Бұрындық хан мен Қасым хан тұсындағы Қазақ Хандығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Бұрындық хан тұсындағы Қазақ Хандығы 3
Қасым ханның қысқаша өмірбаяны 5
Қасым хан тұсындағы Қазақ Хандығы 6
Қасым хан салған қасқа жол 8
Тарихшылар Қасым хан туралы 9
Әдебиеттер 12

Кіріспе

Тарихта Қасым ханның қасқа жолы деп аталған әдет-ғұрып пен биліктің
жол-жоралғысы болған. Бұл Заңның негізін қалаған — өз билігі кезінде Қазақ
Хандығын сол заманғы ең қуатты елге айналдырған, көрші елдер де қанық
болған, батырлық пен қайсарлық, кемеңгерлік пен табандылық, мейірім мен
дархандық, адам қызығарлық жан жомарттығы сияқты ұлтының асыл қасиеттерін
бойына жиған Қасым хан туралы кәсіпқой тарихшылар аз жазады. Себебі, ол
туралы деректің көбі араб-парсы, шағатай-түркі тілдерінде. Қасым ханның
ататегі Қасым - Жәнібектің ұлы, Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының ұрпағы.
Бірақ Жошының қай ұлынан тарағандығы туралы тарихшылар пікірі әр түрлі.
Шыңғыс - Жошы — Орда Ежен - Сасы (Садық) - Ерзен хан-Мүбарак қожа —
Шымтай хан-Орыс хан - Құйыршық хан - Барақ хан -Жәнібек хан - Қасым хан.
Бұл — Рашид-ад-дин жазбаларындағы нұсқасы.
Шыңғыс - Жошы-Тоқа Темір -Үз Темір - Қожа-Бәдік (Бәдағұл) - Орыс хан
-Құтылығ Бұка – Құтужақ - Барақ хан – Жәнібек хан-Қасым хан. Бұл — Әбілғазы
ұсынған нұсқа.
Қасымның әкесі Жәнібек - Кереймен бірге ХV-ғасырдың ортасында Қазақ
Хандығын құруға белсене еңбек еткен тұлға. Ол Керейден кейін 1473-1480
жылдары мемлекетті басқарды, оның аумағының тұтастығын, елдің тыныштығын
қорғауда жан аямай еңбектенді. Тарихшылар жазбаларында өзге де хан болған
Жәнібектерден айыру мақсатында қазақ ханын кіші Жәнібек деп атаған
(Шәкәрімнің оны әз-Жәнібек дейтіні де бар).
Қасым - Жәнібек ханның Жаған бике есімді әйелінен туған ұлы.
Тарихшылар еңбектерінде Қасымның туған жылы туралы дерек айтылмайды. Бұл
жөнінде тарихшы Берекет Кәрібаев мына қисынды болжамын келтіреді: Мухаммед
Хайдар Дулати дерегінде 1513 жылы шағатайлық Сұлтан Сайд ханның Шу
бойындағы Қасым хан Ордасына келгенін айта келе, бұл кезде Қасым ханның
жасы алпыстан асып, жетпіске жақындап қалған болатын делінген. Сол
мәліметке сүйеніп, 1513 жылы Қасым ханның жасы 67- 68-дерде деп есептесек,
онда ол 1445-46 жылдарда дүниеге келген болады.
Тарихшы ғалым Т.Сұлтановтың Қасым хан 1445 жылдары шамасында дүниеге
келген 4 деген тұжырымы да Б.Кәрібаевтың болжамын бекіте түседі.
Қасым ханның күш-қуаты толысқан жас кезі Қазақ Хандығының жан-жақты
күшеюі кезеңімен сәйкес келеді. Бұрындық ханның (Керей ханның ұлы)
бастауымен Қасым қазақ әскерінің бас қолбасшысы ретінде, әкелері Керей мен
Жәнібек құрған мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап, оның күш-қуатын арттыруға
бар қабілеттерін жұмсады. Бір жеңнен - қол, бір жағадан - бас шығарудың
арқасында елдің елдігін сақтай қалды.
Қазақ тарихында хан көтерілудің, тақ алмасудың сонау Түрік қағандығы
заманында қалыптасқан өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. VIII ғасырдан жеткен
атақты Білге қаған ескерткішінде: Әуелі әкелері қаған болды, одан соң
інілері қаған болды, содан кейін балалары қаған болды деп жазылған.
Сөйтіп, тақ билігі әкеден балаға емес, ағадан-ініге көшкен. Хан
көтерілетін адамның кешегі өткен ханмен емшектес болуы міндетті емес,
немере не шөбере, жалпы сол әулеттен болуы шарт және көп туыстың кез-
келгені емес, тобынан озған ақылгөй, батыры ғана хан көтерілмек. Қазақ
тарихында ешқашан да хан көтеру жолында қан төгілмеуі, тақ үшін қырқыс
тумауы - ең алдымен осы көне дәстүрдің ұлыс ішінде қалыпты саяси жағдайға
негіз болған ата салтының арқасы.
Қазақ Хандығындағы хандар тарихына көз жіберсек, жоғарғы айтылған
Түрік қағандығы кезеңінен келе жатқан қағиданың басшылыққа алынғандығын
байқаймыз. Қазақ Хандығының алғашқы әміршісі Керей хан болғаны тарихтан
белгілі. Одан кейін Керейдің шөбере інісі Жәнібек хан тағына отырды.
Жәнібектен кейін хан тағына оның баласы емес, аға баласы ретінде Керейдің
ұлы Бұрындық отырды. Бұрындықтан кейін ғана (арада аз уақыт Жәнібектің
үлкен ұлы, Қасымның ағасы Әдік хан болатыны бар) Қасым ел билігін қолына
алды. Тарихта Жәнібек ханның тоғыз ұлының да қол бастаған батыр, ел билеген
сұлтан болғаны, ағайынды тоғыз сұлтан бүкіл қазақ елінің айбарын асырып,
абыройын көтергендегі айтылады.

Бұрындық хан тұсындағы Қазақ Хандығы

Сыр бойы қалаларының көпшілігі Жәнібек хан кезінде-ақ Қазақ хандығына
қаратылған болатын. Бұрындық хан өзінің сенімді серігі, ержүрек әскербасы
Қасыммен тізе коса отырып, бұрышты Көк Орда иелігіндегі аймақты түгелімен
өзіне қаратып алуға тырысады.
Бүл жерде Көк Орда, Ақ Орда атаулары және олардың аумақтары туралы
оқырманға М.Мағауинге сүйеніп қысқаша түсінік берсек: ХІІІ ғасырдың 40-шы
жылдарында ту көтерген ежелгі түрік жұртының қыпшақ тектес руларын
біріктірген ұлы мемлекет Алтын Орда Алтайдың сауырынан Дунайдың етегіне
дейінгі кең байтақ жерді - жарым дүниені алып жатқан алып мемлекеттің
Еуропалық бөлігі - оң қанат, ал Азиялық бөлігі сол қанат деп есептелді. Оң
қанат - Еуропалық бөлік Ақ Орда деп аталады да, сол қанат - Азиялық бөлік
Көк Орда деп аталады. Көк Орда шығыста Жетісудің, батыста Еділге дейінгі
созылып жатқан ұлан байтақ Қыпшақ даласын қамтыды. Көне түрік тілінде аң
сөзі — батыс, ал көк сөзі — шығыс деген мағынаны білдіреді. Кешегі кеңес
кезеңіндегі тарихи деректерде осы екі орданың аттарының орнын ауыстырылып
айтылуына жол беріліп келді.
Көк Орданың ежелгі астанасы Сығанақ, қасиетті Түркістан, ежелгі
Отырар, атақты Сауран, Сайрам қамалдары, халықаралық сауда жолы - Жібек
Жолы бойындағы ірі сауда орталықтары Қазақ Хандығы иелігіне өтті. Бұларды
қайтарып алу мақсатымен Мұхамед Шайбани хан (Көк Орда ханы, Әбілхайырдың
немересі) күш жинай бастады. Кезінде -Ақсақ Темірдің иелігінде болған Орта
Азияның бір бөлігін, Ауғанстан мен Қорасанды жаулап алған Шайбани, күшін
топтап, Қазақ Хандығына кезекті шабуылын дайындады. Тарихи деректерде
Шайбани ханның Қазақ Хандығына төрт рет шабуыл жасағаны айтылады.
Қазақтарды үлкен шығынға ұшыратқаны—Шайбани ханның 1509 жылғы жорығы. Жер
бедеріне қанық әр маусымдағы елдің орналасу жағдайын жақсы білетін олар
қазақтарға үнемі қыс кезінде, ел қыстауда, жұрт арасындағы қатынас қиын
болатын кезеңге сәйкестен шабуыл жасап отырды. Қақаған қыста Сырдарияның
көкше мұзынан тікелей өткен жүз мың әскер қазақ елін тежеусіз тонап, елге
зор шығын әкелді. Қазақ қолы елін табандылықпен қорғады.
Бұрындық ханның өзі бастаған қазақ сарбаздары бұл ұрыста ерліктің
небір үлгілерін көрсетіп, елін жаудан қорғап қалды. Негізгі күш жау қолына
қарсы ұтымды орналастыру, күштің ара салмағын саралау, күтпеген жерден аз
күшпен шабуылға шығып нәтижеге жету, тиімді қорғана білу сияқты әскерін
істе, сал жорықтарда жоғары тәжірибелік танытқан Қасым өз елінде үлкен
беделге ие болды. Тарихшы Фазлаллах ийн Рузбехан Михманнама-и-Бухара атты
тарихи кітаптың авторы, осы жорықта Шайбани әскерінің құрамында соғыска
қатысқан) қазақтар туралы былай деп жазған: Бұл қазақтар — өздерінің
қайтпас ерлігімен де, қуат-күшімен де бүкіл әлемге танылған халық. Жаудың
саны басым болған жағдайда қазақтар бала-шагасын, дүние-мүлкін ортаға алып,
қару ұстайтындары дөңгелене шеп құрады. Содан соң бар жарағын жұмсап, өткір
қылыштарын сілтеп, екпінмен, ерлікпен қайтпай соғысады. Егер қазақтар шеп
құрап үлгерсе, қандай жауға да дес бермейді.
1510 жылдың қысында Шайбанидың Ұлытау бағытында жасаған шабуылы Қасым
қолының темір қыспағына тап болып, күйрей жеңіледі. Сөйтіп, Қазақ Хандығы
Сыр бойы қалаларының көпшілігін өзіне қаратты.

Қасым ханның қысқаша өмірбаяны

Қасым хан [шамамен 1445 — 1518 (1523)] — қазақ ханы (15031511 —
15181523), Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі — Жәнібек ханның
баласы. Шешесі Жаған бегім Мұхаммед Шайбани ханның інісі Махмуд сұлтанның
шешесінің туған сіңлісі. Қасым ханның ішкі және сыртқы саясаты, ел басқару
әдісі, т.б. жөнінде мәліметтер өте аз. Жазылған еңбектердің бәрі М.Х.
Дулаттың “Тарихи Рашиди” атты шығармасына сүйенеді. Мұхаммед Шайбанидың
қазақ билеушілеріне қарсы соғыстары туралы деректемелерде Қасым ханның
есімі алғаш рет аталады және оған “белгілі сұлтандар мен бахадурлардың”
бірі деген баға беріледі, “Бұрындық ханның атты әскерінің жетекшісі” екені
атап көрсетіледі. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, шет жерде
дүние салады да, Қасым хан билікті біржолата өз қолына алады.
Қасым хан билеген кезеңде қазақтар мен Шайбани әулеті арасында
Сырдария маңындағы қалалар үшін қақтығыстар мен соғыстар одан әрі жалғасты.
1510 жылдың қысында Шайбани хан әскері Ұлытау бөктерінде отырған Қасым хан
ұлысына шабуыл жасады. Оларға күшті тойтарыс бере алмайтынын білген Қасым
хан шегініп кетті де, тұтқиылдан шабуыл жасап, дұшпанын тас-талқан етті.
1513 ж. Қасым хан Қараталда отырған кезде Сайрам билеушісі Қаттабек қаланы
Қасым ханның билігіне берді де, оны Ташкентті билеп тұрған Шайбани Сүйін
Қожаға қарсы аттануға көндірді. Сол жылы жазда Моғолстан ханы Сұлтан Сайд
Ташкентке бірлесіп жорық жасауды ұсынды, алайда Қасым хан бұл соғыстан бас
тартты. 1515 ж. Сұлтан Сайд Шығыс Түркістанға кеткен соң қазақ хандығының
Жетісудағы билігі нығая түсті. Батыста оның қол астына Ноғай Ордасынан
кеткен рулар мен тайпалар келіп қосылды. Хандықтың шекарасы оңт-нде
Сырдарияға дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың едәуір бөлігін, солтүстік-
батысында Жайық өзені аңғары мен солтүстік-шығысында Ұлытау және Балқаш
көлінен өтіп, Қарқаралы тауларының сілемдеріне дейін кеңейді. Халқының саны
1 млн. адамнан асты. Оның тұсында қазақтар Батыс Еуропаға дербес этникалық
қауым ретінде танылды. Қазақ хандығының орыс мемлекетімен елшілік байланысы
басталды. Қасым хан билігінің соңғы жылдарында қазақ билеушілері мен
шайбанилердің өзара қатынастары шиеленіскен қалпында қала берді. 1516 — 17
ж. қыста Шайбани әулетінің сұлтандары күш біріктіріп, қазақтарға қарсы
жорыққа шықты.
Қазақтардың “Қасым ханның қасқа жолы” дейтін белгілі заңдары Қасым
ханның есімімен байланыстырылды. Мұхаммед Хайдардың жазуы бойынша, Қасым
хан 1518 ж. өлген. Ал Тахир Мұхаммед “Рузат ат-Тахирин” атты еңбегінде
Қасым хан 152324 ж. өлген деген дерек келтіреді. Қыдырғали Жалайыридың
айтуынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қайтыс болған.

Қасым хан тұсындағы Қазақ Хандығы

1511 жылдан Қасым хан өмірінің хандық дәуірі басталады. Оны халқы
ежелгі түркі дәстүрі бойынша ақ киізге отырғызып, хан көтерді. Қасым хан
алғашында-ақ көрші елдермен қарым-қатынасты күш қолданумен емес, ақыл-
парасатпен, өзара-келісіммен шешу жолын ұстанды. Жарты ғасырдай ел қорғау
жолында қолынан қылыш түспеген қазақ жасағы, әрине, бейбіт өмірді аңсаулы
еді.
Мұхаммед Шайбани хан 1510 жылдың соңында қайтыс болды. Түстік жақтағы
көршілерден Қазақ Хандығына төніп тұрған қатер көріне қоймаған соң, олардың
өз іштерінде елеулі қозғалыстар етек алды. Парсы шахының қолдауымен Бабыр
(Аксақ Темірдіа ұрпағы) Мауреннахрды басып алды. Бірақ шайбанилықтар
Бабырды бүл орыннан 1512 жылдың көктемінде тез-ақ ығыстырды. Осы қарбалас
кезінде, Қасым хан күш жұмсамай-ақ, қала әмірі Қаттабектің келісімімен
Сайрам қаласын өзіне қосып алады. 1513 жылы Қазақ Хандығының Шу бойындағы
Ордасына одақтасу ниетімен келген шағатайлық Сұлтан Сайд ханның өз
көздегені бар болатын. Ол Қазақ Хандығымен күш біріктіріп, өз жерлерін кері
қайтарып алу. Сол кезеңдегі тарихи жағдайды қадағалап, күштің ара салмағын
бағамдап отырған Қасым хан Сайд ханмен бірте Ташкентке шабуылға әр түрлі
сылтаулармен бара қоймайды. Онымен одақтасудан да бас тартпайды. Қазақ
Хандығында кеткен жерлерін қайтарып алу ниетімен шайбанилық сұлтандар 1516-
1517 жылдың қысында үлкен дайындықпен шабуыл жасайды. Бұл шабуылдың
басталуы женінде Зайн-ад-дин Васифи естеліктерінде болғанымен, оның
нәтижесі туралы мәліметтің жазылмағандығынан тарихшы Б.Кәрібаев
шайбанилықтар Қасым ханнан жеңіліс тапқан деп болжайды.
1518-1521 жылдарда тарихи деректерде Қасым ханның елдің батыс
шекараларын реттеу ісімен айналысқаны айтылады. Бүл жылдары Қазақ
Хандығының батыс шекарасы ноғай елімен шектескені тарихтан белгілі. XVI
ғасырдың бастауында-ақ, Ноғай Ордасы ауыр дағдарыста болатын. Билік
басындағы баяғы ел қамын жеген Едігенің ұрпақтары ұсақтап, тақ үшін өзара
тартысып, ақыры бір-біріне бағынбайтын дербес ұлыстарға бөлініп кеткен-ді.
Ноғай хандарының бұдан әрі елін, жерін өз күшімен сақтап қалар мүмкіндігі
жоқтығына көзі жеткен Қасым хан орыстардан бұрын қамданды. Ол 1519 жылы
ноғай мырзаларын Еділдің оң жағасына ығыстырып, Қазақ Хандығының батыс
шекарасын Астархан хандығымен шектестірді.
Қасым хан Қазақ мемлекетін күшейтуді, оның жерін кеңейтуді және ұлт
санын көбейтуді мақсат етті. Оларды абыроймен орындады да. Қасым тұсында
Қазақ Ордасы жері бұрынғы Көк Орда жерінен де кеңейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Бұрындық және Қасым хандар билеген кезеңдегі қазақ хандығы.
Қасым хан (1511-1518 ж. ж. билік құрған)
Қазақ этнонимінің пайда болуы
Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы туралы ақпарат
Қасым хандығы
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
Батыс Қазақстанның ортағасырлық қалалары
Қазақ хандығының негізін қалаған хандар
Пәндер