Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі - Мағжан Жұмабаев



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
(1893-1938)

Қазақ әдебиетінің XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздарының бірі -
Мағжан Жұмабаев. Өмірі мен өлені бір кезде аңызға айналған ақынның аты
соңғы жарты ғасырдан артық уақыт бойы айтылмайтын болған. Сол себепті
кейінгі буын, бұл ақынды аз біледі. Ақынның кітаптары тыйым салу салдарынан
сарғайып, тозып, жыртылып, жоғалып жатты. Ақты қара, қараны ақ деп
түсіндірген зорлық-зомбылық дәуірінің құрбаны болған ақын тағдыры аянышты.
Өзінің кім екенін, ақындық қуатын, қайраткерлік қарымын “Мен кім?”
деген өлеңінде бір аңғартып өтеді.
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
Тұлпарымын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.

Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
Өзім –патша, өзім - қазы, өзім – би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?

Бұл романтикалық асқақ шумақтардан ақынның өз күшіне, өз талантына,
керек десеңіз, өмір тағдырына кәміл сенгенін байқаймыз. Мағжан - өз тегін
де, өз жерін де мадақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын ақтауға
ұмтылған, өлең сөздін асыл маржанын төгілген, сұлу жырымен оқырманың
егілткен, өне бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп,ақырында мүлт
кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті. 60 жылдан
аса уақыт бойы үстемдік құрған қоғам ақын үнін шығармай, тұмшалап келсе
де, енді естіліп, ақыры жалғастық тауып отырғаны шындық. Ақын өлені мен
дана сөзі өлмек емес. Ақын көзін аластап, өлеңін жауып жоқ қылған әкімшілік
дәуір үстімізден енді ғана ауып барады. Қазақстанның тәуелсіз ел болып
қайта құрылуы әрбір жеке адамның бас бостандығын қамтамасыз етпек.

Ақынның тағдыры

Мағжан Жұмабаев өлеңдерін бастыру, оқу Кеңес дәуірінде мүмкін болмады.
Енді жарты ғасырдан аса уақыт өткенде ғана, аты аңызға айналған ақынның
шығармалары халқына қайта оралды.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясынның Ақмола
уезіндегі Полуденовский болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы,
Булаев ауданы, “Молодежный” совхозы) дүниеге келген. Төрт жасында ауыл
мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылоржардағы (қазіргі
Петропавл) медресеге оқуға түседі, бұл медресені араб, парсы, түрік
тілдерін еркін меңгерген, Стамбұлда оқып, дәріс алған, ауқатты әулеттен
шыққан жергілікті интеллигент Мұқамеджан Бегішев ашқан. Ол өзі Шығыс
халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені
1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді. Бірақ, бұл оқумен қанағаттанбаған, ол,
яғни болашақ ақын, 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы
Бекмұрат Серкебаевпен Медресе - Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді.
Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда жоғары оқу орнымен бара-бар
болған. Мағжан сол медреседе сабақ беретін ұстаз, белгілі тара жазушысы
Ғамымжан Ибрагимовпен, медересенің жетекшісі Сәлімгерей Жантуринмен,
жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.
Болашақ ақын таланта таныған Ғалымжан Ибрагимовпен (көпшілікке таныс
“Қазақ қызы” романының авторы) оған білімін әрі қарай көтеруге түсу
керектігін айтып, ақыл-қеңес береді. Осыдан сол Мағжан Жұмабаев Омбыдағы
мұғалімдер семинариясында түсіп, сол қалада орын тепкен. 1912 жалы Қазан
қаласында “Шолпан” атты тұңғыш жинағы басылып шығады, оған Ғалымжан
Ибрагимов көп жәрдем еткен.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан Жұмабаев көпшілік қауым
мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жарлары қазақ даласын
шарлап кетеді. 1919 жылы ақын екі бірдей қасіретке душар болды; тағдыр
қосқан қосағы толғақ үстінен қайтыс соғысы уақытына орай есімін Граждан
қойған перзенті бір соң ол да үзіледі. Осының бәрі ақын жүрегіне батпан
ауыртпарлық түсіріп, із қалдырады. “Мені де, өлім, әлдиле” өлені осы
сәттерде тұған.
1912-1914 жылдары Мағжан Жұмабаев “Қазақ” газетінің редакторы,
түркітанушы, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтың және
Шығыс мәдениетімен де, Батыс мәдениетімен де жан-жақты, терең қаруланған,
аса дарын иесі Міржақып (Мир-Якуб) Дулатовтан дәріс алып, шығармашылықтың
жаңа бір қырына көтеріледі. Мағжанға еуропалық білім алуға, орыс тілін
үйреніп, мәдениетінен қанығуға олар көп себін тигізген.
1916 жылы Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясы
ойдағыдай бітіріп, тұған өлкесіне оралды. Қазақ даласында “Алаш” партиясын
құруға қатысып, чех көтерілісін бастап кешеді; кейін Акмола губерниялық
“Бостандық туы” газетінде істейді.
Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында М. Жұмабаев Ташкентте
шығармашылық өнімді еңбекпен шұғылданады. Соңда шығатын “Шолпан”, “Сана”
журналдарында. “Ақжол” газетінде қызмет атқарып, біраз дүниелерін жарыққа
шығарады. Дәл осы кезде қалың қауымға таныс поэмасы “Батыр баянды” жазды.
1923-1927 жылдары Мағжан Жұмабаев Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер
иститутында оқыды. Ол кезде институтты В. Брюсов басқаратын еді. бұл
жылдары ол орыс әдебиетін, батыс Еуропа әдебиетін терең зерттеп, оқиды.
Орыс мәдениет қайраткерлермен жете танысып, қөпшілігімен достық қарым-
қатынаста болады.
1929 жылы Мағжан Жұмабаев “Алқа” атты жасырын ұйым құрды деген
айыптаулармен 10 жылға сотталады. Шын мәнісінде бұл Сибревком жанындағы
Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған, қөпшілік қауымға белгілі,
отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді.
Өткінші сол, 1929 жылдан 1938 жылға дейін созылған ақынның он жылдық
ғұмыры бізге беймәлім. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен
аз ғана уақыт бостандық алады, бірақ 1937 жылы М. Жұмабаев қайта қамауға
алынады. Ал, 1938 жылы ақан ғұмыры мәңгілікке үзіледі.
Ғұмырының соңғы жылдары ештеңе жазбап па екен, жазға ол қайта, әлде
ұшты-күйлі жоғалып кетті ме деген сұрақ туды. Себебі М. Жұмабаевтың 1927
жылы жазған “Тоқсанның тобы” поэмасынан кейін басқа шығармалары мәлімсіз.
Рас, тәркілеу, ұжымдастыру, онан кейінгі аштық жылдары, әрине, шығармашылық
шабыт бере қоюы қиын. Ол уақыттың жалған поэмасының айқайын жұрт енді
естіп, ұғып отыр.

Ақынның өлеңдері.
Мағжан шығармашылығымен тереңірек, молырақ танысқан шақта оның
поэмасының қай қырын ерекше сөз еткен орынды болар еді деген сұрақ туады.
Мүмкін ақын туындыларының уақыт сынына төтеп берерлік бүкіл ұлттық,
адамзаттық мазмұн-тақырыбын, тіл құнарлығы мен ой терендігін, сөз қолдану
шеберлігін басты ерекшелігі деп айтуға болар. Өйткені ақынның нағыз өзіндік
бет-бағдары мен айырып қырлары осы маңайдан табылмақ. Тәңірдей талантының,
дарын табиғатының көрінісі осы бұлақтай мөлдір поэмасынан көрінетіні анық.
Ол поэзияға шын беріліп, тәнті боласың. Мағжан Жұмабаевтың ақындық
ерекшелігін дәл бағалап, көпшілікке жеткізу аса қажет іс екні анық. Ой.
қиял ұшқырлығы, молдығы, сөз кестесіннің әркилы, сан айшықты болып келуі
мүлде еншісі Абай тәжірибесін бойынша сіңірген де, өзімен қатар өмір сүрген
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин
және Сәбит Мұқанов шығармашылығына мүлде ұқсаймаймын, тың жол салған.
М. Жұмабаев - өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен, бар білген-
түйгенін соған сарп еткен суреткер. Оның шығармашылығының бір қырында, яғни
таразы басының бір жағында – мұңлы толғаныс, өкіну және қайғы-қасірет,
күйініш жатса, таразының екінші басында – романтикалық өршілідік, махаббат,
сүйініш, арман, мақсат, үміт жатады.
Мағжан Жұмабаев өлеңдерін оқи отырып, өзі көп айтатын, тылсым
буғандай әсерге енесің, таң қаларлық күй кешесің, ойлар мен толғамдардың
терең тұңғиығына қаларлық күй кешесің, ойлар мен толғамдардың терең
тұңғиығына сүңгіп, әсем сүреттер дүниесіне кіресің. Не суық, не кіресің.
Не суық, не жылы, әлде жарық, әлде көмескі сөзіменен хабар беретін алуан
бояудың сырларына қанығып, ақанның құдіретті шеберлігін танисың.
Ақын тау таралы толғансын, не дархан даланың кеңдегін жарласын, типті
көл немесе жазғы танды, қысқы кешті, егенді, де жер, күн, айды суреттесін,
бірнеше кезекте өзінің дүние түсінігі, ішкі жан-күйі тұрады, сонысымен
айнала әлемді бірге толғандырып, бірге тебірендіреді (“Көкшетау”, “Жазғы
түнде”, “Қысқа жол”, “Қайың”, “Орман”, “Алдамшы өмір”, “Ой”, “Жел”, т.б.
өлеңдері куә).
Ақын жырлағанда табиғат пен адамнан жан дүниесі бірге өріліп, бірге
астасып жатады.
Тұтасымен алғашқы Мағжан өлеңдері қазақтың сөз өнері үшін жаңа, соңы
дүние. Мұндай абстракциялық ой-толғамдарды Мағжаннан бұрынғы поэзиядан көру
қиын. Ақын өлеңдерін оқи отырып, оның түйсіну, қабылдау қабілетінің айрықша
мол, әрқилы екенін аңғарасын, сонаң да терең эстетикалық ләззат табасың.
Акынның “Жел”, “Толқын”, “Қөктем”, т.б. өлеңдері оқи отырып, К. Бальмонттың
“Мен еркін желмін, желше есемін”, “ Мен ылғи қуғындамын, өмірім ылғи үрей”
(“Жел”), А. Блоктың “Жел келіп есір, суырады ақ қарды , тағы басқа жыр
жолдарын еске аласың”. “Жел” ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаевтың еңбектері
Мағжан Жұмабаевтың Мен кім
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭЗИЯСЫ
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі
Мағжан Жұмабаев поэзиясының көркемдігі
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ әдебиеті, 1920 - 1940 жылдар Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ӨЛШЕМДЕРІ
Пәндер