Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы


Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы
Мырзалиев Қадыр Ғинаятұлы (05. 01. 1935 ж. т., Бат. Қазақстан обл., Жымпитві кенті) - ақын, ҚР халық жа-зушысы (1995), ҚР мемл. сыйлығының иегері (1980) . Әл-Фараби атынд. Қазақ мемл. ұлттық ун-тінің филол. ф-тін бітірген (1958) . "Балды-рған" журналында (1958-62) әдеби қызметкер, "Жұлдыз" журналында (1962-1965) поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас ре-дактордың орынбасары, "; Казушы" баспасын-да поэзия редакциясының меңгерушісі (1968-73), 1973 жылдан біраз жыл Қазақстан Жазу-шылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі болған. 1993жылдан "Балауоа" баспасының ди-ректоры. М-тің алғашқы өлеңі 1954 ж. "Пио-нер" (қаз. "Ақжелкен") журналында жариялан-ған. Тұңғыш өлеңцер жинағы "Көктем" 1959 ж. жарық көрді. М. - қырыққа тарта поэзиялық жинақтардың, балаларға арнаған топтамалар мен әдеби-сын кітаптардың авторы ("Жаңғалак, -тар" (1960), 1 "Кішкене қожанасырлар" (1961),
"Данышпан" (1961), "Ноян қоян" (1962), "Алуан палуан" (1963), "Сабақ" (1964), "Ой арманы" (1965), "Дала дидары" (1966), "Бүлбүл бағы" (1967), "Ақотау" (1968), "Дрмбыра" (1971), "Же-рұйық" (1976), "Алақан" (1977), "Қорамсак. " (1980), "Көкпар" (1981), "Сөз сиқыры" (1982), "Қызыл кітап" (1983), "Шымыр жаңғақ" (1984), "Кұміс қрңырау" (1970, 1985), "Көш" (1973), "Домбыра" (1979), "Мәңгі майдан", "Биік бас-палдақ", "Ғибрат-нама", т. б. ) . Ол сондай-ақ "Заман-ай" аталатын поэмалар жинағын, "Жа-ралы Жолбарыс", "Қасқыр қақпан" драмала-рын жариялаған. Алдыңғы драмасы үшін 1997 жылы Махамбет сыйлығына ие болды. 1989 ж. шығармалар жинағының үш томдығы, кейінгі жылдары екі томдығы жарық көрді. Кейінгі екі томдық бүрынғы топтамапардың жалғасы (4, 5 томдары) іспетті. Отан, замандас, табиғатты к, орғау, бейбітшілік, адам, өмір, заман туралы іргелі әлеуметтік, азаматтық ойлар толғайды. Ол - әлем әдебиетінің озық үлгілөрін өз жыр-ларына дарыта білген, философиялық-дидак-тикалық дәстүрді жаңғырта, дамыта жырлаган өзіндік өрнегі бар ақын. М. екі жүзге жуық ән текстерін жазған. Олардың хапық арасына кең тарағандары жеке жинақ күйінде ("Күндер-ай", 1984) жарық көрді. М-тің көптеген өлеңдері қазақ бастауыш сыныптарының "Ана тілі" оқулықтарына енген. Мектөп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ойлы да Рйнақы жаңылпаштары мен жүмбақтары, мысалдары мен санамақтары, ертегілері мен балладалары арқылы қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес ҚРСЫП келеді. М-тің онадаған кітаптары өзге халык, -тар тіліне аударылған. Орыс тілінде "Кінәлі-кінәлі" (1962), "Ұйқысыз түндер" (1967), "Ак, отау" (1968), "Бүлбүл бағы" (1971), "Дала ди-дары" (1975), "Домбыра", 1-кітап, (1976), "Ал-тын босаға" (1976), "Сабақ" (1979), "Алақан" (1984), "Домбыра", 2-кітап (1984), өзбектілінде "Кұміс қоңырау" (1975), қырғыз тілінде "Ала-қан" (1979), азербайжан тілінде "Бүлбүл бағы" (1980), монғол тілінде "Шымыр жаңғақ" сияқты кітаптары баоылды. Жекелеген және топтама өлеңцері ағылшын, француз, неміс, брлгар, венгр, фин тілдерінде жарияланған. М. Овидий, Руми, В. Гюго, Г. Гейне, М. Лермонтов, С. Есе-нин, Я. Райнис, Л. Родари, Р. Гамзатов, Э. Ме-желайтис, К. Кулиев елеңдерін, С. Сүлейменрвтің "Атамекен" атты таңдамалы өлеңдер жинағын, Ш. Петефидің, С. Есениннің жеке елеңцер жинақтарын қазақ тіліне аударғ-ан. М. - Қазақотан Республикасы әнүраны ав-тррларының бірі.
Қазактын дүлдүл акыны Қадыр Мырзалиев туралы сөз-тутастай казақ жыры туралы сөз болмақ керек. Бірак. бул пікірге тоқта-ганда, қайсыбір каламгерлердің мүшел тойы тұсында айтьшар жал-пылама угымдағы мактау-мара-лат олшемімен емес, жалпы казак өленіне жалқы Қадырдың қсскан үлесі тұрғысынан келген жөн.
Алайда, мұны қопара камту да оцай емес. Мұның бір себебі біз жазатын сөздің уакыты тығыз, жері тар екендігі болса, екінші себебі айтулы акын тулғасының сол «тығыз уакыт» пен «тар кеңістікке» сыймайтынында. Ен-деше, мына майда мақала таби-ғаты шыңыраудай шуңғыл, шыңдай биік шайыр шығармашы-лығын талдау максатында емес, сол шыгармашылық жөнінде қа-дау-қадау пікір түюден тұзілсе игі.
«Талгамға талас жоқ» деген сөзге табан тірей отырып алды-мен айтарым: ез басым алпы-сыншы жылдардан бергі казақ-тың Кыч Жібек жырының кө-шінде Қадыр-Телегендей таны-мал мыр^аны көріп-білген емеспін Бүл сезім біреуге жагар, біреуге жакпас. Алайда, «талантты баға-лаңдар тірісінде», деп бозбала кез-інде ескерткен есті акыннын сам-айын бозкырау шалған шагында бір шындыкты мойындау ләзім. Ол - Қадырдың казак өленіне кыз-мет еткен қырык жылда өлшемді-сөздің (поэзияның) енсесін кете-ріп турған енсегей бойлы кара шың - дара шынына айналғаны. Егер біз жыр жені мен талант тур-гысынан алғанда осы акикатты мойындамасақ онда жалпы аки-каттан да ауытк, ыганымыз.
«Жә, мойындасак, мойында-лык, бірақ өмірге көйлекшең келген жоқ қой» деушілер де табылар. Әрине, Қадекең аспан-нан аяғы салбырап түсті дей алмаймын. Ол жасының енді ғана
алпыска келгеніне қарамастан, будан алпыс гасыр бурынғы хал-қының даналык деген ауылынан дәм татып„ бугінімізге жеткен жалғыз атты жолаушы. Үзақ жолда аты арып, тоны тозған да шығар. Бірақ, қудайға шүкір, алдына өңгеріп, артына бөктер-гені аз емес. Аталар сөзімен
танылар ер». Бул үшін дәлел керек дерсп. Қадырдың Қадыр екенін бажайлау үшін оның ой жартасын опырып. сезім сеңгірін жапырып жазган, отызға тарта жыр кітабынан мысалдар келті-рудің міндет емес екенінде.
Жасыратыиы жок, өлеңге бел-сендірек араласып, бес-алты кі-тап жазған жылдарымда аталар сөзін көңілге түйе отырып көз ушында шаңдатып кетіп бара жатқан қос тулпар - Қадыр мен Жумекен мектебін көбірек төңіректегенім бар. Неге? Себебі бұлар казактың өлең елкесіне жаңарып келген Ой мен жасарып келген Образ мектебі. болатын. Асан атадан бастап Абайға дей-інгі жыр мектебін окымау кандай күнә болса, екі дүлділдің дәрісін тыңдамау сондай күнәһәрлік деп уққам.
Уақытына қарай Қасым мен Қадырға еліктемеген, булардан үйренбеген кейінгі ақын кем де кем болар. Сол шэкірттің бірі өзіміз едік. Бірақ «қадыршыл», «жумекеншіл» акын болғаным үшін мені күні бүгінге дейін кешіре алмай келе жатқан ка-ламдас достарым бар екенін не-сіне жасырайын?! Олардың ойынша біз біреудің көленкесіне қалып койңппыз да, өздері еш-кімге уқсамай дара шауып ке-тіпті. Ал мен айтамын: ей, ағай-ын, Абай - халықтың, Қадыр - Абайдын шекпенінен шығып жатса, біздер Қадырдың күпісі-нің шалғайынан тарауымыздың несі айып? Біз Қадырдан ту-ыппыз. Ал өзің кімнен тудың?
Буған жауап жок. Бола қалгам күнде де берісі Пушкиннен тууга даяр әлгі әріптестерім Қадырдан. ия болмаса сол секілді тагы бір тулпар қазақ ақынынан тууға әсте қулықты емес. Мен айта-мын: жолдастар, баланың ата-ананы таңдап алуы қандай
мүмкін смес болса, біздің де алдымызда амдыздап бара жат-кан ағалардан талім алмай-ақ тоуір ақын бола алмайтынымыз сондай мүмкін емес нәрсе.
Бір досымды білем, орыс по:>-зиясынан, яғни орыстан туыпты, бір досымның «атасы»-ағылшын,
енді бір досымнын өлеңіндегі «әкесі - неміс. Шешесі «дүние-жүзілік поэзнядаи» жүкті болып, дүниеге келген кемеңгерім де бар. Мундайлар күпі киген қа-зақтан қалай тусьін?! Туа қалған күнде де Асан Қайғы мен Шал-киізден баскаға қайдан бала бол-сын?! ХалыК айткан «Ауылдас-тың аузы сасық» деп. Түсіне білсен, айдаладап тапқанын ауылдасыннан артық емес дегені. Агаңыз Шерхан Муртаза да «Жат жерден іздемевдер пай-гамбарды» деп жүр емес пе? Менің білетінім - Мырзалиев олеңінің ата-тегі анық қазақ еке-пі. Және содан кемдік кергеніи сстіген емеспін.
Қадыр акындыгында қасиет көп. Дәстүрге кандай қанық бол-са, жаңашылдыққа сондай бай, дидарынан парасат нұры төгілген оның мәдениетті ПОЭЗИЯСБІН тал-дай айтсақ сөз аягы ұзап кетеді. Алайда, мың касиеттің біреуін атап айтпау - қиянат. Оның аты - ойшылдық. Қадыр поэзия-сының алтын қазығы да асыл' зркауы да- осы. Менің Абай агындағы институтты бітірген, бі-рак. Абаймен арпалысып жүрген досым да бар. Қарағанды уни-верситетін бітірген, бірақ Қасым-мен қидаласып жүрген құрбым да бар. Манғьістаудагы медресені бітірген, бірақ Махамбетпеи май-дандасып жүрген әріптесім де бар. Дәл сондай өнерде даналық даңғылын таңдап алғаны үшін Қадырмен қаржасудан тайынбай-тын «тарланымо да жоқ емес.
- Булар ой мен сезімді екі бөліп қарайды. Яғни медалді қақ айырып, бір бетін сол алаканына, екінші бетін оң алақанына салып тұрып салмактайды. Медалді қақ жаруға болмайтының, солай ет-кен сәтте-ақ оның медаль болу-дан қалатынын естен шыгарып, тутас медаль жөнінде ой козғай-ды. Мырзалиевтің тумысынан тү-го. І ақындық табиғатын ойы ба-.
сым, сезімі кемшіл деп екіге жарып жүргендер элгі «медаль-шілердің» тірлігін көзге елестете-ді. Оларга мсн айтамын: Оу, ағайын! Бөлместі 'бөлме, жар-масты жарма. Ой болмаса сезім қайдан шығады, сезім болмаса ой қайдан келеді? Бул екеуі болма-са, образ қайдан туады? Егер өленімді неғүрлым көздің жауын алатын сөздермен кестелесем, со-гурлым образды, согурлым сулу жыр болады деп пайымдайтын-дар да бар. Егер жазып-сызған-дарымды көне сездермен көбірек көмкерсем, халыктык. өнер кайна-рынан б\рқырап шықканым д^: есептеіітіндер де бар. Меніңше, үшқары түсінік. Қияда турған қызгалдақты қырық қубылтып сурёттеуге болар. Бул . жалаң өзін алғанда әсем гурет, ' әдемі образ болуы мүмкін. Алайда, гүлге ар-тылар «жүк». әдемілігі ғана емес кой, ол бір кәдеге жарауы, бір рөл-де ойнауы керек емес пе? Міне, ой дегеніңіз осы. Поэзияда гүлдің әсемдігі де/ айтылуы кажет, сон-дай-ақ Жумекен акыннын «Гүл туралы балладасындағыдаіі» онын не азагүд болуға жарамай. не туған күнге сый ретінде усынылмай бекер үзілген өкінішін де айту керек. Менінше аталган балладада өлең бойына кан жүгіртетін гүл-дің әсемдігі емес, оның орнын таппай опық жеуі. М не, осы опыгыңыз - ой.
Поэзияда бетбұрыс жасаған алпысыншы я^ылдар жырының ең басты ерекшелігі - өлеңнің байсын жайлауына кызыл импе-рия кезінде кемшін калып келген ой отауын орныктыруында. Ал Кадыр ақынның ерекшелігі - осы бағыттың бірегей жалаугері болып, ойдың алтын казығынан шашыраған сулулық сәулелерін эсемдікке шөлдеген окьтрман жү-регіне майда багыттай білуінде.
Қ. Мырзалисв кеііде ой мен сезім қабат келісім тапкан қам-шының өмірі секідді. Кейде, өзі
бір кітабында қамтып откекдеіі. тереңдік пен биіктік, кеңістіктік бірлескен үш таганы секілді. Кейде өзімен-өзі шарпысып, өзі-мен-өзі тартысып жататын қара-ма-қайшылықтардың, үйлесімі бар кайшылыктардың қан май-даны секілді. Кейде Кадыр елеңі Ікөңіліме қонды деудің өзі кү-пірлік, асығыстык. Ақын саған бір нэрсені айтады, екінші нар-сені меңзейді. Оның әуелден кенже қалған балалар әдебиетіне қосқан қомакты үлесін былай қойғанда, көсемсөзін, драмала-рын былай койғанда үлкендерге арнап жазған төлбасы-«Ой ор-маныман» бастап «Мәңгілік май-данға» дейінгі жыл аралата шык-пан жомарт кітаптары адамзаттық гіроблемаларды кең тыныспен қамтыған кабырғалы дүниелер.
Біле бшсеңіз Мырзалиев же-тіскендіктен ойшыл болган жоқ. Өзінің белгілі бір кейіпкері Асан ата айтқан «жылап келдім өмірге, жылап кетіп барамын» іспетті ұлттың удай уайымынан шыққан жшы. тдык.
Қадырды баршаға түсінікті ақын деген утым да бар. Бекер секілді. Ойлау жүйесі осынша күрделі, енімді беру тәсілі осынша салмақты акыннын қай кырын түгелдем алыппыз. Өлең оқуға, угуға әжептеуір дайындыгы бар біздің өзіміз кейде мунысы нені меңзегеІІІ екен деген ойға омалып қалатынымыз бар. Бір сезбен айтқанда, Қадекеңде сөз-бе-сөз ұгатын дүние жоқ.
Қазақ өлеңінің ақтангері алпыс жасына алкынбай жетті.
Маңдайын күннен коргасаң, та-банын тастан сақтасан, әлі талай топ жарып, әлі талай тарлан ашар. Бүгінге дейін халқына ке-рек болған Қадьтр ертең де керек. Сондықтан үлкен дарынга узақ ғұмыр тілейік. Еліне берері тау-сылмасын. Қарыздар сезімнін ку-шагынан кутылмасын . . .
Абзал БОКЕН.
ОЙ СҮҢГІСІ
Қадыр Мырзалиевтің "Ой орманын" оцыганда
Осыдан үш-төрт жыл бұрьш сөуір түскен соң-ак ана аңғардан да, мына аңгардан да кұлпырып қаптап кететін жалқынсары бакбактай елең шоғырларын кім-кім де зайыр байқаган бір тұс болған-ды. Жаңа үн, жас иіс, соны әуездің соның алдында едәуір уақыт жогалып кеткенінікі ме, жыркүмар жүзет әлгі өлең шоғырларына сағына күткен мінез көрсетіп, бүрын аты да, заты да беймәлім өлеңшілерді кенет түзкыран танып, оларға кауырт ыстык көңіл білдірді. "Жолы болар жігіттің жеңгесі шыгар алдынан" дегендей, сол тұста, газет-журналдар да наукан-науқан дагдыга айналып кететін тақыт есеп іштарлыгын көрсете койган жоқ. Жаңа есімдерді куана жария ғып, жана жырларды молынан басты - біраздаган бота тірсек бозбала акынның желпілдеген кекілі көрінді, окушы жұртшыльщтың жатық-жатьщ шумактар, жылы-жылы ой сырга куәге тартылған жайы болды. Жаңадан түскен жас келіннің бар өнерін сап, барынша баптап берген шөйін іщкендей сақина айналдырып жүрген сарапшы-сыншыл шекелер жібіп, тіпті тершіп те алысты. Тұсау жібін кию, сәт сапар, беташар, бата сарынды игі тілектердің мол-мол, жан-жақтан жарыса, дүркін-дүркін айтылысканы да сол кездері байқалган. Осының езі казактың өлең жайлауына бірді-екілі тай жабағы, кұнаншықпалардың еліріп әншейін келгенін емес, бүтін бір ақындық үрпактың ойнап, оймен ойнап шьщканына дәлел болгандай еді. Төжірибесіздіктен, жастык кызбалықтан, кейде тіпті тәрбиенің, өнерлік мәдениеттің аздығынан туындаған психологиялык кейбір ояз сөттерді былай койғанда, осы ұрпақтың әдебиет үшін барынша пайдалы дүбір-дүрбелеңі, өмірмен, өнермен коян-колтық араласу, астасу бетіндегі карекет-қимылы саябырсыған-кеміген жок. Өлең деген серке көкпарды суреткерлік кажыры, суреткерлік айла-шеберлігі, бір караганда, шамалас такым-білектер кыргын-кызу додаға алып кетті.
Енді баксақ, сол додадан әйтеуір жалпы жақсы дабыр емес, шын суреткерлік дыбыс үнді еститіндей де сәт келіпті. Белділік, ойлыльщ, ізденгіштік аркасында сол шымыр ширыққан топтан қаскайып ШЫРЫП жұрт көзіне анық айбарлы ілінгендерді бүкіл поэзияның, бүкіл әдебиеттің жетістік-кемістігі, мүң-мұктажының арнасынан ұялмай тауып, танитындай да сөт келіпті. Осы буынның бірді-екілі өкілдерімен бірге, казіргі оқушы қауымга әлгіндей аньщ, айбарлы бой көрсетіп жүргендердің бірі - Қадыр Мырзалиев.
Қ. Мырзалиевті, отыздың отауын жаңадан көтерсе де, кеп жазатындыгынан болу керек, кашаннан балалардың, оның ішінде октябрят пен пионер балалардың ақыны деп еститінбіз, оны шымыр, тапкыр деп те атайтын. Бірак, өтірік айтып окымысты боп не керек, үлкендерге үлкен жазатын үлкен акындарды окып жүріп оның мұкабасы кранра, күрекке, шөугім-шөйнекке толы алабажак дәптер жинақтарына емешегіміз үзілген емес. Сөйтіп, дел-сал боп жүргенде "Данышпанын" оқыдьщ, Қ. Мырзалиевке деген белгілі мөлшерде, күрт, кілт бүрылыс та осы дастаннан басталды. Міне, енді акыннын балаға арналмаган екінші нәрестесі*.
Қ. Мырзалиев жинағын "Ой орманы" атапты. Өз жинарын езі данальщ кітабына балап осындай есім берген акын кылығы жинакпен таныспаган адамға ерсі де кәрінеді. Бірак алакандай кітапты өлің келгенше астарына үңіліп актарып шьщқанда, кітаптағы кеп елеңнің жым шаткалын, айналма иірімдерін, тайыз-тереңдігін, бояу дөлдагін сабыр үстінде салмактағанда ерсілік туралы әлгі түйсініс лыксып-лыксып кертіле-кертіле жым-жылас жогалып та кетеді. Акын, себебі қай өлеңінде де сіз де, мен де байқап жүрген ірілі-уақты тірлік көріністерін лакылдап тізе бермей, сол көріністен емірлік бір өзек ой іздеп, сол езектің бояуын овдырмай, дарілін семдірмей бері, құргақка алып шыгып жүтындыра күрмейді екен. Осы биіктен қарағанда осы жинақта түйінсіз ойсыз өлең жоққа дерлік. Сонсоң да әр өлеңді бір ағат деп караганда жинақтын орманға, ылги да оймен толранып, ойға жүкті боп жүретін анғарымпаз акынның шын мағынадагы ой орманына баланатыны даусыз. Сонсоң да өр өлеңнің ез кездегені, өз қарауылы бар екенін ескерсек кішіпейілділік туралы әдеттегі педанттык, ырдуан ұгым тобығынан согылып қылжиып қала береді.
Жинакпен танысу үстінде қазіргі лириканың біраздан белгілі бір соры есіме түсті. Ол сор, менің үрымымда,
өлеңдегі орынсыз ерекпу, елеңнің арпаның кебегіндей кұррактыгы, өлеңнің өрлікті айкайга, идеяны ұранга, жүректің дүрсілін өкпенің алкьшысьша жеңдіріп алатыны. Өзіміз құдайдың кұтты күні куө боп жүргендей осыдан барады да . . . акын өзінің - коғамның үлының, өзі аркылы өзгенің - ез замандасының тіпті тітіренген, тепсінген күре тамырын жалаңаштаудьщ орнына ашыған камырдай болбыр өлеңнің көпсіген кеудесін соққылап кетеді. Осыдан барады да өлең жел көтерген каңбактай дедектеп кетеді, елең өнершілдігінен, сонсоң да өміршеңдігінен айрылады. Мүның себебі, шамасы, өлеңшінің өмірдің шын терендігіндегі тепкілі-қайнарына емес бержагында, бетінде арсылдап-күрсілдеп жататын ақкөбік толқынына жабысарына байланысты болу керек. "Ой орманы" жалаңаш патетикадан құр болмаганымен өзінің негізгі арнасы, кан кызыл мағынасында дарынсыздыктан, саяздьщтан туындап, еріс ап жүрген поэзиядагы осы тенденцияға қарсы да туган жинак сиякты.
Бүл жинактың көзге алдымен еріксіз түсетін, жан жанарын алдымен қабатын бір ерекшелігі: жинақтагы өлеңдердің - акынның рухани дүниесінің, бүгінгі емір, бүгінгі адамның куаныш-азасымен, мүң-күдігімен, аптап-ақырабымен сарыньш табыскан - кауышкан қолдардың саусағындай бірігіл, кірігіп жататын туыстыгы. Адам боп оцай туганмен Адам боп цалу көп қиын -
дейтін акын коғамды, замандасты, дәуірді шарьщтағанның аты осы деп телевизияның мұнарасынан бақпайды, дарындысы кеп, дарынсызы да жетерлік, дені адал, арамзасы да бар, жердің қатпарындай күрделі емірдің ортасында жүріп түнермей, шақшимай, езілмей керегінде күліп, керегінде налып бағады. Салыстырып, сабактастырып багады. ("Әр пендеге әртүрлі өмір тиіпті-ау") өзінен өмірге барады - өмірді тану үшін, емірден өзіне келеді - езін тану үшін. Бұл жолдың баягыдаң таныс байыргы жол екені, бұл жолдың жаратылысынан тозуды білмейтіні акьш үшін айгакты нөрсе. Оран осы жолды өрі кесіп, бері кесіп, цикл елең жазып жым тастап келудің кім-кімнің колынан келетіні де белгілі. Ал адамның акындырына, акынның азаматтығына сын туар қыл кепір бір сөт: нені неге көргені, тагы бір қыл көпір сәт: көргенін калай айтканы гой. Осы тұста жинақтың такырыптык байлығы байкалады.
Қ. Мырзалиев үшін әрбір тақырып тағдыр, ойдың тагдыры. Өзінің кұрбысының - задеандасының ойының тардыры. Ол нені күйттемесін: муза ма, табигат па, СОРЫС
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz