Қадырғали Жалайыри



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жазбаша жәдігер
Қадырғали Жалайыри (шамамен 1530—1603 жж.)
Жалайыр тайпасынан шыққан орта ғасырлық ғұламалардың тағы біреуі, әрі
бірегейі — Қадырғали Жалайыри. Кейбір деректерде оның аты Қадырғали,
Кддырғали-бек, Қадырәлі, Қадырәли, Қадыр Али боп жазылады. Бірақ жалайыр
тайпасының перзенті екендігін білдіретін Жалайыри атты ныспысы өзгеріске
ұшырамаған.
Бізге жеткен деректерден Қадырғалидың әкесінің аты да бірде Қасым, ал
енді бірде Хосым, тіпті кейде Қосын, Көшімбек болып та жазылып жүргенін
байқаймыз. Оның үстіне, қолжазбасы Қазанның кітапханасынан табалғандықтан
немесе оның Рязань маңындағы Қасым қаласында тұрғандығынан ба, әйтеуір,
ғалымды өздеріне жақындатқысы келген татар ғалымдары көп ретте бабамыздың
Жалайыр тайпасынан шыққандығын білдіретін Жалайыри атты ныспысын көрсете де
бермейді.
Сонымен, Қадырғали Жалайыри Бабыр қайтыс болған 1530 жылы Оңтүстік
Қазақстанда, шамалап айтатын болсақ, Отырар-Түркістан маңында дүниеге
келген. Ата-бабалары Қарахан заманынан бері үздіксіз хан нояндары,
уәзірлері, қолбасылары болып қыз-мет аткарған. Әкесі Қосынбек, атасы Тепшік
батыр атанған. Қадырғали Жалайыри хан ордасы жас бекзадалардың ақылгөйі-
тәрбиешісі, ханның қарашасы (ақылшы, кеңесші) болды. Қадырғали Жалайыри
ауылын қалмақтар шауып, Шығай ханның баласы, Тәуекел ханның інісі әскербасы
Оңдан сұлтан жау қолынан өлген соң, оның 13 жасар баласы ОразМұхаммедті
(Оразмамбетті) ертіп, ауыл аймағымен Сібір ханы Көшімнің қоластына көшіп
барады. Оңда да төбе би боп сайланады. Өзінің "Жылнамалар жинағында":
"Менің аталарым Ораз-Мұхаммед сұлтанның аталарына қызмет етті. Өзім
ОразМұхаммедтің атасы (әкесі. — Ә.Д.) Ондан сұлтанға қызмет еттім, одан соң
ОразМұхаммедтің қасында болдым", — деп жазады.
Қадырғали ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жетік игеріп,
Шығыстың классикалық озық әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең білген...
"Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл
сөзге қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын", - деп жазды ол "Жылнамалар
жинағында". Қадырғалидың ғұлама ғалымдығы мен даналығын бағалаған Көшім хан
оны өзінің ақылгөй кеңесшісі еткен.
Қадырғали аласапыран кезеңде өмір сүрді. Орта Азияда қазақ пен өзбек
топтары Мауереннахрға біржола иелік ету үшін соғыстар жүргізіп, теке-
тіреске түсіп жатты. Батыс Сібірді мекен еткен түркі тайпалары да тыныш
өмір сүре қойған жоқ. Сібірдің бай өлкесі ежелден жатжерліктерді қызықтырып
келе жатқандықтан, Ресей отаршылары оқтын-оқтын басбұзарлар мен қылмыс
жасап қашып жүрген, ештеңеден де тайынбайтын казактар мен түрлі
қанішерлерден отряд жасақтап, Сібірге қарай аттандырып отырды. Олар
білектің күші, найзаның ұшын ғана емес, өзара алауыздықтан арылмаған түркі
тайпаларының осал тұстарын да оңай пайдалана алды. Сібірге бірте-бірте
ішкерілей ене берді.
Сібір воеводасы Чулков 1588 ж. "Ертіс өзенінің жағасында қаршыға
салып, көңіл көтеріп" жүрген кезде Қадырғали Жалайыриды, Оразмұхаммедті
Сейдекпен бірге алдап қолға түсірді де, үй іші, жақын туыстарымен бірге
"аманат" ретінде Мәскеуге жөнелтті. Қадырғали Жалайыри 1598 жылға дейін
Мәскеуде патша сарайында тұрды... 1600 жылы орыс патшасы Борис Годунов
ОразМұхаммедті Қасым ханы (Қасым патшалығы) етіп қойды. Сонда Қадырғали
оның 4 уәзірінің бірі болып тағайындалды. Осы кезде ол тікелей ғылыммен
шұғылданды" .
Қадырғали казіргі Рязань жерінде орналасқан аралық мемлекет Қасым
хандығында тұрған кезде өзінің атақты еңбегі "Жамих ат-тауарихты"
("Жылнамалар жинағы") туындатты. Ол оны 1602 жылы аяқтаған. XVII ғасыр
бойында дүниеге келген осындай асыл мұра соңыра белгілі татар зиялысы
Ибраһим Халфиннің (1778—1829) кітаптары мен қолжазбалары арасынан табылған.
Кейін ол Қазан университетінің қолжазба қорына түскенімен, осы оқу
орнындағы шығыстану факультеті Санкт-Петербургке қоныс аударуына
байланысты, "Жамиғ ат-тауарих"-та өзге дүниелермен бірге сонда жөнелтіледі.
Бабамыз жазған бұл туындыға құрметпен қарап зерделеген ғалымдар ішінде
орыс шығыстанушысы И.Н. Березиннің (1818— 1896) орны бөлек. Қадырғалиды
татар жылнамашысы дей отырып, ол осы дүниені 1854 жылы "Жамиғ ат-тауарих"
деген атпен жариялаған. Өйткені әуелде қолжазбада шығарма аты көрсетілмеген-
ді. Орыс ғалымы шығарманың мазмұнына қарап, бұл дүниенің монғол хандарының
уәзірі болған парсы жылнамашысы Фазл Аллаһ Ибн Әбу-л-Хайр Рашид ад-Дин
(1249-1318) қаламынан туған "Жамиғ ат-тауарихқа" ұқсас болуына орай,
Қадырғали шығармасына да сондай ат бере салған. Содан бері бұл еңбекке 1917
жылғы Қазан төңкерісіне дейін Н.И. Ильминский (1822— 1891), Х.Д. Френ (1782-
1851) Шоқан Уәлиханов (1835-1865), В.В. Вельяминов-Зернов (1830—1904),
қеңес дәуірінде татар, қазақ оқымыстыларынан М.А. Усманов, З.А. Хисамиева,
Ә. Марғұлан, Р. Сыздықова, М. Қойгелдиев, Қ. Жүнісбеков, А. Жиреншин, Б.
Сүлейменов, Т. Қордабаев секілді тағы басқа да ғалымдар зер сала қарап,
өздерінің сүбелі ойларын ортаға салды.
Сонымен, "Жылнамалар жинағының" біздің заманымызға шамалы ғана
айырмашылықтары бар екі нұсқасы жеткен. Біріншісі, жоғарыда айтылғандай,
Санкт-Петербургте болса, соңынан табылған тағы бір нұсқасы қазір Қазанда
сақтаулы. Осы Қазан нұсқасының көшірмесін мен 1980 жылдардың басында
Өзбекәлі Жәнібековтен алған едім.
Қадырғали Жалайыри шығармасының "Кіріспесінде" әуелі Борис Годуновты
"айналасы алты хан, төгүрэгі төрт хан, дүнийаның төрт бурчын билеген хан.
Халайиқын әділлік білән сурған хан. Йетімлерге рахим қылыб, чығайларны
тойдурған хан, Кыш уа йаз, ай уа йыл хазина да бар малый хақ йолында ихсан
қылған хан. Йеті иқлим қашурны алған хан, тахт Қазан, тахт Хажы Тархан,
тахт Тура, тахт Сарайчиқ муссалам хан. Тағда туман, қырда Черкес, ойда
ештек — барча тасрафында хан. Мажар бачқыр, рум уилайаты (білән) барыш-
келіш қылған хан... Қырым білә түрікні һәм уаһидын йапырақ дек тітіреткен
хан", — дей отырып, оны жер-көкке сыйғызбай мақтайды. Айға, тауға, теңізге,
бұлтқа, дарияға теңей келіп, "Кіріспе" сөзін: "Кім сенің шафағатың ге
учыраса, өлсе өкінбес", — деп аяқтайды.
Одан әрі ол Нұх пайғамбардан бастап түркі халқының көне дәуірдегі
тарихын сөз ете отырып, Шыңғыс ханның арғы ата-бабаларымен өз әңгімесін
жалғастыра береді. Сол себепті де тарихшылар Қадырғалидың бұл шығармасын,
жоғарыда айтылғандай, Фазл Аллаһ Рашид ад-Диннің "Жамиғ ат-тауарих" атты
шежіресінің аудармасы екенін айтады. Біз Рашид ад-Диннің ол дүниесі мен
Қадырғали жазбасын салыстыра қарағанымызда, екеуінің арасында біраз
алшақтықтар барын байқадық. Қадырғалидың "Жылнамасы" сөзбе-сөз дәл
аудармадан гөрі, Рашид ад-Дин шығармасының қысқаша мазмұндамасы деген ойға
келдік. Өйткені Рашид ад-Дин "Жамиғ ат-тауарихта" жалпы тарихты сөз етумен
қатар, Шыңғысханның ата-бабалары мен өзін, одан тараған ұрпақтарының
шежіресін баяндаумен шектелген. Өйткені ол XIV ғасырдың жиырмасыншы
жылдарынан кейін тірілер санатында жоқ еді. Сол себеші де Рашид ад-Дин өз
шығармасын "Шыңғыс хан ибн Йесуге хан Баһадүр", "Угетай хан ибн Чингиз
хан", "Жошы хан ибн Чингиз хан", "Гүйүк хан ибн Үгетай хан", "Мөңке хан ибн
Толуй хан ибн Чингиз хан", "Кубұлай хан ибн Толуй хан ибн Чингиз хан",
"Темір хан ибн Жимким ибн Кубұлай хан ибн Чингиз хан", "һулагу хан (ибн)
Толуй хан ибн Чингиз хан", "Абака хан ибн һулагу хан ибн Толуй хан ибн
Чингиз хан", Тагудар Ахмад ибн һулагу хан ибн Толуйхан Чингиз хан", "Аргун
хан ибн Абака хан ибн һулагу хан ибн Толуй хан ибн Чингиз хан", "Кечату хан
ибн Абака хан ибн һулагу хан ибни-Толуй-хан бн Чингиз хан", "Ғаран хан ибн
Арғұн хан ибн Абака хан ибн һулагу хан ибн Толуй хан ибн Чингиз хан" деп
Шыңғыс ханның үрім-бұтағын сараптаумен ғана бітсе, Қадырғали енді Рашид ад-
Диннің "Жамиғ ат-тауарихын" әрі карай жалғастырған. Десек те, ол әуелгі
сөзді Борис Годуновқа мадақ арнаумен бастай отырып, оның әмірлерін
сипаттаудан басқа, "Орыс хан дастаны", "Тоқтамыш хан дастаны", "Темірбек
ұлан ұлы Темір Құтлу хан дастаны", "Қажы Керей хан дастаны", "Едіге би
дастаны", "Бек-қондұр ұлан ұлы Қажы Мұхаммед хан дастаны", "Толушиқ ұлан
ұлы Бұлхайыр хан дастаны", "Дастан Йадгар хан ибн би Гариб ұлан Аби-гариб-
оғлы", "ОразМұхаммед хан дастаны" секілді жаңа материалдар қосқан,
Қадырғали бабамыз сөйтіп Шыңғыс ұрпақтарының тарихын өзі басы-қасында
болған ОразМұхаммедтің тарихын жазумен бітірген.
Қадырғали Жалайыри "Жылнамада" Шығыс елдеріне, оның шаһарларына шолу
жасап, қазақ сахарасын мекендеген Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы, Найман,
Қоңырат, Керейіт, Алшын секілді т.б. түркі тайпаларына анықтама береді...
Қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Ол қазақ жері, оның қалалары т.б.
жайлы аса құнды тарихи деректер қалдырды. Шежіре кітаптың әсіресе XIII —
XVI ғасырлар аралығында қазақ жеріндегі оқиғаларға арналған бөлімінің
ғылыми маңызы ерекше. Мұнда XVI ғасырдың басынан бергі қазақ хандықтарының
ішкі-сыртқы жағдайы, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның
халықаралық, т.б. жайлары, қазақ хандарының саяси-әлеуметтікжағдайлары,
Қазақстанда рулық патриархалдық-шонжарлық қатынастардың қалыптасуы, хан
төңірегіндегі сұлтандар мен қарашылар, бектер мен хафиздер, т.б. әлеуметтік
топтар жайында аса құнды тарихи деректер мол. Шежіреде Қазақстанның ежелгі
және орта ғасыр тарихынан өте бай мағлұматтар көп.
"Жамиғ ат-тауарихтың" түркі халқының Оғыз хан тұсын баяндайтын бірінші
тарауын ("Фасл аууал дар тарих") және "Ғазан", "Орыс хан" ("Дастан Урыс
хан"), "Дастан Хажы Мұхаммед хан ибн Бикқондур ұлан", (Дастан Бұлхайыр хан
ибн Тулушиқ ұлан", "Дастан Тимур Қутлуқ хан ибн Темирбек ұлан", "Дастан
Хажы Керей хан", "Дастан Ораз Мұхаммед хан" секілді қазақ тарихына тікелей
қатысы бар тарауларын орыс тіліне тәржімалаумен қатар, шығарманың тілі
жайында Шоқан Уәлиханов былай дейді: "Жамиғ ат-тауарих" нағыз шағатайша,
азын-аулақ түсініксіздеу сөз тіркестері болмаса, қазіргі қазақ тіліне өте
жақын тідде жазылған. Баяндау жағынан да ол (кітап) тамаша. Мұнда Абұлғазы
мен "Шейбани намедегідей" бос ертегілер де шамалы" .
Шығармада Шоқан айтқандай түсініксіз араб, парсы сөздері шынында да
баршылық. Осы мәселеге тоқтала келіп, "Жамиғ ат-тауарихтың" тілін арнайы
зерттеген татар ғалымы З.А. Хисамиева: "Араб-парсыдан алынған сөздер дастан
лексикасының 41 процентін құрайды", — деген қорытындыға келген.
Оған сенуге болады. Өйткені шығармада араб-парсы сөздерінің сонша
процент болуы заңды да. Себебі, Қадырғали Жалайыри өмір сүрген XVI—XVII
ғасырларда араб, парсы тілдерінің түркі дүниесіндегі ықпалы әлі сақталған-
ды.
Әйтсе де, "Жылнаманы" оқыған адам шығарма тілінің өзге түркі
халықтарына қарағанда, қазақ тіліне өте жақын екендігін байқайды. Сол
себепті бұл дүниені ескі қазақ тілінің алғашқы жазба ескерткіштерінің бірі
әрі бірегейі деп қабылдағанымыз жөн шығар.
Ә. Дербісәлтв
263 ЖАЛАЙЫР
Жалайыр — Ұлы жүздегі тоғыз арыс елдің бірі. Окт. революциясына
дейінгі қоныстары — Балқаш көлінен Жоңғар Алатауына дейін, Іле мен Қаратал
өзенінің аралығы. Әкімшілік жағынан Қапал, Жаркент уездеріне қарады.
Ақмешіт, Әулиеата, Шымкент, Ташкент уез-дерінде де болды. Бұл аралықтарды
Ж. тайпасы ерте заманнан қоныстап, мал өсірумен, егіншілікпен шүғылданған.
1899 жылғы санақ бойынша Ж. 17 мың түтін екен. Диқанбай батырдың айтуымен
жазылған (Н.Аристов жазып алған) ¥лы жүз шежіресі бойынша, Үйсіннен Ақсақал
(Абақ таңбалы), Жансақал (Тарақ таңбалы). Соңғысынан Жалайыр, сдан:
Сырманақ, Шума-нақ; Шуманақтан Андас, Мырза, Қарашапан, Орақты, Ақбүйым
(Арықбүйым), Қалпе, Сыпатай; Сырманақтан: Арықтыным, Байшегір, Сиыршы,
Балғалы, Қойшылы, Күшік — барлығы 13 ата Ж. болып таратылады. Көне жазбалар
бойынша, Жалайырдың арғы атасы Мекре, одан — Шуманақ пен Сырманақ. Бұл
ағайынды рудың бірі Сырдың, екіншісі Шу мен Таластын бойын мекендеген.
"Манақ" атауы алгаш рет 10 ғ-да "Худуд-әл-Аламда"
189
кездеседі. Ж. тарихы жайында ғалымдардың негізгі сүйенері — Қадырғали
Жалаиридің "Жамиәт тауарих" атты еңбегі. Автордың шыққан тегі Ж.
болғандықтан, оны Оғызханнан бастап Шыңғыс дәуіріне дейін жеткізген. Ж.
Оғыздың Дулу, Чумугун руларымен бірге түрік қағанатынын құрамында болған.
Бергі монгол дәуіріндегі Ж. Орта Азияның тарихына келелі үлес қосып, Орта
Азияда, Иранда, Ирак жерінде саяси тіршілікке қатысқан. Олардан атақты
қолбасшылар, дипломаттар шыққан. Соның бірі — Шағатай ұлысының мындаған
қолын басқарған Мүқаноян. Сартақ Жалаири мен оның баласы, Сба Жалаири
Монгол әскерінің сапында хан сарайында^ бек атанып, Шағатай ұлысына,
Моғолстанга, Мауаран-нахрға билік жүргізуге араласқан. Олардың кейбіреуі
жайында Темір тарихында, "Бабырнамада" жазылган. Қадырғали Жалаиридің
айтуынша: "Алаш мыңының ішінде тарақ таңбалы жалайырлар басты үйытқы
болтан". Бабыр Орта Азияны билеп түрған кезде Ж. басшылары оған көп көмек
көрсеткен. Абу-л-Қасым Жалаири, Сейид Қасым ишик аға Жалайыр, Хасен Әли
Туфейли Жалайыр, Хүсейн Эли Жалайырлар Бабырдың әскер басылары,
кеңесшілері, сауыққойлары саналған. Бабырдың айтуынша, бұл кезде Ж-лар
Ферғана уалаятынан Жетісуга дейін қанат жайған. Оның кейбір бөлшектері
Моғолстандағы, Орта Азиядағы, Үндістандағы ¥лы моғолдар әкімшілігіне
қатысқан. Гребенкиннің "Өзбектер" деген мақаласында ("Туркестанские
ведомости", 1871, N42) Қаттакорган уезінің 24 қыстағында 3500 түтін Ж-лар
түратыны айтылган. Алатау округтық басқармасының 1865 ж. тізімінде Ж-дың
Мырза руынан шыққан Қожаназар-майда, Қожаназар-аппақ деген аталары
жазылған. Бұлар Жүнісхан үрпағы Шығыс Түркістанды билеп тұрғанда Шағатай
хан сарайымен бірге көшіп келген мұсылман дінін уағыздаушылардан қалган
үрпақ та болуы ықтимал деседі. Рашид ад-Диннің жазбасында Ж-дың 10 руы
аталады. Бірақ мүның бірі де қазақ шежіресі тарататын Ж. аталарына үқсас
емес. Олар — джаит, кункаут, оймауыт, куркин, токраут; құмсауыт, нилкин,
тулапкт, санкут. Бұның не жазылуы қате болуы мүмкін, не қазақ
бірлестігіндегі Ж-лар кейінгі үрпақтарының аттарымен аталуы мүмкін. Ж-дың
таңбасы — тарақ таңба, үраны — Бақтияр..
калық Шығыс әдебиеті, ғылым жоне мәдениет салалары бойынша терең
білімі болған. Кадырғали өзінің білім бай-лыгы жагынан Орта Азияиың ұлы
ойшылдарымен бір дең-гейде болған. Оның білімділігі мен кемеңгерлігін
жоғары бағалап, Көшім хан оны кеңесшісі етіп тағайындады. Со-нымен катар,
Кадырғали Жалайыр Сібір князы Сейдектің де кеңесшісі болған. Мүнан кейін
Кадырғали Жалайыр Көшім ханға карсы шығып, Ораз-Мұхаммед екеуінің Сей-
декпен аракатынасы жақсарды, Сейдектің беделі жоғары-лай түсті. Ресей
жылнамаларында бұл дерек бойынша мәліметгер сақгалған, оларға үңілетін
болсак; "Сол кезенде Сейдахмет князьдың билігінің күшеюі оның сарайына
Казақ Ордасының ханзадасы (Ораз-Мұхаммед) мен Караш мыр-заның (Кадырғали
Жалайыр) келуіне байланысты", — деп жазылған.
1588 жылы Сібірдің әскербасы Д.Чулков айла-амалымен Кадырғали
Жалайырды, Ораз-Мұхаммед пен Сейдектітұгқы-нга түсіріп, үй шаруашьшыгы жоне
отбасыларымен бірге Мәскеуге "аманат" ретінде жіберген. 1598 жылга дсйін
Кады-рғали Жалайыр Мәскеуде патша сарайында өмір сүрді. 1590-1591 жылдары
шведтерге, К^ырым хандығына кдрсы соғы-ска кдтысып, батылдығымен көзге
түскені үшін орыс пат-шасы Федор Иванович 1592 жылы Ораз-Мұхаммед сүлта-нға
бұрын Касым хандығының кұрамына кірген Ока өзенінің жағасындағы жерлерді
бөліп берді. 1600 жылы орыс патша-сы Борис Годунов Ораз-Мұхаммедті Касым
хандығының ханы етіп тагайыңдады. Кадырғали Жалайыр оның 4 уәзірінің бірі
болып сайланды.
Бұл кезенде Кадырғали Жалайыр тікелей ғылыми kjo-метпен айналысты.
1600 жылы Касым тұсьшда бастаған әйгілі жылнамалық "Жами ат-тауарих"
(Шежірелер жинағы) атты кітабын ол 1602 жылы бітірді. Жылнамада 157 бет бар
және ол қытай қағазында өте ұқыпты жазылған. Шығыстың ой-шылдары салған
жолмен жүріп, ғалым өз еңбегін орыс пат-шасы Борис Годуновка арнап жазды.
Автор өзінің жылнамаларында Шығыс елдері мен қалаларына шолу жасап,
казактың кең даласын мекендеген тұркі тайпалары мен руларьша тарихи
анықгама мен түсінік береді. Караханидтер дәуіріне тоқгала келіп, автор
оғыздар туралы өз пікірін ай-тады. Парсы тілінде жазылған Рашид-ад-диннің
"Жами ат-тауарих" атты жылнамалық кітабына сүйене отырьш, ғалым
Шыңғысханның өзі мен оның әулеті туралы көптеген тарихи деректер
келтіреді.%ұл еңбекте кдзақ хандарының өмірі мен қызметі, казақгың даласы,
калалары туралы кұнды ма-териалдар бар. Кітаптың XIII-XVI ғасырларда казақ
жерінде болған тарихи окиғаларға арналған бөлімі аса кызығушы-лық тудырады.
Бұл бөлімде XVI ғасырдағы казак, хандықга-рының ішкі және сырткы жағдайы
туралы, казак, тайпала-рыңың кұрылуы, казақ хандыктарының халыкаралық және
қогамдық-саяси ахуалы патриархалды-феодалдық қатына-стіірдың калыптасуы,
сүлтандар, бектер, хафиздар және баска әлеуметтік топтар туралы қүнды
материалдар көп. Жылнамада Казақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихы
бойынша көп кұнды мәліметгер кездеседі. Автор ежелгі кдзақ тілін жетік
білген.
Кадырғали Жалайырдың жьшнамасы - ежелгі казақтілінде жазылған алғашкы
тарихи туынды. Ғалымдар оның еңбегініц ғылыми күндылығын жоғары бағалап,
оны Орта Азия мен Монголияның көптеген көрнекті тарихшыларымен тең дә-
режеде деп санайды. Кадырғали Жалайырдың ғылыми еңбегін атақгы орыс
ғалымдары, Казан университетінің профессорлары Н.И.Ильминский, И.Н.Березин,
академик В.В.Вельяминов-Зернов жоне Ш.Уәлиханов жоғары баға-лаған.
Көрнекгі жазушы Мүхтар Мағауинның "Аласапыран" роман-дилогиясына басты
кейіпкер болған бұл бабамыз туралы алдымен айтылар әңгіме мынау. Ол жазып
қалдырған "Жылнамалар жинағы" (Жамиғат-Тауарих) атты шығармасы — казак
халқының орта ғасырлык тарихына тікелей деректік қатысы бар зор еңбектердің
бірі. Сондыктан да ұлы ағартушы ғалым Шокан Уәлиханов казак халкының
калыптасу процесін және оның жазба мәдениетінін тарихын зерттеуде Қадырғали
Жалайыри еңбегінің деректік мәнін жоғары бағалап: "Күмән жок, казактар
туралы деректеріне байланысты ең бірінші орынды "Жылнамалар жинағы"
алады",— деп, одаң әрі "Бұл шығарма қазактардың өткен өміріне катысты
жалғыз жазба ескерткіші болуымен кұнды. Ең бастысы — оның казактың колымен
жазылғандығында", — екендігін де атап көрсетеді.
Ал енді осынау баға жеткісіз тағылымды тарихи еңбек қалай жазылған?
Бұл орайда біз белгілі ғалымдар Р. Сыздықова мен М. Қойгелдиевтің бірлесіп
жазған "Қадырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы" деген
еңбектеріне сүйене отырып, орыс патшалығынын XV-XVI ғасырдағы жаңа елдерді
өзіне карату максатында жүргізген карекеттеріне токталуымыз жөн. Анығын
айтсак, XVI ғасырдың соңғы ширегінде Оралдың шығыс бөлігін, Батыс Сібірді
бағындыру Ресейге оңайлыкка түспеген. Дәл сол кезде ол оңтүстікте Қырым
хандығымен, батыста Речь Посполита, Ливоң ордені және Швециямен өз
тәуелсіздігі және теңіз жолдары үшін үзакка созылған ауыр күрес жүргізуге
мәжбүр болды. Сондыктан да Иван IV, оның мираскоры Федор Иванович, Борис
Годунов Сібір саясатында ашыктан-ашық күш көрсетіп, жаулап алуға бара
алмаған.
Федор Иванович түсында 14 жыл бойы саяси билікті өз колында үстаған,
1598 жылы патша тағына отырған Борис Годунов та Сібір саясатына аса абай
бодды. Ол саясаттың мәні — барлық Сібір халык-тарының карсылығын туғызатын,
әрі ұзакка созылуы мүмкін карулы күреске бармай, мүмкіндігінше көп күш пен
шығынды кажет етпейтін жеңіл жолмен жүру еді. Ал ол жол жергілікті билікті
колында ұстап отырған феодаддык топ-тармен ымыраға келу болатын. Басқаша
айтканда, Сібір билеп-төстеушілерін патша билігіне қарсы келтірмей, оларды
мүмкіндігінше патша қызметіне өтуге көндіру, ал, көнбеген жағдайда ғана
күшпен иліктіру еді. Міне, сондықтан да Сібір воеводасы Д. Чулковтың
Сейтек, Ораз-Мұхаммед және Қарашаны тұтқынға алуы кездейсоқ уақиға емес-ті.
Сібір ханын, оның айналасындағыларды отбасымен қосып Мәскеуге алдыру,
сөйтіп, оларға сол маңнан жер бөліп, шен-шекпен, кызмет беру — оның елін де
біржолата бағындырудың және ымыраға келтірудің қантөгіссіз, ең сенімді оңай
жолы еді. Бұл жымысқы саясаттын нәтижелі бола бастағанын тұтқынға түскен
Ораз-Мұхаммедтің өз ағасы Тәуекел ханға хат жазып, оның қуатты орыс патшасы
қол астына өтуге кеңес бергендігінен де көруге болады.
Ойлаған дітінің жеміс бере бастағанын сезген орыс патшасы өзінің
сібірлік түткындарынан шен, шекпен, кұрмет, кызмет дегендерді аямаған. Бұл-
жайында сол ' заманғы' зерттеушідердщ бтрі Р. Г. Скрынников: "Борис Годунов
билікке, келген соң өзінің кешегі жаулары" мен* карсыластарына атак пен
лауазымдарды үйіп-төгіп, олардың кінәмшіл менмендігін канағаттандыруға
тырысты",— дейді.

Міне, осындай саясаттың құрбаны болған Ораз-Мұхаммед сұлтанға ілескен
Қадырғали би 1588 жылы өзінің ханзадасымен бірге Ертіс бойында аң
аулап жүріп, Сібір воеводасы Даниил Чулковтың қолына тұтқынға түседі. Сібір
воеводасы Даниил Чулковтың қолына тұтқынға түседі де сол жылы аманат
ретінде Мәскеуге жеткізіледі. Он жыл бойы орыс патшасы оларды еліне
жібермейді. Себебі сол мерзімнің ішінде Ораз-Мұхаммед орыс патшасының
әскері қатарында талай-талай соғыстарға қатысып, көптеген құпияларға
қанығады. Оның әр соғыстағы көзсіз ерліктері мен тапқырлықтары патша
ағзамның назарына ілікпей қалмайды. Сондықтан да Борис Годунов оны Қасым
қаласына хан етіп тағайындайды.
Ораз-Мұхаммед сұлтанның қасында, әлбетте, оның ақылшы-кеңесшісі
Қадырғали би де бірге жүреді. Бұрындары оқып, тоқығандары мол болған
білімдар жанның енді көргендері көбейіп, 1600 жылы Қасым қаласында өзінің
әлемге әйгіленетін "Жамиғат-Тауарих" атты кітабын жазады.
Қадырғали Жалайыридың бұл еңбегіне қазақ халқынан бірінші болып
зерттеу жүргізген адам — ағартушы ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов.
Қадырғали Жалайыри еңбегіне қызыға қалам тартқан тағы бір дана адам
Әлкей Марғұлан. Тағылымды тарихшының қадір-қасиетін осы кісілердей жіті
танып, терең сезінгендер елімізде некен саяқ та болар. Ә. Марғұлан "Күміс
сандық құпиясы" ("Қазақ әдебиеті", 1981 ж., 1 каңтар) деген мақаласында
Ондан сұлтанның баласы Ораз-Мұхаммедтің Тәуекел ханға немере екендігін,
оның Түркістан, Сауран, Ташкент қалаларында оқып, білім алғандығын айта
келіп: "Қасында кеңес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадырғали Жалайыри зираты
Қазақ хандығының құрылуы жайындағы жазба деректер
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605)
Қ.Жалаири, М.Х.Дулати, Өтеміш қажы – алғашқы қазақ тарихшылары
Қадырғали Жалайыр
Ежелгі ғасырлардағы қазақ ғұламалары
Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри, Өтеміс қажы
Ортағасырда өмір сүрген түркі-мұсылман ғұламалары
Көшпенділер рухани мәдениетінің ерекшелігі
Ерте орта ғасырлардағы алдыңғы қатарлы оқымысты, тарихшы, түркі ұлыстары
Пәндер