Абылай хан және оның саясаты
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Абылай хан және оның саясаты 4
Қорытынды 11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе
Қилы-қилы қиын замандарда тарыдай шашылып тоз-тоз боп бара жатқан
халықтың елдігін, бірлігі мен тұтастығын ардагер ұлдары мен сүйікті
перзенттері Қасым хан, Тәуке, Абылай хан, Бұқар жырау тағы басқалар сақтай
білді. Ал қазақ халқының тарихында Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай, Райымбек батырдай бабаларымыз елін – жұртын аман алып
қалам деп жауларымен айқасты. Кенесары, Сырым, Исатай, Махамбет өткен жол -
ұрпақтарына үлгі - өнеге. Ал Абай, Шоқан, Ыбырай сияқты біртуар қазақ
азаматтары елінің, халқының мәдениетін, ғылым, білімін көтеруді армандады,
сол үшін өмірлерін сарп етті ғой. Бұл – ел болып, өзгемен иық тіресудің
үміт сәулесін үзбеудің заман көшіндегі бір жолы еді.
Біз тәуелсіздік заманада бұрынғы Кеңес заманында жазылған жалтақ
тарихты қайта қарап, зерделеп жатырмыз. Алайда бұл іс бір күнде бітер шаруа
емес. Басқасын былай қойғанда тіпті хандарының ең алыбы Абылай ханның
өміріне байланысты ақтаңдақтар қанша ма? Сондықтан да болар әуесқой
тарихшылар, не болмаса кешегі отарлық Ресей кезінде қалыптасқан жалған
концепция жетегінде жүргендер ұлы ханның өміржолын тоқсан тоғыз саққа
жүгіртеді. Абылай ханға деген мұндай алақолдықты түсінуге де, түсіндіруге
де болады. Өйткені, ақ патшаның ХVIII ғ. Абылай ханнан асқан жауы болмаған.
Абылай хан және оның саясаты
Абылай хан амалсыздықтан "тәуелдімін" деп мойындағанмен, іс жүзінде
қазақ мемлекеттігін қаз қалпына келтіруге, тәуелсіз ел болуда ерен ерлік
жасап, қайраткерлік жасаған оны барынша қысымға алды. Ең алдымен империя
Абылайдың ХVIII ғ. 30-шы жылдарынан бастап, хандық статусы бар екенін
мойындамай, көп сұлтанның біріндей төмендетіп, тұқыртып ұстағысы келді. Ал
шын мәнінде, Орта жүз ханы Әбілмәмбетті ордаға барған орыс өкіметінің
өкілдері, Шоқан пайымдауына жүгінсек, "хан деп танымады"[1]. Міне, осы
тұста тарих сахнасында алып тұлға болып Абылай бейнесі сомдалды. "В это-то
ужасное и кровавое время обращает на себя всеобщее внимание султан Аблай.
Участвуя во всех набегах, сначала как рядовой воин, он показывает подвиги
необыкновенной храбрости и хитрости. Полезные советы его и стратегические
соображения упрочивают за ним имя мудрого. Аблай действительно перенес
много испытаний и борьбы, пока значение его не возросло то того, что
киргизы считали его воплотившимся духом (арвах), ниспосланным для
совершения великих дел. ...Как бы то ни было, в 1739 году мы находим его
самым сильным из владельцев Средней орды, и русское правительство по
преимуществу сносится с Аблаем .."[2].
Ресей архивіндегі патша отаршылары жазған құжаттарды иманындай көріп,
абсолюттандыратын тарихшылар Абылайдың хандық статусы ХVIII ғ. 30
жылдарының басында болды деген пікір "ақиқаттан тым алшақ" деп
безілдейді[3]. Фактілерге жүгінейік. Шоқан Уәлиханов өзінің "Абылай" атты
мақаласында ХVIII ғ. "век Абылая у них является веком киргизского
рыцарства" дей келіп, 1771 ж. Абылай үш жүзге хан болып сайланғанда, орыс
мемлекеті Орта жүз ханы деген статус беріп, ант алғысы келгенде, "не хотел
ехать на русскую границу для принятия присяги, говоря, что он давно
утвержден в своем достоинстве народным избранием и грамотою "сын небо"
айтты деп куәлендіреді[4]. Ендеше ол өзін 1771 ж. дейін де (ол кезде Абылай
хан 60 жаста) хан болғанмын деп әділ санайды.
Шәкәрім қажы өзінің "Уәлибақының нәсілі" деген еңбегінде "Үш жүзден
тоқсан жақсы ертіп барып, өздері қасиетті көретұғын Арғын, Шақшақ нәсілінен
деген кісіден бата алып, Әбілмәнсұрды үлкен хан қойыпты ..". Шәкәрімнің
айтуы бойынша, кейін бұл шешімге Төле би де ризалығын білдірген[5]. Арқаның
ардагерлері сексен көлді қоршаған Бурабайды еншісіне беріп, Атығай-
қарауылдың алты аруын алты отауына енгізген. 1740 жылы Абылай ұлысында 20
мың түтін болса, 1760 жылы керей, уақ, наймандар қосылып, 30 мың түтінге
жетеді[6]. Абылайды Орта жүзге хан көтерген Жәнібек деген сөз содан
қалған. Шәді төре Жәңгірұлы "Тарихат" деген дастанның "Абылайдың хан
болғаны" деген тарауында осы жайды қайталайды[7]. "Айқап" журналында
М.Дулатов (лақап аты – Азамат Алашұлы) "Абылай" деген мақаласында: "Атағы
жер жарған Абылай ХVII ғасырда дүниеге келіп, Көкшетау деген жерде қазақ
жұртына 48 жыл хан болып тұрыпты. Кешегі Кенесарының заманында Толыбайдың
баласы Арыстан ақынның айтқаны бар:
Қылады Мекережде* байлар сауда,
Топ бұзар батыр жігіт қалың жауда.
Сұрасаң Абылайдың тұрған жері,
Хан болған қырық сегіз жыл Көкшетауда[8].
М. Дулатов мәселені дәлдей түсіп: "Бұрынғының сөзі бар еді: Қой асығы
деме, қолайыңа жақса сақа ғой, деген, кел осыны хан көтерелік!" деп, "Әу"
десіп, атығай Есенаман байдың іргесіне алып келіп, ақ отау көтеріп, Атығай
қарауылдан алты қатын алып беріп, хан көтерген екен. Арыстан ақынның Кене
ханға сөздің бір ретінде тағы да айтқаны бар:
- Кене хан, жақсы көрсең қарашыңмын,
Жек көрсең де өзіңнің алашыңмын.
Атаңа алты қатын алып берген,
Атығай, Қарауылдың баласымын[9].
Шежіреші Құрманғали Халидұлы "Абылай хан" атты еңбегінде 1756-57 жж.
мамыр айында Аягөз түбінде "Батпақ су" деген жерде қалмақ пен қытай
арасындағы дауды шешеді. "Содан былай, - дейді Халидұлы, - суды халық
"Мамыр су", Абылайға "ижн" аты берілді. "ижн" монғол тілінде хан атағы,
демек Абылайдың билігін – хандығын қалмақ пен қытай да мойындаған болып
шығады"[10].
Академик, халық жазушысы С.Мұқанов өзінің "Халық мұрасы" деген
еңбегінде: "Ақтабан шұбырындыда" Арқаға көшкен қазақ рулары (Арғын, Найман,
Қыпшақ, Керей, Уақ) бірнеше жыл хансыз тұрды. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет
ол кезде Түркістан қаласында қалып, қашық жатқан Арқадағы елді билей
алмады. Мемлекет билігі бір қолда болмай, берекесіз өз бетімен күн көрген
елді патшалық Россия, Қытай, Жоңғария әлсін-әлсін шаба берді.
Арқадағы қазақ халқы осылай айнала таланып қысылған кезде олардың
арасында Абылай хан пайда болып, бытырап жүрген халықтың басын қосып,
біріктірді, елдің мемлекеттік рухын көтеріп талан-тараждан құтқарды.
Сондықтан Абылайдың халық алдындағы беделі өзге хандардан гөрі арта түседі.
Ел аузында "Абылайдың ала туын ала аттанса, артынан еретін аламаны бізбіз"
деген аңыз шығады.
Хан сайланып, ел билігін қолына алғаннан кейін, Абылайға зор қауіп
Россия мемлекеті тарапынан болады"[11].
1740 жылы 27 тамызда орыс генерал-лейтенанты В.А. Урусов Ресейге
бодандық антын алу үшін Әбілмәмбет хан мен сұлтан Абылайды қабылдады. Орыс
отаршы әкімі арнайы экспортқа 48 гренадерлерді, бір рота әуез аспаптарында
ойнайтын драгундарды бөліп, аса зор құрметпен қарсы алды. Қабылдау
барысында Абылай – орыс әкімшілігінің Әбілмәмбет ханға орыс елшілігінен
өзіне ерекше көңіл бөліп, өзіне сұлтандық статус тигенін аңғарды. Сондықтан
ол қолма-қол тек хандық этикеттерді орындауды талап етті.
Ең алдымен Абылай хан "салтан", "салтан" деп отырған орыс генералы,
князь В.А. Урусовқа: "наши - де предки, назвав многих ханами, были честные
и знатные люди..", - деп бір ескертті[12]. Ант беріп, киіз үйдің төріне
шыққанда: "Я понеже в кибитке токмо двои кресла поставлены были, обитые
соломенками, на которых сидели генерал-лейтенант и хан, салтан сидел хотя в
покойных же, но в кожаных креслах и для того просил, чтоб ему стул
переменить, объявляя, что тот, на котором сидит, низок и нипокоен, а в
самой весчи усмотрено, что ему хотелось такой же стул иметь, на каком хан
сидит, и для того принесены были под него большие кресла обитые
соломенкою". Қабылдау кезінде орыс генералы В.Урусов қазақ хандарының
сайлану тәртібі жөнінде сауал қойды. Хандықтың атадан балаға мұра болатыны,
кейде еңбегімен көзге түскен жақындарынан да сайланатыны, Орта жүзде
көптеген старшындық хандар бары айтылды. Осы тұста Абылай өзіне тәуелді
елдің қонысынан хабар берді.
Қайтар кезде Әбілмәмбет хан салт атпен қайтпақшы болды. Абылай хан
хандық статусына сай даярланған арбаға мініп қайтатын ниетін білдірді.
Қабылдау журналында бұл туралы былай деп хатталған: "Хан сел на верховую
свою лошадь, а салтан, которой во всех своих поступках казался честелюбнее
хана, пожелал, чтоб ему позволено было в коляске сидеть и сел в коляске, и
тако препровождены они были до отъезжаго караула по тому ж порядку, как и
приехали"[13].
Міне, осылай Абылай хан өзінің хан статусының Әбілмәмбет ханнан
дәрежесі кем еместігін қасақана көрсетті. Бұл арада ыстық қандылық, не
болмаса өркөкіректілік жоқ, церемониал [рәсім жүргізу тәртібін сақтау]
арқылы өзінің кім екенін таныту үшін істелген қаракет көрініп-ақ тұр.
Абылай хан бүкіл Орта жүз деңгейінде мемлекет биледі, үш жүз көлемінде
қарулы қол жасақтады, дипломатиялық акциялар жүргізді, соғыс жариялады,
елін, жерін қорғауды ұйымдастырды. Бұл қатардағы сұлтанның қолынан
келмейтін іс еді. Мемлекетаралық қатынаста шекаралас елдер Абылай ханды
ғана білді, оның хандық статусын ашық мойындады.
1757-1758 жылдары қазақ-қытай қатынастары шиеленісті, қарулы
қақтығыстарда болды. Цин императоры 1757 ж. қарашада қазаққа қарсы
жорығының сәтсіз болуына байланысты берген бұйрығында "казахи сами хотят
захватить и передать нам Амурсану и что лишь ждут прибытия своего хана
Абылая, чтобы передать (Амурсану) приличным образом" деп көрсетеді[14].
Абылай хан ұлы империямен тіл табысуды қалады. Осы тұста жүргізілген
келіссөздер барысында, дипломатиялық құжаттарға Абылай хан деп қолын
хаттады.
Осындай бір құжатта "казахский хан почтительно сообщает (қытайлардың
аудармасында - "докладывает") великому императору.." деп басталған[15].
Император Цяньлун келіссөз барысында Абылайдың хандық статусына арнайы мән
берді. 1763 ж. Цяньлун қазақ еліне билігі жүрген Абылайға арнайы грамота
жолдап, оның қазақ ханы екендігін ресми мойындайды.
Қоқанның ханы Эрдана би өзінің 1764 жылы тамыздың 13-жұлдызында жазған
хатында: "Почтеннейшему властительному храброму Абылай хану" деп бастайды.
1771-ж. Абылайды үш жүздің өкілдері қасиетті Түркістанда ақ киізге
көтеріп, Ұлы хан қылып сайлайды.
"Қазақ даласын біржола отарлауды мақсат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz