А. Ф. Иоффе


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

А. Ф. Иоффе1

П. Л. Капица4

М. В. Ломоносов7

П. Н. Лебедев10

А. Ф. Иоффе

Абрам Федорович Иоффе 1880 жылы Украиндағы Полтава губерниясының Ромны қаласында туылды. Оның әкесі Федор Иоффе бухгалтер болып қызмет атқарған, ал анасы Рашель Абрамовна ақылды, өте көп оқыған әйел болған. Иоффенің семьясында балаларды ғылымды сүюге, еңбекке тәрбиелеген.

. . . Ғылым әліппесімен Абрам Федорович реалдық училищеде таныса бастайды. Осы кезде оған алғашқы физикалық идеялар келеді. Соның бәрі бүкіл әлемдік эфирге қатысы болады. 1897 жылы он алты жасар Иоффе туған қаласы Ромныны тастап, Петербургке Политехникалық институтқа оқута түсуге аттанды. Оған түсу үшін тапсыратын алты емтиханның бәрінен де жоғары баға алу керек. Иоффе алғашқы төрт емтиханды жақсы өткізеді.

. . . А. Ф. Иоффе 1902 жылдың желтоқсан айында профессорлар Егоров пен Гезехустың жолдама хатымен Мюнхендегі Рентгенге аттанды. Рентген тек аса ғылым ғана емес, сонымен қатар өте кішіпейіл, әділ, адал адам болған. Иоффе ұстазының ақырғы күндеріне дейін оны мен достық қатынасын үзген жоқ. Олар бірлесіп қыруар еңбек жасады.

. . . Рентгенмен бірге жүргізген зерттеулері үшін Мюнхен университеті Иоффеге доктор дәрежесін берді. Ол Рентгенмен бірігіп, көптеген ғылыми жұмыстарды атқарды, бірақ олардың бәрі бірдей жарық көрген жоқ.

. . . Мюнхенде болған кезінде А. Ф. Иоффе көптеген ірі ғалымдармен: Земмерфельд, Лауэ, Дебай, Эренфест, Вигнер және т. б. танысты. Олар ғылми-зерттеу жұмыстарының жоспарларын талқылап, өздерінің ойларын, идеяларын ортаға салып отырады. Иоффе олардың көбісімен достық қатынасты ұзақ уақыт сақтады. Докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін Рентген оған Мюнхенде профессор болып қалуды ұсынады.

А. Ф. Иоффе ғылыми-зерттеулер жүргізумен қатар Политехникалық және Тау-кен институттарында, Петербург университетінде де лекциялар оқыдыю А. Ф. Иоффе өз тыңдаушыларына физика ғылымының соңғы жаңалықтар жайлы, ғылымдарды толғантқан қиыншылықтармен әлі де шешілмеген мәселелер жайлы айтатын. Иоффенің шеберлікпен оқыған лекциялары студенттерді тартып, физика олардың сүйікті пәніне айналатын.

А. Ф. Иоффе студенттер үшін оқулықтар да жазды «Жартылай өткізгіштер физикасы» деген атпен шыққан бұл монография қазір де мәлім. Ол неміс, ағылшын, қытай және басқа да шет тілдеріне аударылған.

1921 жылы Иоффенің инициативасымен және оның тікелей қатысуымен рентгенологиялық және радиологиялық институттың кіші-гірім физика-техникалық бөлімнен физика-техникалық институт құрылды. А. Ф. Иоффе мен оның шәкірттерінің жартылай өткізгіштерді зерттеуі клласикалық ғылыми зерттеулер жатады. Бүкіл жер шарындағы ғалымдардың Иоффені жартылай өткізгіштердің атасы, ал оның көлемі 200 беттей ғана жартылай өткізгіштік термоэлементтер деген монографиясын «термоэлектр тәураты» деп атауы жайдан-жай емес. А. Ф. Иоффе атындағы Ленин орденді физика, техникалық институты бүкіл совет физикасының алтын бесігі деп орынды айтылды.

Сөздік.

1. әліппе-азбука

2. жоғары баға-высокая оценка

3. жақсы өткізді-хорошо сдал

4. әділ- справедливый

5. бірлесіп-вместе

6. еңбек-труд

7. ғылыми-начное

8. ірі-великий

9. еңбекке тәрбиелеген-приучил к труду

10. диссертациясын қорғағанынан кейін-после защиты диссртации

11. ұсынды-предложил

12. көп оқыған әйел-начитанная женщина

Тапсырма: Мәтінді оқып, аударыңыз

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. А. Ф. Иоффе қай жылы дүниеге келді?

2. А. Ф. Иоффенің әкесі қандай қызмет атқарған?

3. А. Ф. Иоффенің шешесі қандай адам болған?

4. А. Ф. Иоффе қай жылы институтқа оқуға түседі?

З. Рентген қандай адам болған?

б. Иоффе Рентгенмен бірігіп қандай жүмыстарды атқарды?

7. У. А. Ф. Иоффе кімдермен танысты?

П. Л. Капица

Аса көрнекті Совет физигі Петр Леонидович Капица 1984 жылға 13 шілде айында Кронштадта, әскері инженер, Кронштадт қамалын салушы, генерал Капицаның семьясында дүниеге келді. Капицаның анасы Бестужев курстарының тарих факультетін бітіргеннен кейін фольклормен айналысып балаларға арнап әңгімелер жазатын болған. Капицаның семьясында физикаға қатысы бар бірде-бір жан болмаған. Ол кезде физикамен ешкім әуестенбеген. Миллиондаған халқы бар Россияда тек 100-ге тақау ғана маман физиктер болды. Сондықтан да генералдың баласының аты дүние жүзіне әйгілі болған физик-ғалымның шығуы таңданарлық жай еді. Петр Леонидович басында Кроншадт гимназиясында оқиды да, кейінен реалдық училищеге ауысты. Осы кезден бастап ол үздік оқушы атанды. Училищиде оның назары түгелдей физикаға ауды. Мұны байқаған училище директоры 6-класс оқушысы Петр Капицаны физиклық кабинеттің меңгерушісі етеді. "Меңгеруші" деген тек құрметті атақ қана емес-ті, мұнда, ол өз бетінше тәжірибе жасай алатын еді. Капица реалдық училищені үздік бітіріп шықты.

1912 жылдың күзінде Капица электромеханикалық факультетке қабылданды. Студент Капицаның тұңғыш ғылыми жетекшісі Иоффе болды. Капицаның алғашқы студенттік ғылыми жұмысы жіңішке кварц жібін алу әдісі болды. Капица кварц жібін алудың қарапайым әдісін тапты. Ол үшін коридордың өнбойына жұмсақ барқыт төседі. Капица ойыншық садақ пен оның жебесін алыпкелді. Жебенің ұшы балқыған кварцқа малынады да, садақты қатты тартып қалғандажебе жіңішке кварц жібін сүйрете, коридормен ұшып барып, барқыт төсенішке құлады. Кварц жібін дайын.

Капица өзі тапқан тәсілмен құлау есептеген қуатты магнитті өрісін алды. Капица ядро мәселерін, металдардың қасиеттерін зерттеуге ауысты. Осы бағыттағы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде ол көптеген металдар кедергілерінің магнит өрісіне сызықты тәуелділікпен өсетіндігін анықтады. Бұл құбылыс кейіннен «Капицаның сызықты әдісі» деп аталып кетті.

1923 жылы Капица Кембриджде докторлық диссертациясын қорғады. Диссертациялық тақырыбы а-бөлшектердің материалдық орта арқылы өтуі және қуатты магнит өрістерін алу әдісі деп аталады. Оған Кембридж Университетінің философия докторы деген дәреже берілді. Осы жылы ол ағылшынның ең жоғары ғылыми наградаларының бірі-Максвелл сыйлығын алды, ал арада бес жыл өткен соң Корольдік қоғамға Англияның ғылым Академиясына мүше болды. Капица 200 жыл ішінде тұңғыш рет осы Академияға сайланған шетел азаматы еді.

1933 жылы Капица әйгілі ғалым атанып, оның есімі ғылыми журналдарда, энциклопедияларда орын ала бастады.

Совет үкіметінің қаулысы бойынша 1934 жылдың желтоқсан айында Петр Леонидович Капица СССР Ғылым академиясының физикалық проблемалар Институтының директоры болып тағайындалды. Оттегін өнеркәсіптік мөлшерде алу әдісін тапқан еңбегі үшін П. Л. Капица 1945 жылдың 30 сәуір айында Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.

Сөздік

1. Аса көректі - выдающийся

2. Камалын салушы - основатель крепости.

3. Фольклормен айналасты - занималась фольклором.

4. Құрметті атақ - почетное звание.

5. Қатысы бар - причастны.

6. Дүние жүзіне әйгілі - известен всему миру.

7. Таңданарлық жай - удивительно.

8. Ауысты - перевелся.

9. Үздік оқушы атанды - стал отличником.

10. Байқаған - заметил

11. Меңгеруші - заведующий

12. Әскері - военный

13. Әңгімелер - рассказы

Тапсырма: Мәтінді оқып, аударыңыз мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз:

1. П. Л. Капица қай жылы дүниеге келген?

2. П. Л. Капица қандай факультетті бітіреді?

3. Ресейде қанша маман физик болды?

4. П. Л. Капица қай гимназияда оқыды?

5. П. Л. Капица реалдык училищені қалай бітіреді?

М. В. Ломоносов

Михаил Васильевич Ломоносов 1711 жылдың 19 қарашада Архангельск губерниясындағы Холмогорка таяу жердегі Денисовка селосындағы балықшының семьясында туды. Солтүстік Россия жерінде крепостной шаруалар қолөнерімен және балық аулаумен шұғылданады. Балықшылар көктем кездерінде Мурман жаға-лауларына, тіптен Норвегия жағалауларына дейін жететін. Теңізшілер шаруақор, көздері ашық, өздерін байсалды ұстайтын жандар болды. Олардың мойнында крепостнойлықтың қарғасы болған жоқ. Осындай теңізшілердің бірі - Ломоносовтың әкесі еді.

. . . Теңізшілер мәдениетті әрі сауатты болды. Олардың ортасында суретшілер, баспаханалы адамдар, өздерінің жеке кітапханалары бар шаруалар да кездесетін.

. . . Жас Михаило өзінің көршісі Иван Шубныйдан жазуды, оқуды ерте үйренеді. 1730 жылы 19 жасар Ломоносов шаруалармен бірге жаяу Москваға аттанды. Онда ол өзін дворян баласымын деп, Словян-Грек-Латын академиясына оқуға түсті. Матералдық жағдайының нашарлығына қарамастан М. В. Ломоносов асқан зеректік көрсетті. Алғашқы оқу жылының ішінде-ақ ол бірінші, екінші және үшінші кластарды бітірді.

. . . М. В. Ломоносов өмір сүріп, қызмет еткен XVIII ғасырды Ф. Энгельс "Химияға дейінгі ғасыр" деп атады. Осы ғасырдың алғашқы жартысындағы химияны әр түрлі күрделі заттарға, ал қарапайым заттарды күрделі заттарға "құрастыру өнері" деп санайтын, химия енді ғана алхимиядан бөлініп, флогистондық гипотезаның негізінде жаңа дами бастады. Бұл гипотеза - тәжірибеде табылған сансыз көп деректерді жалғыз ғана принциптің негізінде біріктіруге алғашқы талпыну болды.

1736 жылы М. В Ломоносовтың өмірінде аса маңызды оқиға болды. Сенаттың шешімі бойынша Москва академиясының он екі студенті Петербургтегі университетте оқу үшін іріктеліп, оның ішінде Ломоносовта енгізіледі Петербургте Ломоносов сегіз ай оқыған соң, білімін одан әрі көтеру үшін оны Марбургте, шетелге стажировкаға жібереді. Марбургте Ломоносов сол кездегі аақты профессор Христиан Вольфтан физика үйренеді.

Табиғатты біртұтас деп қараған М. В Ломоносов оның барлық құбылысын зерттеуді бір-бірімен байланыстыра отырып жүргізді. Физика және химия ғылымдарын зерттегенде белгілі бір жылдарға сүйенді. Жоспардың мақсаты физиканың «сезімсіз» бөлшектердің қасиеттерін анықтап, олардың, қозғалысын немесеолардың механикалық теориясын жасап, осы механиканың негізінде физикалық құбылыстардың негізгі заңдарын ашу еді . . . М. В Ломоносов әйнектерді түрлі түске келтіру үшін 1749 жылдан 1754 жылға дейін табанды еңбек етті. Бұл жұмыстардың нәтижесінде әйнектерге кез келген түс берудің технологиясы және түстер теориясы жасалды.

Ол 1754 жылдан өнім бере бастаған түсті әйнек өндіретін фабрика салдары және сол фабриканың жанынан мозаикалық суреттер дайындауды ұйымдастырды. Осы еңбектері үшін Ломоносов 1764 жылы Болонья ғылым академиясына құрметті мүше болып сайланды.

М. В Ломоносов атмосфералық электр құбылыстарының теориясын 1753 жылдың 26 қараша айында Академияның салтанатты мәжілісінде «Электр күштерінен пайда болатын ауа құбылыстары туралы сөз» деген еңбегінде баяндады. М. В Ломоносов Петр 1-ден кейін орыс қоғамының, орыс мемлектінің ұлы ту көтерушісі болды. М. В Ломоносов орыс ғылымының шын мәнісіндей пионері болды.

Сөздік

Шүғылдану - заниматься

Жаға - берег

Теңізші - моряк

Баспахана - типография

Көрші - сосед

Жаяу - пешком

Жағдай - положение

Қарамастан - несмотря на

Алғашқы - в начале

Зат - вещь

Күрделі - сложный

Сауатты - грамотный

Заттар - вещества

Дами бастады - начал развиваться

Қарапайым - простой

Тәжірибие - эксперимент

Іріктелу-отбор

Шетел-заграница

Табиғат-природа

Белгілі-известный

Құбылыс-явление

Тапсырма:

Мәтінді оқып, аударыңыздар

Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. М. В. Ломоносов қай жерде туылды?

2. Солтүстік Россия жерінде немен шұғалданды?

3. Жас Ломоносовқа оқуды және жазуды кім үйретті?

4. Қай жылы Ломоносов Москваға аттанды?

5. Москвада ол қай жерге оқуға түсті?

6. Алғашқы оқу жылында Ломоносов неше сыныпты бітірді?

П. Н. Лебедев

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физика және Нобель сыйлығы
Мектеп физика курсының Электродинамика тарауы есептерін шығарудың әдістемелік жолдары
Құқық жүйесінде «Азаматтық құқықтың» орны
Қатты денелер қирау табиғатын кинетикалық бағытта зерттеу
Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер
ҚР тұрғын үй қатынастарын құқықтық реттеуді жетілдіру мақсатында пайдалану
Физика тарихынан лекциялар курсы
Қатты денелердің қирауының кинетикалық концепциясы
ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТКЕР
Қатты денелер жайлы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz