Қорқыт жыл жасаған қарт данышпан


Қорқыт
Қорқыт ата - атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері.
Тарихи деректер мен халық шежіресі бойынша, Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әл әкесі Қарақожа оғыздардың Қамы (Қайыспас) деген атасынан шыққан. Сондықтан Қорқыт оғыз бен қыпшақтар арасында бірдей кемеңгер ел ағасы болып өткен. Ватикан архивінде Қорқыт туралы “Расул пайғамбар заманына жақын кезде 7-8 ғасырларда Баят (Сырдария) бойында Қорқыт ата атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәлаятты ол өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт ата оғыз қауымның мүшкіл хәлін сөйлер еді. Әрине іс болса, бәрі оның алдына келіп кеңес сұрап, ол не бұйырса соны қабыл етер еді” деген дерек бар. Жазба ескерткіштердегі деректер бойынша Қорқыт жыл жасаған қарт данышпан. Қорқыт өз өмірінде үш хан тұсында уәзірлік қызмет атқарған. Тарихта Қорқыт ықпалында болған Инал, Көл-Еркен, Қаңлықожа деген хан аттары аталды. Ал бұл хандардың Жетісу (Алмалық, Ыстықкөл), Талас, Сайрам, Қазығұрт, Қаратау, Сыр бойы, Орт. Қазақстан (Ұлытау Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу), Торғай өлкесі, Ертіс бойы мен Алтайда әкімшілік құрғандығы тарихтан белгілі. Қ. осы тұста әлеуметтік жора (заң) негізін жасап, оны: ата-баба жасаған мекенді ұйық деп білу, оны сыртқа жау шабуылынан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен
пайдалану, дау-жанжалды ақылмен шешу, кінәлі болған адамды жазалалу сияқты салаларға бөлді. Сондай-ақ халық әскерді сапқа тұрғызғанда ортасын алқа-қотан етіп, екі қанатын оң қол, сол қолға бөлу, халық жиналыстарда тәртіппен отыру, ас-той үстінде мүше беріп, шүлен таратқандағы тәртіптердің бәрінде Қорқыт жасаған аталық заңға (жораларға) жатқызады. Ел аузында «Қорқыт айтты» деген мәтелдер жиі кездеседі. Мыс., «Ескі мамық бөз болмас, Кәрі дұшпан дос болмас. Өлген кісі тірілмес». «Шөлді жердің отын киік білер, Сулы жердің қадірін құлан білер, Ұзақ жолдың сырын түйе білер, Шытырманды тау қойнауын түлкі білер» т. б Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қорқыт асқан күйші ғана емес, қазақ музыкасының, ән-күй өнерінің атасы. Оның шын мәніндегі күйші-композитор болғандығын ел ішінде ел сақталған «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны» атты музыкалық шығармалары дәлелдейді. Қойлыбай бақсы, Нысан абыз, Мекеш бақсы, Найман бала жырларында Қорқыт аты олардың ұстаз-пірі ретінде жиі аталады мыс., «Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата, бата алған барлық бақсы асқан ата. Таң қалып жұрттың бәрі түрады екен, Қобызбен Қорқыт ата күй таратқанда», - деген жыр тармақтары мұра қалдырған Қорқыттың атын халық ғасырлар бойы жадында қастерлеп келгендігін аңғартады. Қорқыттың әдеби-музыкалық мұрасы тек қазақ халқының ғана емес, бүкі түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына. Оның мазары соңғы кезге дейін, Сырдария өзенінің жағасында сақталып келді. Қорқыт ел аузында таралған, аңыздарда өлімге қарсы күресуші, өлім дегенді білмейтін, мәңгі жасайтын өмір іздеуші ретінде суреттеледі. Аңызда Қорқыт желмаяға мініп алып, өлмейтін жер іздеу үшін дүниенің төрт бұрышын түгел аралайды. Бірақ оның алдында шыққан көк майса «қуарып солдым» деп, аспанмен тілдескен асқар тау «Бұрын сәулетті едік, мыржырайып біттік» деп мұңайяды. Жапырағы сарғайған қара орман қайғымен басын шайқайды. Ол қайда барса да, көр қазып жатқандарға кездеседі. Қорқыт өлімге қарсы ем іздеуге әрекеттенеді, бірақ ол еңбегінен де ештеме шықпайды. Соңында «Өлмейтін нәрсе жоқ екен» деген қорытынды жасап, өмірінің кейінгі кезін қобыз тартумен өткізеді. Өлмеуді, мәңгі өмірді қобыз үнінен іздейді. Негізінде, өлімге қарсы күрес ислам дінінің жораларымен сыйыспайды. Сондықтан аңыз Қорқыт атына байланысты айтылғанмен оның шығу, таралу тарихы түркі халықтарына ислам діні тарамай тұрған кезге саяды.
Сол сияқты шумер халқының атақты дастаны «Ғылғамыш» («Гильгамешь») пен Сібір түркі халақтары арасында кең тараған «Ерлікхан» әңгімесінде де Қорқыт туралы аңыздағыдай өлімге қарсы күрес суреттеледі.
Қорқыт Мазары
Қорқыт мазары шамамен 9-11 ғ-да Қорқытқа тұрғызылған күмбез. Қазыргі Қызылорда обл., Қорқыт т. ж. ст-сынан 3 км жерде.
Қ. м-ның жалпы жобасы дөңгеленіп келген (6-8 қырлы), күмбезді.
Мазарды 19 ғ-да Ә. А. Диваев пен И. А Кастенье зерттеді. Құрылыс материалы-шикі кірпіш. Күмбезінің ішікі еңсесі уық саласына ұқсас, ал қабырғалары кереге өрнекпен нақышталған. Қорқыттың сүйегі қойылған сұпының аяқ жағы мазардан сыртқа шығып жатқан. Диваевтің жазуына қарағанда 19 ғ-дың аяғында Қорқыттың сүйегі басқа жерге көшірілген.
Қорқыт (ІХғ. )
Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. «Қорқыт ата кітабы» әдеби ескерткштерінен ІХ-Х ғасырларында билік құрған оғыз тайпасынан шықкандығын білуге болады. Оны Ш. Ш. Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белглі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.
Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен «жарық жүзді сүлудан» туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме «Қорқыт» сөзі - адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін «қорқыту» сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу - шаман халық аңыздарының жемісі.
Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.
Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам ең қауіптісі - адамилықты жоғалту. «Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөптің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды қумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы». «Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесін артық жей алмайды». Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz