Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев - ХХ ғасырдағы ұлы тұлға
Жоспар
Ұлы адамнан ұлағат 1
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев-ХХ ғасырдағы ұлы тұлға. 9
Қорытынды 16
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17
Ұлы адамнан ұлағат
Қазіргі кезең халқына
Тәуелсіздікті жеңіп алғанымызға он бес жылдан асты. Ата-бабаларымыздың
ғасырлар бойы аңсап армандаған ойы іс жүзінде асты. Сол тәуелсіздіктің
рахатын көруді біздің маңдайымызға жазған екен, біз дүниеде бақытты
ұрпақтар екенбіз деп бөркімізді аспанға лақтырып қуанғанымызды сөзбен
жеткізу мүмкін емес.
Бірақ, өкінішке орай, уақыт сыншы-дегендей қолымыз жеткен табыстардан
қолымыз жете алмай отырған жағдайлар әлде қайда көп екенін күн өткен сайын
батыл сезінудеміз.
Біздің халықтың ғасырлар бойы отаршылдық халден құтылу үшін күрес
жүргізіп, өліп-талып дегендей 1991 жылы саяси өкімет билігін қолымызға
алғанымызды адал ниетті адам баласы толығымен мойындады. Сол саяси билікті
қолымызға бекем ұстап тұру үшін, экономика жағынан ешкімге тәуелді болмай,
еліміздің байлығына өзіміз ие болуымыз керек еді. Ол жағы біде болмай,
экономика мәселесінде басқаларға кіріптар болудан құтыла алмай отырмыз. Бұл
Қазақстанды ірі капиталистік елдерге толығымен отар болғанымен жарты отар
қалпына әкеліп тіреді.
Кеңес Одағы тұсындағы іріленген өндіріс орындары, тозығы жетіп ескірген
деп есептеліп, шетел алпауыттарының қолына берілді. Рас, олар ескірген деп
есептеліп, шетел алпауыттарының қолына берілді. Рас, олар ескірген өндіріс
орындарын жаңалады. Өндіріс орындарын жаңалауға, қайтадан салуға шетел
капиталистері қыруар ақша жұмсап, оған қоса өз елдерінен мамандар әкеліп іс-
жүзінде келгенде солар қожа болып алды. Ал біздің бұрынғы сод өндіріс
орындарында бірнеше жылдар бойы істеген жұмысшылар іс тетігін
білмегендіктен қысқарып жұмыссыздар қатарына келіп қосылды. Оған қоса
бұрын ірі өндіріс орны болып саналатын: Соколов-Сарыбай, Кармет, Павлодар
трактор заводы сияқтылар қарызға белшесінен батып, оны төлеу түгілі,
жұмысшылар күнделікті күн көру қиыншылығына тап болып, еңбек-ақысы мен
заңды жұмыс орнын талап етіп, наразылық білдірумен әуреленуде.
Ал енді шаруашылығының жағдайына келсек, бұрын бір-бірімен селбесіп,
бірлесіп игеріп отырған шаруашылықты жекешелендіріп, осы саясатты бетке
ұстаған пиғылы жаман басшысымақтар қарапайым халықтың жетпіс жыл бойы
орталыққа жинаған байлықтарын заңдастырып өзара бөліп алды, қалғандарын
жақын-туыстарына, жолдас-жораларына беріп, өздері басқа жаққа зытып тұрды,
болмаса басы ауырмайтын, тек өз жағдайын ойлайтын басшы қызметке ауысып
алды. Міне, ауылда жаны ашымастың қасында басы ауырмас осылай өріс алып,
басшысымақтар ауылдың сиқын осылай кетірді. Қазақ ауылында кейбір үйлер
аңғал- саңғал, жастары жан бағу үшін қалаға кеткен, жүруге жарамайтын шал-
кемпірлер мен үңірейген үйлерді көргенде адамның бойын сөзсіз үрей
билейтіні өзінен-өзі түсінікті. Осыған уақытында жәрдемақысын ала
алмайтындарды, баласын мектепке оқыта алмай отырғандарды, дәрігерлік
көмектің мардымсыз екендігін қосыңыз. Осындай қиыншылықтарды басынан
кешіріп отырғандар, сөзсіз, кеңес өкіметінің кезіндегі жағдайды аңсайды.
Олармен сөйлесе кетсең керемет болмағанмен жанбағысқа ол заман жаман емес
еді дегенді айтады. Шындығында, кейінгі жылдары көптеген басшыларының
қиналып кеткені өтірік емес. Ал, қолына байлық тиген, күш-қуаты, техникасы
бар кейбір отбасылар жекелей шаруашылық құрып, жүздеп мал өсіріп, әп-әдемі
тұрмыс халін түзеп алды, олардың ішінде фермерлік шаруашылыққа көшкендері
де баршылық. Бірақ, ондай шаруашылық Қазақстанда саусақпен санарлықтай аз.
Бұлар басқаларға үлгі ретінде телеарнадан ылғи көрсетіліп жатады.
Мәдениет жөніндегі мәселе, ондағы өзгерістер күн сайын айиылып жүр,
оны хат танитын әр бір адам жақсы біледі. Әсіресе бюджет тапшылығы осы
мәдениет майданында істейтіндердің мойнына түскен сыңайлы.
Қысқасы, адамзат қоғамында осындай жағдайға тап болған елді кризис
халінде деп санайды. Қаншама әдемі сөздермен жауып қымтағанмен,
қиыншылықтарды көзіміз көріп отырғандықтан еліміз толық дағдарыс қалпында
деп айтуға мәжбүр болып отырмыз. Жас мемлекетіміз алпауыттардың тырнағына
ілініп, халқымыз ауыр жағдайға ұшырап отыр. Әрине, аз ғана топ
шенеуніктердің жағдайы жақсы, олар шетелдің капиталистерінен қолдац алып,
байыған үстіне байып бара жатыр. Аз ғана жылдың өзінде кедейлер мен
байлардың айырмашылығы жер мен көктей. Бұдан әлеуметтік сілкіністердің шеті
көрініп отырғаны шындық.
Шетел алпауыттары еліміздің ішкі істеріне, әсіресе экономикасына
араласа бастады. Олар осы жолмен Азия, Африка елдерін экономикалық
кіріптарлыққа ұшыратып келгеніне тарих куә. Сондықтан біздің елдің алдында
тұрған басты міндет- шетел капиталистерінің ішкі істерімізге қол сұғуын
шектеп, өз халқымыздың мүддесіне айтарлықтай көңіл бөліп, халқымыздың
әсіресе ұлтымыздың ерекшеліктері мен кедейлігін еш уақытта естен шығармау.
Олай етпеген жағдайда, әсіресе ауыл шаруашылығы қазіргі нарық қатынасының
құрбаны болу ғажап емес. Сондықтан нарық жағдайымен ешбір ойнауға
болмайтынын ескеріп, еліміздің әрбір азаматы тек сезініп қана қоймай,
ойластырған іс-әрекетке көшуге тиісті. Бұл жөнінде ұлт азаматтары кінәні
бір-біріне жаппай, қайткенде де қарапайым халықтың әл-ауқатын көтеруге ат
салысуы абзал.
Ата-бабаларымыздың қиыншылықтардың қаншама түрлеріне төтеп беріп,
қанын суытып тозғындамай елдік қалыпын сақтап, төрт жарым Франция сыятын
жерді иемденіп, ол жерді өз ұрпақтарына табыс етті. Олай болса қазіргі
қиыншылықты уақытша деп санап, бейқам отырмай, оның шығу себебін жете
зерттеп, терең түсініп, қатты сілкініс жасап, әділеттілік туын көтере
әрекет жасай білмесек, дүниеден өткен ұлт дарындылары мен кейінгі келер
ұрпақтар алдында кешірілмес күнә.
Қазақтың ақылды азаматтарының атқа қонар кезі келді. Алаяқтар мен
сыбайлас жемқорлар бізді тақырға отырғызудан тайынбайды. Олар халқымызды
отаршылардың табанына қайта салудан жасқанбайды. Ол күнделікті олардың іс-
әрекеттерінен көрініп отыр.
Сондықтан Қазақстан Президенті- Нұрсұлтан Назарбаев 1999 жылы 31
наурызда Демократия біздің таңдауымыз, демократия біздің тағдырымыз- деп
аталатын тақырыпта Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз
сөйледі. Онда халықтың экономикалық тұрмыс халін жақсарту, салық жинау және
сыбайлас жемқорлықпен аянбай күрес жүргізу мәселесіне ерекше тоқталды.
Сыбайлас жемқорлардың ішінде бірсыпыраларының аты аталды, олардың көбі
орташа жемқорлар, ал нағыз шетел алпауыттарымен байланыс жасап отырған
жалмауыз жемқорлардың аты аталған жоқ.
Неге жеті-сегіз жылдың ішінде көптеген қиыншылықтарға кез болдық
деген сұрауға тарихшы болғандықтан мен өзімше жауап беріп көрейін, оның
басты себебі мынада:
Бірінші – біз шетелге жөндесін, ескірген- деп шамасына қарай жұмыс істеп
тұрған өндіріс орындарын бердік. Олар жөндеуге өздерінің ақшаларын салып,
бірте-бірте өндіріс орныдарына қожа болвп алды. Біздің мамандар мен
жұмысшылардың мұқтаждығына құлақ аспады. Ақша соларда болғандықтан аузы
қисыз байдың баласы сөйлесін келіп шықты. Ескі болса да өз өндірісімізді
өз қолымызда ұстағанға не жетсін. Шетелдіктерге біздің жаман-жақсылы жұмыс
істеп тұрған өндіріс орындарымызға тиіспе, одан да өздерің жаңадан өндіріс
орнын салып көрсетіңдер, деп айтуға басшылардың батылы бармады.
Екінші- тозығы жеткен күннің өзінде де отандық өндіріс орындарын
үкімет өз қамқорлығына алуы керек еді, ол бізде болмады. Оған қоса үкімет
басшылары екі-үш рет ауысып отандық өндіріске немқұрайлы қарап, оларға
қамқорлық жасауды есіне алмады.
Үшінші- шетел ақшалылары жылдар бойы халықтың тері мен еңбегі сіңген
өндіріс орындарымен қатар кен орындарын, ғимараттарын, мәдениет орындарын,
ауруханаларды, оқу орындарын өз ықпалына түсіруді қолға алды. Мұнда да
олардың жолы болды. Мұндай жағдай еңбекші халықтың мінез-құлқы мен
психологиясына кері әсерін тигізіп, олар бұрын қоғамның мүлкі деп
жанашырлықпен қараса, енді бұдан былай өндіріс мүліктерін бөтендікі деп
санап, қалай болса солай талапайға салды.
Төртінші-шетелдіктер елімізге рухани жағынан өзінің ықпалын күшейту
үшін жатпай-тұрмай ұлтымыздың тәрбие мәселесіне араласып, кинотеатр,
телеарна, тіл, дін мәселесіне кейілікті. өзіне деген рухани пайда үшін олар
ақшаларын судай шашты. Осы ақшалардан нәпақа іздеп, кейбіреулер өз ұлтының
азғынына айналды. Руханият саласына бөлінетін бюджет тапшылығы жалпы ұлттық
ділімізді жүдетіп отырғаны жасырын емес.
Бесінші- кадр мәселесіндегі сансыз өзгерістер, әсіресе, басшы
қызметкерлердің жиі-жиі ауысуы олардың халық алдындағы жауапкершілігін
әлсіретті, бұл кадрлардың халықпен байланысына нұқсан келтірді.
Халық қолдамаған мемлекет басындағы шенеуніктер сыбайлас жемқорлармен
жең ұшынан жалғасып өзін және туған-туысқандарын керегімен қамтамасыз етіп,
қарапайым халықты жерге қаратты. Ондайлар не еңбек ақысын, не жәрдем ақысын
уақытында ала алмаған халыққа енді ат үстінен емес, машина үстінен қарайтын
болды.
Алтыншы- кеңес үкіметі кезінде білім алған мамандардың көпшілігі өз
мамандығы бойынша жұмыс істемей, жанбағыс үшін көрінген жұмыстың жетегінде
кетті. Ал, ақшалы кейбір шенеуніктер ғылыми жұмыспен шұғылданбай-ақ
профессор атағын, одан соң оп-оңай академик болып Қаныш Сәтбаев қатарына
бірден қосылғандар саны күн сайын көбеюде. Шетте оқыған шенеуніктердің
балаларының бірсыпырасы сонда қалып қоятын болды, ал елге оралғандарының
көпшілігі өз тілін білмейтіндер мен шала білетіндер, олар өз ұлтын
менсінбейтін, қазақ ауылынан хабары жоқ шала қазақтар ма, жаңа қазақтар
ма, әйтеуір ауыл қазақтарына шекесінен қарайтындар.
Бұлардың ойында тек баю, рухани ізгіліктерді тек Европадан ғана іздейді.
Осындайлардың ұлттық ерекшеліктерді сақтай білетін жастарға тигізетін
зиянкестігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бұлар жастарды ұлттық рухта
тәрбиелеуге кесірін тигізіп, қазақ жастарының бір-біріне рухани жағынан
ұқсамайтын екі топқа бөлінуіне әкеліп соқтырып отыр. Осы мәселеге мемлекет
тарапынан көңіл бөлінбесе жалпы ұлттық тәрбиенің алға басуы екі талай.
Жетінші- біз тәуелсіздікті жеңіп алғаннан кейін, көп уақыттар бойы
өткен тоталитарлық қоғамның кемшіліктерін көп айтумен шұғылданып кеттік.
Бұдан өткен қоғамда кемшіліктер болмады деген ой тумаса керек. Тоталитарлық
қоғамда кемшіліктердің жеткілікті екенін елдің көбі біледі. Бірақ, ол
қоғамның қарапайым халыққа әкелген жақсылықтары да аз емес, ол жөнінде
жұмған аузымызды ашпадық. Оған қоса біз құрайық деп отырған қоғам халыққа
қандай жақсылық әкеледі, ол да айтылмайды, халықтың ойы күңгірттене берді,
ақыры ғасырдың аяғында әлеуметтік жағынан біздің еліміз Африканың елдері
қатарына бірден барып қосылды, басқаша айтсақ мемлекетіміз алға жылжудың
орнына кері кеткен.
Сегізінші- тәуелсіздік қолына тиген өкімет басшылары іс жүзінде
идеологиялық жұмыстан бас тартты. Халыққа өз күніңді өзің көр деген ұран
тастап, оларды өз еркінше қоя берді. Қазақстанда ислам дінінің нашар екенін
түсінген түрлі діншіл топтар еркіндікті емін-еркін сезініп, әр түрлі дінді
уағыздап отыр. Оған қоса демократияны тек еркіндік, ойға келгенді істеуге
болады деушілердің қатары басқа да ұлттар қатарынан толықтырылып отырды.
Бұдан келіп тәртіпсіздікке жол ашылды.
Тоғызыншы- ойшыл, саналы, іс тәжірибесі мол кадрлар бағаланбады.
Тіпті ашығын айтсақ, өткен қоғамда бар күшін жұмсап, халық арасында барынша
беделді болған, енді келіп оларды кәрілік келіп қысқан шағында мемлекет
тарапынан сүйеніш таба алмай қалды. Несін жасырайық. Көп жылдар бойы тек
халқын ғана ойлап, ұшан-теңіз еңбегін сіңірген Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
дәл осындай өмір сүрді. Өкімет тарапынан болған мұндай қателік ұрпақтар
жалғастығына сызат түсіріп қана қоймай, жастар мен кәрілердің арасында
түсінбестік өршіді. Бұдан келіп жастардың бірсыпырасы ескі қоғам адамдарына
себейтін болды. Жастардың ішінен өз әке-шешесінен гөрі ақшаны жақсы көріп,
қандай жолмен болса да доллар табудың жолын түсіп, бақытсыз жағдайға ұшырап
жатқандар бұған дәлел.
Оныншы- төртінші биліктің иесі саналатын ақпарат құралдарының
көтерген халықтың көкейкесті мәселелері көбіне ескерусіз қалды. Қазақ
тілінде басылатын газеттер мен журналдардың беттеріне басылған мақалалар
болғанмен, мән-жәйін түсініп, халыққұа жаны ашып дегендей жауапкершілік
басшылар тарапынан сезілмейді. Осыған орай Қазақстанды басқарып отырған
басшылар қазақ басылымдарын оқымайтын шығар деген ой туындайды. Мысалы,
Егемен Қазақсан газеіне жарияланған мақалаларында бірнеше тілшілер Шерхан
Мұртазаның көтерген мәселелеріне тиісті басшылар неге жауап қайтармайды деп
те жазды. Сонда да көтерген мәселеге жауапты басшылар аузын ашпады. Міне,
ақпарат құралдары мен халықтың байланысының әлсірегенін біз осыдан білеміз.
Осы жоғарыдағы көрсетілген кемшіліктер адамға түрліше ой салатыны
рас, әсіресе, халықтың әл-ауқатының төмендеп отырғаны отандастарымызды
қатты ойландыруға тиіс. Ал шетлдің ықпалының күннен- күнге күшейіп отырғаны
тағы бар.
Әлем тарихына көз жіберсек, еш уақытта ешкімге бағынышты болып
көрмеген елді табу қиын. Көптеген елдер күшті мемлекеттерге бүтіндей,
немесе жартылай бағынышты болып отыр. Сол елдер сияқты қазақ халқы да бір
немесе бірнеше ғасыр бойы орыс мемлекетіне бағынышты болып келді. Олар
біздің ұлтты бірде ерлік жасап күресу білу жолында шынықтарса, бірде ездік
жасап солардың ырқына көніп, айдауына жүруге қарай бұрды. Сонымен қазақ
ұлтында екі мінез қалыптасты. Соның ішінде ездікке жататын мінезді ұлы Абай
немқұрйдылық, еріншектік, мақтаншақтық, бейқамдық, өзін-өзі бағалай
алмаушылық, іштарлық, жаңаның артынан оның пайда зиянына қарамай тұра
жүгірушілік деп көрсетті.
Осы айтылған кемшіліктер қазақтың мінез-құлқынан қазір де орын алуда. Бұлар
біздің ұлт-экономикалық және рухани жағынан алға басуымызға мықтап кесірін
тигізуде. Бірақ, ата-бабалардың қалдырған өсиетіне сүйенсек, орнында бар
оңалар-дейді. Ел орнында, жер-су орында, жер болса ел болады, ел болса ер
болады- деген сөздің бюайыбына барып, оны қадірлей білуге міндеттіміз.
өткен қоғамды жамандап сынай бергенше, құрайық деп отырған демократиялық
қоғамның тетігін үйренейік. Бұл қоғамның біздегі аяқ алысына қарасақ, оның
мына төмендегң сипатын аңғару қиын емес сияқты. Бұл қоғам аса қатаң,
мейірімсіз әрі кешірімсіз екенін байқап қалдық. Мұндағы нарық қатынасы әр
қоғам мүшесіне арқасы қайысып, белі майысып, басы барынша шаршап,
шыдамдылықпен, төзімділікпен жұмыс істеуді керек етеді. Оған қоса бірлік
керек.Береке басы бірлік, бірлікте болсаң билікте боласың- деген халық
даналығы.
Қазақ халқының өз ерекшелігі бар. Ол халық біреудің есігіне, жеріне
барып, жалынып кіріптарлықта болып күн көрген емес. Осы ұшан- теңіз жердің
иесі- қазақтар. Осындай жерге ие болып, ол жерді аман-есен ұрпақтарына
тапсыру үшін ұлтымыз мың өліп мың тірілген. Мұншама тырысқақ қасарыспа
халықты еш жерден көрген емеспін- деп жазыпты хх-ғасыр жауырыншысы- Звинев
Бзежинский.
Қазақемнің, біз біле бермейтін өмірден үйренген тағы бір ерекшелігі
бар. Ол қиналғанда, орта жолда адасқанда, қарны ашып әлі қашқанда өзін
түзетуді басқадан емес, тек өзінен үйренетін халық. Мұндай мінездегі
халықтың келешегі зор, оны ешкім жеңе алмайды. Олай болса жақсылықтың бәрін
шетелден үйренуге тырысушылар мықтап қателеседі. Жақсының бәрі шетелде
емес, мына өз халқымыздың ішінде тұнып тұр. Тек оны ұлтымыздың керегіне
жарата білуіміз керек. Дәл осы жерде көреген басшы, ел азаматтары ауадай
қажет. Өзімізді-өзіміз көкіректен итермей, бір-біріміздің құрметтеп
даналарымыздың тарихтағы орнын дәл көрсетуіміз абзал. әр ғасырдың өз
данышпаны бар, олардың ұлтына сіңрген еңбегі елемеу, болмаса кемітіп
көрсету халық пен тарих кешірмейтін қылмыс десек, кейбіреулерді халыққа
сіңрген гөрі, жекелей адамға жасаған жақсылығы үшін асыра бағалау да
ұрпақтарды адастыратын болғандықтан, ол да қылмыс. Жасыратын не бар, бізде
бұл жөнінде де қателіктер кездеседі.
Халқымыздың жеңілмейтін рухы бар. Ол көк тәңірі мен ислам дінінің
арасына орналасқан. Ол ешқашан да төмендеп көрген емес. Біз рухымыз биік
халықпыз. Ата- бабаларымыз ұрпақтарына осыны ешбір естен шығармауды
тапсырды. Оны ұрпақтар орындауға міндетті.
Біздің халықтың адамдық бейнесін түсінген жатжұрттың саяхатшылары:
экватордың бойында кілең қазақтар тұрса, қалтаңда соқыр тиының болмаса да
жер жаханды түгел аралап шығуға болар еді- деген екен.
Атақты философ Платон өзінің Мемлекет деген еңбегінде:
Философиялық тұрғыдан ойлай алатын адамның мемлекетті басқаруы орынды-
деп жазыпты. Тақырыбымыздың арқауы болып отырған хх ғасырда өмір сүрген-
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев көп ұлттан құралған Қазақстанды басқаруда өзінің
философиялық олау қабілетінің өз замандастарынан әлде қайда артық екенін
көрсетті. Сондықтан ол ел басқарудың сан қилы тетіктерін меңгеріп, шын
мәнінде халқының ықыласына бөленіп, Ұлы Адам қатарында өмір сүріп,
имандылықпен ана дүниеге аттанды. Хх ғасырдың басында қазақ халқының
бақытына осындай азаматтың тууы және оның ғасырдың аяғына дейін өмір сүруі
адамзат тарихында жиі кездесе бермейтін құбылыс.
Адамзат тарихына көз жіберсек Отанына, өз ұлтына өлшеусіз пайда
келтірген мемлекет қайраткерлерінің ішінен бірнеше ақылды адамдарды атауға
болады. Мысалы, Ататүрк, Рузвельт, Шарль Де Голь, Дэн Сяопиндердің аттары
ешқашан да ұмытылмай өз ұлттарымен бірге өмір сүрмек десек, біздің қазақ
халқы өзінің шын азаматтық тұлғасын көрсете білген Қонаевты есінде мәңгі
сақтайтынына ешбір күмәндануға болмас. Сондықтан аса ірі тұлға, ел басшысы-
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы өз көрген- білгенімді жазуды өзіме үлкен
бақыт деп санаймын.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев-ХХ ғасырдағы ұлы тұлға.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің естелігінде:
... Бұл өткен заманды аңсау емес, тауқыметі мол болса да, өзіне етене өз
тарихыңды қастерлеу. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қазақстан тарихында ірі
тұлға болып қалары даусыз- деген болатын.
Иә, Дінмұхамед Ахметұлы ХХ ғасырдағы ірі тұлға, қазақ елінің тарихы.
Оның есімін мәңгі есте қалдыру, келер ұрпаққа жеткізу бізге аманат- деп
жазыпты Балқаш қаласынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz