Қаракерей Қабанбай батырдың дәуірі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 2
Қаракерей Қабанбай батырдың дәуірі (Ерасыл) (1691– 1769) 2
Қолданылған әдебиеттер тізімі 14

Кіріспе

Хан батыр Қаракерей Қабанбай және 1723 жылғы Жоңғар шабуылына
байланысты тарихымыздағы ең айтулы теңдесі жоқ, бірақ осы кезге дейін
тарихи шындықтың толық айтылуын күтіп, орны опырайып тұрған ұлы дәуірдегі
тарихи тұлғаның бірі. Осы бабамыздың туғанына биыл 313 жыл болды.
Біз осы уақытқа дейін халқымызға құрып кету қатерін туғызған,
Елбасымыз Н.Назарбаев қазақ халқының Ұлы Отан соғысы деп әділетті атаған,
"ақтабан шұбырынды дәуірін" тек Абылай есімімен байланыстырып, Қабанбай
ханның бас батыры ретінде сол дәуірдегі екінші адам ретінде түсініп келдік.
Хан батыр, дарабоз атағын да Абылай беріпті деп айтылып келді. Бұл әрине,
ағаттық. Біз қысқа рефератымызда бұл жөнінде таратып айта алмасақ та осы
пікірдің дұрыс еместігіне назар аударып өтуді жөн көрдік.
Соңғы кезде баспадан шыққан тарихшы Кәмал Әбдірахманның "Хан батыр
Қаракерей Қабанбай" атты кітабы мен Үйсіннің сол кездегі дана көсемі,
көріпкел киелі әулие Сарышуаш жыраудың Қабекеңнің науқасы нашар тартты
дегенді естіп, бүкіл үйсіннің игі жақсыларын ертіп, көңілін сұрай
келгендегі "Уа, Қабанбай, Көзелім" атты ("Қазақ әдебиеті" газеті, 10 шілде,
1992 ж.) өз көзімен көргендері бойынша бабамыздың қазақ тарихында теңдесі
жоқ данышпандық еңбегімен қаһармандық ерлігін жеріне жеткізе айтқан ұзақ
толғауын оқыған соң ол кісінің тарихи орны туралы ұғымым басқа арнаға
түсті.

Қазақ халқы Жошы заманынан бері "Төресіз ел, төбесіз бел болмайды"
деген қағиданы берік ұстап, ешбір руға жатпайтын, барлық руға ортақ Шыңғыс,
Жошы ұрпақтары (хан, сұлтандар) билігін қалады. Бұл қалау өзін ақтады да.
Ел мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, қазақ мемлекетінің іргесін берік
ұстаған әз Жәнібек, Қасым, Есім, Салқам Жәңгір, әз Тәуке сынды ұлы хандар
тарихтан белгілі. Алайда, хан-сұлтандардың бәрінің өресі бұлардай болған
жоқ.
Әз Тәукеден соң таққа таласып, ел бірлігін бұзған төрелердің теріс
әрекеті жауға жем болудың басты себебі еді. Жоңғарлар осындай ырың-жырың
кезеңді пайдаланып, 1723 жылы жойқын шабуылын бастады. Батыстың бір газеті
осыған байланысты сол кезде енді жер бетінде қазақ деген халық болмайды деп
жазған екен.
Енді бабамыз Қаракерей Қабанбайдың өмірі мен қайраткерлігі туралы
баяндасам деймін.

Қаракерей Қабанбай батырдың дәуірі (Ерасыл) (1691– 1769)

Хан батыр Қаракерей Қабанбайдың хан сайланып, 1724 жылдан бастап үш
жүзді өзінің ақ туының астына біріктірген, бұл билік өмірінің ақырына дейін
қолында болғандығын дәлелдейтін материалдар да бірталай баршылық. Соның
ішінде Шәкура Ахметжанқызынан қалған Бұқар жыраудікі деп аталатын "Хан
сайладық қарадан" атты көлемді толғау.
Толғау 1764 ж. қаңтар Бұқар жырау деп берілген. ("Хан Қабанбай және
халқы" екінші кітабының 453-461 б.б.)
"Хан батыр Қаракерей Қабанбай" атты кітапта бабамыздың 1724 жылы Хан
сайлануы туралы тағы да екі дерек бар. Біреуі - 1991 ж. Талдықорған
облыстық "Октябрь туы" газетінде жарияланған, Қаракерей Қабанбай батырдың
1724 ж. Түркістанда хан сайланғаны туралы дерек. Батырдың Қожа Ахмет
Иассауи мавзолейінде тұрған қанжарын дәстүр бойынша хан сайланысымен, "Хан
талапай" үстінде аталастары алыпты да, баладан-балаға мұра болып, ақыры
мавзолей музейіне экспонат ретінде өткізіліпті.
Ілияс Есенберлин Әбілмансұрдың атасы Абылай хан Түркістанды тастай
қашқанда, Қаракерей Қабанбай "аруақтап" жүріп, алғашқы халық жасағын
құрғанын, қорғаныс ұйымдастырғанын, ел оны хан сайлап жібергенін жазған
екен.
І.Есенберлин сияқты классик жазушыға сенбеске дәлеліміз жоқ және
Қабекең туралы басқа да деректерге терең бойласақ, хан сайланғаны күман
келтірмейді. Жоңғарлар жойқын шабуыл бастаған кезде батыста бір газет енді
жер бетінде қазақ деген халық болмайды деп жазған екен. Ауызша және жазбаша
деректерге сүйенсек, осыны жедел және терең түсінген ел ағалары бұрынғы
алауыздықты, бақастықты тастап, елінің теңдесі жоқ данышпан көсемі, ұлы
қолбасы Қабанбайдың бір басындағы осынша қасиеттерін бірден танып, хан (хан
батыр) сайлап, оның ақ туының астына жедел біріккенін көреміз. Осыдан соң
данышпандық ақыл-ойдың теңдесі жоқ алыбы үш жүзді бір жағадан бас, бір
жеңнен қол шығарған, жұдырықтай жұмылған, тұтас алып күш етіп біріктірді.
Жауды талқандай отырып, бабамыз халықты құрып кетуден сақтап қана қоймай,
әз Тәуке ханнан соң берекесі кеткен тәуелсіздігімізді қайта қалпына
келтіріп, нығайтты. Және елдің билігі өмірінің ақырына дейін тек бабамыздың
қолында болғанын ол кісіге байланысты деректер толық дәлелдейді. Абылайға
келетін болсақ, Қабанбайдан соң халқына қорған, дана, тақ иесі болған оның
тарихи ұлы тұлғасы алдында да бас иеміз. Абылай Қазақ мемлекетінің іргесін
берік ұстап, ел мүддесін өз мүддесінен жоғары қойған әз Жәнібек, Қасым,
Есім, салқам Жәңгір, әз Тәуке сынды ұлы хандардай кемеңгер, халқының
қасиетті хан иесі болғаны даусыз. Бірақ тарихи деректер Қабанбайдың тарихи
орны одан кем түспейтіндігін көрсетеді. Сол заманның ешкімге бұрмайтын дана
куәгерлері болған Бұқар, Саршуаш, Үмбетей жыраулардың жырларындағы
айтылғандары анық тарихи куә екені даусыз. Мысалы, қазақ тарихында дүниеден
өткен нелер жақсы-жайсаңдарға, хан-сұлтандарға Алладан жанын қалдыруды
сұрап, ондап, тіпті жүздеп мал айтқаны болған шығар, бірақ адам айту
болмаған. Ал Қабанбайға да Абылайға да қайтыс боларда Бұқар жырау мал емес,
адам айтады. Бұл қазақ тарихындағы ең қиын кезеңде ел билігінің иесі болған
екі ұлы бабамыздың ел тағдыры үшін аса қымбат болғандығының дәлелі.
Қабекең нашар жатқанда келген дана Бұқар жырау:
Қарт белдерім үзіліп,
Кемсеңдедім егіліп,
Айналайын, Қабанбай,
Кіретін жауға тайсалмай,
Жау келгенде жарағым,
Құлазып көңілім, қобалжып,
Жетімсіреп жыладым.
Арғыннан айттым жүз кісі,
Найманнан айттым жүз кісі,
Үйсіннен айттым жүз кісі
Асқынып елге дау келсе,
Баса-көктеп жау келсе,
Түрулі еді құлағың.
Кеше түсте естідім,
Қабанбай ауру дегенді,
Үш жүз кісі болар ма,
Басындырмас пырағым.
Айналайын Қабанбай
Құрбаныңа атаған қара мойын лағың, - дей келіп:
Бұл дүниенің қарты едің,
Әулиенің арты едің,
Батырлардың мәрті едің,
- деп, егіле толғап, данышпан жырау оның халқымыз үшін қазақ елінің
арғы-бергі тарихында атаған құрбандығына лайық теңдесі жоқ ұлы тұлғасын да
дәл мүсіндеген.
Ал жоғарыдағы толғауында Қабанбай үшін үш жүз кісі айтады, демек жүз
есе артық бағамен кемеңгер Бұқардың аузынан бұл да бекер шықпаған. Оны
үйсіннің сол кездегі дана көсемі, әрі көріпкел киелі әулие Сарышуаш
жыраудың жоғарыда аталған "Уа, Қабанбай, көзелім" атты ұзақ толғауынан
әбден көруге болады. Жырды "Қазақ әдебиетіне" ұсынушы тарих ғылымының
кандидаты Әбдікәрім Хасенов былай деп түсінік жазыпты: "Қарақұланның
Мұхаметшесі (Мұхаметжан) деген қария 1953 жылы бір кездескенде: "Қарағым,
бұрынғы даналар айтқан сөз еді. Ата-бабаларымыз бізге жаттатты. Енді сендер
жазып алып сақтаңдар. Түбі, бір кәдеге жарар, асыл пышақ қап түбінде жатпас
деген," - деп бір тоқтап, одан әрі былай дегені есімде: "Қазақ-қалмақтың
жаугершілігі заманында Үйсінде Сарышуаш жырау деген көріпкел әулие өтіпті.
Жақынды жақыным деп өзіне тартпайды екен, алысты алыссың деп бетінен
қақпайды екен. Бидің әділдігіне көшіп отыратын қасиетін қадірлеген елі
алдынан батасын алып тарасатын болған. Қабанбай батырдың науқасы сәл тартып
жатыр дегенді естіп, Сарышуаш шешен елінің игі жақсыларын ертіп, көңілін
сұрауға барады. Сонда осы толғауды айтады, - деп әңгімелеп еді. Енді жырдың
өзіне тоқталайық
"Уа, Қабанбай, көзелім,
Қайғы шеккен еліңнің,
Жылағанын жұбатып,
Қисайған көшін түзедің.
Үш күн, үш түн ұйықтамай,
Өртенді күйіп өзегім,
Дулатқа салдым бір хабар,
Албанға жетті бір шабар,
Үйсіннің жиып кісісін,
Арызданып қалсам деп,
Өзіңе тарттым бір сапар, -
дейді де, одан әрі жырау;
Ат жалын тартып мінгелі,
Жорықта талай жүрістім,
Қалмақтағы Қалдан хан,
Қалдан ханмен ұрыстың.
Зарпыңа шыдамай,
Телімі шығып тентіреп,
Аңыраған көп қалмақ,
Жөңкеннің арғы бетіне,
Ереннің күнгей шетіне,
Қонысын тастап ығысты,
- деп, ұлы қолбасшының қаһармандық бейнесін көз алдыңа әкеліп
сүйіспеншілікпен толғайды. Ал тағы бір ұрыстағы жорықтас батыр серіктері
Есенгелді, ер Шонай, Тауасар, ер Таңат, матай Малдыбай, қасқарау Молдабай,
дулат ер Бөкей, Тәттібай мен Олжабай, керей ер Жабай, көкжарлы Барақ,
Тұрсымбетбайдың жанкешті ерліктерін тізбелей келіп, сол жолы:
Көтеріліп көп қазақ,
Ата аруағын шақырып,
Айқай-сүрен салғанда,
Қаракерей Қабанбай,
Ту түбінде тұрғансың,
Қу дауысты Құттыбай,
Бұқар жырау, Сарышуаш
Кеңесіне мойын бұрғансың –
деп, Қабанбайға ақылшы батагөй даналарды да атап кетеді.
Дана жырау Қабанбай бабамыздың тек қазақтың ғана емес, бүкіл алты
алаштың қорғаны боп, шартарапқа жайылған айбынды да абыройлы даңқын көзімен
көргендері бойынша былайша дәл баяндап, оның қазақ тарихында теңдесі жоқ
ұлы да дара тұлғасын дана Бұқар Абылайдан жүз есе артық бағамен
мүсіндеуінің дұрыстығын әбден дәлелдеген:
Арғы атасы Сейілхан,
Сейілханнан тараған
Сегіз арыс түрікпен,
Қызылбастан қыз жаулап,
Балқан таудың басынан,
Арлы-берлі үріккен
Қабанбайлап шапқанға
Қақ айырылып жол Берген
Қабанбайдан келдім дегенге,
Атынан түсіп қол берген.
Жиделі-Байсын жайлаған,
Келелеп түйе айдаған
Тоқсан баулы өзбек-сарт,
Арғы атасы Сейілхан,
Сейілханнан тараған
Сегіз арыс түрікпен,
Қызылбастан қыз жаулап,
Балқан таудың басынан,
Арлы-берлі үріккен
Қабанбайлап шапқанға
Қақ айырылып жол Берген
Қабанбайдан келдім дегенге,
Атынан түсіп қол берген.
Жиделі-Байсын жайлаған,
Келелеп түйе айдаған
Тоқсан баулы өзбек-сарт,
Тоғыз таңба найманнан,
Тоғыз құйрық ту алып,
Тоғыз тумен қол шықса
Қол ағасы Қабанбай,
Тоқсан баулы өзбекпен
Қыл құйрықты, қыл жалау,
Қанды телпек, сексен шоқ,
Қалмаққа жорық жол шықса
Күн көзіне сыймаған,
Ай жүзінде айылын жимаған,
Алаштың ауыр қолына,
Ағалыққа ұнаған
Дарабоз Қабанбай!
Самарқандда сансыз бап,
Бұқара-Шәріп арасы,
Қабанбай десе, тақ тұрған
Найза ұстаған баласы.
Дұғасынан тастамай,
Бата оқыған бабасы,
Ер Қабанбай, Көзелім,
Ескіден қалған көз едің.
Байсалменен ойласам,
Қайратыңа бақ тұрған,
Абылай сынды төреңіз
Қасыңа әкеп тақ құрған.
Қабекеңнің теңдесі жоқ дара тұлғасын танытуда шындықты бұрмайтын,
заманының әділ де әулие куәгерлері болған екі дананың (Бұқар мен
Сарышуаштың) осы жырларынан асқан қандай дерек керек?!
Қабанбай бабамыз 1724 ж. Хан батыр сайлауынан 1769 ж. өмірінің ақырына
дейін билік құрған 45 жыл тарих үшін қысқа мерзім болғанмен жеке адам өмірі
үшін ұзақ мерзім екені белгілі. Жоғарыдағы деректер арқылы қазақ
тарихындағы ең ауыр, қысталаң кезеңде ел билігін қолына берген оның
бойындағы теңдесі жоқ даналық пен кемеңгер билерінен бастап бүкіл халқымыз
оның ақ туының астына тездетіп жұмылған жұдырықтай болып біріккенін
көреміз. Қалмақтарға әлденеше ойсырата соққы берген оның еліміздің
тарихында теңдесі жоқ дана екенін танытқан ғажап қасиеті сол құрып кету
қаупін туғызған өте қысылтаяң кезеңде бүкіл қазақ халқын оның айналасына
магнитше тартқанын деректер дәлелдейді.
Данышпан бабамыз орнатып, нығайтып кеткен тәуелсіздікті сақтау жолында
кемеңгерлікпен сонша икемді саясат жүргізгенін орыс тарихшысы А.И.Левшин
жазған мына деректен айқын көреміз: "1771 ж. Абылай Ресейдің өзіне жіберген
хандық шенінен бас тартты. 1778 ж. оны хан етіп, жаңадан бекіткен жарлық
Орынборға тағы да келіп түсті. Оған қосымша бір ішік, бір семсер және сусар
бөрік жіберілді. Абылайды арнайы келіп, осы сауғаларды алуға шақырды.
Сондай-ақ Орынборда, Тройцкіде немесе Сібір шекарасында ант беріп, Ресейге
қарауын талап етті. Бұл талаптар қабыл алынбағаннан кейін Ресей әкімшілігі
Абылай өз ордасында үкімет арнайы жіберген бір лауазымды адамның алдында
ант берсе де болады деді. Алайда Абылай мұндай жағдайда да ант беруден бас
тартып, табандап тұрып алды. Осылайша Ресейдің оған қойған талап-
тілектерінің бәрі сәтсіздікке ұшырады". Яғни бұдан біз Қабанбай қайтыс
болғаннан соң өмірінің ақырына дейін 12 жыл билік жүргізген Абылайдың
айбынымен досын да, дұшпанын да ықтырып, мысы басып тұратын ұлы тұлғаға
айналғанын көреміз. Одан патша өкіметінің өзі де айбынып, айылын жиып
ұстаған. Абылайдың шөбересі, ұлы оқымысты Ш.Уәлиханов: "Абылай ант беру
үшін орыс шекарасына барғысы келмеді. Мені хан етіп халық сайлап, көктің
ұлы өзі сеніп, хатымен бекітті, - деп жауап берген" деп жазған. Орыс аюы
мен Қытай аждаһасының екеуіне алдырмай, икемді кемеңгерлік саясат жүргізген
қазақ көкжалының тегеурінді қимылы өз елінің, Қабанбай баба құрып кетуден
сақтап, орнатып беріп кеткен тәуелсіздігін орнықтырып, нығайтуға арналды.
Ұлы ақын Мағжан айтқандай, Қабанбай бабамыздан соң Абылай үш жүзге хандық
құрған 12 жыл қазақ елінің "артында - ор, алдында көр, жан-жағы жау" аса
ауыр кезең еді. Абылайдың жоғарыда аталған данышпандық саясаты ғана оның
көзінің тірісінде ел іргесінің аман болуын мүмкін етті.
Сонымен 1723 жылдан 1781 ж. Абылай қайтыс болғанға дейінгі дәуірді
екіге бөліп, Хан батыр Қабанбай және Абылай дәуірі деп бағалау дұрыс екені
байқалады.
1723 жылдан Қабанбай бабамыз дүниеден өткен 1769 жылға дейінгі ұлы
оқиғалар тығылып жатқан тарихтың көрпесін көтере бастасаң Бұқар, Сарышуаш
сынды әулиелердің жырларына қоса жоғарыдан айтқандардан да басқа деректер
тарихымыздағы теңдесі жоқ, бірақ осы кезге дейін тарихи шындық айтылуын
күтіп, орны опырайып тұрған ұлы дәуірдің бейнесін, әрі ұлы бабамыз
Қабанбайдың теңдесі жоқ ұлы тұлғасын және осы уақытқа дейін жоңғарларды
жеңу тарихы мүлде бұрмаланып, тарихымызға өрескел қиянат жасалғанын
көреміз. 1724 жылы Хан батыр сайланып, Түркістанды қорғауға орнына Сіргелі
Елшібек батырды қалдырып, өзі кіші жүзге қол жинауға аттануынан бастап
өмірінің ақырына дейін ел билігінің иесі тек өзі болғандығын дәлелдейтін
басқа деректер де баршылық. Мысалы, Жоңғар хонтажысы Лама Доржы 1752 жылы
қарақалпақтарды зорлап, әрі жазалап өз жағына көшіріп әкетпек боп, 3000
әскер аттандырады. Міне, осы туралы белгілі орыс тарихшысы В.В.Вельяминов-
Зернов былай деп жазған: "Средней орды найман-кирейского рода Кабанбай
батыру, объявить ему, что они готовы, лучше отдаться на волю киргизов и
жить у них в Орде, чем быть поданными Жунгаров. Посланный просил Кабанбая
как можно скорей собрать людей и перевести Каракалпаков в степь, где они
станут кочевать своим улусам. Кабанбай с радостью принял предложение и тот
час же двинулся в поход вместе с сыном Барак Даданбаев". Демек, бұдан біз
елдің әміршісі тек өзі екенін, қысылғанда қарақалпақтарға да қорған
болғанын көреміз.
Новосибирлік В.С.Кузнецов "Әмірсана" атты кітабында 1756 жылғы Қытай-
Қазақ соғысы туралы 30 мың қытай әскеріне қарсы 3 рет соғыс ашып, Қытайға
қарсы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әмірсана Қабанбайды паналап, сол
қолмен бірге болады. Қытайлардың Әмірсананы қайтар дегеніне бабамыз "жоқ"
деп жауап береді. Осыдан соң қытайларға қарсы ашқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хан батыр Қабанбай дәуiрi
Қ. Жұмаділовтың Дарабоз роман-дилогиясындағы тарихи тұлғалардың көрінуі
Қазақ батырлары туралы
Қазақ халқының батырларының ерлігі
Ер Жәнібек
Абылайдың өмірі
Қазақ батырларының ерлік істері
Қожағұлұлы Қабанбай батыр. Бөгенбай батыр
Қаракерей Қабанбай
Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
Пәндер