М. Горбачев кезіндегі Қонаевтың саяси тұлғасы
ЖОСПАР
М. Горбачев кезіндегі Қонаевтың саяси тұлғасы 2
Қолданған әдебиеттер тізімі 12
М. Горбачев кезіндегі Қонаевтың саяси тұлғасы
Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, ғалым,
тау - кен инженері, Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, техника
ғылымының докторы Дінмұхамед Қонаевтың М.С.Горбачев кезіндегі саяси
тұлғасына тоқталу барысында біз Д.Қонаевтың кезінде өзі жазған
естеліктеріне тоқталамыз.
1985 жылы наурыз айында К.У.Черненко дүниеден өтті. Оның
орнына орталық комитеттің бас хатшылығына М.С.Горбачев ұсынылды.
Наурыз айының 11-күні Орталық Комитеттің пленумында М.С.Горбачев Бас
хатшы болып сайланды. Содан кейін Орталық комитетің кезекті
пленумын жинап, өз аузынан елдің экономикалық және әлеуметтік
дамуын жеделдетудің сапалақ және әлеуметтік дамуын жеделдетудің жаңа
міндеттері туралы бағыт – бағдарын ұсынып, оны қайта құру және
жеделдету деп атады. Бірақ ол елдің үмітін ақтамады.
Бұл туралы аз жазылған жоқ. Әбден жауыр болғаны сонша төтенше
жағдайдың өзі де, Мәскеудің қақ ортасындағы Матросская тишина
түрмесінің аз-кем дәмін татқан тұтқындардың қыл үстінде тұрған
тағдыры балапан басымен, тұрымтай тұсымен дегендей, қайтсем жан
бағам деп, алмағайып заманның жетегінде кеткен жұртты елең
еткізуден қалды. Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты
дегізгендей, тосын мінез танытып, төтенше жағдайды ұйымдастырушылар
Кеңестер Одағын буынды-буынды жерлерінен ұстап тұрған ығай мен
сығайлар тұғын. Ең бастысы, олар Горбачевтің маңдайынан шертіп
жүріп тандаған сыбайластары еді. Қараңыз: вице-президент, Министрлер
Кеңесінің төрағасы, Жоғары Кеңестің төрағасы, Қауіпсіздік комитетінің
төрағасы, Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі...— бәрі де
аузымен ай білеп, қабағымен жер сүзгендер. Баспасөзде
хабарлағанындай, олар: елді ыдыраудан сақтап қалу үшін, айықпас
дағдарысқа, ұлтаралық алауыздыққа, миллиондаған жанды қайыршылыққа
ұшыратпау үшін, заңсыздық пен қан төгіске жібермеу үшін төтенше
шараларды жүзеге асыруды міндетіне алды.
Мұның түпкі мәні маған беймәлім. Құдай қырына алды ма, жоқ
қырсық шалса қымыран іридінің кебі келді ме, әйтеуір іс басқаша
ауан алды болды. Айналасы екі-үш күн ішінде қаһарын шашып, елдің
тізесін қалтырата бастаған Мемлекеттік төтенше комитет өрт қоюын
қойып, оны қалай өшіруін білмей және састы.. Төтенше комитет түгел
тұтқынға алынды. Қап, бәлем, деп тісін қайрағандар қырық құбылта
жазып, ңит терісінң басына қаптады. Оның есесіне, тергеу ісі іш
көгеретіндей уақытқа созылды. Әділеттің ақ туын көтеріп, қазылықтың
қара қылын қақ жарып жүр деген заңгерлерден жасақталған сот істің
ақ-қарасын ажыратып та тынды.
Не айтары бар, Михаил Горбачевтің бұ жолы да сақасы алшысынан
тұрды. Кісілігін кісәпірлікке, ақылын айла-амалға алмастыра қойды
десек, тіл тигізгендей болармыз. Ненің терісін жамылып шыққанын өзі
білер, сырт көзге көктен түскендей көрінген ол, жалаңаш қылышын
күні кеше ғана шашбауын көтеріп, қайтсем жағынамын деп құрдай
жорғалаған өзінің ең сенімді серіктерінің төбесінде ойната
бастады. Қолынан келген қонышынан басады, ойына келгенді істеп
баққан Горбачев осыған дейінгі бар былықшылығын, адам түгілі құдай
кешпес заңсыздығын осы төтенше комитетке итере салды. Сөйтіп сүттен
ақ, судан таза боп, қайтадан жалған дүниені жалпағынан басып шыға
келді.
Өздеріңіз білесіздер, осы тамыз оқиғасына дейін Горбачевтің
сыңар езулігінен, кежегесінен кері кететін әдетінің кесірінен Кеңес
Одағы коммунистік партиясының “тоз-тозың шықты. Жоғарыда айтқанымдай,
партияның миллиондаған мүшесінің пікірімен санаспай-ақ, Орталық
Комитеттің пленумын не партия съезін шақыртпай-ақ төбесінен су
құйып, саудасын сақал сипағанша бітіре салды. Коммунизмге, оның
жоғын жоқтап, сойылын соққан коммунистердің ту сыртынан оқ атқан
Горбачев екеніне мына тіршілікте қара танымайтын көр соқырдың
күмәні жоқ. Жұрт алдында үзеңгі бауы алты қарыс кісідей шіреніп
тұрып, көсіле сөйлейтін, дұрысы — жағы сембейтін ол партияның
сойылын соғып тұрып, көзге көрінбейтін жұлын құртындай соның
(партияның) түбіне жеткен де өзі. Ол ұятты шүберекке түйіп қойып,
партияның бас хатшылығын мансұқ етіп, шылбырды бере салды. Әшейінде
би аға, түйе ауғанда қайда едіңіз демеңіздер, ошақтың оты неге
сөніп бара жатыр дегенді ойлауға шама келтіртпей Орталық Комитетті
таратып жіберді.
Бұған іш қазандай қайнап жүргенде одан сорақысы басталды.
Алтын діңгектей он бес жерден тік көтеріп тұрған шаңырақ ортасына
түсті.
Өкінішке орай, бұл жерде де Горбачевтің адам айтса нанғысыз
шалағайлығы мен шарасыздығы таразы басын басып кетті, істің дәл
осылай бел алуына ерекше ықпал етті. Мемлекет басшысы ретінде
қайрат таныта алмады, қоржын басын тең ұстаудың орнына, тізгінді
тарта ұстаудың орнына әліптің артын күткен кісідей, сырттан тон
пішумен тынды. Ақыр аяғы телегей-теңіз ортасында ескексіз қайықтай
айдың күні аманында жалғыз қалды, тіпті бұлай сыпайылап айту
келіспейді, дұрысы — мидай далада сазға отырып қалды деу. Горбачев
бетімен жер баспас жолы бар ма еді? Менің пайымдауымша, шұғыл
түрде КСРО Жоғары Кеңесінің төтенше сессиясын шақырып, оған барлық
республикалардың өкілдерін қатыстыру керек еді. Сол жерде айқын да
нақтылы іс бағдарламасын алға тарта отырып, КСРО-ның құрылу тарихын
және оның қалыптасу кезеңдеріндегі рөлін назардан шығармаған жөн
еді.
Халықтан еш нәрсені жасыруға болмайды. Барымызды да, жоғымызды
да алға тартқанда ешкім өз құдығына өзі түкірмес еді. Кеңес Одағы
көп ұлтты мемлекет ретінде қалай құрылғанын, оның біртұтас ел
ретінде ірге көтеруі дер мезгілінде әрі өмірлік маңызы бар тарихи
қажеттілігін барша кеңес халқына бүкпесіз баяндап, КСРО-ның құрылуы
шаруашылықты басқарудың социалистік жосларлы жұйесіне көшудің кілті
болғанын және мұның өзі әбден тұралаған елде бас-талғанын дәлелмен
жеткізген жөн еді.
КСРО АҚШ-тан бейбіт мақсатқа пайдаланатын атом қуаты сияқты
ғылыми-техникалық прогресс бағытындағы жетекші саладан көш ілгері
еді. Сөз орайы келіп тұрған соң айтайын, Горбачев лен Рыжков қай
кезде де айрықша мән беруді қажет ететін атом қуатын жай-күйіне
дер мезгілінде көңіл бөлгенде Чернобыль апаты болмас еді.
Жауапкершіліктің жоқтығы, өкінішке орай, мыңдаған жанды жапа
шектіріп, талай адамды қайғылы қазаға ұшыратты. Демек, ел басында
отырған кісіге жұмыстың үлкен-кішісі болмайды. Қашанда шекара
күзеткен сақшыдай қырағылық қажет.
Горбачевтің ңқайта құруың қара халық ұшін шілдедегі ақ
сағымдай елес еді. Қолдау таппақ түгілі, түпкі мақсатын түсінбеді.
Ақыры сандырақ ңжаңаруң далада қалды. Ішкенің алдыңда, ішпегенің
артыңда болады, мына жалғанда не кием, не ішем демейсің, қой
үстінде бозторғай жұмыртқалаған заманда ғұмыр кешесің деген уәде
халықты алдау ғана боп шықты. Сөйтіп, Горбачев партия мен халық
сенімін ақтамады. Мыңдаған адамның қаны, миллиондаған босқынның көз
жасы соның арына жүктеледі.
Баға жылдап, айлап емес, апталап, тіпті күн сайын өсіп жатты.
Бұған алаңдамаған адам шамалы. Елдің естияр азаматтарының жан
дауысы шықты. Тіпті жат жерлік экономистер, социологтар қобалжи
бастады. Ал Горбачев құлағын құлық басқан жандай қаннен-қаперсіз
отыра берді. Жаны ашымастың қасында басың ауырмасын дейді дана
халық. Қабырғасы қайысса осындай күйге түсірер ме еді... Қайдағы
жоқ адам факторы дегенді жағы сембей қайталаудан аса алмай, елді
қысыр сөзге қарқ қылды.
Бар кінәні Горбачевтің басына үйіп-төгуіне қарағанда, Қонаевтың
оған деген өкпесі қара қазаңдай болар деуші ағайын табылары анық.
Оны да жоққа шығармаймын, бірақ ең басты мәселе мынада және бұра
сөйлеуді білмейтін әділ кісі де осы байламға тоқтар еді. Елді
ашса — алақанында, жұмса — жұдырығында ұстаған жылдарда Горбачев
мемлекетті тұралатып, қоғамды іріген сүттей қылды. Осы жылдар
ішінде ол өзінің халық шаруашылығын басқарудан мүлдем мақұрым
екенін көрсетті. Естеріңізде болар, ол салған жерден көлденең
табысқа тосқауыл қояйық! деп, ұран тастады да, елдің аяқ-қолын
матай бастады. Ойламаған жерден оң көзіміз сол көзімізге жау боп
шыға келді. Сынық шеге ұстаған ұры атанды. Ал, түйені түгімен
жұтып жатқандар жең ұшынан жалғасып жатты... Сосын, не айтасың,
айды аспанға бірақ шығаратын кісідей білегін сыбанып бірер жылдың
ішінде ит басына іркіт төгілетіндей байлыққа батамыз деп
экономикалық жеделдету стратегиясын ойлап тапты. Оған да мақұл
дедік. Бірін таратып, бірін қосып, аласапыран болдық. Қайырын
берсін деп, елді жұмылдырып, іске ден қойған тұста: жоқ, бұл
болмайды, экономика ғылыми-техникалық прогрессіз аттап баса алмайды
екен деп, жаңа арнаға бет бұрдық. Өндіріс технологиясын
жаңартайық, жақсартайық, сөйтіп өркениетті елдер деңгейіңде тіршілік
жасайық деген ізгі ниетте еш сөлекеттік жоқ. Шын құп алатын,
барынша қолдайтын бастама еді. Бірақ сол идеяны жүзеге асырудың
жолы қалай, неден бастап, немен аяқтауға тиіспіз? Бұл мәселе жан-
жақты ойластырылып, терең талданбады. Ақыры, Горбачевтің құрыққа
сырық байлатқан бос сөздерінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz