Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы жетекшілігіндегі Бөкей ордасының 1836-1838 жж. шаруалар көтерілісі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ИСАТАЙ ТАЙМАНОВ

Ішкі (Бөкей) орда І Павел императордың жарлығымен 1801 жылы көктемде Кіші жүздің территориясында Еділ мен Жайықтың төменгі ағысында құрылды. Оның бірінші ханы - Бөкей. Аралық (буферлік) мемлекет ретінде құрылған Бөкей ордасы өлкеде Ресей саясатын жүргізудің құралы, ал хандары патша үкіметінің қолшоқпары болды.

ХІХ ғ. 30 жылдары, әсіресе, 1836-1837 жж. бұл аймақта хандықты қалтыратқан шаруалырдың ірі көтерілістерінің бірі болып өтті.

Бөкей ордасындағы көтеріліс үш кезеңге бөлінді:

1 - кезең - 1833-1836 жж. - көтерілістің негізгі алғышарттарының қалыптасуы.

2 - кезең - 1837 ж. - көтерілістің шарықтау шегі, патшаның жазалаушы отрядтары мен ханның жандайшаптарымен қақтығыстар.

3 - кезең - 1837 ж. желтоқсан - 1838 ж. шілде - көтерілістің әлсіреп, жеңіліс табуы.

Халықтың көтеріліске шығуына 1838 жылғы Каспий маңында көшіп жүрген Жәңгір ханның күйеу баласы Қарауыл қожа Бабажановтың қазақ руларының билеушісі болып тағайындалуы себеп болды. Жәңгір хан әкесінен мұраға қалған бүкіл Кіші орданы өз әкесінің меншігі деп білді. Суы мол, шөбі шүйгін ең жақсы жайылымдарды ол өзінің жақын туыстарына бөліп берді. Ру, тайпаларды билеуге маңайындағыларды тағайындады. Ал олар ханның қолдауына сүйене отырып, онсыз да кедей халыққа қырғидай тиді. Жәңгірден әділдік іздеп барғандар қуғын-сүргінге ұшырады.

Жәңгір хан мен оның туыстарының, төлеңгіттерінің зорлық-зомбылығына, Кіші жүздегі ақ патшаның саясатына қарсы болған қара халық пен ауыл старшындарының наразылығы 1836 ж. басталған шаруалардың қантөгіс көтерілісіне ұласты. Көтерілістің басышылығына ханның старшыны Исатай Тайманов . ұсынылды. Оған досы әрі көмекшісі Махамбет Өтемісұлы . қосылды. Араб, орыс тілдерін жақсы білген Махамбет өз заманында аса білікті адам ретінде қыл қаламды ғана емес, найза мен садақты, мылтықты да жете меңгерген еді.

Ел аузындағы аңызға сәйкес қазақтың көрнекті ақыны Махамбет Өтемісұлының арғы тегі Парсы жерінен шыққан. Аңыз бойынша Парсы патшасы Нәдіршенің сүйікті ұлы болыпты. Сол ұл бірде сапарға шыққанда кемесі суға батып кетіп, өзі жағаға жетіп жығылады. Жеткен жағаы қазақ жері екен, жас ханзаданыБайұлының Беріш руының адамдары тауып алып, оған Құлманияз деп ат қояды. Жас баланы Жауғашар деген адам асырап, оны Құлмәлі деп атап кетеді. Осы Құлмәліден бір тайпа ел тарайды. Одан Шыбынтай мен Өтеміс туады. Айшуақ хан Жайықтың сол жағасында хандық орнатқан кезде Өтеміс атақты би болады.

Өзінің бір өлеңінде Махамбет былай дейді:

Өтемістен он едік,

Онымыз атқа мінгенде

Жер қайысқан қол едік".

Көтерілісшілердің хан әскерімен алғашқы қақтығысы Қиялы деген жерде болды. Ханның күйеу баласы Қарауылқожа Бабажанов бұған дейін Исатайдың ауылын екі рет қоршап алса да, шабуыл жасауға батылы бармап еді. Қарсылас екі жақ та бір-бірінің қимылын жіті бақылап, ашық шайқасқа шықпаған. Қарауыл қожаның сегіз жұз атты әскері болса, Исатай туы астында екі жүз сарбаз топтасқан.

Шілденің басында Исатайдың жігіттері Теректіде отырған ханның он екі биінің бірі Балқы Құдайбергеновтың ауылын тас-талқан етіп, орыс үлгісінде қарағайдан салынған бидің үйін өртеп, малын айдап әкетеді.

Тамыздың ортасында көтерілісшілер Қарауыл қожаның ауылына шауып, үш күзетшісін өлтіріп, елу адамын тұтқынға алады. 550 жылқысы мен 95 түйесін көрші рулардың кедейлеріне таратып береді.

Ысық Қалдыбай ауылының жігіттері мұнымен де тоқтамай, ат басын Жәңгірдің маңындағы Шыңғыс әулетінің ауылдарына қарай бұрады. "¦зын құлақ" жеткізген бұл хабардан қорыққан байлар асығыс үйлерін жығып, жақын бекініске (фортқа) келіп тығылады.

Қазан айында Исатай мен оның сарбаздары хан ордасын қоршауға алады. Бұл кезде ордада екі жүзге жуық орыс казактары мен ханның Ноғайлы руынан шыққан ондаған жандайшаптары ғана бар еді. Жайықтың төменгі және жоғарғы ағыстарындағы бекіністерден көмекке әскер келіп жетпеген. Жәңгірдің сазайын беретін оңтайлы сәтте хан Исатайды "әділеттік орнатамын, өзіңе старшындықтың барлық пұрсатын жер-мүлкіңмен қайтарып беремін" деген құрғақ уәдемен алдап кетеді.

Махамбет, Үбі, Таңатар, Қобыланбай сияқты ең жақын сенімді достары Исатайға ханның көзін жою туралы кеңес берсе де, ол хан сөзінде тұрады деп сеніп, қымбат уақыттан айырылып қалады. Бірер күннен соң Орынбордан, генерал-губернатор Перовскийдің бұйрығымен подполковник Геке бастап, зеңбірекпен қаруланған тұрақты әскери бөлімдер келіп жетеді. Жолай олар Теректідегі Исатайдың ауылын шауып кетеді. Мұны естіген Исатай әйел-балаларын тұтқыннан босатуға аттанып, басқа сарбаздар өз ауылдарына тарап кетеді. Жазалаушы отрядтар көтерілісшілердің ауылдарына тарпа бас салып, қорғансы адамдарды қатыгездікпен өлтіреді.

1837 жылғы 15 қарашада Тастөбеден 25 шақырым жердегі Бекетай құмында Исатай жасағы Гекенің әскери бөлімдерімен бетпе-бет кездеседі. Ауыр зеңбіректер мен мылтықтарға садақ, жебемен қарсы шыққан осы ұрыста Исатай мен Махамбеттің 60-қа жуық сарбазы, Исатайдың ұлы мен келіні қаза табады.

Жеңілістен кейін көтеріліс көсемдерінің жанында 40-ақ адам қалады. Олар патша жазалаушыларынан құтылу үшін бір ай бойы Нарынның құмында жасырынып жүреді. 5-6 адамнан топтасып жрген сарбаздар қарсыластың шолушыларымен оқта-текте кездесіп, қақтығысып қалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет Өтемісов пен Исатай Тайманов: 1836-1838 жылғы Батыс Қазақстан шаруалар көтерілісі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі (1836-1838): себептері, кезеңдері және салдары
Бөкей хандығының құрылуы мен жер қатынастары: 1836-1838 жж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерілісі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жж. шаруалар көтерілісі: себептері, Ақбұлақ шайқасы және тарихи маңызы
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы көтерілісі: Жәңгір хан кезіндегі Бөкей ордасының жер мәселесі мен 1836-1838 жылғы шайқастар
Исатай мен Махамбет бастаған 1836-1838 жж. Бөкей хандығындағы шаруалар-азаттық көтерілісі: себептері, кезеңдері және салдары
1836-1838 жж. Бөкей ордасындағы Исатай-Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі: шығу себептері, өрлеу кезеңі және жеңілу себептері
Бөкей ордасындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісов бастаған 1836-1838 жж. халық-азаттық көтерілісі
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің себептері, барысы және нәтижелері
Бөкей хандығындағы Исатай-Махамбет көтерілісі (1836-1838): себептері, барысы және тарихи маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz