Іліяс Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы



Жоспар

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.
2.1 І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы.
2.2 І.Жансүгіровтың шығармашылығының ерекшеліктері.
2.3 І.Жансүгіров шығармаларының тілдік ерекшілігі.

III.Қорытынды.

VI.Әдебиеттер.
Кіріспе.
І.Жансүгіровтің барлық шығармалары Отан, партия, жаңарған ауыл өмірі туралы, жаңғырған совет адамдарының қажымас еңбегі туралы шат-шадыман жырға толы. «Жолдастар» романы да (1935) осындай көтеріңкі рухта жазылған туынды.
Роман «Бастау»,- «Ағын», «Толқын», «Тасқын» атты терт бөлімнен тұрады. Онда 1910 жылдан 1937 жылға дейінгі қазақ халқының емірі суреттелген. Романның алғашқы беттерінен бастап оқырман ауыл өмірімен және басты кейіпкерлермен — Сатанмен, оның ағасы Тәжимен, олардың шешесі Сәтбаламен танысады. Шалматай, Шаяхмет және басқа дала мықтыларының бейнелері шығармаға біртіндеп енгізіледі.
Романда революция қарсаңындағы тап күресі, әлеуметтік қарама-қарсы лагерьлер өкілдерінің қақтығысы көрсетілген.
Сатан жастайынан Әділхан байдың есігінде жалшылықта жүрсе де, не өзі, не үй-іші кисе киімге, ішсе тамаққа жарымайды. Ол болыстың да, ауыл молдасының да малын бағады. Қанша талаптанса да мына қатігез, сұрықсыз заманда күн көру қиын-ақ.
Өмір өте берді, Сатан әділетсіздіктің түп тамырын түсіне бастаған сияқты. Жасынан сөзге шебер, өткір тілді ол көкке өрлеген әсем әнімен және күмбірлеген күйімен жұрт көңілін баурап алады. Ауылдағы қазақ әйелдерінің тағдырына жаны ашиды, олардан қолдан келген көмегін аямайды. Ол жауыз Шалматайдан әсем Нәзипаны арашалап қалады.
Сатан — халықты езуші байлардың, би-болыстырдың бітіспес жауы. Бұлар айдарынан жел есіп дүрілдеп түрғанда халыққа бостандық та, теңдік те, әділет те жоқ екенін ол жақсы біледі.
Сатан кейін ауылдан қалаға келеді, орыс революционерлерімен танысып, большевиктер партиясы туралы естиді. Оның саяси санасы өседі. Бұрын ол жекелеген байларды, болыстарды өлтіріп, бостандыққа жетеміз деп ойласа, енді аңсаған арманға тек бүкіл халықтық күрес арқылы ғана жетуге болатынын біржола түсінеді.
Жағымды кейіпкердің және бірі — Мәмбет. Ол — ақылды әрі адал азамат. Мәмбет «Светлана» пароходымен Омскіге барып, қала өмірімен танысады, орыс адамдарымен араласады, олардың өмірін танып-біліп, саяси сауатын ашады.
Әдебиеттер.

1.Қөркем әдебиет тілі.-Қазақ тілі мен әдебиеті,2004,N47
2.І.Жансүгіров шағармашылығы.-Қазақ ідебиеті,2000,4ақпан.
3. Шалабаев.Б.Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы.-Алматы,1997.
4.Бегелдин.Ә.Қазақ романы.-Ұлт тағлымы,2002, N6.
5.І.Жансүгіров.Шығармалары.Алматы,1962, IIIтом,140бет. ,
6.Досмұхамбетұлы Қ. Қазақстанның жоғары дәрежелі оқытушылар инсти- туты (мақала).— Еңбекші қазақ, 1926, 9 қыркүйек.
7. Көркем әдебиет туралы (мақала).— Еңбекші қазақ, 1927, 8, 9 тамыз.
8. Жанай мен Тоғай тілмаштің әңгімесі (әңгіме).—Тілші, 21 ақпан.
9.Ерғали (Алдоңғарұлы). Жазушылар мен көркем әдебиет (мақала). — Ең-бекші казақ, 1926, 3 желтоқсан.
10.Жансугірүлы Ілияс. «Абай кітабы» (сын).— Тілші, 1923, 8 мамыр.
11.Жансүгіұүлы Ілияс. Қазақ күйлері жиналсын (мақала).— Еңбекші қазак,1927, 18 шілде.
12.Жансугірұлы I. Бетім анадай емес, мынадай (айтыс-макала).— Еңбекші ка-зак. 1928, 5 сәуір.
.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
2.1 І.Жансүгіровтың өмірі мен шығармашылығы.
2.2 І.Жансүгіровтың шығармашылығының ерекшеліктері.
2.3 І.Жансүгіров шығармаларының тілдік ерекшілігі.
III.Қорытынды.
VI.Әдебиеттер.

Кіріспе.
І.Жансүгіровтің барлық шығармалары Отан, партия, жаңарған ауыл
өмірі туралы, жаңғырған совет адамдарының қажымас еңбегі туралы шат-
шадыман жырға толы. Жолдастар романы да (1935) осындай көтеріңкі рухта
жазылған туынды.
Роман Бастау,- Ағын, Толқын, Тасқын атты терт бөлімнен
тұрады. Онда 1910 жылдан 1937 жылға дейінгі қазақ халқының емірі
суреттелген. Романның алғашқы беттерінен бастап оқырман ауыл өмірімен және
басты кейіпкерлермен — Сатанмен, оның ағасы Тәжимен, олардың шешесі
Сәтбаламен танысады. Шалматай, Шаяхмет және басқа дала мықтыларының
бейнелері шығармаға біртіндеп енгізіледі.
Романда революция қарсаңындағы тап күресі, әлеуметтік қарама-қарсы
лагерьлер өкілдерінің қақтығысы көрсетілген.
Сатан жастайынан Әділхан байдың есігінде жалшылықта жүрсе де, не өзі, не
үй-іші кисе киімге, ішсе тамаққа жарымайды. Ол болыстың да, ауыл молдасының
да малын бағады. Қанша талаптанса да мына қатігез, сұрықсыз заманда күн
көру қиын-ақ.
Өмір өте берді, Сатан әділетсіздіктің түп тамырын түсіне бастаған сияқты.
Жасынан сөзге шебер, өткір тілді ол көкке өрлеген әсем әнімен және
күмбірлеген күйімен жұрт көңілін баурап алады. Ауылдағы қазақ әйелдерінің
тағдырына жаны ашиды, олардан қолдан келген көмегін аямайды. Ол жауыз
Шалматайдан әсем Нәзипаны арашалап қалады.
Сатан — халықты езуші байлардың, би-болыстырдың бітіспес жауы. Бұлар
айдарынан жел есіп дүрілдеп түрғанда халыққа бостандық та, теңдік те,
әділет те жоқ екенін ол жақсы біледі.
Сатан кейін ауылдан қалаға келеді, орыс революционерлерімен танысып,
большевиктер партиясы туралы естиді. Оның саяси санасы өседі. Бұрын ол
жекелеген байларды, болыстарды өлтіріп, бостандыққа жетеміз деп ойласа,
енді аңсаған арманға тек бүкіл халықтық күрес арқылы ғана жетуге болатынын
біржола түсінеді.
Жағымды кейіпкердің және бірі — Мәмбет. Ол — ақылды әрі адал азамат.
Мәмбет Светлана пароходымен Омскіге барып, қала өмірімен танысады, орыс
адамдарымен араласады, олардың өмірін танып-біліп, саяси сауатын ашады.
Мәмбеттің жастық шағы жоқшылықта өтеді. Әкесі Тұздыбай күнкөріс қамы
үшін әртүрлі шөптен, тамырдан дәрі-дәрмек жасап сатады. Мәмбет жастайынан
жалшылықта жүрді, есейген соң темір жол құрылысында жұмыс істейді. Міне,
мен бүгін өзге жігіттермен бірге жұмыс істеп жатырмын, — дейді ол ойға
шомып. — Тегі талаптыға нұр жауар дегенді әкем байғұс аузынан тастамаушы
еді. Сол рас қой. Ендеше, талап қылған адам қараңғы-лықта қалмайды...
Өнерге ұмтылам. Өнер демекші — өнердің бәрі орыста екен ғой. Өнерпаз
боламын деген жігіт алдымен орыс арасына кіріп, орыс тілін білуі керек-ау.
Мәмбеттің жас кезінен-ақ ескі ырым-жырымға, жол-жораға қаны қас еді,
бірақ одан қалай арылудың жолын білмейтін. Бұл оған қапас қараңғы түндей,
алынбас асқар таудай көрінетін. Ол феодалдардың ауыр езгісіне қарсы аянбай
күреседі, жанталаса шындықты іздейді, халқына бақыт пен азаттық әперуді,
ел жуандарынан кек алуды ойлайды. Бет-жүзіне қарамай олармен ақшық шайқас
жолына түседі.
Орыс революционерлерімен, тап күресі туралы ғылыммен танысқаннан кейін
Мәмбет нағыз идеялық күрескерге айналады. Енді ол еңбекшілерді азат ету
мүмкіндігіне, олардың өкіметті өз қолдарына алатынына сенеді. Расында,
мұндай күн 1917 жылғы Октябрьде туды. Романның соңында Мәмбет орыс
большевигі Михайлов бастаған халық көтерілісіне қатысады.
Мәмбет — шындық пен әділет жолындағы табанды күрескердің, еңбекші қазақ
халқының ең жақсы қасиеттерін бойына сіңірген үлкен жүректі адамның типтік
бейнесі.
Қазақ революционерлерінің тағы бір өкілі Марданның өмір жолы да қызықты.
Оның тағдыры Мәмбеттің тағдырына көп ұқсас. Қарапайым халықтан шыққан ол
жай жалшыдан революционер дәрежесіне дейін кетеріледі. Жазушының айтуы
бойынша, ол жамағайыны Машай есігінде күл шұқып, итпен бірге сүйекке
таласып, күшікпен бірге қаспаққа жармасып, басы қайызғақ, қарны қабақтай
қара бала болды. Жел қуған түйе қарындай үйден-үйге домалап өсті... Бірақ
тірі адам тіршілік тепкісінде күннен - күнге пісіп қатая берді. Байдан
көрген қорлығы жүрекке кек болып қатты, жоқшылық азабы оны өмірге басқаша
қарауға үйретеді.
Марданның санасына еңбекшілерді әділеттілік пен бостандыққа жеткізу
туралы ой ұялай береді. Енді ол өз халқын азап пен қорлықтан құтқару жайлы
толғана бастайды. Қалаға келісімен большевик Герасимовпен танысады.
Біртіндеп Марданның рухани сана-сезімі оянып, байларға деген жай
өшпенділіғі саналы революциялық идеяға ауысады. Қанаушы құрылыстың сөзсіз
құритынына сенғен ол: Бүгін сендер біздің біреумізді түрмеге тықсаңдар,
ертең оның орнына мыңдаған адам келеді — дейді сеніммен байларға.
Романда өздерінің бас бостандығы, теңдігі туралы, сүйген адамдарына
қосылуды арман еткен Нәзипа, Күлзейне, Күлән, Қамаш сияқты қазақ әйелдері
зор ілтипатпен суреттеледі.
Күлзейненің тағдыры ауыр әрі аянышты, оны жастай Үсейін саудагерге
тоқалдыққа береді. Тағдыры тәлкекке түскен мұндай әйелдер ол кезде мыңдап
саналатын. Мұндайлардың ішінде бүлікшілер де болған, бірақ олардың әлсіз
қарсылығы қайғылы аяқталатын. Қүлзейне байға кектеніп, Мардан жалшымен
көңіл қосады. Бірақ бұл қызық көпке ұзамайды. Күлзейне өз өмірін өзгертуге
батылы жетпейді, байдың сәнді тұрмысын тастап, Марданға еріп кетуге
жасықтық жасайды.
Нәзипаның өмір жолы Күлзейненің тағдырына ұқсас. Оттай ойнақшыған,
сұқсырдай сыланған Нәзипа — Шалматай қажының төртінші әйелі. I. Жансүгіров
оның ұшқын атқан кезін, сыңғырлаған күлкісін, құлындай әдемі тұлғасы мен
былқылдаған жүрісін сүйсіне суреттейді. Нәзипа — ер жүрек, жалынды әйел.
Оның көңіліне қажынық әйелі екенмін, дұшпаным, күндесім көп екен деген
қауіп келмейді. Келіншек болып түскеннен-ақ бәйбішелердің ырқына көнбей,
теңдік бермеген болатын. Біреу-міреу оны тоқыратамын деген ниетпен сөз
қозғаса: Мен бұл есікке күң болу үшін түскенім жоқ деп дүрсе қоя береді.
Алғашқыда Нәзипа қара тазға бармаймын деп қиғылық салғанмен, азулы әке,
ақтарылған мал барлығы қыздың аяғын тұсап, басын байлап берген. Ол қажының
үйіне келген соң, мұғалім Фазылмен көңіл қосады. Бұл қылығы үшін Шалматай
қажы Нәзипаны сұмдык қорлайды. Мойнына қарақұрым киіз іледі де, мешітті үш
рет айналдырып, тірідей көмбекші болады.
Қорлық шеруінің өзінде Нәзипаның сұлу кескіні, жайнаған жүзі,
жалтыраған көзі, қас-қабағы қаз қалпында. Жақсы киімдері үстінде, жамылған
ақ шәлісі, жасыл пүліш бешпенті, торғын көйлегі төгіліп, тұлғасы сырықтай
болып келеді. Бетінің қызылы — қызыл, ағы — ақ, жайшылықтағы жайдары
мінезінен титтей өзгермеген. Қажының әйелдері Нәзипаның иілмегеніне
кіжініп, балағаттап бетіне түкіреді, қара халық жаны ашып күнәкәрді
аяйды. Екі беті гүл-гүл жайнап, көзі ойнап, езуі күліп, жүзі жарқын,
жүрісі еркін Нәзипа бір қалыптан таймайды, қымсынып тайсалмайды. Тек жалшы
Сатанның араласуымен Нәзипа қорлықтан, тіпті өлімнен құтылады.
Романда тағы бір қыздың қайғылы тағдыры әңгіме етіледі. Ақ көңіл,
нәзік жанды Күлән адал махаббаты, бас бостандығы үшін кезсіз ерлік жасауға
дайын. Бірақ алпауыттар билеген дала заңы оны сүйгеніне коспайды. Ол
Мәмбеттен жәрдем сұрайды. Мәмбет қызға уәде береді, Күләннің басына төнген
қара бұлт сейілгендей болады. Алайда оның жасырын әрекетін ағасы біліп
қояды да, қыздың қайын жұртына хабар беріп, бақытсыз Күләнді қол-аяғын
байлап, сүймеген адамына қосақтап жібереді.
Романда мінез-құлқы, сырт көрінісі, өмірге көзқарасы әр түрлі қарапайым
адамдардың бейнелері нанымды шыққан. Нұрәділ, Аяпберген, Байғарау, Елеке
ақын, Сүндет — олардың әр-қайсысы халық бостандығы жолында, бақытты өмір
жолында аянбай күреседі. Әр қайсысының таңдаған жолы, арманы, көздеген
мақсаты бар.
Аяпберген жастайынан жоқшылық пен қорлық көріп өседі. Ерте ағарған шаш,
бетіндегі терең әжімдер соның айғағы тәрізді. Халық қасіреті, бұлыңғыр
болашақ туралы ойлар оның жанын жегідей жеп, күндіз-түні маза бермейді.
Елеке — әнші, сауықшыл адам. Жас кезінде халық ақыны Жанақпен кездескен,
атақты Шөжемен айтысқан; Романда ол сөзге жүйрік, өткір ойлы, талантты адам
ретінде суреттеледі. Оның әндерін, ертегі, жырларын естігенде жұрт көңілі
жадырап, мәз болып қалушы еді. Елекенің қоғамға көзқарасы қарама-қайшы, ол
көбіне ескі дәстүрлер төңірегінен ұзап кете алмайды. Бірақ оның әндері мен
еткір мысқылдары халыққа қызмет етіп, қамаушы топқа қарсы күресте үнемі
жігер косып отырады.
Романда орыс большевиктерінің іс-әрекетіне, олардың қазақ халқына
бостандық әкелу жолындағы роліне көп орын берілген.
1905 жылғы революцияға қатысқаны үшін қазақ даласына жер аударылған
Орлов қазақ еңбекшілерінің арасында астыртын жұмыс жүргізеді. Сатан,
Мардан, Мәмбет сияқты жақын достарына жағдайды дұрыс бағалап білуге
көмектесіп, олардың қалай жұмысты көп істесе де, кедейліктің қамытынан
құтыла алмау себебін түсіндіреді. Жақсы өмір сүру үшін олар өзін қорғай
білуі, өз праволарын түсінуі, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы тиіс.
Орлов өзінің ең бірінші борышы қазақ еңбекшілерінің басын біріктіріп,
оларды революциялық рухта тәрбиелеу, сөйтіп бостандық үшін бірге күресу
керек деп түсінеді. I.Жансүгіров оны зор ақыл иесі, көп білетін, жаны
жайсаң етіп суреттейді. Орловтың бишара қазақ еңбекшілеріне шын жаны ашиды,
олардың болашағы туралы тебірене толғанады. Ол Мәмбеттің жақын досы,
сенімді ақылшысы болады. Түрмеге апара жатқанда Орлов: Бәлкім, көпке дейін
көрісе алмайтын да күн болар... Бірақ бұлар бізге түк те қыла алмайды.
Сендер өздерің жасымаңдар. Жалтақ болсаңдар, бізге жолдас бола
алмайсыңдар... Өздерің сақ болыңдар. Біздің сөйлескен сөзімізді көп жігітке
шашпа. Өзің мүмкін болса, осы пристаньнан орын ауыстырып, темір жол жағына
өт. Онда жай жақсырақ болар... дейді Мәмбетке қоштасып тұрып.
Олар кейін көтеріліс кезінде кездеседі. Құттықтаймыз, жолдас Мәмбет. Вот
молодец. Мылтықты шындап ұстаған екенсің деп орыс революционері қазақ
досының арқасынан қағады.
Романның соңында Орлов мінбеге шығып, митингіге жиналған халықты Ұлы
Октябрь социалистік революциясының жеңісімен құттықтайды.
Алексей де 1905 жылғы революцияға қатысқан, ол да тап күресінің қатал
мектебінен өткен, шыныққан күрескер. Ол Польшада туып өскен, Рига қаласында
көп жыл әріп теруші болып жұмыс істейді, кейін социал-демократиялық ұйымға
кіріп, большевиктік листовкалар. таратады. 1908 жылы Сібірге жер
аударылады, одан қашып, қазақ жеріне келеді. Алексей білімі мен тәжірибесін
халықты революциялық күреске әзірлеуге қалтқысыз жұмсайды. Ол нағыз
бостандық, теңдік революцияшыл халық буржуазияны түп тамырымен жойғанда
ғана, жер еңбекші шаруалардың қолына толық көшкенде ғана келеді деп
есептейді.
Қазақстанға қашып келгеннің біреуі — Герасимов. Ол Тагил заводының қарт
жұмысшысы, Екібастұзда абтыртын большевиктер ұйымын құрып, оған қазақ
жігіттерін тартады, адамдарды шілдің боғындай бытырамай, бірлесіп әрекет
етуге үйретеді. Егерде бір буда сыпыртқыны тұтасынан сындырса, қолдың
күші жетпейді. Егер оны бір-бірлеп исе, бәрін де оңай сындыруға болады,
дейді ол жігіттерге.
І.Жансүгіровтің Жолдастар романында революция қарсаңындағы қазақ
даласының өмірі реалистік түрде суреттелген. Бірақ автордың сюжетті
қосалқы оқиғалармен тым ауырлатып жібергенін де атап көрсеткен жөн.
Негізгі оқиғадан шегіне отырып, ол көптеген новеллаларды орынсыз
тықпалаған (мәселен, Сиыр көрдің бе? , Жанжал, Цирк, Жөгер, жоғары
шық, Тасаттық тараулары).
Романда екі жүзге жуық кейіпкер бар, олардың біреуі түрлі оқиғаларға
белсене қатысса, екіншісінің тек аты ғана аталған.
Романдағы негізгі кейіпкерлер бедерлі бейнеленген. Мәселен, Шалматай
қажыны ит кемірген асықтай тығырайған қара қажы деп бейнелеуі тек ірі
қаламгердің қолынан келмек.
І.Жансүгіровтің романы пейзажға бай емес, бірақ арагідік кездесетін
табиғат суреттері әсем де дәл берілген. Мысалы: Жазды күні ыстықта қоңыр
тау құрысқан күйік тері сияқты. Шөл жерге қырау түсіп, қар жаумай бұл
таудың маңайын ел де, мал да кермейді. Жалғыз-ақ бұл жерді мекендеп
жүретін аңда— қара құйрық, қоян, қасқыр, құста — бөктергі, сауысқан,
адамда — жол тосқан ұрылар ғана. Қөсеумен шұқылап, отқа пісірген бауырдай
қара быжырық таудың жырақамаларында жылт еткен су жоқ. Күні шыжып, тасы
ысып, аңызақ желі ұдайы соғады. Сайлардың ішіне шанжағайлап біткен седірең
тобылғы, тырбықбай бозқарағандар болмаса, берекелі шөп жоқ. Бұта да, шәп
те таздың шашындай. Даланың бұл сүреңсіз, сұрықсыз пейзажы кейіпкерлердің
көңіл-күйімен сәйкесіп жатады.
І.Жансүгіров — шұрайлы тілдің шебері. Қазыналы халық тілінен
өзіне керектісін таңдап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Ән салсаң Әсеттей сал әсемдетіп..
Қазақтың қайсар Үш Арысы
Балаларға жазылған Ілияс Жансүгіровтың шығармалары
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
ҚАЗТУҒАН СҮЙІНІШҰЛЫ ЖАЙЛЫ
Ільяс Жансүгіров
І. Жансүгіровтың Құлагер поэмасын инновациялық әдіс арқылы оқыту
Ілияс Жансүгіров еңбектері
Ілияс жансүгіров және сөз өнері
Пәндер