Кромвель (Cromwell) Оливер (25. 4. 1599, Хантингдон — 3. 9. 1658, Лондон) — ағылшынның мемлекеттік қайраткері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Кромвель (Cromwell) Оливер (25.4.1599, Хантингдон — 3.9.1658, Лондон) —
ағылшынның мемлекеттік қайраткері. Интепенденттер (протестантизм ағымын
жақтаушылардың) көсемі болған. Англияның лорд-протекторы (1653 — 58).
Ағылшын революциясы басталған кезде Кромвельдің шаруалардан құралған атты
әскері король армиясына қарсы ұрыстарда ерекше табандылығымен көзге түсті.
Темірдей берік тәртібі бар осы әскер кейіннен ағылшын парламентінің “жаңа
үлгідегі” армиясының негізін құрды. Азамат соғысы кезінде (1644 — 48)
Кромвель өзін талантты қолбасшы ретінде көрсетті. Король әскерін бірнеше
рет талқандап, халық арасында үлкен беделге ие болды. Азамат соғысы
аяқталғаннан кейін қауымдар палатасының мүшесі ретінде саяси күреске
белсене араласты. Әскерге арқа сүйеп, корольді өлтіруге, монархия мен
лордтар палатасын жойып, Англияны республика деп жариялауға жағдай жасады
(1649). Бірақ, билікке келгеннен кейін жеке өзінің диктатурасын орнатуды
көздеп, жаппай жазалау шараларын қолданды. Ирландиядағы ұлт-азаттық
көтерілісін (1649 — 52) күшпен басып тастады, демокр. ағымның өкілдерін
қуғындады (1649, 1651), 1653 ж. желтоқсанда Англия, Ирландия, Шотландияның
лорд-протекторы болып тағайындалып, елде өзінің жеке билігін орнатты.

XVII ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы және Англияда өнеркәсіп
төңкерісінің басталуы

1. Революцияның себептері

Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы. Англияда мануфактура пайда болып,
дамыды. Англияда күйзеліп қайыршыланған шаруалар помещиктер мен кәсіп
иелеріне, жаңа дворяндар мен бай фермерлерге батрак болып жалданды.
Шаруалардың бір бөлігі мануфактурада жұмыс істеді.
XVII ғасырдың орта шенінде Англия мануфактура, сауда және флоты
жөнінен Голландиядан артта болды. Ол кездегі Голландия Европадағы ең
алдыңғы қатарлы мемлекет еді, өйткені онда буржуазиялық революция болғанды.
Бірақ Англияда селолық жерлердегі мануфактура Голландиядағыдан гері
тезірек дамыды. Ағылшын қаласында мануфактура салу қиын болды, өйткені оған
толып жатқан цех ережелері жол бермеді. Селолық жерлерде өнеркәсіпті дамыту
ісіне кедергілер қаладағыдан әлдеқайда аз болды, сондықтан да селоларда
мануфактура, әсіресе, шұға тоқитын мануфактура көп салынды. Өнеркәсіптіц
бұл саласы Англияда басым еді. Кейде мануфактурашы-көпес жүздеген, тіпті
мындаған қызметкерлерге шұғаны үйлерінде тоқу үшін шикізат үлестіріп берген
кездер де болған.
Жүннен тоқитын мануфактураларда жүнді өңдегені соншама, оны Англиядан
басқа жаққа шығармайтын болды. Үлкен қол станоктарында енді шұға тоқылды.
Сол кезде жүннен токылатын бумазея мен байка жоғары бағаланған. Ормандарды
кесіп, жайылымға айналдырумен байланысты тұрғын үйлерді жылыту үшін тас
көмірді молынан өндіре бастады. Англияның 5,5 миллион халқының 1,4 миллионы
тұратын, тез өсіп келе жатқан қалаларына көмір көп апарылды. Әсіресе
Лондонның халқы тез өсті, XVI ғасырдан XVII ғасырға дейін 60 мыңнан 460
мыңға, яғни 8 есе дерлік өсті.
Мануфактураның дамуы мен қалалардың өсуі нәтижесінде ауыл шаруашылығы
да тез алға басты. Егер де бұрын, жыл сайын, егістік жердің тең жартысы
өңделіп, қалған жартысы парға қалдырылса, енді егістік жердің 2з-і, ал
кейде 31 өңделетін болды. Бірақ қауымдық тәртіп бойынша көктемде малды
пapғa қалдырылған жерге жаюшылық өнімді мол беретін үш танапты немесе төрт
танапты егіншілікті ендіруге кедергі болды.
Капиталистер компаниясы Шығыс Англияда батпақты жерлерді құрғатты,
бұрынғы қауым жерлерін қоршау жолымен басып алды.
Мал шаруашылығы дамыды, асыл тұқымды шошқа мен мүйізді ірі қара
өсірілді. Елдің оңтүстік-шығысындағы жаңа дворяндар мен фермерлер қалаға
астық, ет, мал терісі, сүт өнімдерін барған сайын көп сататын болды.
Мануфактуралар мен товарлы ауыл шаруашылығының дамуы арқасында Англия
Голландия мен Францияны басып оза бастады.
Алайда Англияда феодалдық тәртіптердің болуы ауыл шаруашылығының
дамуын тежеді. Барщина аздаған жерде ғана сақталды. Помещиктердің
меншігіндегі жерді пайдаланғаны үшін барлық шаруалар дерлік помещикке оброк
төлеп тұрды. Оброкты азық-түлік түрінде, мал күйінде, ақшалай төледі.
Әсіресе артта қалған Солтүстік пен Батыстағы аудандардың шаруалары
феодалдық міндеткерліктерді кеп атқарды.
Шаруалар арасында мүлік жағынан жіктелу едәуір байқалды. Өз алдына
шаруашылығы болған шаруалардың бір бөлігі (йомендер) батрак ұстады, олар өз
көршілерін борыштың шырмауына батырды. Кедейлер мұндай ауқатты шаруалар
жөнінде олар мамық төсекте ұйықтап, күміс ыдыстан ас ішетіндер дейтін.
Сонымен бірге Оңтүстікте помещиктердің жерінде жарлылықтың тауқыметін
шегіп, шағын лашықтарда тұрып күнелткен шаруалар да көп болды. Олар
лашықтарын өңделмеген тастан қалап тұрғызды немесе, көбінесе, сырық
ағаштардан құрастырып, сыртын балшықпен сылаған. Үйдің төбесін қамыспен не
шыммен жапқан. Түтінін будақтатып отты үйдін ортасына жакты, мұржа болмады,
түтін үйдің төбесіндегі тесіктен шықты. Үйдің іші көк түтінге лық толды.
Ондай үйде тұратындар сабан төсекте жатты. Үй ішінде адамдармен бірге мал
да болды. Кедейлер помещиктерге немесе помещиктерден үлкен учаске жерді
жалға алған фермерлерге батрак болып жалданды. Қой шаруашылығы өскен сайын,
помещиктер үшін шаруаларды жерінен қуып шығып, ол жерге қой өсіруші
фермалар ұйымдастыру пайдалы болды.
Қоршаудың салдарынан өз жерінен қуылған көптеген шаруалар қаңғыбасқа
айналды, бір тілім нан іздеп, жол бойын кезіп жүрді. Қайыршылықтан әбден
қалжыраған шаруалар, жерді қоршап алуға қарсылық көрсетіп, көтерілістер
жасады. Сондай-ақ олар помещиктерге төленетін төлемнің бәрін жоюды талап
етті.
Жерсіз қалған деревня кедейлері помещиктер тартып алған жерлерді
кайтарып алуды ғана ойлайды. Шаруалар помещиктердің өз иеліктерінің
шекарасын белгілеу үшін қазған орларын тегістеп жіберді. Шаруалар
қозғалысы, әсіресе 1640 жылдан бастап үдей түсті, келесі он жыл ішінде де
болып тұрды.
Король өкіметі. Өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының және сауданың
дамуына король өкіметінің озбырлығы кедергі жасады. Англияда билігін
жүргізіп келген Стюарттар династиясынан шықан корольдар темірге, шарап пен
сыраға, тағы-тағыларға жанадан салық ендіре берді. Капиталист — қандайда
болмасын өнеркәсіп немесе сауда кәсіпорынының иесі — көптеген
қиыншылықтарға кездесіп отырды. Оның жұмысты ұйымдастыруына цехтық ережелер
де кедергі болды. Одан басқа да талай кедергілерді кездестірді. Кез келген
чиновник одан сыйлық, басқаша айтқанда пара талап етті. Судьялар кімде-
кім параны кеп берсе, істі соның пайдасына шешті. Мануфактурашылар мен
көпестер меншігін емін-еркін өзі басқаруын талап етті. 1625 жылы таққа
отырған король I Карл Стюарт бай адамдардың өзінен сыйлықтарды молырақ
әкелуді талап етті, ал онан бас тартқандарды түрмеге жөнелтіп отырды.
XVI ғасырда, Англиядағы реформация кезінде пайда болған англикан
шіркеуі I Карл тұсында мейлінше күшейді. Ол шіркеудің жоғарғы басшысы
корольдың өзі болды: шіркеудің қарамағында толып жатқан жер болды және
жерді арендаға бергені үшін шаруалардан өлшеусіз көп алым-салық, сондай-ақ
десятина (барлық өнімнің оннан бірін, кейде одам да көбін) салығын алып
отырды. Бүл алым-салықтар күшті наразылық тудырды. Бірақ шіркеуге қарсылық
көрсетушілер қатты жазаланды.
Король мен англикан шіркеуіне қарсы үндеулер мен кітапшалар басып
таратқандарды айыптылар деп санап, мойнына ауыр бұғау салып, масқаралау
бағанасына байлады. Жендет оның екі құлағын кесіп, қамшымен ұрды.
I Карл парламент таратып жіберіп, 11 жыл бойы шақырмай қойды. I
Карлдың жеке дара билеуге тырысуына буржуазия мен жаңа дворяндар қарсы
болды, олар парламентті шақыруды талап етті.
Ен бастысы: король өкіметіне қарсы халық бұқарасының өшпенділігі пісіп
жетіліп келе жатты.
XVII ғасырдың ортасында Англияда мынадай өзгерістер болды:
1) ауыл шаруашылығында едәуір ілгері басқандық болды, сонымен қатар
көптеген мануфактура пайда болды;
2) шаруалар мен қолөнершілердің жағдайы күрт нашарлады;
3) ауқатты таптар арасында жік пайда болды. Жаңа дворяндар
буржуазиямен бірігіп парламентке арқа сүйеді де, феодалдар қолдап отырған
корольға қарсы шықты;
4) шаруалар мен қолөнершілердің революциялық күресінің басшысы жаңа
дворяндар мен буржуазия болды.
Англияда революция пісіп жетілді және оның болатындығы сөзсіз еді.

2. Революцияның басталуы. Азамат соғысы

Революцияның басталуы (1640—1642). Ақырында, 1640 жылдың аяқ кезінде
король шақырған ағылшын парламенті негізінен жаңа дворяндардан құралды. 13
жылға жуық мәжіліс құрған бұл парламент Ұзақ парламент деп аталды.
Ұзақ парламент корольға мынадай талаптар қойды: біріншіден, мемлекетте
үстемдік етіп келген шіркеу парламентке бағынуы керек, екіншіден,
министрлердің іс-әрекетімен парламент келіспеген жағдайда, олар отставкаға
кетуі керек.
Осыдан кейін король парламенттен өш алмақшы болды. Король көптеген
қарулы нөкерлерімен қарсылық білдірушілердің басшыларын тұтқындауға
қауымдар палатасына келді. Бірақ оларды тұтқындау туралы корольдың указы
жарияланған кезде ол депутаттар орындарында болмай шықты. I Карл сөзімен
айтқанда құстар ұшып кетіпті. Олар Лондонның Ситиіне, қоймалары,
кәсіпорындары мен банктері орналасқан астананың сауда жағы бөлігіне барып
жасырынған. Қолөнершілер мен матростар депутаттарды сақтап қалды. Корольға
қарсы күресте парламентті қолдау үшін, астананың шет жақтарынан бес мың
шаруа мен ұсақ помещиктер қолдарына кару алып, Лондонға келді. Олардың
әрқайсысының бас киіміне парламенттің саяси талаптарын қуаттаған петиция1
түйрелген. Сонымен тек каланын, ғана емес, деревняның да халық бұқарасы
саяси күреске араласа бастады, революцияға қатысты. Соңдарынан қарулы
қорғаушыларын ертіп, кеп кешікпей-ақ бес депутат салтанатты түрде
парламентке қайтып келді. Көпестер мен қолөнершілерден құралған Лондонның
азаматтық жасағы қауымдар палатасын күзетуді өз қолына алды. Бұдан кейін
парламент өзіне министрлерді тағайындауға, армия мен флотқа үкіметтің
барлық ішкі және сыртқы саясатына бақылау жасау правосын беруді талап етті.
Король астананың мойын ұсынбайтынын көріп өзін жақтаушыларымен
Англияның Солтүстігіне кетіп қалды, ондағы ойы: елдің артта қалған
бөлігінде аристократтардың — феодал-помещиктердің — көмегімен король
армиясына — жалдамалылардан және біразын алғашқы кезде әлі де лордтар мен
шіркеу иелерінің ықпалына еріп, король армиясына кірген шаруалардан әскер
жинау еді.
Кавалерлер мен домалақ бастар. 1642 ж. августа король парламентке
соғыс жариялады. Корольға лорд-аристократтар ақшалай жәрдем көрсетті.
Король жағында Англияның ең артта қалған бөлігінің — Солтүстік пен Батыс
бөлігінің, сол сияқты Уэлстің феодалдары болды. Король жағындағыларды
кавалерлер (кавалер — рыцарь дворян) деп атады. Кавалерлер сәнді асыл
киімдер киді, басына бұйралаған локонды жасанды шаш киді, бұлай істеу тек
дворяндарға ғана тән нәрсе еді.
Парламент корольға қарсы күресу үшін өз армиясын жинады.
Парламент армиясы Лондон және тағы баска да үлкен қалалар орналасқан
Англияның алдынғы қатарлы оңтүстік-шығысының халқынан еді. Корольға қарсы
күресті басқарған жана дворяндар мен буржуазия — мануфактура иелері,
көпестер болды. Бұларды шаруалар мен қолөнершілердің басым көпшілігі
қолдады. Парламент армиясына матростар да қосылды, олар корольға адал
берілген офицерлерді корабльдерден қуып шықты. Парламент әскері қарапайым
киінді, басына бұйралаған локонды жасанды шаш кимеді, сондықтан да
парламентті жақтаушыларды домалақ бастар деп атады.
Егер корольды жақтаушылардың негізгі көпшілігі англикан шіркеуін
жақтаушылар болса, ал парламент армиясына англикан және католик
шіркеулеріне батыл түрде қарсы шығушылар — пуритандар бірікті. Пуритандар
шіркеудің көпірме ғұрыптарына, шіркеу иелерінің байлықты көп жинауына қарсы
болды. Олар шіркеуді бұл сияқты ғұрыптардан тазартуды, шіркеу ғұрыптарын
жеңілдетуді жақтады. Пуритан деген латынның пурус— таза деген сөзінен
шыққан.
Азамат соғысы. Кромвель және жаңа үлгімен құрылған оның армиясы.
Англияда революция азамат соғысы сипатын алды, ел екіге бөлінді, екі лагерь
арасында соғыс қимылдары басталды. Бүкіл Англия бойынша дерлік дворян жер
иелері шаруаларды жинап, қаруландырды. Парламент пен король жақтастары
жергілікті жерлерде өз ара соғыс жүргізді, бірақ бүл соғыстың тағдырын
тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхаммед Пайғамбардың өмірбаяны
Оливер Кромвель
XVII ғ Ағылшын буржуазиялық революция
Ағылшын буржуазиялық революциясы туралы
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы
Ұлыбританияның буржуазиялық мемлекетінің құрылуы. Англиядағы буржуазиялық құқықтың дами түсуі
Жаңа дәуірдегі Англия
Ағылшын буржуазиялық революциясы туралы
Ағылшын революциясының тарихи маңызы
Англияның мануфактурадан фабрикаға өтуі. Өнеркәсіп төңкерісі
Пәндер