Хан батыр Қабанбай дәуiрi



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Хан батыр Қабанбай дәуiрi
Бабамыз Қабанбайдың 1724 жылы Хан батыр сайланып, Түркiстанды қорғауға
орнына Сiргелi Елшiбек батырды (жазушы С. Ғаббасов 1991 ж. 18 қаңтардағы
“Қазақ әдебиетiндегi” “Ерасылдай ер қайда” мақаласында Елшiбектi Айшыбек
батыр дептi) қалдырып, өзi кiшi жүзге қол жинауға аттанғанынан бастап,
өмiрiнiң ақырына дейiн ел басқарғанын  дәлелдейтiн басқа деректер де
баршылық. Мысалы: жоңғар хонтайшысы Лама Доржы 1752 жылы қарақалпақтарды өз
жағына күштеп көшiрiп әкетпек боп, 3000 әскер аттандырады. Мiне, осы туралы
белгiлi орыс тарихшысы В.В.Вельяминов-Зернов былай деп жазған: “Средней
орды найман-кирейского рода Кабанбай батыру, объявить ему, что они готовы,
лучше отдаться на волю киргизов и жить у них в Орде, чем быть поданными
Жунгаров. Посланный просил Кабанбая как можно скорей собрать людей и
перевести Каракалпаков в степь, где они станут кочевать своим улусам.
Кабанбай с радостью принял предложение и тот час же двинулся в поход вместе
с сыном Барак Даданбаевым”. Демек, бұдан бiз елдiң әмiршiсi тек өзi екенiн,
қысылғанда қарақалпақтарға да қорған болғанын көремiз.
Новосiбiрлiк В.С.Кузнецов “Әмiрсана” кiтабында 1756 жылғы Қытай
басқыншыларының шабуылын тойтарған, Қытайға қарсы ұлт-азаттық қозғалысының
көсемi болған Қабанбайды Әмiрсананың паналағанын айтады. Қытайлардың
Әмiрсананы қайтар дегенiне, бабамыз–жоқ деп жауап бередi. Осыдан соң
қытайларға қарсы ашқан үш рет жеңiстi соғыста, олардың маңдайы тасқа
тигендей боп, кейiн қайтады. Соның нәтижесiнде, Қытай императоры Цянь Лун
1757 жылғы бұйрығында қазақ елiне Қытайдың бiр бөлiгi деп қарамаған. “Қытай-
Қазақ қатынасы Вьетнам, Тайланд, т.б. сияқты дербес деп саналсын” делiнген.
Ал, әлгi соғыста қазақ жасағының бiр  бөлiгiн Абылай басқарғаны да
айтылған. Әрине, ол Хан батырдың әмiрiндегi бөлiм. Н.Мұхаметжанұлы Қытайда
басылған “Тарихи зерттеулер” кiтабында  ескi   ұғымның  жетегiнде 
Қабанбайды  тағы да Абылайға бағынышты етiп көрсеткен.
Қазақ тарихы туралы жазба деректер мардымсыз болғандықтан, кешеге
дейiн де, қазiр де зерттеу көбiнесе ауызша аңыз-әңгiмелерге сүйене
жүргiзiлiп келедi. Сондықтан ұлы тұлғалар және оның дәуiрi туралы сол
кiсiнiң өз руынан шыққан шежiрелердiң айтып, жазып кеткендерiне және сол
тұлғаның өз елiнен тараған  аңыз-әңгiмелерге сүйенсе, қателiк аз болатынын
тәжiрибе көрсетiп жүр. Мысалы, Найман елiнде есiмi тiрi күнiнде ұран
болған, Хан батырдың үзеңгiлес серiгi әрi батыр, әрi киелi әулие би
Боранбайдың жасы Қабекеңнен 14 жас кiшi екен дейдi бiлгiр шежiре-қарттар.
Олай болса, би Боранбай 1705 ж. туған болады. Ақсуаттық шежiре-қарт марқұм 
Кәрiбасұлы  Мәулiт ақсақал: “1948 ж. Қытайда қайтыс болған, руы Қосмұрат,
көптi  бiлетiн шежiрешi Әубәкiрдiң айтуынша, Қабанбай алғаш қол жинағанда,
Боранбай 18 жаста екен” дейдi. Бұл – жоңғарлар шабуылы басталған 1723 жыл.
Осы жылы Қабекең 32 жаста. Демек, кемеңгерлiк дана ақыл-ойының да, теңдесi
жоқ күш-қайраты мен ұлы қолбасшылық қабiлетiнiң де нағыз кемелiне келiп,
толысқан кезi ғой және бұл Ұлы Отан соғысының алғашқы күнiнен бастап-ақ ел
билiгiн де, қолбасшылықты да қолына алғанының тағы да бiр дәлелi.
Туыстық жағынан би Боранбай Қабекеңмен төртiншi атадан қосылады. Екеуi
Қаракерейдiң екi бұтағы Мұрын мен Байжiгiттен. Жоғарыда аталған Әубәкiр
шежiрешi–Мұрынның бiр тарауы–Қосмұрат. Ерекше бiлгiр, Мұрын Кәрмен мырзаның
шежiресiнде (Апырымның Кәрменi аталған, дәулеттi, жомарт, терең
бiлгiр,                                                                  әрi
киелi әулие болып, кеңестiк зобалаң кезiнде Қытайға кетуге мәжбүр бол-ған,
ұзақ жыл сол жақта тұрып, дүниеден өткен) Қабанбайдың төртiншi атасы
Байыстың қыстауы Ордың Қарағашының алдындағы Қазаншұңқыр деген жерде, Омбы
маңы, Жалтыркөл деген жерде болған деп жазылғандығын және Кәрменнiң өзiнен
ауызша да естiгенiн, Қытайдан көшiп кеп, ұзақ жыл Аягөзде тұрған, бiлгiр-
шежiрешi, марқұм  Зейнолла Сығаев ақсақалдан естiгенмiн. Тарихи тұлғалар
туралы Қаракерей iшiнде бiр ғана мазмұнда айтылса, Қаракерейден тыс
елдерде, басқа деректерде әр түрлi мазмұндағы аңыз-әңгiмелерге айналып
кетедi. Оның себебi: бұл кездегiдей ақпарат құралдары мүлдем жоқ, жазба
деректер де жоқтың қасы, сондықтан ұрпақ ауысқан сайын сол елдiң өзiнен
шыққан тарихи адамдар туралы мәлiметтер көмескiлене келiп, көбi ұмытылған.
Қарапайым  шежiрелердi қойып, сол заманды зерттеген ғұламалар
М.Тынышбаев пен Шәкәрiмнiң шежiрелерiнде төрт Төлегетай, Қаракерей рулары
туралы өрескел қателер бар. Тiптi Қабанбайдың шыққан тегiн Тынышбаев
түркiстандық Тоқтар деген қожа десе, Шәкәрiм қажы: “Тоқтар қожа деген сарт
өзбек” дейдi. Одан әрi Тынышбаев Төлегетайдан–Қаракерей, Матай, Садырды
туғызады. Төртуыл аталмайды, Қаракерейдi таратуы тiптi олқы.
Шәкәрiм қажы Төлегетайды Қытайдың ұлы етiп, әке мен баланың орнын
алмастырып қойған. Төлегетайдан екi-ақ бала: Қаракерей мен Матайды таратып,
Садыр мен Төртуылды мүлдем атамайды. Демек, қажы атамыз тобықтымен қатар
отырған Қаракерей мен Матайды ғана бiлген, соның өзiнде де жаңылыс көп.
Ендi Қабанбайдың қазақ тарихында алатын орны туралы мәселеге келсек,
қазақ тарихындағы тарихи тұлғалар туралы хисса-дастандардың ең көбi (17-i)
Қабанбайға арналуы, Көмекей әулие, кемеңгер Бұқар жыраудың, Үйсiннiң қа-
бырғалы дана биi, киелi әулие Сарышуаш жыраудың және Үмбетей жыраудың
жоғарыдағы толғауынан Қабекеңнiң үш ұлы қасиетi айқын байқалады.
1. Қазақ  елiнiң теңдесi жоқ данышпан көсемi, ақыл-ойдың алыбы.
2. Теңдесi жоқ қаңарман батыр және кемеңгер  қолбасшы.
3. Киелi көрiпкел әулие.
Халқымыздың тарихында  қасиеттi ұлы тұлғалар аз болмаған. Бiрақ осы үш
бiрдей қасиет бiр басына жинақталған Қабекеңнен басқа кiм бар екен?! Оның
үстiне хан батыр Қабекең өзi билiк құрған 45-46 жыл iшiнде жеңiлмейтiн
күшке айналдырған халқын бастап, Сарышуаш толғауында айқын бейнеленгендей,
өз елiнiң ғана емес, туысқан тоқсан баулы өзбек пен сегiз арыс түрiкпенге
де, оған қоса қарақалпаққа да қорған-пана болып, абыройы мен айдыны сонша
асқақтаса да басқыншылық пиғылдан аулақ болған. Даналығына мейiрiмi де сай
екенiн көремiз. Бiрақ кегiн ешкiмге жiбермеген. Бұған тарихи оқиға
негiзiнде жазылған Ер Қабанбай хиссасы (Қабанбай батыр, Зейнолла Сәнiк,
Бейсенғали Садықан, 1987 ж. Шыңжан баспасы) дәлел. Хиссада елдiң кегi
ғана емес, тiптi дана бабамыздың жеке басының қырғызға кеткен кегi үшiн
оның ақ туының астына тастүйiн болып топтасқан қазақтың даңқты жанкештi
батырлары ұлан байтақ елдiң о шетi мен бұ шетiнен дана ел көсемi, әрi ұлы
қолбасшы хабар айтса, лезде жиналатын жауынгерлiк әзiрлiкте болғанын да
дәлелдейдi.
Хиссада:
Ерлiгi Қабанбайдың  жаннан өткен,           
Қас батыр Қабанбайдың бiр iнiсiн
Сол кезде қырғыз екен кегi кеткен. 
Қырғыз шауып, батырдың сағы сынды...
Батырдың бiрi қалмай аттансын деп,           
Арысын қырғыз шауып кеткеннен соң
Үйсiн мен Орта жүзге хабар еткен...
Қан құсты қайғылы боп ер Қабанбай, –
деп келiп,                        
Қабекең қайғыланды дегендi естiп,
        Келiптi өзi батыр хан Абылай,
        Намысын Қабекеңнiң әперем деп,
        Келiптi Қанжығалы ер Бөгенбай, –
деп бастап, батырлардың барлығы келгенiн, атап  айтқанда, керейден ер
Жәнiбек пен Жантай батыр, Көкжарлы Көкжал Барақ, Мұрыннан би Боранбай,
Тоқпақтан ер Қасабай, Тоғас Қосай, Жұмық ер Дәулетбай, Қаз дауысты ер
Қазыбек, Үйсiннен Райымбек, Қаптағай Қарашоқай, Тентек Матай, Терiстаңбалы
Қарақ деп, батырларды түгел тiзiп шығады да, одан ары қарай:
Қабекең жиып алған жамағатты,            Шерiктiң жарым аты арып
қапты.
Аға-iнi тамам батыр тастан қатты.        Батырлар бұл араға зорға
жеттi,
Батырлар күндiз жүрiп, түнде жатты, Жауына жiбермес боп арда кектi.
Ат арып, арқасына ерi батты.                 Жануар шын тұлпардың өзi
емес пе,
Бiр айда  ат тауына әрең жетiп,              Қубас ат дәл бабына сонда
кептi, –
деп  тұлпардың да өзiне сай екенiн атайды да, Абылай хан, Қанжығалы
Бөгенбайдан бастап Қабекеңнiң жанкештi жауынгер серiктерi боп, сол кiсiнiң
кегi үшiн осындай алыс та ауыр сапарға әрқайсысы қол бастап, хан батырға
сонша берiлгендiкпен тәуекелге бел байлағанын көрсетедi. Хиссада одан әрi
Қабекеңнiң қасиеттi ақ туы жау келе жатқанын бiлдiрiп дүрiлдегенi, жаумен
жекпе-жек шайқаста батырларды беттетпеген қырғыз батыры Әтекенi Қабекеңнiң
өзi өлтiргенi айтылады.
Осы уақытқа дейiн Жоңғарларды жеңу тарихының сонша бұрмаланып келуiне
себеп:
1. Бiр-бiрiне жерi шалғай рулардағы тарихи тұлғалар туралы шындық
бiртiндеп ұмытылып, ел арасында әр түрлi мазмұнда бұрмаланған ауызша аңыз-
әңгiмелерге айналды.
2. Не жасалса да хандардың ғана әмiрiмен жасалады деген ескi ұғым
басшылыққа алынды.
Сондықтан халық сайлаған Хан батыр және ол билiк құрған қазақ
тарихында теңдесi жоқ ұлы дәуiр туралы шындық ұмытылып, Қабанбай бiртiндеп
қолбасы, батыр ретiнде ғана аталды. Тiптi, ғұлама Мәшңүр Жүсiптiң өзi
“Қазақта Қабанбайдан өткен батыр жоқ” деп, оны тек батыр ретiнде ғана
бiржақты бағалаған. Ал, жоғарыдағы барлық бұлтартпайтын деректер, сол
айтулы заманның шындықты бұрмайтын куәгерлерi болған екi әулие дананың
(Бұқар мен Сарышуаш жыраулардың) толғаулары бабамыздың, ең алдымен,
тарихымызда теңдесi жоқ данышпан ел көсемi ретiнде танытып  тұр ғой.
Таққа табынған аңыз-әңгiмелердi лажсыз басшылыққа алған ғұлама бабамыз
Шәкәрiм қажы:
Сол жердi жайлап, қыстап жатып алды,        Үш жүзден жиылыпты
бiрталай жан,
Қалмақтан барымталап жиды малды,            Шеп құрып қарама-қарсы
соғысқанда
Ұлы жүзде үлкен хан Әбiлмәмбет,               Қазақ  жеңiп қалмақтан
кегiн алған.
Қалмақпен соғысам деп хабар салды.          Сол соғыс хан Абылай
келген кезi,
Барыпты Орта жүзден Сәмеке хан,             Қалмақтың сыбағасын берген
кезi, –
деп, Қабанбай бабамыздың еңбегiн хандарға аудара салған. Әбiлмансұр
есiмiн ендi ғана танытқан жас Абылайға бiрден “Қалмақтың сыбағасын”
бергiзедi. Шын мәнiнде Әз Тәукеден соң билiкке таласып, елдiң бiрлiгiн
бұзған хан-сұлтандар соғысты басқармақ тұрғай, соғысқа қатыса да
алмағандығы, дана жыраулардың жырларында және Қабанбай туралы хисса-
дастандарда Қабекең өмiрiнiң соңғы кезiнде Хан батырдың қамқорлығында Орта
жүзге сұлтан болған Абылайдан басқа бiрде-бiр хан-сұлтандардың есiмдерi
аталмауы осының айғағы. Хан-сұлтандар  Хан  батырдың  ақылшыларының да,
жауынгер серiктерiнiң де қатарында аталмауы – ол кезде төлеңгiттерiмен
қарапайым көптiң қатарында болғанға ұқсайды.  Оның  үстiне  кейiнгi 
кездерi  әр  рудан  шыққан  қаламгерлер бәрi өз руларының  батырларын  ғана
дәрiптеп, Қабанбайды содан кейiнгi қатарда атауда.
Мiне, осының бәрi Хан батыр дәуiрiнiң үстiне бiр-бiр қалың көрпе боп
жабылып, сол көрпелердiң астында көмiлiп қалған Хан батыр бабамыз бен ол
басқарған теңдесi жоқ ұлы дәуiр туралы бұлтартпайтын тарихи шындыққа
өлшеусiз қиянат жасалып отыр.
Жоғарыдағы дана жыраулардың жырларына, хисса-дастандарға, т.б.
деректерге жүгiнсек, Қабанбай бабамыздың бойында өлшеусiз данышпандығына
лайық мол мейiрiм де болған. Бiрiншiден, ол үш жүздi өзiнiң қасиеттi ақ
туының астында бiрiктiрген жылдары қазақ  қолын жеңiмпаз ұлы күшке
айналдырып, өз елiнен тыс туысқан тоқсан баулы өзбек, сегiз арыс түрiкпен
мен қарақалпақтарға да қорған боп, айбыны мен абыройы сонша биiктесе де,
басқыншылыққа ешқашан бармаған. Бейбiтшiлiкте болған, бүгiнгi тiлмен
айтсақ, бейбiт саясат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаракерей Қабанбай батырдың дәуірі
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
Абылайдың өмірі
Қазақ батырлары туралы
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
Қазақ халқының батырларының ерлігі
Ер Жәнібек
Ұлт-азаттық жылдарындағы батырлар туралы жырлар
Абылай ханның сыртқы саясаты
Тарихи шығармалар тілінің лексикасы
Пәндер