар» атты мысалдардың идеясы да қалың бұқараның бойында үлкен күш барын аңғартуға құрылған.

Спандиярдың тәуір аудармалары өз кезі үшін ғана емес, бүгінгі оқырмандар үшін де мәнін жойған жоқ.

МАЙМЫЛ МЕН КӨЗІЛДІРІК1

ЕСЕК ПЕН САНДУҒАШ2

КӨЛБАҚА МЕН ЮПИТЕР4

АРЫСТАН МЕН САРЫ МАСАЛАР5

ЖЕТІМНІҢ ӨЛЕҢІ7

МАЙМЫЛ МЕН КӨЗІЛДІРІК

Жауыздың сақтаныңыз тіліне ермей,

Ғасырға тек жүрмеңіз ғақыл бермей,

Бір маймыл қартайғанда қор болыпты,

Байғұстың бұрынғыдай көзі көрмей.

Наданға айтқан сөзің текке кетер,

Дос болсаң, ықылассыз қызмет етер.

Бір істі пайдасы үшін паш етсеңіз.

Ықылас көңіліңіз болар бекер.

Көре алмай бұрынғыдай қайғыланған,

Сұрайды: - Ем бар ма? - деп көрген жаннан,

Біреуден ақырында құлақтанды,

Тәуір деп көзілдірік, өзі арзан.

Бес-алты көзілдірік адды сатып,

Жарар деп пайдаланса іске ұқсатып.

Салғаннан төбесіне киіп алды,

Айырып ешбір жөнін көрмей жатып.

Сонан соң тұмсығына түсіреді,

Бір-бірлеп айырмастан алып жатып.

Онымен ешбір пайда болмаған соң,

Апарды құлағына саудыратып.

Құлақтан құйрығына байлап алды,

Көрген жан күліп жатыр, шегі қатып.

Ақырында көзге себеп болмаған соң,

Сындырды ашуланып тасқа атып.

ЕСЕК ПЕН САНДУҒАШ

Отырған сандуғашқа келді есек,

Аузынан сөзі шығып кесек-кесек:

  • Ә, бүлбұл, сені әнші деп естіп едім, Сайрашы сынайын мен өзім естіп. Бұл кезде жүрт сөзіне сенім бар ма, Сыпыртып айтқанының бәрі - өсек. Аямай білімінді паш айлашы, Тыңдайын мейірім қанып болса несіп.

Сандуғаш сол арада әнге басты,

Жаңғыртып кетті даусы күллі ағашты.

Білімін құдай берген аясын ба,

Мың түрлі құйқылжытып лебіз ашты.

Даусын кейде көтеріп, кейде созып,

Тыңдатуға ләззатты үнін шашты.

Құс біткен сайрап жатқан ормандағы

Бәрі де құлақ салып құп тыңдасты.

Аң біткен маңындағы тұра қалып,

Елтісіп тұрды әніне құлақ салып.

Аузынан сорғалатып сілекейін,

Есек те тыңдап тұрды ғажаптанып!

Сол кезде соғып тұрған жел де тынып,

Ешбір жан бүлк етпеді тамаша ғып,

Бұлбұлдың қызған сайын басып жатыр,

Сырнайдың даусындай үні шығып.

Бір ашып батыр бұлбүл әнге салды,

Елтітіп маңындағы күллі жанды,

Бір кісі қойда жүрген баласымен,

Мас болып, олар-дағы ұйықтап қалды.

Наданға еткен қызмет кетер текке,

Жақсылығың болса сақтан, ондайға етпе.

Соқтырып әрлі-берлі сандуғашым,

Тоқтады ұнады ғой деп есекке.

Көтеріп ақымақ есек жерден басын:

Жарайды, ұнайды, - деді, - сандуғашым,

Жалықпай тыңдауға да болады екен,

Азырақ кемдігі бар, неғыласың!

Жоқ па еді әтешпенен таныстығың?

Кем қылып сайрамаушы ед, о да сенен.

Болмайды жамандауға сені-дағы,

Даусың болса-дағы мысқал төмен.

Айтамын достығымды құлақ салсаң,

Кешікпей бұдан шығып әтеш барсаң,

Бұдан да артығырақ соғар едің,

Егер де сол құстан бір ғибрат алсаң.

Осылай есек тұрды жынын құсып,

Білімі жетіп мақтауы сол, надан күшік,

Бұл итті құдай енді кез қылма деп,

Сандуғаш көтеріліп кетті ұшып.

КӨЛБАҚА МЕН ЮПИТЕР

Батпақты тастап бақа, болғасын жаз,

Орын ап тау басынан болып жүр мәз,

Су көп қой ол уақытта әрбір жерде

Үй салып рақаттанып тұрды біраз.

Бақаның бұл қуанышы ұзақ емес,

Не үшін соның жайын еттік кеңес,

Жаз өтіп, шілде келіп сарша тамыз,

Тау басы қыраң жерлер кепті дөңес.

Шыланар шыбын аяғы болмады дым,

Бір тамбай көктен тамшы қуарып тым,

Биіктен орын алған үйді тастап,

Көлбақа сусыз болды өлетұғын.

Көлбақа тілек етті жатып енді,

Болдым деп өлетұғын осы күнде,

Өлтірмен мен байғұсты рақымыңды ет,

Су беріп тау басымен бірдей жерге.

Тау басы су болса екен топан қаптап,

Жер жүзі көз жетпейтін болып аппақ,

Тартылып тұрған жерім кеппесе екен,

Соқса да қызыл аңызақ, тағы да аптап.

Көлбақа осылайша тұрды зарлап,

Ертеден кешке шейін тынбай сарнап,

Ақырында күдер үзіп, тіл тигізді,

Юпитер деген тасты сөгіп ақымақ.

Ақылсыз, - дейді сонда Юпитер,

Жатырсың текке өліп мұнда бекер.

Пайдасыз бес тиындық ақылыңа,

Дейсің бе күллі жұртты суға кетір.

Одан да таудан түсіп аяңдасаң,

Батпаққа болды уақыт сенің жетер.

Көбі-ақ бұл кездегі адамзаттың,

Ұқсайды ғибратына үшбу хаттың,

Көл тастап тауға шыққан бақадай-ақ;

Тілегі бір басына ақымақтың.

Болады бір өзіне берсе алла,

Жамандық тілегені бөтен жанға,

Шіркіннің бес тиындық іші ашымас,

Өзі аман дүниені өрт алса да.

АРЫСТАН МЕН САРЫ МАСАЛАР

Нашарға күлмеңіздер күші жоқ деп,

Кемдікке қалдырмаңыз не қылад деп,

Жиылып өңшең жаман кейбір жерде,

Алатын сыбағасын басып көптеп.

Іс етпе күшке сеніп, болсаң мықты,

Кінә қып жоқ нәрсені барлы-жоқты,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаштың ардақтысы Спандияр Көбеев
Спандияр Көбеевтің шығармалары арқылы балаға ұлттық тәрбие беру
Спандияр Көбеевтің шығармалары
Спандияр Көбеев өмірі
Спандияр Көбеев (1878 - 1956)
Спандияр Көбеев - қазақ жазушысы
Спандияр Көбеев
Спандиар көбеев
Спандияр Көбеев - қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі
Балалар әдебиеті және балалар жазушыларының өмірі менi шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz