АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ НЫҒАЮУЫ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3
Негізгі бөлім. 1 АБЫЛАЙ ХАННЫҢ – САЯСАТЫ 4
2 АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ НЫҒАЮУЫ 7
ҚОРЫТЫНДЫ 10
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 12

КІРІСПЕ

Абылайдың әкесі — Уәли Түркістан қаласының сұлтаны болған. Жастайынан
жетім қалған бала Абылайдың көрмеген құқайы жоқ. Қаршадайынан кісі есігінде
жүріп, кіріптарлық пен жоқшылықтың тауқыметін тартады. Абылай, тіпті, өз
атын жасырып жүреді. Оның азан шақырып қойған шын есімі Әбілмансұр екен. Ел
аузындағы деректер бойынша, оның аталары Түркістанды билеген десе, ал
академик Рамазан Сүлейменов ханның өз хатшысы М. Мәмедовтің 1768 жылы жазып
қалдырған "Абылай сұлтанның атасы да, өзі де Тәшкент шаһарының ханы болған"
деген дәлелді айғақ етеді.
Қалай дегенде де Әбілмансұр хан тағы үшін таласта Қайып ханды өлтіріп,
"Қанішер Абылай" атанған арғы атасы — Абылай атына кейін ие болады.
Ал, атақты ғалым Шоқан Уәлиханов өз зерттеулерінде Абылай Ресей
жылнамаларында "Сібір принці" деп атанғанын айтып кетеді.
1731 жылы Ұлытауда үш жүздің жасақшылары мен ойрат шапқыншылары
арасындағы шайқаста Әбілмансұр қалмақ ханы Қалдан Сереннің емшектес туысы-
Шаршы батырды жекпе-жекте мерт етеді. Осы айқаста атасының атын атап "ия,
Абылайдың аруағы" деп ұран шақырып жауға қарсы шапқанда, ойрат қалмақтары
ойсырай қашады. Содан соң-ақ Әбілмансұрды серіктестері — сарбаздары ғана
емес, ел "Абылай" деп атап кетеді.
Әбілмәмбет хан өлген соң Абылай таққа отырып, қазақтың ханы атанады.
Абылай хан өмір жолы қазақ елінде елеулі бір тарих беттерінде қалды.
Жалпы қазақтың мемлекет болуына және қазақты біріктіріп ұлыс пен жүздердің
тізесін қосып бір күшті мемлекеттің құруылуына өз үлесін қосты. Менің
бұл жұмысым кіріспе негізігі екі бөлімнен, қорытынды мен пайдалнылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім. 1 АБЫЛАЙ ХАННЫҢ – САЯСАТЫ

Мемлекет жан-жақтан жау қыспағында қалғанда ел тізгінін ұстап, қалайда
жерінді шауып алайын деп арандай аузын ашқан қалың қолды басқыншыларға
төтеп беріп, төзуге ерік-жігері елден ерек басшы керек. Сондай мәртебеге ие
болған Абылай еді.
Абылай хан жоңғарларды жеңген соң Қытай мен Ресей секілді ірі
мемлекеттерден іргесін алыс салмай, бейбіт қарым-қатынас жасап, екі
императордың да бірде анаусының, бірде мынаусының көңілін аулап отырды. Ал
шын мәнісіне келгенде, сөз жүзінде ғана солардың құзырындағы ел сияқты
саясат ұстады. Ол екеуінен де кез келген уақытта қазақтарға жаугершілік
қауіп төнетінін білді. Сөз жоқ,- сол кезде Абылай ұстаған бұл саясат қазақ
халқының ұлттық қауіпсіздігін әрі тәуелсіздігін сақтаудағы бейбітгерлік
саясат еді. Осы ұстамды саясатымен екі алпауыт империямен де бейбіт келісім-
шартқа қол жетті.
Қазақ даласының тарихында дәл Абылай секілді халықтың ыстық ықыласты
сеніміне ие болған мәртебесі биік басқа хандар бар ма? Әй, жоқ та шығар.
Өйткені, ол ел шетіне қандай жау келсе де, кеуде тосып төтеп бере алатын,
уық-керегесі берік бір шаңырақ астына біріккен біртұтас мемлекет құруға бар
пәрменін салды.
Абылайдың тұсында басқа мемлекеттер қазақты халық деп танып, құрметтей
бастады. Абылай есімі ғасырдан ғасырға ұласып, ел есінде мәңгі қалатыны
сөзсіз. Өйткені, оның бұдан екі ғасыр бұрын алға тартқан ел бірлігі идеясы,
мақсат-ойы бүгінгі заманда да маңызды әрі мәнді.
Қытаймен бейбіт қарым–қатынасты өрбіте отырып, Абылай Ресеймен де
қалыптасқан саяси және экономикалық қатынасты үзбеген. Ресей империясы
қазақ жерінің шекарасына бекіністер, қамал – қалалар салып, оларды орыс
казактарымен толып жайғастырып жатқанда және де Жайықтың, Ертістің тағы
басқа өзендердің жағасына қазақтар малын жаюына тиім салу жөніндегі
жарлықтарын шығарғанда Ресеймен жағдайды шиеленістіруге бармай, мәселені
дипломатиялық жолмен шешуге тырысты. Ресей патшалығының отаршыл, басып алу
саясатының құрбаны болуы қауіпті болып тұрғанын сезді.
XVІІІ ғ. 70-шы жылдары Түркістан аймағында тұратын қазақ елдерін
қырғыздар шауып, мал-жандарын айдап әкетіп отырады. Қазақтар Абылайдан
өздерін қорлықтан құтқарып, қорғауды талап етеді. 1779 жылы Абылай
әскерлері қырғыздарды талқандап, басшыларын – Садырбаланы – тұтқынға алады.
Қырғыздар келісімге келіп бітім жасауды өтінеді. Сосын, Түркістан, Сайрам,
Шымкент, Созақ қалалары босатылады, ал 1781 жылы Ташкентті бағындырады, оны
алым – салық төлеп тұруға міндетті етеді. Абылай хан ... өзі әулет басы
ретінде рубасыларының ғұрпы бойынша өмір сүру үшін Түркістанда қалды. Сонда
1781 жылы дүние салып, мүрдесі Қожахмет Яссауидің мешіті алаңына жерлендің.
(Ш. Уәлихановтың Абылай атты мақаласынан. Абылай хан. А., 1992, 16 б.)
Чианлуң жылнамасының қырық алтыншы жылының алтыншы айының 6-күні 1781
жылдың шілде айының 26 күні. Қазақтың Уәли сұлтанына: Тарбағатай амбанының
мәліметінен әкеңіз Абылайдың опат болғанынан хабар тауып қатты қайғырдымң
деп жазған екен. (100 құжат (Қазақ хандығы мен Чин инмпериясы арасындағы
қарым - қатынастарға байланысты құжаттар). А., 1998, 84 б.).
Абылай хан хандық мемлекетті, қазақ халқының жағдайын шұғыл түзеді.
Абылай кезеңі тарихта ең бір елеулі кезең болды. Жау қуылды, халық өз
жерінде емін – еркін тұрмыс құрды, бірлікке, ұйымшылдыққа негізделген
хандық билігі құрылды. Солай бола тұрса да Абылай хан көзі тірісінде Қазақ
елінің мемлекетінің тұрақты болуының тарихи жағдайын жасап үлгермеді.
Сондықтан да 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін еліміз қайра
бөлшектеніп ыдырай бастады. Сонымен бірге Қазақстанның тәуелсіздігі жойыла
бастады ... Ресей билігі шешуші жағдайға айналдың. (К. Әбуев. Қазақстан
тарихының ақтандақң беттерінен. А., 1994, 46 б.). бұл жерде Абылай ханның
XVІІІ ғасырдан күйі жеткен санаулы күйшілеріміздің бірі екенін айтқан жөн
болар. Себебі:
1) күйдің алар орны айрықша;
2) ең мол дерек көзі күй тілінде және күй аңыздары түрінде сақталған;
3) ән – күй өнеріне жақын адам қарапайым болмас;
4) Абылай ханның күйлерінің тақырыбы нақтылы өмір құбылыстарына арналған
және де ел қамы мен халық тағдыры жөнінде толғанған ойларын сипаттайды.
Абылай ханның күйлері туралы Ш. Уәлиханов, А. Затаевич сияқты ғалым –
зерттеушілер кезінде жазған. Олар: Ақ толқынң, Бұлан жігітң, Дүние
қалдың, Қайран елімң, Қоржын қақпайң, Жетім торың т.б. Бұл күйлердің
бәрі күні осы уақытқа дейін Абылай ұрпақтарына сонау бір даңқты кезеңдерді
елестетедің. (Абылай хан. А., 1992, 17 б.).
Абылай хан – XVІІІ ғасырдағы тарихымыздың аса ірі тұлғасы. Орыс ғалымы
А. Левшин Абылай тәжірибесі, ақыл – айласы жағынан болсын, қол астындағы
халқының саны, күші жағынан болсын, сондай-ақ өзінің Ресей патшалығымен,
Қытайдың боғда ханымен жүргізген тапқыр, шебер қатынастары жағынан болсын
өз тұсындағылардың бәрінен де басым еді. Ол ұстамды, досына мінәйім
мінезді, жауына қатал, қаһарлы кісі еді. Сондықтан жұртты өзіне тарта, ерте
білетін едің. (А. Левшин. Описание киргиз-казачьих орд и степей ... А., 1996,
264 б.)

2 АБЫЛАЙ ХАННЫҢ ТҰСЫНДА ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ НЫҒАЮУЫ

Абылай ханның алға ұстаған саясаты, мақсаты – қазақ халқының
бостандығы мен бірлігі, мемлекеттігі мен тәуелсіздігі еді. Көзі тірісінде
бұл сақталды, ал 1781 жылы Абылай хан дүние салғаннан кейін Қазақ мемлекеті
қайра бөлшектеніп ыдырай бастады. Ресей империясы қазақ жерін отарлауды
қызу қолға алды. Оны іске асыру жолында әр түрлі шаралар қолданды, оның
бастысы - әскери (шептер сызығы, жекелеген бекіністер, казактар
станциялары), экономикалық (қазақ жерін тартып алу, айламен алу, кейде
арзан бағамен сатып алу, салық салу, әртүрлі монополиялар енгізу), саяси
(хандықты, өзін-өзі басқарушылықты жою, әкімшілік басқарудың реформасын
жүргізу), рухани (орыстандыру, дінін, тілін, жойып шоқындыру),
демографиялық, орыс келімсектерін көшіріп қондыру) жағдай жасау болдың. (К.
Әбуев. Қазақстан тарихының ақтандақң беттерінен. А., 1994, 46 б.).
Абылай да адам, ол да пенде болған, сондықтан оның кемшіліктері де,
қателіктері де болған. Оның бәрін де ол өзі жақсы білген, түсінген.
Дәлел ретінде мынаны еске салған жөн болар.
Біріншіден, Абылай ханның дүниеден аттанайын деп жатқанда айтқан сөзі:
- Қан көп төгілді. Мен төкпесем, дұшпан менің қанымды төгетін болдың;
- Халқым жер емшегін еме алмады, қала, кент сала ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
ХҮ – ХҮІІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы
Салқам Жәңгір
XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың аралығындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік хал-ахуал
Қазақтың алқа билері
Бұқар жырау толғаулары
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) - Ресей империясының вассалы ретінде
Бұхар жыраудың билік шешімдері
Абылай ханның Қазақ хандығын біріктіруі
Есіркеп сұлтан
Пәндер