XX ғасыр басындағы жарқын жұлдыздардың бірі - Мағжан Жұмабаев


Мағжан Жұмабаев
Мағжан өз тегін де, ез жерін де ардақтаумен өткен, өмірдегі азаматтық орнын адақтауға ұмтылған, өлең сөзді асыл маржандай терген, сұлу жырымен оқырман жүрегін баураған, ал өзі болса, ине бойы қапаста, қайғы мен қасіретте өмір кешіп, ақырында мүлт кеткен, өзі айтатындай, соры арылмаған халқының зарлы перзенті.
Ақын тағдыры бір сыдырғы емес, шытырманды, соқпақты, аяғы трагедиялы. Ғасыр басынан-ақ ел-жұртына белгілі болған Мағжан Жұмабаев айдаудан көз ашпаған, жарты ғасырдан аса уақыт есімі аталмай кетіп, тек 1988 жылдың желтоқсанында ғана ақырғы рет ақталды. Ақырғы рет деуіміз - ол ресми түрде 1960 жылы-ақ ақталған болатын, бірақ оның есімін атауға, шығармаларын жариялауға рұқсат болмады.
Мағжан Бекенбаласы Жұмабаев 1893 жылы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, «Молодежный» совхозында дүниеге келген. Орташа-ауқатты семьядан шыққан. Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашады, ал 1905 жылы Қызылжардағы (қазіргі Петропавловск) медресеге оқуға түседі, бүл медресені араб, парсы, түрік тілдерін еркін меңгерген, Стамбулда оқып, дәріс алған, ауқатты семьядан шыққан жергілікті интеллигент Мұхаметжан Бегишев ашқан екен. Ол өзі Шығыс халықтарының тарихы жөнінде де сабақ берген. Мағжан Жұмабаев бұл медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді.
Мағжан он екі жасында Қызылжар қаласындағы Бегишев медресесіне түскеннен бастап әдебиетпен қатты шұғылданған. Тіпті қазақ, татар әдебиетін былай қойғанда, ол араб-парсы ақындарының атап айтқанда, Фирдоуси, Сағади, Хафиз, Омар Хайям, Низами, Науаи сияқты даналардың ұлы дастандарын түп нұсқадан оқып үйренуді өзінің машығына айналдырған. Ал ұлы Абай мен Дәрдман (өлеңдерін қазақша жазған татардың ұлы ақыны Зәкір Садықұлы Рамиев) өлеңдерінің қазақ дүниесіне келуі кішкентай Мағжанның жан жүрегіне ауызбен айтып жеткізе алмайтын телегей-теңіз әсер әкелді. Әрбір сауық кештерінде, шілдеханаларда қыз бен жігіттер Абай мен Дардман өлеңдерін ең алдымен әсем әнмен шырқайтын болған. Татьянаның мұңға толы толғаныстарын қыздар жүрек жарасын емдейтін шипалы шербеттей ішіп сусындаған.
Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып, Абайға «Атақты ақын, сөзі алтын хакім Абайға» деген өлең жазды. Абайға деген махаббатының нәзік қылын шертті. Ақын болуды арман етті.
1910 жылдың күзінде Мағжан өлеңдерінің қолжазбаларын Қазандағы Кәрімовтардың баспасына табыс етеді. 1912 жылы Мағжанның «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көреді.
Мағжанның терең ой мен сұлу суретке толы өлеңдерінің шығуы тек қазақ еліне ғана емес, сонымен бірге татар, башқұрт, қырғыз, өзбек, қаракалпақ елдеріне де жеткен үлкен құбылыс еді. Ал бала ақынның өз елі - қалың қазақ халқы - бала Мағжаннан ардагер Абайдың ізбасарын көріп, өлең-жырдың әсерлі де әдемі әуеніне бөленді.
Елдегі оқумен қанағаттанбаған болашақ ақын 1910 жылы күзде өзінің ауылдасы, талапкер жазушы Бекмұхамбет Серкебаевпен бірге (халқымыздың белгілі әншісі Ермек Серкебаевтың әкесі) Медресе - Ғалияға түсу үшін Уфаға сапар шегеді. Медресе өзінің дәрежесі жағынан алғанда Жогары оқу орнымен бара-бар еді. Мағжан сол медреседе сабақ беретін ұстаз, жоғарыда айтылған белгілі татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовпен медресенің жетекшісі Сәлімгерей Жантуринмен, жерлесі, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.
Болашақ ақын талантын таныған Ғалымжан Ибрагимов оған білімін әрі қарай көтере түсу керектігін айтып, ақыл-кеңес береді. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы Мұғалімдер Семинариясына түсіп, сол қалада орын тепкен. 1912 жылы Қазан қаласында «Шолпан» атты тұңғыш жинағы басылып шыққанда оған жоғарыда айтылған Ғалымжан Ибрагимов көп жәрдем еткен.
Өлеңдер жинағы өзінің соны сезімдегі лирикаларымен қазақ поэзиясындағы жаңа өрнегімен көзге түседі. Бір айта кетер жәйт 1909 жылы Петербургте жарық көрген Абай жинағы бұл кезде көпшілікке мәлім еді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Мағжан Жұмабаев көпшілік қауым мойындаған, қалыптасқан ақын болып танылады. Оның жырлары қазақ даласын шарлап кетеді. «Жан сөзі» атты атақты өлеңінде ақын өзінің «Медресе - Ғалиядан» кетуіне үзілді-кесілді қарсы болған әкесі Бекенмен арадағы салқындықты және жергілікті дау-шарға қатысқысы келмеген жайын, өзінің сол тұстағы қауымға наразылығын зарлай жырлайды. 1919 жылы ақын екі бірдей қасіретке душар болады, тағдыр қосқан қосағы толғақ үстінен қайтыс болса, азамат соғысы уақытысына орай есімін Граждан қойған перзенті бір жылдан соң ол да үзіледі. Осының бәрі ақын жүрегіне зіл батпан ауыртпалығын салып, зіл-зала ізін қалдырады.
1912-1915 жылдары Мағжан Жұмабаев «Қазақ» газетінің редакторы, түрколог, қоғам қайраткері, көрнекті жазушы Ахмет Байтұрсыновтан және Шығыс мәдениетімен де, Батыс мәдениетімен де, жан-жақты, терең суарылған аса дарын иесі Міржақып (Мир - Якуб) Дулатовтан дәріс алып, шығармалықтың жаңа бір қырына көтеріледі. мағжанға европалық білім алуға, орыс тілін үйреніп, мәдениетімен қанығуға олар көп себін тигізген.
1916 жылы Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер даярлайтын семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді, кейін Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетінде істейді.
Қазақстанға жаңа келген, өлең, әдебиет түгілі, халық, ұлт жайын әлі аңғарып біле қоймаған Ф. И. Голощекиннің өзі Мағжанды сынай бастауы сол үлкен, әрі қауіпті дүрбелеңнің салдары екені анық. Осыншама айқай-шудың аяғы Мағжанды түрмеге жабуға апарып соқты. Онымен де бітпей жанжал ұлғая берді.
1929 жылы Мағжан Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрғаны үшін деген айыптаулармен 10 жылға сотталды. Шын мәнісінде бұл Сибревком жанындағы Қазақ АССР өкілінің келісімімен құрылған көпшілік қауымға белгілі, отырықшылыққа айналдыру жөніндегі ресми түрде рұқсат етілген ұйым еді.
Өкініші сол 1929 жылдан 1938 жылға созылған ақынның он жылдық ғұмыры бізге беймәлім. 1936 жылы М. Горький мен Е. Пешкованың араласуымен аз ғана уақьгт бостандық алады, еліне келеді. Петропавлда мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып істейді. Бірақ біраз уақыттан кейін бұл қызметтен босатылады. Ол туралы өзі «не себепті босатылғанымды сұрасам, қалалық оқу ісінің меңгерушісі жалпы саяси себептерге байланысты дегенді айтты. Міне 20 шақты күн болды жұмыссыз отырмын» деп жазады Алматыға Жазушылар одағының бастығы Сәбит Мұқановқа жолдаған хатында. Аударма ісімен айналысқанын, бірақ, шарт жайында баспадан хабар жоғын айта келіп, Мағжан тағы да: «мен Қазақстанға жаңа жолға түскенімді өз қалам күшіммен көрсетем деген тілекпен оралдым. Қалай болғанда да орталыққа жетуім керек деп шештім. Егер жолға қаражат тапсам, орталыққа баруды ойлап отырмын» дейді. Бұл хат 1937 жылы 20 ақпанда жазылады. Наурыз айында Алматыға келеді. Бұл кез айтыс-тартыстың нағыз қайнап тұрған кезі. Біреудің үстінен біреу жала жауып, ұстатып, айдатып жатқан уақыт. 13 тамызда Ілияс Жансүгіріп ұсталады. 29 тамызда Жазушылар одағының хатшысы М. Қаратаевтың «Социалистік Қазақстанда»: «Қазақ әдебиетіндегі авербаховшылдықтың қалдығын толық жою керек» деген бас-аяғы жиырма шақты жазушыны, ең алдымен Сәкенді қаралаған, мұндай фашист жендеттерінің көзін жою керек деген мақаласы басылды. 16 қыркүйекте "Казахстанская правдада» осы мақаланың орысшасы басылды. 24 қыркүйекте Сәкен үйінен ұсталып әкетілді. Мұндай жағдайда алдында өзі 7-8 жыл отырып келген Мағжанның күні не болмақ? Аласапыран тұста, ақыры 30 желтоқсанда Мағжан ұсталады да, 1938 жылы атылады. Сәкен Сейфуллин 1938 жылы ақпанда атылады. Кеңес ақыны, пролетариат ақыны екені айғақ, 1918 жылдан партия мүшесі Сәкеннің өзі қуғынға ұшырап жатқанда, саяси жағынан онан арасы алшақ (солай үгіттеліп келген) Мағжанның тағдыры басқаша болуы мүмкін еместі.
1936 жыл бітіп, 1937 жылдың қаңтар-ақпанында Алматыға хат жазып, наурызда келген сон, аржағы қызыл қан науқанға айналды.
Сот орындары бұл күнде 1938 жылы атылғаны ақиқат деген тұжырымға келіп отыр.
Абайдан кейінгі дәуірдін ең атақты ақыны - Мағжан Жұмабаевтың XX ғасырдағы қазак поэзиясында алатын орны алабөтен. Әйтсе де, аяулы акын тоталитарлық жүйе тұсында жазықсыз жазаға ұшырап, 70 жылға жуық шығармаларын оқуға тыйым салынып келді. Алайда коммунистік режим болып-толып тұрған кезінің өзінде де ұлы суреткерді халық жадынан мүлде аластай алмады, оның үстіне нәубет заманда қашқан, үріккен елдің зердесі мен қойны-қонышында тау асып, теңіз кешіп, Отанынан жырақ елдерге жетіп, ара-тұра кітап боп басылып, аударылып та жатты . . .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz