ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӨРЛЕУІНДЕГІ ҚАСЫМ ХАННЫҢ РӨЛІ
ЖОСПАР
1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӨРЛЕУІНДЕГІ ҚАСЫМ ХАННЫҢ РӨЛІ 2
2. XVI ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ БИЛЕУШІЛЕРІНІҢ МАУАРАННАХРДЫҢ
ӨЗБЕК ХАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ 6
ӘДЕБИЕТТЕР 15
1. ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ӨРЛЕУІНДЕГІ ҚАСЫМ ХАННЫҢ РӨЛІ
Қазақ хандығының негізін салушылардың бірі Жәнібек ханның ұлы
Қасым 1445 жыл шамасында туған; 1513 жылы күзде Шу өзені жағасында онымен
Шағатай ұрпағы Саид хан арасында жүздесу болған кезде, олардың замандасы
Мырза Хайдар Дуғлаттың айтуына қарағанда, Қасым ханның жасы алпыстан асып,
жетпіске жақындаған еді. Оның Жаһан бегім есімді анасы Шайбани ханның
бауыры Махмұд сұлтанның шешесінің туған сіңлісі болатын. Уақыт қастерлі
қасиетке айналдырған үлкенге бағыну дәстүрін ұстанған нағыз дала ұлы
ретінде Қасым сұлтан әкесінің үлгісі бойынша бастапқыда барлық жағынан
Бұрындық ханның айтқанынан шықпай, бас иіп жүрді деп жазады Мырза Хайдар.
Шынында да, Шайбани ханның қазақ билеушілерімен XV ғасырдың 80-жылдарындағы
соғыстары суреттеуге байланысты деректемелерде Қасым сұлтан Қыпшақтың
белгілі сұлтандары мен даңқты баһадүрлерінің бірі және Бұрындық ханның
атты әскерінің басшысы болған. Жұрттың пікірі адамды билікке лайық деп
тапса, көбінесе биліктің өзі қуып келетіні қашаннан белгілі. XVІ ғасырдың
басына қарай Қасым сұлтанның жеке билігі қатты күшейді. Қасым сұлтанның
күшеюін оның ағасы Әдік (Атик) сұлтанның Шайбани хан 1503 жылы Ташкентті
басып алғаннан кейін көп ұзамай қайтыс болуымен байланыстыратын Мырза
Хайдар Жәнібек хан ұлы жағдайынын нығаю себептері жайлы ешнәрсе айтпайды.
Бұл деректерді біз Махмұд ибн Уәлидің Бахр әл-асрар деген шығармасынан
табамыз, ол Шайбани ханның 1504 жылғы көктемнің басындағы Әндіжанға жорығын
суреттей келіп, былай деп хабарлайды: Бұл кезде Қасым хан маңғыттардан
көмек алып, солардың қолдауымен бүкіл Қыпшақ даласында үстемдікті қаратып
алды, сөйтіп оның Ташкент пен Түркістан шегіне шапқыншылык және шабуыл
жасауына мүмкіндігі болды1.
Қасым сұлтан хандықтағы билік пен инициатива іс жүзінде өз қолында
екенін білгенімен, көреген саясатшы ретінде ол сақ болды, жағдай мәселенің
шешілуін тездетуге мүмкіндік беретін жерде шыдамдылықпен аңысын аңдай
білді. Мырза Хайдардың айтуынша, І510 жылы шайбанилер Қасымның ұлысына
шапқыншылық жасаған кезде-ақ оның билігі жоғары болғаны сонша, Бұрындық
хан жөнінде ешкім ойына алмаса да, ол әлі хан атағын алмаған еді. Бірақ ол
(Қасым) Бұрындық ханға жақын жүргісі келмеді, өйткені жақын жүріп,
тиісінше құрмет керсетпесе, ханға карсы шыққандық болар еді, ал оған
бағынуды жаны қаламады, сондықган да ол Бұрындық ханнан аулақ жүруге
тырысты.
Хандықтағы аса ықпалды екі адамның бақталастығы сайып келгенде
құдіретті де жігерлі сұлтанның жеңіске жетіп, бар беделінен айрылған ханның
қуылуымен аяқталды. Ерте дегенде 1511 жылдың күзінде Бұрындық хан
маңайындағы бір топ адаммен бірге Мауараннахрға кетті. Хандықта жоғарғы
билік Жәнібек ұрпағына көшті, олардың ішінде бірінші болып оның ұлдарының
ең дарындысы Қасым сұлтан хандық құрды.
Бұрыңдық ханның Шайхым, Санжар-Жаһан, Жаһан-Бақты, Кімсін деген төрт
ұлы және бірнеше қызы болған. Оның Дәдім ханым деген бір қызы Жәнібек
ханның немересі, болашақтағы қазақ ханы Шығай сұлтанға ұзатылған. Басқа
үшеуі XV ғасырдың 90-жылдарында Шайбани ұрпақтарына: біреуі — Мұхаммед
Шайбани ханға, екіншісі— Шайбани ханның інісі Сұлтан Махмұдқа, үшіншісі
Шайбани ханның ұлы Темір сұлтанға күйеуге берілген еді. Михр Сұлтан ханым
деген соңғысы Самарқандта тұрған және сақталып қалған вақфтық құжаттардан
көрінгеніндей, ірі меншік иесі болған. Бодандары безген Бұрындық хан міне
соған барған. Оның бұдан кейінгі тағдыры бізге белгісіз, сірә, ол жат жерде
жүріп өлген болса керек.
Алайда, Түркістан мен Мауараннахрдағы саяси өмір оқиғаларына оралайық.
Шайбанилердің аяусыз жеңіліс табуы және ең бастысы, қазақ әміршілерінің
жауап ретінде басып кіру қаупі Шайбани ханды қазақтар көшіп жүретін
қоныстарына шекаралас иеліктерін күзету үшін жауынгерлік қосындар ұстауға
мәжбүр етті, олар тіпті мемлекетке қатерлі қауіп төнген кезде де өздеріне
сеніп тапсырылған аудандардан кетпейтін еді. Мәселен, Хорасанда болған
кезінде Шайбани хан жаңа парсы мемлекетінің негізін қалаушы Исмаил шахтың
аттанысқа шыққаны туралы хабар алып, дереу Түркістанға, Ташкентке,
Әндіжанға және басқа аймақтарға жаушылар жіберіп, облыстардың билеушілері
мен сұлтандары өз қосындарымен бірге күш қосу үшін дереу Мервке келуді
талап еткен. Бұйрыққа сәйкес әрқайсысы өз иқталарынан аттанып кетті,—деп
жазады Бахр әл-асрардың авторы, — бұған Көшім хан қосылған жоқ, ол қазақ
Қасым ханның шабуыл жасау қаупін төндіруі себепті Түркістанда қалып қойды.
Иран шахы Исмаил әскери айлакерлікпен қақпанға түсірген Мұхаммед
Шайбани ханның Мерв түбінде қаза табуының (1510 жылғы қараша) егжей-тегжейі
және содан кейін өзбек ханы әскерлерін қызыл бастардың талқандағаны,
Бұхарада, Самарқандта және Түркістанның бірқатар қалаларында биліктің
бірсыпыра уақыт Темір ұрпағы Бабырдың қолына көшкені, Әбілқайыр хан
ұрпақтарының Ясыға кеткені жақсы мәлім.
Бұл жағдайларды Қасым хан өзінің Оңтүстік Қазақстанда билігін нығайту
үшін пайдаланып қалуды қалт жіберген жоқ. Көп кешікпей Сыр өңірінің ең
оңтүстіктегі қаласы Сайрам қазақ ханының қол астына көшті, сөйтіп ол
Ташкентті қаратып алуға әрекет жасады. Бұл мынадай жағдайларда болған еді
1512 жылы Шайбани ханның немересі Убайдолла сұлтан Құл-Мелик маңындағы
шайқаста Бабырды жеңіп шықты; Бабыр Кабулға қайтып барып, сонан соң одан
әскерімен Үндістанға аттанды, ол онда Ұлы Моғолдар мемлекетінің негізін
қалады. Қашып кеткен Бабырдың Сайрамдағы әкімі Қаттабек шайбанилер әскеріне
қарсылық көрсетті, алайда қаланы ұстап тұруға күші жетпей, оны қазақ ханына
бермекші болып шешті. 1513 жылы ерте көктемде, Қасым хан Қараталда
(Жетісуда) болған кезінде оған Сайрамның бір топ атақты қала тұрғындары
барып, оны Қаттабектің атынан қалаға кіруге шақырды. Ұсыныс қабыл алынды.
Қасым хан Моғолстан шекарасындағы өз қонысынан ірге көтеріп, Талас алқабы
арқылы Түркістанға асығыс аттанды да, өз жақындарының бірін бұрынырақ
жіберді, Қаттабек Сайрамды соған берді. Қаттабек Қасым ханды Ташкент
билеушісі Шайбани ұрпағы Сүйінші-Қожаға қарсы аттануға көндірді. Қасым
хан, — деп жазады бұдан әрі Мырза Хайдар өзінің Та'рих-и Рашиди деген
еңбегінде, — сансыз көп әскермен Ташкентке аттанды. Сүйінші хан Ташкент
бекінісіне бекінді. Қасым хан Ташкент бекінісіне барып, оның алдында бір
түн тұрды. Сонан соң ол Ташкент төңірегін тонап, қолға түскеннің бәрін алып
кетті. Одан әрі ол Сайрамның төңірегіне жақындап, мүлік пен мал санын
есептеумен айналысты.
Зубдат әл-асардың Шайбани ұрпағына ниеттес
авторы Қасым хан мён Сүйінші-Қожа хан қақтығысьшың басқа бір нұсқасын
келтіреді. Қасым хан, — деп жазады ол, — Дешті Қыпшақгың әміршісі болатын.
Ол қазақтар мен маңғыттардан тұратын әскерімен Түркістан мен Ташкентке
жорық жасап, бірнеше қорғансыз адамды тұтқынға адды. Қасым хан Ташкентке
жақындап келгенде, Сүйінші-Қожа хан оған әскерімен қарсы шықты. Қиян-кескі
шайқас болды; Қасым хан атынан құлап түсті, бірақ қызу шайқас үстінде
қарсыластары ханды танымай, оның өмірін осы жағдай сақтап қалды. Нөкерлері
оған дереу ат тауып берді; Қасым хан тізгінін Дешті Қыпшақ жағына бұрды.
Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың айтуынша, моғолдар ханы Сұлтан Саид Қасым
ханның Ташкентке аттанғанын естіп, онымен бірлесіп қимылдау үшін қалаға
жетуге асыққан. Ферғана мен Ташкент уәлаяттарының арасындағы Кендірлік
деген тау асуында Қасымның қайтып кеткені туралы хабар алған Саид хан
Ташкентке жалғыз барудан бас тартып, кері қайтқан. Сол 1513 жылы күзге
қарай ол Шу өзеніндегі Қасым ханға барып, қазақтар ханын Шайбани
ұрпақтарына жаңа жорық жасау қажет екеніне көндірмекші болды. Бірақ Қасым
сыпайы түрде бас тартты.
Мерв жеңілісінен кейін болған оқиғалардың барысында Шайбани ханның
ұлан-байтақ мемлекетінің орнында екі мемлекет: біреуі басты қаласы
Самарқанд, содан соң Бұхара болған Мауараннахр және орталығы әуелі Үргеніш,
сонан соң Хиуа болған Әбілқайыр ханның ұрпақтарына тәуелсіз Арабшах (ол да
Шайбани) ұрпақтарының хандығы құрылды. Шайбани хан қаза тапқаннан кейін
және Сүйінші-Қожа сұлтан аз уақыт хандық құрғаннан кейін Мауараннахрдың
жоғарғы билеушісі болып Әбілқайыр ханның ұлы қартайған Көшім сұлтан
жарияланды, ол ешқандай талантымен көзге түспеген адам және аты ғана хан
болды.
1514 жылдың көктемінде Шағатай ұрпағы Саид хан Жетісудан шығып,
шамамен 5000 адам болатын қосынымен Қашғарияға басып кірді. Онда дуғлат
әмірлерімен күресте жеңіп шығып, Шығыс Түркістанда орталығы Жаркент болған,
жергілікті авторлардың тарихи хроникаларында Могулийе, Мамлакат-и могулийе
— Моғол мемлекеті деп аталған жаңа мемлекеттің негізін қалады.
Орта Азиядағы осылайша өзгерген саяси жағдай, әлбетте, Қазақ хандығы
жағдайына да әсерін тигізді. XVІ ғасырдың екінші онжылдығында Қасым хан
қазақтың кең-байтақ далалық жерінде өз үстемдігін нығайтып алды. Бұл кезде
хандықтың шекарасы оңтүстігінде Сырдарияның оң жақ жағалауына дейін жетіп,
Түркістан қалаларының бір бөлігін қосып алды, оңтүстік-шығысында ол
Жетісудың тау етектері мен жазықтарының едәуір бөлігін қамтыды, солтүстік-
шығысында Ұлытау және Балқаш көлі өңірі арқылы өтіп, Қарқаралы тауларының
сілемдеріне дейін, солтүстік-батысында Жайық өзені аңғарына дейін жетті.
Қазақ хандығы сол кездегі халықаралық қатынастарға біртіндеп тартыла берді.
Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыстар жасаған алғашқы мемлекеттердің
бірі Ұлы князь III Василий (1505-1533) басқарған Москва мемлекеті болды.
Қасым хан билік еткен кезеңдегі Қазақ хандығының тарихы нақ сол жылдарда
қазақтардың Батыс Европаға дербес этникалық қауым ретінде белгілі болуымен
ерекшеленеді: Москвада бірнеше рет (1517 және 1526 жж.) болған австриялық
дипломат Сигизмунд Герберштейн қазақтар туралы өз жазбаларын қалдырған.
Қасым ханның билік еткен соңғы жылдарындағы қазақ билеушілері мен
шайбанилердің өзара қатынастарына келер болсақ, олар шиеленіскен және әсте
де бейбіт емес қалпында қала берді. Деректемелерге қарағанда, негізгі күрес
Ташкент төңірегінде жүрген; бұл уәлаяттың билеушісі Сүйінші-Қожа ханның
қазақтармен бірнеше рет шайқасуына тура келген. Айта кетелік, ол ғана емес.
Васифидің хабарлауынша, қазақтарға қарсы Көшім хан бастаған шайбани
сұлтандарының бірлескен жорығы жасалған, ол сірә, 1516-1517 жылдың қысында
болса керек.
Шайбанилердің Қыпшақ даласына бірлесіп жасаған бүл жорығы айтылған
уақытына қарағанда, тегінде, Қасым хан билік еткен соңғы кезеңге сәйкес
келеді.
Кейінгі авторлар әл-Ғаффаридің, Хасан бек Румлудың, Мунаджжим-башының
және басқаларының деректеріне қарағанда, Қасым хан хижра бойынша 930 жьшы
(1523-1524 жж.) қайтыс болған. Қасым ханнын, замандасы Мұхаммед Хайдардың
деректеріне қарағанда, бұл билеуші хижра бойынша 924 жылы (1518 ж.) өлген.
XVII ғасырдың басындағы автор Қадыралы бектің мәліметтері бойынша, Қасым
хан Сарайшық қаласында қайтыс болған; оның қабірі қазір де сонда. Алайда
соңғы пайымдау түсінік беруді керек етеді. Жайық аңғарындағы Сарайшық
қаласының Жошы ұрпақтары үшін шын мәнінде де екінші орталық ретінде маңызы
болған және онда Жошы тегінен тараған хандар жерленген: Әбілғазының
айтуынша, Алтын Орда хандары Жәнібек, Бердібек сонда хан тағына отырған;
Алтын Орда хандары Меңгу-Темір, Тоқтағұл, Жәнібек (XV ғасырда
Қазақхандығының негізін қалаушылардың бірі Жәнібек ханмен шатастырмау
керек. —Ред.) сонда жерленген. Алайда 1580 жылдар шамасында бұл қаланы орыс
казактары басып алып, жермен-жексен етіп қиратқан, тағылықпен еліктер де
моладан шығарылып тасталған. Демек Қадыралы бек өз кітабын жазған кезде
(XVII ғасырдың басында) қаланың өзі де, Жошы ұрпақтарының бейіттері де
болмаған. Ол кезде Ресейде тұрған Қадыралы бек бұл зұлымдыкты білмеген
немесе айтқысы келмеген.
Қасым ханның Мамаш және Хақназар деген екі ұлы болғаны мәлім, екеуі де
хан болған. Фольклор материалдарына қарағанда, бір қызы атақты ноғай
мырзасы Шайх-Мамайға күйеуге берілген. Оның екінші қызы (оның да есімі
келтірілмейді) Шайбани Убайдолла сұлтанға ұзатылған.Бинаи, Ибн Рузбихан,
Бабыр, Хондемир, Мырза Хайдар сияқты замандастарының пікірлеріне қарағанда,
Қасым хан жүйрік атты жақсы көрген, оларды жақсы айыра білген, әскери
талантымен, жеке басының ержүректігімен және өзгелерді өз соңынан ерте білу
қабілетімен көзге түскен; солардың айтуына сүйенгенде моральдық қасиеттері
жоғары, еліктеуге лайық адамның бейнесі көз алдыңа келеді. Тегінде, хан
билігі оның кезіндегіден ешқашанда сондай берік болмаған және қазақ
хандарының ешқайсысы Қасым хан сияқты адамдар санын өз билігіне
біріктірмеген, оның бодандарын замандастары миллионнан астам адам деген.
Қазақтардың халық аңызында Қасым ханның қасқа жолы ретінде белгілі
заңдардың жасалуы Қасым ханның есімімен байланыстырылады, ол заңдар сірә,
қағаз жүзіне түспеген болса керек және біздің заманымызға дейін жетпеген.
Қасым хан тұсында едәуір нығайғанына қарамастан, Қазақ хандығы дегенмен
де орталықтандырылған мемлекет болған жоқ. Бұл ол қайтыс болғаннан кейін
бірден байқалды, ол кезде сұлтандар мен басқа да феодалдардың оқшаулануы
айқын аңғарылып, өзара қырқыс басталды. Өзара қырқыстың теріс зардаптары
хандықтың жағдайына сыртқы саяси жағдайдың қолайсыз болуы кезінде ерекше
қатты әсер етті. Қазақ әміршілеріне қарсы моғол және өзбек хандарының одағы
құрылды.
2. XVI ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ БИЛЕУШІЛЕРІНІҢ
МАУАРАННАХРДЫҢ ӨЗБЕК ХАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ
Қазақ хандығының нығаюы, оның құрамында этникалық аумақтың бірігуі XVI
ғасырдың басында Бұрындық және Қасым хандардың билік ету кезімен
байланысты. Солардың тұсында мемлекеттік аумақ оның қазақтар мекендеген
этникалық шекаралармен толық дерлік сәйкес болатындай етіп кеңейтілді. Одан
кейінгі уақытта мемлекеттік билік айтарлықтай құлдырап, қазақ хандарына
қарасты аумақ қысқарады. Қазақтардың этникалық аумағының едәуір бөлігі
көрші мемлекеттер билеушілерінің — батысында өз бодандарын Сарысу мен
Сырдарияға дейін қоныстандырған ноғай мырзаларының және Қазақстанның шығысы
мен оңтүстік-шығысы қазақтардың жайылымдық жерлеріне үнемі шабуыл жасап
тұрған жоңғар тайшыларының қол астына түседі. Сібір хандығының
билеушілерімен әсіресе, XVI ғасырдың ортасында өз иеліктерін Қазақ
даласының аумағына жылжытқан Орыс мемлекетімен қатынастар күрделі болды.
XVI ғасырдың екінші жартысы Қазақ мемлекеті аумағының, бұрынғысы сияқты
қазақтардың этникалық аумағы шегінде тағы да ұлғаюымен сипатталады, алайда
оны толық біріктірген жоқ. XVI ғасырдағы сияқты, XVII ғасырда да
мемлекеттікті нығайту және қол астындағы аумақты кеңейту проблемалары
негізінен Оңтүстік Қазақстанның қалалары мен Жетісу жері үшін күреспен
байланысты болды. Жетісу жері XVI ғасырда Шығыс Түркістанның моғол
хандарынан және XVII ғасырда Жоңғар мемлекетінен ерекше кеп қысымға
ұшырады. Қазақ хандарьгаың қазақ рулары мен тайпаларының жерлерін қорғау
және қосу жөніндегі бүл күш-жігерінің бағыттылығын ең алдымен экономикалық
себептермен түсіндіруге болады. Қазақстан даласының көшпелі халқы үшін Орта
Азияның отырықшы-егіншілік аудандарымен шаруашылық байланыстарының, Сыр
өңірі қалалары арқылы жүзеге асырылған байланыстардың зор маңызы бар еді.
Жетісуда қазақ билеушілері өздерінің көшпелі бодандарының жерлерін қорғады.
Қазақтардың Түркістан (Сыр өңірі) қалалары үшін әуелі Темір
ұрпақтарына, содан соң Мұхаммед Шайбани хан мен оның мирасқорларына қарсы
екі ғасырға созылған күресі қазақ хандары тарапынан да, Мауараннахр
билеушілері тарапынан да зор табандылығымен және қатадцығымен ерекше болды.
Сыр өңірі қалалары қолдан қолға кешіп отырды. Қазақ хандарына бұл қалалар
Шығыс Дешті Қыпшақта өз билігін нығайту үшін олардың ішкі талас-тартыстарға
қарсы күресінде тірек пункттер ретінде керек болатын, ал өз жауларынан
жеңіліс тапқан кезде олар сол қалалардың дуалдарына тығылып паналайтын. Бұл
қалалар оларға өз қол астындағы хандықтың экономикалық күш-қуатын нығайту
үшін орталықгар ретінде керек болды: осы қалалар арқылы Орта Азия мен Шығыс
Түркістаннан далаға көшпелілерге керекті қолөнер мен егіншілік өнімдері
әкелінетін, олар малын және мал өнімдерін осыларға әкеліп сататын. Қалалар
әміршілерінің егіншілерден, қолөнершілерден алатын салықтүсімдері және
керуендері осы сауда орталықтары аркьілы Орта Азияға жүріп өтетін
саудагерлерден алынатын баж зор рөл атқарды. Қазақтар мекендейтін жерлердің
тарихи қалыптасқан жағдайлары мен географиялық ерекшеліктері мынадай
болатын: Сырдария алқабы, әсіресе Сырдарияның төменгі ағысы, Қаратау
баурайлары олардың қысқы қоныстары орналасқан жерлер еді, ал оларды бұл
аумақтың түйінді пункттері — қалаларды қолда ұстағанда ғана иелену мүмкін
болатын. Осының бәрі қазақ билеушілерінің Сырдария қалалары үшін күресте
табандылық көрсетуін түсіндіріп береді.
Мауараннахрдың билеушілері үшін бекіністері бар бұл аумақ әрқашанда
Шығыс Дешті Қыпшақ көшпелілерінің шапқыншылығына қарсы қорғанысты шеп болып
келді. Осы шекаралық мекендерге ие болып, оларға гарнизондарын орналастыру
арқылы олар көшпелілерді Мауараннахрдың отырықшы аймақтарына өткізбеуге
тырысты.
Көршілес екі мемлекетгің бір-біріне қарсы бағытталған осы агрессиялық
ниеттері табан тірескен күреске әкеп соғып, онда бір жағының сәтсіздіктері
оның жеңісімен алмасып және керісінше болып отырды. Екі ғасыр бойы қазақ
билеушілерінің мерейі үстем болып, Оңтүстік Қазақстанның жері мен қалаларын
уақытша болса да өз қолдарына қаратып алды.
Қалаларды иеленіп алу қазақ хандарын қырда да күшейтті. XVI ғасырда,
әсіресе Қасым хан, Хақназар хан мен Тәуекел хан табысқа жетгі, оның тұсында
Түркістан қалалары ғана емес, сонымен қатар Ташкент те Қазақ хандығының
құрамына қарады, Түркістан Қазақ хандығының астанасы болды.
Қазақ хандығының XVI ғасырда Орта Азиядағы Шайбани ұрпақтарының
мемлекетімен өзара қатынастары бұрынғысынша күрделі болып қала берді. Ол
қатынастарға Сыр өңірі қалаларын иелену жолындағы ұзаққа созылған күрес
негіз болды. Бұл ауданның қарастырылып отырған уақыттағы тарихы жалғыз осы
күреспен анықталған жоқ. Орта ғасырлардағы Қазақстан халқы көршілес Орта
Азияның отырықшы-егінші халқымен бейбіт қарым-қатынастар орнатты. Тату
көршілік қатынастар бейбіт экономикалық байланыстар арқылы жасалды. Көрші
халықтардың экономикалық укладының мазмұны мен ерекшеліктері олардың бір-
бірімен тығыз араласуын қажет етті. Қазақтар, көшпелілер көбінесе қалалық
қолөнер кәсіпшілігінің бұйымдарымен және отырықшы егіншілер өндіретін
өнімдерімен жабдықтауды қажет етті, өз кезегінде олар артық малы мен
көшпелі мал шаруашылықта өндірілген өнімдерін өткізуге мұқтаж болды.
Қазақстан мен Орта Азияның көршілес аймақтары халықтарының шаруашылық,
сауда байланыстары өзара мүдделлікке негізделген дағдылы құбылыс еді.
Шаруашылық байланыстар мәдени алмасуға,
материалдық мәдениет, тұрмыс элементтерін, шаруашылық дағдыларын, әдет-
ғұрыпты, заңдарды, қоғамдық өмір укладын, мемлекеттік құрылыс нысандарын,
әскери өнерді және т. б. алмасуға жетеледі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz