Дауылпаз баба – Қожаберген
Халықтың басына сұрапыл күн туып, ат ауыздықпен су ішіп, азамат етігімен су
кешкен кезеңде тоз-тоз болған елдің етек-жеңін жиып, басын құрап, халық
мүддесін қорғаған қаһармандар шыға бастады.
Олардың басты арманы халықтың бостандығы, азаттығы еді. Әр азаматтың
көкірек күйінішін, арман-тілегін дәл басып жырлаған Ақтамберді жырау:
Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екеміз!
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз,
Сауыт киер ме екеміз.
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз.
Жалаулы найза қолға алып,
Жау қашырар ма екеміз, —
дейді.
Дауылпаз баба – Қожаберген
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов "Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы тарих"
деген еді [Қараңыз: Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. А., 1989, 215-б]. Әлем
тарихы екіге бөлінеді: бірі - адамдар тарихы; екіншісі – табиғат тарихы.
Атақты тарихшы Плутарх өзінің "Жизнеописания" деген еңбегінде: "Біз тарих
емес, өмірбаян жазамыз" деуі осыдан [Қараңыз: Плутарх. Избранные
жизнеописания. В двух томах. М., 1990, т.1, 7-б].
Адам баласы жаратылғаннан бері 70-80 млрд. халық өмір кешті. Бірақ,
олардың баршасының өмірбаянын жазу керек пе? деген сауал туады. Менімше
жоқ. Жазылған да емес. Қазақ айтады: "Әкеден ұл туады, бірі кейін кете
туады, біріне өзіңе жете туады, енді бірі өзіңнен өте туады". Тарихшы кейін
кете, не жете туғанын, басқаша айтқанда өмірге келгеніне риза болғандарын
жайына қалдырып, әкеден өте, аса туғанына көңіл бөлуі керек.
Дана қазақтың "Әкеңнің баласы болма, адамның баласы бол!" дегенде, осы
атадан оза туған баланы айтса керек. "Е, құдайым, бала бер, бала берсең
дана бер, олай болмаса бір-бірлеп ала бер!" деп тілеуі де осыдан.
Ұлт перзенті – Азамат. "Халық басына қайғылы күндер туған заманда
қайрат көрсетпеген азамат – азамат емес" дейді А.Байтұрсынов.
"Қаптаған қара бұлттай торлап, түрлі пәле халық басына орнап, не
қыларын біле алмай, ақылынан адасып, жұрт алақтап азаматын іздеген шақта,
бар шырағын жақпай, бар қайратын сарп қылмай, өз басының амандығымен болып,
ұранға шаппаған азамат, ол халық алдында жоқ азамат, не оның жаны бар
болғанымен жануарлықтан шықпаған азамат. Не қызатын қанын, ашитын жанын
басының пайдасына, бастықтық орынға, патшаның аңғамына сатқан азамат
болады" дейді Темірше (Ақсақ Темір)..
Ұлт мүддесіне өмірін арнаған жандар – батырлар. Ахмет Байтұрсыновтың
айтуынша "батырлар турасындағы әңгіме - халықтың жаны, рухы турасындағы
әңгіме. Батырлары қандай болса, халықтың рух жағы да сондай болған"
[Қараңыз: Ахмет Байтұрсынов. Шығармалары. А., 1989, 236-б].
Тәуелсіздік заманасында ғасырлар бойы бодан болып, мүсәпір болған
басымыз еркіндік алды. Ата тарихына үңілді, ана тіліне сүйінді, өзінің
мәңгүрт болған болмысына күйінді. Біз он жыл бойы ата тарихын саралап,
тарих қойнауын аралап, ұлыларымызды даралап жатырмыз. Осы тұста бірнеше
қағиданы ұстанғанымыз дұрыс сияқты. Біріншіден, біздің аруағына сиынатын,
мұрасына жылынатын бабамыз - ұлттық тұлға болуы керек: ауыл-аймақ, ру,
тайпа төңірегінен аспаған, буырқанып-бұрқанып жау аптығын баспаған, ұлтына
деген сүйіспеншілігінен туындаған мұрасын шашу етіп шашпаған ата-
бабаларымыздың ұйқысын бұзбағанымыз абзал. Екіншіден, ата-баба аруағы
ойыншық емес. Ұлылар бір ауылдың, облыстың, тайпаның еншісі емес. Егер біз
Қаракерей Қабанбайды тек найман болып, Қанжығалы Бөгенбайды тек арғын
болып, Қожаберген жырауды тек керей болып, Баян батырды тек уақ болып,
Қарасай батырды тек шапырашты болып тойласақ - ол ұлттың өскені емес,
өшкенінің белгісі.
Үшіншіден, аруаққа табыну – науқан емес. Ұлылар, олардың мұрасы тәрбие
ісінде үздіксіз араласуы үшін оларға деген көңіл-пейіл, ықылас та үздіксіз,
үзіліссіз болуы керек. Қожаберген жырау туралы дабыл 1993 жылы маусымда
қағылып еді. Шаймұрат Смағұлов деген азамат "Халық кеңесі" газетінің үш
санында батыр бабасының юбилейін өткізуге үндеу тастағанды. Алайда ол
дабылды еститін құлақ, елейтін көңіл табылмады. Бұл қазақтың жайбасарлығы
ғана емес, әлі де болса рулық, тайпалық идеологияның жетегінде екендігін
байқатады. Ұлылар туралы ісімізде жүйеліктен гөрі науқандықтың, кешегі
Кеңес заманасындағы шолақ белсенділіктің табы барын жасыруға болмайды.
Пендешілікті қойып, әділдігін айтсақ, ата тарихын таразылауда қол
жеткен табысымыз аз емес. Соңғы он жылда Абылайхан қазақ тарихының есігінен
төріне шықты. Алаштану туы көтерілді. Көкірегі басылып келген Абайтану
тұлғаланып әлемдік аренаға шықты. Әуезовтану, Сәтпаевтану қалыптасты. Бұқар
баба сайын даланың данасы ретінде танылды. Дала өркениетінің тарихын
әлемдік тарихтың құрамды бөлігіне айналдырып таныту басталды. Бүгін біз күн
тәртібіне Қожабергентануды қойып отырмыз. Осы тұста тарихқа түсер сауал
бар: "Қожаберген кім, оның Отан тарихындағы орны қандай? Тұтас бір
Қожабергентану саласын қалыптастырудың негізі бар ма, құлашымызды бекерге
сермеп жатқан жоқпыз ба?".
Ендеше осы сауалдарға жауап іздеп көрейік, ағайын!
Қожаберген батыр, баһадүр, көрнекті мемлекет қайраткері, дауылпаз
жырау, замана дүлділі – оның өмір жолы қазақ тарихымен сабақтас. Тарихи
әдебиетте басы ашылмай келе жатқан бір проблема: "Қазақ-қалмақ соғыстарының
қанша уақытқа созылуы". "Жоңғар хандығының қазақ жеріне жойқын шапқыншылығы
1710-1711 жылдары басталды" дейді зерттеушілердің бірі [Қараңыз: Байдосұлы
З. Ұлы ғасыр перзенттері. А., 1997, 27-б]. "Воспользовавшись таким сложным
международным положением и подстрекаемые недоброжелательными соседями,
джунгары калмыки осуществляли постоянные набеги и на казахские земли в 1599-
1750 гг. в течение 150 лет" дейді тарихшының екіншісі [Қараңыз: Абдакимов
А. История Казахстана. Астана, 1997, 27-б]. Бұл арада мен ол тарихшыларды
жазғырудан аулақпын. Бірі қазақ-қалмақ қарама-қарсылығының ең күшейген
тұсын айтса, екіншісі - қазақ-қалмақ соғыстарының жүйелі, үзіліссіз кезеңін
меңзейді. Бірақ бұл пайымдаулармен мәселе бітпейді. Екі ұлы империяның
қыспағында қалған екі жауынгер түркі тектес халықтар аспан астында бір-
бірімен жер үшін, жайылым үшін, "өмірлік кеңістік" үшін, Орталық Азия
даласы үшін ойраттардың Моғолстан аймағына алғашқы жаугершілігі ХҮI
ғасырдың аяғынан басталады. Ойраттар – Монғол имприясы Үгедей ұлысы
монғолдардың батыс бұтағы. Олар ХҮ ғасырда "Шығыста Хангай тауларының батыс
бөктерлеріне, оңтүстікте Гоби құмдарына, батыста Моғолистанға, солтүстікте
Ертіс пен Енисейдің жоғары ағыстарына" барып шектелетін ұлан-байтақ
жерлерді иеленді [Златкин И.Я. История Джунгарского ханства (1635-1758).
М., 1964. 42-б]. Оларды көршілес түрік және парсы тілді қалмақтар,
монғолдар "жоңғар" ("сол қанат") деп атады. Уәйіс хан 1422 ж. астанасын
жаулап алған Турфан қаласы етсе де 1418-1428 жж. қалмақтардың 61 шабуылына
кезікті, астанасын Iле жағасына Iлебалық мекеніне Жетісуға ауыстырды. ХҮ ғ.
30-шы жылдары жоңғарлар Ыстықкөл төңірегіне жетті деп жазады Мырза Мұхаммед
Хайдар Дулати, ал Есен тайша кезінде 1452 ж. Шу өзенінің жағасына жетті,
1457 ж. Ортаңғы Сырдария алқабын тонады. Әбілқайыр хан қалмақтардың әскери
қолбасшысы Үз-Темір тайшымен бітімге отырып, өзін ойраттарға тәуелдімін деп
таныды [Бұл да сонда, 65-б; Қазақстан тарихы. Бестомдық, т.2. А., 1998. 152-
153-бб.]. Бұл туралы деректерді Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и-
Рашиди" еңбегінен (45,194,375,522 бб.) кездестіруге болады. ХҮII ғ. 30-
жылдары торғауыттар Еділ өңіріне орналасып, тәуелсіз ел болды. Қалмақтардың
азын-аулақ қоныстары Солтүстік, Орталық Қазақстанға дейін орналасты (Сарысу
өзені бойында). ХҮII ғ. аяғында олар қазақты Жетісудан тықсырды. ХҮIII ғ.
қазақ енді өз жерін ғана қорғау емес, өз тәуелсіздігі үшін күресуге мәжбүр
болды. "Ақтабан шұбырындыдан" кейін Ұлы жүз және Орта жүздің бір бөлігі
Жоңғорияның суверендігін мойындады. Ендеше қазақ-қалмақ соғыстары ХIҮ ғ.
басталып, 1771 жылға дейін созылды. Үздік-создық, бірде шабысып, бірде
алысып, түркі тектес екі халық үш жүз алпыс-жетпіс жыл шамасы өзара
қырқысты.
Қожаберген бабаның жеті атасы осы үш жарым ғасырлық қазақ-қалмақ
соғыстарын өз бастарынан өткізген қаһармандар.
Тарихи, көркем әдебиетте "қазақ-жоңғар соғысы кезінде жаңа әлеуметтік
топ - батырлар қалыптасты" деген тұжырымдама кездеседі. Менімше бұл жаңсақ
пікір. Евразия сахарасындағы көшпелі, жартылай көшпелі елдерде өркениет
дамуы Египет, Греция, Вавилония, Қытай, Үнді мәдениеттерімен салыстырғанда
екі есе баяу болғаны белгілі. Оған А.Байтұрсыновтың 10 мақаладан тұратын
"Шаруашылық өзгерісі" деген еңбегінде көрсеткеніндей, көп факторлар септік
жасайды. Соның бірі – жаугершілік. Ал, жаугершілік, соғыс жасампаздықтың
қас жауы. Қазақ жеріне қызығушылық ғасырлар бойы жан-жақтан үзілген емес.
Елін, жерін қорғаудан босаған кезде ата-бабаларымыз өздері де жаугершілікті
кәсіп еткен. Ендеше батырлық, қол бастау – олардың ата өнері. ХҮIII ғ.
қазақта батыр деген әлеуметтік топ пайда болған жоқ, ол қазақ-жоңғар
жаугершілігіне байланысты қайта жаңғырса керек.
Шоқан Уәлиханов өзінің "Абылай" атты еңбегінде "В предании киргизов
Абылай носит какой-то поэтический ореол, век Аблая у них являются веком
киргизского рыцарства" деп жазуы осыдан [Валиханов Ч.Ч. Собр.соч. в 5-
томах. А., 1985. т.4, 116-б.].
Кейбір әдебиетшілер Шоқанның "век рыцарства" дегенін "ерлік пен
серілік заманы" деп аударыпты. "Елім-ай" дастанында:
Бұл заман болды елге қиын заман,
Шіріткен тамам елдің миын заман.
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қағынды қазақ үшін биыл заман, - деп бағалап еді. Ендеше сонау ХҮIIIғ.
қазақ сахарасында европалық серіліктің ауылы алыс болса керек.
Шоқанның "рыцарства" деген ұғымына жауапты Ахмет Байтұрсыновтан
табамыз. "Ошақ басы, үй-ішінің қамы сияқты өмірдің ұсақ мақсат жағымен
азаматтары есептеспей ұлы мақсат, ұлы мұратпен болып, жұрт үшін, көп үшін
құрбан қылмайтын нәрсесі болмағанын көреміз" [Байтұрсынов А. Шығармалары.
А., 1989. 236-б.]. Қобыланды батыр жырын талдай отырып, Ахаң ата-анадан,
жардан, туысқаннан да "батырға қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі" деуі
осыдан [Байтұрсынов А. Шығармалары. А., 1989. 237-б.].
Ендеше Абылайхан заманында рыцарлық адами болмысты Отан болмысына
бағындыру, ерлік пен іріліктің, бірлік пен тірліктің көрінісі деп ұғынған
жөн. Осындай парасатты рыцарлықты Қожабергеннен көреміз.
Жүз жиырма төрт мың пайғамбар мен,
отыз үш мың сахаба да дүниеден өткен,
Солардан Қожаберген артық емес, - деуі соның дәлелі.
Не болмаса:
Қолбасшы батыр болмасам,
Көбелі сауыт кимейін.
Ту ұстайтын болмасам,
Арабы ақбоз мінбейін.
Талапты жігіт болмасам,
Ұрандап жауға тимейін.
Қару-жарақ соқпасам,
Зергер болып жүрмейін.
Майданда жауды жеңбесем,
Қызық дәурен сүрмейін.
Дулығамның төбесі,
Буылмаса маржанмен,
Басыма оны кимейін.
Парасатты рыцарлық, ұлтқа өмірін арнаған серілік-ерлік осы болса
керек.
Ендеше бір ғасыр өмір сүрген бабамыз осы батырлықтың шыңы болған ХҮIII
ғ. тарихи құбылыстың басы-қасында тұр. Батырлықтың парасатты рыцарлыққа
ұласуы – жаңғыруы Қожаберген баба есімімен де тығыз байланысты.
Қорытып айтсам: Шоқанның "век киргизского рыцарства" деген заманасы -
Қожаберген баба заманасы. Осы тұста тағы да бір жаңсақ пікір туралы айтуға
тура келеді. Тарихи әдебиетте "по историческим данным, общее количество
батыров их всех трех жузов, активно борющихся за свободу и независимость
казахского народа, переваливает за 300" деген тезис кездеседі [Абдакимов А.
История Казахстана. Астана, 1997. 27-б.]. Мұндай сәуегейлікпен келісуге
болмайды. Қазақ үш ғасырға созылған қазақ-қалмақ шапқыншылығы кезінде
құрығанда 10 ұрпақ ауысты. Әр ұрпақ өз батырларын өсірді, тарих сахнасына
шығарды. Ендеше қазақ халқы үш ғасырда толассыз батырлар бастап, халық
қостап, өз бостандығын үстем етті. Батырлар саны ендеше легион, оны
саусақпен санап шығу мүмкін емес.
Алайда, Қожаберген бабамыз көп батырлардың бірі ғана емес. Ол 1688-
1710 жылдары 22-23 жылдары бойында қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтарының
біріккен жасағына қолбасшылық жасаған сардарбек, ордабасы, Орталық Азия
деңгейіндегі әскери қайраткер! "Ақтабан шұбырындыдан" кейін Қожаберген ұлы
жеңісті шыңдаған стратег. Атақты "Елім-ай" дастанында:
Халқына қысылғанда айтпағанда,
Пайдалы насихатты кім айтады,- деп, ол жеңіс бағдарламасын - "пайдалы
насихат" жасады. Ол бағдарламада:
"Шабуылы жау қалмақтың күшті екен" - деп,
Кетпеңдер жаудан қорқып тарап бәрің, - деп бірлікке шақырса,
"Кеудеңде шыбын жаның болса егер,
Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын", - деп намысқа шақырады.
"Қожа, молда, ишандар артын қысып,
Қоржынға салып қойсын шариатын, - деп Отан қорғауды дін жолынан жоғары
қояды.
"Мекенің болсын тау мен орман, тоғай,
Ол жерден жау алуы емес оңай",
"Сайла орын, жер үй салып, жапан түзден", - деп партизандық күрес
жолын көрсетеді.
"Қазыбек, Ер Жәнібек, Алдабек би,
Үшеуі тозған елді біріктірер", - деп оларға үміт артады.
"Шәкіртім қайда екен Бұқар жыршы,
Сөзіне оның, халқым құлақ түрші, - деп оның даналығына сенеді.
"Қыздарым, келіндерім жауынгер бол!" –
Қыздарым, келіндерім, топ құрыңдар,
Ерлерше киініңдер, сап тұрыңдар.
Ұрыста өл, мазақ болма, берілмеңдер,
Қалмақты селебемен шапқа ұрыңдар, - деп ұрыс әдісін үйретеді.
Бөгенбай, Ерсары, Асқан, Жабай, Көшек, Ақпанбет, Жайнақ сияқты
батырларды "халқын жинап",
"Жинаңдар құрастырып қалың қолды", - деп кеңес береді.
"Сүйей жүр әлсіздерді әлі барың",
"Тізе қос, етек жиып, ес барында", - деп елді бірлік-тірлікке
шақырады.
"Бастап өт, Сарыарқаға қалған елді", - деп Бұқара, Үргеніш жағында
ашыққан, босқан елді жинауға жол сілтейді.
Ең соңында
"Бастасын тозған елді көсемдерім,
Ақылшы болсын сөзге шешендерім.
Хан сұлтан, төрелерді ел санамай,
Тізе қос, күшті жинап есендерің", - деп үндейді жырау.
Халқының 40% айырылған қайран қазаққа дәл Қожабергендей бағдарлама
жасаған ел данасы сол кезде кемде-кем. Қожаберген баба тек жеңіс
бағдарламасын жасап қоймады, "болды ғой аяқ асты Отанымыз" деп, "Ер емес
жаудың туын құлатпаған" деп, Ұлы Отан соғысын жариялады. Қазақ халқы
бабамыздың бұл ерлігін ешқашан ұмытуға тиіс емес.
Ендеше Қожаберген батырлардың батыры, қолбасшы, Әз-Тәукедей дананың оң
қолы, қиын замандағы ел қорғаны.
Қожаберген тек баһадүр, қолбасшы, сайыпқыран ғана емес, ол өз
заманасының ұлы мемлекет қайраткері. Орыстың зерттеушісі Л.А. Словохотов
"Народный суд обычного права киргиз" деген еңбегінде:"Золотой век, о
котором воспоминают киргизы, есть царствование хана Тауке.. умный,
энергичный Тауке.. должен стать в летописях киргизских наряду с Солоном и
Ликургом по своей законодательной деятельности. Справедливость и правосудие
могущественного хана остановили брани родов. В степи водворилась редкая
тишина. Народ отдыхал от кровавых дней былых". Бұл арада зерттеуші атақты
"Жеті жарғыны" айтып отыр.
"Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы" сияқты тарихи
конституциялық пәрмені бар құжатардың орнына Тәуке хан тұсында "Жеті жарғы"
келгені мәлім. Академик С.Юшков ол туралы былай деп көрсеткенді: "Вопрос о
том, что означает "Жеты-Жаргы" окончательно не решен казахстанскими
историками и филологами. По мнению одних исследователей, это слово означает
"Семь истин", другие толкуют его: "Объявление Семи", т.е. семи судей. Нам
кажется, что последнее истолкование является более приемлемым".
Бұл күні "Жеті Жарғыны" жазуға Төле би, Қазыбек би, Айтеке биден
басқа, қырғыздан Қоқым (енді біреулер оны Қараша би дейді), қарақалпақтан
Сасық би, құрамадан Мұхамед би қатысқаны туралы деректер кездеседі.
М.Е. Исламғалиұлы өзінің "Әйтеке би" деген шежіренамасында "Жеті
Жарғыны "Тек Тәуке және оның алты биі – Сасық, Мұхамед, Қоқым, Төле,
Қазыбек, Әйтеке ғана жазған. Сондықтан Жарғы осылай аталған екен десек,
сөзсіз ұшқары пікірге жүгінгендік болып шығары анық. Жарғыны жазысуға сол
кезде көздері тірі Әнет баба, Едіге, Соқыр Абыз, Құдайназар, Болпыш,
Жылкелді сияқты қазақ даласының түкпір-түкпірінен аты шулы билер мен ұлыс
басшылары қатысқаны даусыз" деп жазады [М.Е.Исламғалиұлы. Әйтеке би. А.,
1998. 40-41-бб.].
Автордың ой-өрісі дұрыс бағытта өрбиді. Алайда "Жеті жарғыны" Тәуке
хан жазған жоқ, ол үкім шығарып жаздырды. Сол жазған жеті бидің бірі
Қожаберген би екенін айту – тарихи әділдік болар еді.
Қожаберген Әз-Тәукенің тапсырмасымен "Жеті Жарғыны" ақ былғарыға
жазып, ханға табыс еткені туралы жазушы Н.Әбуталиев жанама деректер тауып
отыр. Онда
"Ақ былғарыға түсіріп,
Мұқияттан хаттадым.
Әз-Тәукеге қызмет қып,
Жаздым "Жеті Жарғыны".
Салыстырып талдадым,
Бергі менен арғыны", - деген өлең сөздері келтірілген. Төле би,
Әйтеке, Қазыбек билер тобына "жол көрсеткен ұстаз едім" деп жыраудың өзі
жазып кетуі осының айғағы [Әбуталиев Н. Шоқ жұлдыз. А., 1998, 16-б.].
Көтеш ақын Райұлы "Жиен жырау" дастанында:
Ақылдасып үш бимен
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz