Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен творчествосы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен творчествосы 3
Құрманғазының күйлері 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі 10

Құрманғазы Сағырбайұлы. Суретші М С.-Кенбаев салған портрет. 1952.
Алматы.

Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен творчествосы

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 ж. ш. (құлпытасында 1806—1879) — 1889 ж.
ш.) — қазақтың күйші-композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық
музыканың (күйдің) классигі. Қазіргі Орал обл., Жаңақала ауданындағы
Жиделіде туып, Астрахань облысындағы (РСФСР) Шайтани батаға деген жерде
қайтыс болды. Кедей шаруаның баласы. Жасынан ән-күйге әуестігімен көзге
түсті. Алғашқы ұстазы Хан Базар (Орда) күйшісі — Ұзақ. Кейіннен Ұзақпен
бірге ел аралап, домбырашылық өнер сайысына түсіп, жұртшылық назарына
ілігеді. Бөкей ордасындағы атақты халық күйшілері Байбақты, Байжұма,
Баламайсан, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп, орындаушылық
шеберлігін шыңдады. Есейе келе домбырашылық күйшілікті профессионал өнерге
айналдырды. Құрманғазының бүкіл өмірі мен творчествосы әлеуметтік
әділетсіздік пен қанаушылыққа, озбырлыққа қарсы күрес жолында өтті. Би-
болыстар мен байлардың қудалауы, түрмеге қаматуы Құрманғазыны қажыта
алмады. Азатшыл ойдан, күрес-тартыстан бір сәт басын тартпай, домбырасын
қару етіп, өнер күшімен қиындықтарға қарсы күресті. Ел аузындағы аңыздарға
қарағанда Құрманғазының алғашқы шығармаларының бірі — Кішкентай күйі 19 ғ-
дың 30 жылдары шаруалар көтерлісін бастаған Исатайға арналған. Күй іштегі
шердің сазын, терең ой тебіреністерін аңғартады, әрі өр, бастаған елдің
қозгалысын басымырақ баяндайды. Ақбай, Аңсақ киік, Көбік шашқан,
Түрмеден қашқан Адай сияқты күйлерінде нұрлы болашақ, азат өмірді
аңсаған халықтық үміті, асыл арманы, зорлықшыл үстем тапқа деген ыза-кегі,
өшпенділігі, яғни өмір тартысы суреттеледі. Мыс., композитор Адай күйінде
халық күресінің құдірет-күшін, ерлігін дүбірлеген ат табыстың толқынды
дүрсіл ырғағымен бейнелейді. Ақсақ киік күйінде жаралының қайғысына
күйініп қана қоймай, Бекін, алға ұмтыла бер, тоқтама, даланың еркесі
киіктей орғы, еркіндікті, өмірді сүй... дегендей дем беріп, үн қатады
(Жұбанов А. Қ., Құрманғазы Сағырбайұлы, А., 1960, 98-6.). Көбік шашқан
күйінде де дауылды күнгі тасқын атңан теңіздің жойқын күшін суреттеп, оны
халық көтерілісінің аллегориялық көрінісіне айналдырады. Бұл күйдің шығуына
еңбекші бұқараны апатқа душар еткен табиғаттың мылқау күші себепші болса
да, күй сарынындағы азалы үннен әділетсіз өмірден егейлік көрген қарапайым
халықтың қасірет зары, күңіренген үні естіледі. Күй аса сабырлы айбынды
сазда басталып, нағыз шырқау шегіне жеткенде ғаламат сұрапыл әуенге
айналады. Көбік шашқанның трагедиялық жағы басым болғанмен, үлкен
серпінді күш те бар. Әсіресе күйдің даму, шиеленісу кезеңінде осы күш анық
көрінеді. Күйдің көлемі шағын болғанмен, ол сан қилы ой толқынын аңғартатын
терең мазмұнды шығарма. Құрманғазының Сарыарқа атты туындысында еркіндік
іздеген халықтық аяулы арманы, өршіл ойы, жеңілмес образы суреттеледі.
Күйші Сарыарқа арқылы туған жерді, кең байтақ даланы, ондағы халықтың
асқақ үнін, қажымас күшін көз алдына келтіреді. Құрманғазының
шығармаларының ішінде би күйлері де (қызыл қайың, Балбырауын) бар.
Балбырауын — қоғамдық қатынастарға, өмір тартысына қатысы жоқ күй. Мұнда
көңілділік, ойнақылық басым. Күй — басынан аяғына дейін жарқын жүзді, шат
көңілді танытатын, өмір жырын жырлайтын оптимистік шығарма. Н. Савичевтің
Балбырауын біздіңше нағыз дерлік домбыра үнімен денеге ән салғызған
күйдің өзі деуі де тегін айтылмаса керек. Күйшінің Аман бол, шешем, аман
бол, Ертең кетем, Бұқтым-бұқтым, Қайран шешем сияқты туындыларының
музыка тілі адамның сөйлеу тіліне жақын. Құрманғазының күйлеріндегі
әлеуметтік тақырып, әлеуметтік бағыт оның күй шығарушылық өнеріндегі
бейнелеу тәсілдерінің негізгі аялғысы болып табылады. Өмір шындығымен
үндесіп жататын реалистік музыка тілі, тақырып пен сюжет тұтастығы,
монументтілік — Құрманғазының творчествосына тән қасиет. А.В. Затаевичпен
Б.В. Асафьев көрсеткен қазақ халық музыкасының мелодиясындағы симфонизм
Құрманғазының творчествосында осы ерекшеліктерден туған. Үстем тап
өкілдерінің ұры, қарақшы деген жаласымен Орал, Орынбор түрмесінде
болған Құрманғазы кейбір ауызша деректерге қарағанда Үркіт (Иркутск)
түрмесіне де түскен. Осы сапар Құрманғазыны Ертісті кесіп өтіп,
Сарыарқаның шетін басып... Шудың бойын қуалап, Ақбас Алатауды көріп, Сырды
төмен ағып, Жем-Сағыздың бойымен Жайықты кесіп өтеді... Жиделіге келеді
(Жұбанов А.Қ., Құрманғазы Сағырбаев, А., 1960, 118-6.). Сарыарқа,
Алатау күйлері осы кезеңде туды. 1880 жылдардың аяғында Астрахань қаласы
маңындағы Сахмаға біржола қоныс аударды. Сахмада күйшінің айналасына
шәкірттері (Дина, Ерғали Есжанов, Мәмен, Меңдіғали Сүлейменов т.б.)
топтасты. Халық арасында есімдері белгілі Көкбала, Меңетай, Меңқара,
Сүгірәлі, Тоғайбай, Шора т. б. домбырашылар да өздерін Құрманғазының
шәкірті санаған. Құрманғазының Байжұма, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
А. Жұбановтың шығармашылығы
Әбіш Кекілбаевтың шығармаларындағы тарихи тұлғалар
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Құрманғазы күйлерінің ерекшелігі
Қазақстандағы кітап және баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер
БАЯНҒА ЛАЙЫҚТАЛҒАН ДОМБЫРА КҮЙЛЕРІ
ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818-1889 )
Құрманғазының шығармашылық кезеңі
Құрманғазы Сағырбайұлы
Ішек қылған, қобызым
Пәндер