ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ (1667 - 1764)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ (1667 - 1764)

Қазыбек Келдібекұлы Сырдария жағасындағы ауылдардың бірінде туылып,
жастық шағы Қаратау мен Ұлытау тауларының бөктерінде өтті. Қазақ шежіресі
бойынша, Қазыбектің ата-тегі арғын тайпасының қаракесек руынан шыққан.
Қаракесектен Бұлбұл, одан Шаншар тараған. Заманында олар ғалымдар,
оқымыстылар атанған.
Шаншардың кіші әйелі Айбикеден, Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, Есіркеп
туылған. Оларды "төрт бек" - деп атаған. Қазыбектің әкесі Келдібек халыққа
танымал би, әрі өткір тілді шешен болыпты. Ол отыз жасқа дейін үйленбеген
екен. Арғы атасы Бұлбұл:"Сен көпке дейін үйленбейсің, әйел затына көз
салмай жүресің. Саған әйел болатын қыз ұзын бойлы, ақ сары, оң аяғын сылтып
басатын болады, оң құлағының артында меңі, екі төсінің ортасында туа біткен
қалы болады. Сен соған үйлен", - деп болашағын жорып берген екен.
Отыз жасқа жеткенде, Келдібек шынымен жорамалдағыдай қызды
кездестіреді. Қыздың есімі - Тоқмейіл екен. Ол қызға құдалар жіберуді
сұрағанда әкесі мен шешесі: "Балам, айналаңда қаншама әдемі сұлу қыздар
толып жүргенде, бұл қыздың қай жеріне ғашық болдың?" - депсұрапты. Сонда,
Келдібек: "Бұл қыздың ақылы тұрғанда, басқалардың сұлулығын қайтем", - деп
жауап қайтарған екен. Сөйтіп, ол сол қызға үйленеді.
Сол Тоқмейілден алты ұл: Қазбек, Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөне
туылды. Халық оларды: "Ақсақтан туылған алтау", - деп атап кеткен екен.
Қаздауысты Қазыбек, аты әйгілі, беделді билердің бірі болды. Ол қазақ
халқының жоңғарларға қарсы күресіне белсене қатысады. Оның достары мен
замандастары Тәуке, Әбілмәмбет, Сәмеке, Абылай хандар болды. Ол Төле,
Әйтеке билермен бірігіп, жоңғарлардың шыпқыншылығына қарсы әрекеттер
ұйымдастырды . Сондай-ақ Қазақстанның Ресейге қосылуына қолдау жасады.
Болашақ қазақ ханы Абылай сұлтан жоңғарларға тұтқынға түскенде, Қазыбек
оны босатып алуда көп еңбек сіңірді.
Бұл оқиға былай болған еді. Жоңғар қолбасшысы бастаған отыз мыңдық
жоңғар әскері Сары-Арқаға еніп, Қаратау мен Түркістанға дейін жетеді. Бұл
жорыққа Қалдан Цереннің баласы Шарыш қатысып, кезекті шайқаста жас
Абылайдың қолынан қаза табады. Қалдан Цереннің бұйрығымен, бір топ
жоңғарлар Абылайды аңдып, ұйықтап жатқанжерінде тұтқынға алады. Қол-аяғы
кісенделген Абылай тұтқында бір жыл болады. Қазақ батырын босатуға, жоңғар
билеушісіне қазақ даласынан әр түрлі әйгілі адамдар келеді. Бірақ Қалдан-
Церен бұлардың ешқайсысын дұрыс қабылдамайды, тұтқынды да босатпайды.
Сонда халық жиналып, тұтқынға түскен Абылай мен басқа да қазақ
батырларын босатып алуға баратын беделді адамды іздестіреді. Көпшіліктің
таңдауы өткір тілді Қазыбек биге түседі. Қазыбек халық ықыласымен
жоңғарларға барады. Қазыбектің өткір ақылы мен шешендігін білетін қонтайшы,
онымен ұзақ айтыспай, өзінің шартын қояды.
Біріншіден, Әбілқайыр, Әбілмәмбет хандар, Барақ сұлтан мен Жәнібек
батыр және тағы атақты адамдар қонтайшыға бір жауынгерден аманатқа беруі
керек болды. Екіншіден, Патшалық Ресейге қосылмай, Жоңғарияға қосылу керек
болады. Тек осы шарттарды орындағанда ғана, жоңғарлар Абылай мен тұтқындағы
басқа қазақ батырларын босатуға уәде етеді. Сонымен бірге, қонтайшы жаулап
алған отыз екі қаланы қайтаратындығын айтты. Олардың ішінде Түркістан
қаласы да бар еді.
Қаздауысты Қазыбек қонтайшының шартын тыңдап болып, хандар мен
сұлтандармен ақылдасуға кейін қайтады. Олар ақылдаса келе, Абылайды
босатқаны үшін қонтайшының шартын жартылай орындайтын болып шешеді.
Әбілмәмбет пен Барақ бір-бір жауынгерден аманатқа беретін болып келіседі.
Сонымен қатар, қазақтар Ресейге де, Жоңғарияға да қосылмайтын болып шешім
қабылдайды. Алайда, жоңғарлар бұл шартқа келіспесе, қазақтар орыстармен
бірігіп жоңғарларға қарсы шапқыншылық жасайтыны ескертіледі. Қазыбек бұл
мәлімдеме арқылы Қалдан Церенді қорқытпақшы болады.
Қалдан-Церен мәселенің барлық жағын қарастыра келе, қазақтар мен
орыстардың өзіне қарсы бірігуіне жол бермеу керек деп шешеді. Ол Абылайды
тұтқыннан босатып қана қоймай, Түркістан маңайындағы отыз екі қаланы да
қоса қайтарады. Әбілмәмбет Түркістанда хан болып жарияланады. Абылай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихындағы Қазыбек бидің алар орны
Тәуке хан - Жәңгір ханның баласы
Қазақ даласының ұлы билері
Атасызға ата бол
Қазақ билері туралы
Қаз дауысты Қазыбек
Қазақ билері
Қазыбек би
Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр
Төле Әлібекұлы
Пәндер