Дінмұхамед Қонаев туралы мағлұматтар


Дінмұхамед Қонаев (1912-1993 жж. )
Д. А. Қонаев 1912 жылғы қаңтардың 12-сінде Алматы қаласында туды. Еңбек жолын Мәскеу түсті металл және алтын институтын бітіргеннен кейін бастады. Қазақстан түсті металлургиясының бірқатар кәсіпорындарында еңбек етіп, бұрғылау станогының машинасының ірі кеніш басқармасының директорына дейінгі жолдан өтті.
Қазақстанның көрнекті мемлекет және саяси қайраткері, ғалым, тау-кен инженері, 1952 жылдан Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, ал 1968 жылдан техника ғылымының докторы. 1936 ж. Мәскеудегі түсті металдар мен алтын институтын тәмәмдап, тау-кен инженері деген мамандық алды. Институтты бітіргеннен кейін "Прибалхашстройға" жіберіледі, бұрғылау станогы машинисінен Қоңырат рудниігінің директорына дейінгі жолдан өтеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында "Алтай полиметалл" комбинатының бас инженерінің орынбасары және техника бөлімінің бастығы, сондай-ақ Лениногор кен басқармасының Риддер кенінің директоры болады. 1942 жылдан 1952 жылға дейінгі аралықта Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметін атқарады. 1952 ж. Қазақ КСР Ғылым академиясының Президенті болып сайланады. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып екi рет тағайындалған (1955-1960 және 1962-1964 жж. ) . 1960-1962 жж. және 1964-1986 жж. - Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы, 20 жылдан аса уақыт - СОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 25 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, 27 жыл бойы - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының мүшесі, СОКП ХІХ-ХХҮІІ съездерінің делегаты,
3-ден 11-ге дейін шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Казақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты болды.
Қазақстанның қуатты аграрлы-индустриальды мемлекет ретінде қалыптасуында Қонаевтың сіңірген еңбегі ерекше.
Қонаевтың қайраткерлік мезгілінде Өскемендегі қорғасын-цинк және титан-магний, Соколов-Сарыбай, Лисаков, Балқаш, Жезқазған таукен-металлургия комбинаттары құрылды және дамыды. Оның көмегімен химия, метталлургая институттары ашылды. Қазақстандағы ВАСХНИЛ, Акмоладан Бараев институты әлеуметтік тапсырыс пакеттерін алды, ядролық физика саласындағы интенсивті жұмыстар басталды, ортаазиялық әскери округ, әскери-инженерлік база құрылды. Алматыдағы құрылыс пен жағдайластыруда да ол аз нәрсе жасаған жоқ. Оның бастамасы бойынша бой көтерген Республика Сарайы, Достық даңғылындағы тұрғын үйлер, "Медеу" спорт кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет Сарайы, Республика алаңы, "Қазақстан", "Жетісу", "Алматы", "Алатау" мейманханалары, цирк, аэровокзал, аэропорт және көптеген басқалары Қазақстан Республикасының визиттік карточкасы болып қалды.
Қонаев республика мәдениетін бағалады және қолдады. Ол Е. Серкебаевтың, Б. Төлегенованың таланттарын көтерді, О. Сүлейменовтың "АЗ и Я" атты зерттеуінің философиялық мәнін түсінді, оны "орталықтың" жаласынан арашалады. Өнерді тоталитаризмнің идеологиясын қорғай білді.
Қонаевтың ғылыми еңбектері кен орындарын ашық әдіспен зерттеудің теориясы мен тәжірибесінің маңызды мәселелеріне арналған. 1948 ж. кандидаттық, ал 1968 ж. докторлық диссертация қорғады. 1952 жылдан - Қазақ КСР Ғылым академиясының толық мүшесі. 100-ден аса ғылыми еңбектері бар.
1992 ж. оның "Менің кезім жөнінде" атты естелік кітабы жарық көрді, 1994 жылы ол "Сталиннен Горбачевқа дейін" деген атпен қайта басылды. Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін Қонаев 8 Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталған. Үш мәрте Социалистік Еңбек Ері. 1994 жылы Дінмүхамед Ахметұлы Қонаевтың есімімен колледж, таукен ісі институты, көше аталды. 1978 ж. Алматыда бюстісі орнатылды. Д. А. Қонаев атында қайырымдылық қоры құрылған.
Ұлы Тұран перзентi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаев Алматы қаласында тұған. Одан соңғы еңбек баспалдағы - "Алтай полиметалл" комбинаты бас инженерінің орынбасары, техникалық бөлімнің бастығы, Риддер кенішінін және КСРО ірі қорғасын-мырыш кәсіпорындарының бірі Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады.
1942 жылы орда бұзған отыз жасында республика Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалады. Бұл жауапты міндетті он жыл мінсіз атқарады. Соғыс кезінде ол майдан қажетін қамтамасыз ететін жылу және басқа өнеркәсіп салалары жөніндегі мәселелермен айналысты.
1952 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті болып сайланды. 1955 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалды. 1960 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болды. 1962 жылы желтоқсанда ол жоғары лауазымды қызметтен алынып, қайтадан Республика Министрлер Кеңесінің төрағалығына тағайындалды. Сол кезде ондай жағдайларға тандануға болмайтын. Өйткені, басшы кадрларды Мәскеу өз қолына алған еді. Орталық барлық кадрларды өзі алып, өзі қойып отыратын. Ғажап қой, бірақ анық жайт. 1964 жылы Орталықта жағдайлар өзгерді де, Қонаев қайтадан Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды.
Ол сан дүркін КСРО және республика Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының мүшесі, 32 жыл бойы КПСС ОК-ның мүшесі болды. 1966 жылы КПСС ОК Саяси БЮРО-ның мүшелігіне кандидат, Партияның төрт съезінде, яғни XXIV пен XXVII съезд аралығында Орталық, Комитет Саяси Бюросының мүшесі болып сайланды.
Ұзақ жылдар бойы Қонаев елдің жоғарғы билік тізгінін ұстағандардың бірі болды. ОК Саяси Бюросының мүшесі ретінде мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының мәселелерін шешуге қатысты.
Д. А. Қонаев партияның аса көрнекті қайраткері ғана емес, ол ғылыми қызметпен де қажырлылықпен айналысты. Техника ғылымдарының докторы, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі.
Ол қазба байлықтарының арқасында республиканың деңгейі биікке көтерілетінін жақсы білді. "Республикамыз қарыштап, даму асқарынан асып, тағы да бір биік белеске көтеріледі" деп әлденеше рет айтқан болатын. Америкадан шығатын журналдардың бірінде атақты ағылшын саясаттанушысы өзінің "Орыстар мен қазақтар" деген мақаласында Қазақстанның 1917 жылғы төңкеріске дейінгі (патшалық тәртіп кезінде) және социализм құрылысы кезеңіндегі дамуын салыстырған анализін келтіреді. Зерттеу барысында байқалғандай, Қазақстанның өрлеу мен гүлденудің ең жоғарғы дәрежесіне жеткен кезеңі Қонаев билік басына келген жылдар екен.
Қонаев өте сауатты басшы бола білді. Кез келген мәселені шешуде батылдық пен көрегендік танытты. Біздің ғасырымыздың 60-80 жылдары аралығында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы толығымен өзгерді. Соғысқа дейін экономика өзінің жаңа қадамын бастады, сосын соғыс, ал соғыстан кейін барлық ресурстар КСРО-ның, Батыс және Солтүстік батыс бөлігіндегі қираған қалалар мен өнеркәсіп күштерін қалпына келтіруге жұмсалды. Қазақстан мен Орта Азия республикалары сол бәз-баяғы қалпында қалды.
60-80 жылдар аралығындағы Қазақстанның әлеуметтiк-экономикалық дамуы деңгейіне мына дәлелдер куә. Осы кезеңдер ішінде республиканың ауыр өнеркәсібі саласындағы ірі өнеркәсіп орындары жедел қарқынмен өсті: Қарағанды-Теміртау, Павлодар-Екібастұз, Жамбыл-Қаратау және Шымкент-Кентау көмір-металлургия кешендері құрылды. Қазақстан елімізге орасан зор мөлшерде болат, шойын, мыс, вольфрам, марганец, молибден, қорғасын, мырыш, алтын, т. б. қазба байлықтарын тапсырды. Қазақстанның үлесіне 69% мыс қорыту, 70% қорғасын, 90% марганец, 87% жай фосфор өндіру тиді. Көмір қазу 220 миллион тоннаға жетті. Электр қуаты 78 миллиард киловатт сағатқа өсті. Екібастұздан Орталыққа жоғарғы кернеулі электр жүйесі тартылды. Ауыр өндірістің шапшаң қарқынымен бірге жеңіл және тамақ өнеркәсібін одан әрі дамытуды жеделдету мүмкіндігі туды. Мыналарды айтсақ та жеткілікті: 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдардың басында республикада 37 млн. пар аяқ киім, миллион метр мақта-мата бұйымдары шығарылды. Республикада 8 қант заводы, екі былғары комбинаты жұмыс істеді. Теміржол, әуе және автомобиль көліктері көбейді. 80-жылдардың аяғында теміржолдың ұзын-ырғасы 15 мың шақырымнан асып кетті.
Барлық аудан орталықтары мен шеткі шалғай ауыл-село мекендері, көптеген ауылшаруашылығы кәсіпорындары автомобиль жолдарымен ұштастырылды. Астық өнімі 29-30 миллион тоннаға, қой саны 35 миллионға, жылқы 1 миллион 100 мыңға, ірі қара 7 миллионға жеткізілді. Тың жерлер астық, ет, сүт өндірісінің орталығына айналды. Басқа облыстар да олардан қалып қойған жоқ. Мәселен, Шымкент облысының бір өзі ауыл шаруашылығының 14 түрінен өнім өндірді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz