Қабанбай, Бөгенбай және Райымбек батырлардың жоңғарға қарсы күрестегі ерлігі мен өмірбаяны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Қ А Б А Н Б А Й Б А Т Ы Р2

Б Ө Г Е Н Б А Й Б А Т Ы Р3

Р А Й Ы М Б Е К Б А Т Ы Р4

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР5

Қ А Б А Н Б А Й Б А Т Ы Р

Қабанбай - халық батыры. Жоңғарларға қарсы күресте Қаракерей Қабанбай батырдың ерлігі ерекше. Қабанбай батыр қатыспаған бірде-бір шайқас болмаған. Ол бір жарым жылға созылған Шаған шайқасы, сексен /80/ күнге созылған Шора соғысы, бір мың жеті жүз жиырма бесінші /1725/ жылғы әйгілі Алакөл шайқасы, бір мың жеті жүз жиырма сегізінші /1728/ жылғы Шұбар теңіз жағасындағы шайқас, Жоңғар қақпасындағы соңғы жеңіс.

Қабанбай батыр ұрысқа жүз үш /103/ рет кірген. Оның атын шығарған Шаған шайқасы болды.

Қабанбай әулетімен батыр болыпты. Оның әкесі Қожамқұл өз тұсында Жалаңтөс батырларымен бірге Хиуа хандығына қарсы соғысқан қолбасылардың бірі. Қабанбайдың ұрпақтары Сапақ, Төлебай, Мойнақ, әлі жауына теңдік бермеген жауынгерлер. Қабанбайдың қызы Назым да үлкен соғыстарда қол бастап жауға қарсы күрескен. Қабанбайдың жұбайы Гауһар анамыз да жаумен бетпе-бет алысқан батыр болыпты.

Б Ө Г Е Н Б А Й Б А Т Ы Р

Бөгенбай - қазақ халқының атақты батыры. Бір мың жеті жүз тоғызыншы /1709/ жылы Бөгенбай батыр ретінде ерекше көзге түседі.

Әбілқайыр сұлтан ел басы, Бөгенбай батыр қолбасы болып тағайындалады. Ол қалмақтарды тас-талқан қылып жеңеді. Бір мың жеті жүз жиырма үшінші /1723/ жылға дейін жоңғарлар соғысқа шықпайды. Одан кейін он үш жылдай уақыт өтеді. Жоңғарлар тыныш жатқан қазақ еліне шабуыл жасайды. Олар Жетісу, Шу, Талас өңірлерін басып алады. Басқыншылардың шабуылынан орта жүз аман қалады.

Бөгенбай батыр халықтан жасақ жинайды. қару-жарақ жасатады. Бір мың жеті жүз жиырма сегізінші /1728/ жылы Ұлытаудың оңтүстігіндегі Бұланты өзені бойындағы жауға қатты соққы береді. Бөгенбай батыр жеңіске ие болады. Ол тоқсан сегіз /98/ жасында қайтыс болды.

Абылай хан батырдың зиратына тұз ерітіп құйып, былғарыға тіктіріп, ақ киізге қаптап, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауидың іргесінде жерлеуге жарлық етіпті.

Аты ұранға айналған батыр Бөгенбай елу жылға дейін қол басқарған. Жетпіс жеті /77/ жасында Қарабалта түбінде Қырғызға қарсы айқасты басқарған.

Р А Й Ы М Б Е К Б А Т Ы Р

Райымбек - жоңғар басқыншыларына қарсы күресте даңқы шыққан батыр. Ол он жеті /17/ жасында-ақ жауға қарсы шығып, асқан ерлік көрсеткен. Райымбек батырдың жоңғарлармен соғысқан жері Ойран төбе аталған. Батырдың атасы Ханкелді де ержүрек адам болған, қол бастаған. Арғы тегі ұлы жүздің Албан руынан тараған Райымбектің есімінің Албанның ұранына айналуы да оның өз дәуірінің аса көрнекті қайраткері болғандығын дәлелдейді. Өтеген, Шоқпар, Қабанбай батырлар секілді Райымбек те туған халқының бостандығы азаттығы жолында жан аямай күресті.

Райымбек батырдың сүйегі Алматыда жатыр. Ал оның бейіті тұрған көше бұл күнде Райымбек есімімен аталады.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан тарихы. Бес томдық. ІІІ том, Алматы,

“Атамұра”, 2002 жыл

  1. Бекмаханов Е. Жұлдыз, 1991 ж, 7, 8 нөмер.
  2. Бектұров Ж. Жұлдыз, 1990 ж, 10 нөмер
  3. Данияр Т. Жас Алаш, 1993, 13 ақпан
  4. Каренов Р. “Орталық Қазақстан” газеті, 1 мамыр,

2002ж, 12 бет.

  1. Қойгелдиев М. Егемен Қазақстан, 20 қыркүйек 2002ж.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі қазақ батырлары мен қолбасшылары: Қанжығалы Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Райымбек және Қарасай
Қаракерей Қабанбай, Бөгенбай және Шапырашты Наурызбай: XVIII ғасырдағы қазақ батырлары мен жоңғарға қарсы күресі
Қазақ батырлары: Махамбет, Бөгенбай, Қабанбай және Райымбек туралы тарихи-әдеби шолу
XVIII ғасырдағы жоңғар-қазақ қатынастары және батырлардың жоңғарға қарсы күресі
Бөгенбай Ақшаұлы (1690-1775): Жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі қолбасшы және дипломат
Қаракерей Қабанбай мен Бөгенбай Ақшаұлының өмірі мен әскери қызметі
Абылай хан (1711-1781): Қазақ бірлігі мен жоңғарға қарсы күрестегі рөлі
Бөгенбай батыр (1680-1778): қазақ қолбасшысы және жоңғар мен қытай әскерлеріне қарсы күрестегі рөлі
Мамай Жұмағұлұлы (1702-1799): Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестегі рөлі мен әскери ерлігі
Қабанбай (Ерасыл) Дарабоз: өмірбаяны және жоңғар мен қытайға қарсы күресі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz