МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ (1893—1938). Өмірбаяны. Шығармашылығы. Лирикасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ

(1893-1938)

Өмірбаяны

Шығармашылығы

Лирикасы

Абайдан кейінгі дәуірдің ең атақты ақыны - Мағжан Жұмабаевтын XX ғасырдағы қазақ поэзиясында алатын орны алабөтен. Әйтсе де, аяулы акын тоталитарлық жүйе тұсында жазықсыз жазаға ұшырап, 70 жылға жуық шығармаларын оқуға тыйым салынып келді. Алайда коммунистік режим болып-толып тұрған кезінің өзінде де ұлы суреткерді халық жадынан мүлде аластай алмады, оның үстіне нәубет заманда қашқан, үріккен елдің зердесі мен қойны-қонышында тау асып, теңіз кешіп, Отанынан жырақ елдерге жетіп, ара-тұра кітап боп басылып, аударылып та жатты . . .

Пешенесіне осындай қайғылы, бірақ ақыры қайырлы болған даңқты тағдыр жазылған Мағжан Жұмабаев 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан жерінде дүниеге келеді. Әкесі Әбен әжептәуір ауқаты бар, балаларын оқытуға мән берген көзі қарақты, көшелі кісі екен де, шешесі - үлкен оқымысты отағасының қызы - Гүлсім де сауатты, сандығына әспеттеп көнелі-жаңалы кітаптар жинап, балаларына оқытып отыратын салиқалы ана екен.

Ол замандағы қазақта мұндай отбасылар келімді-кетімді кісілері, айтатын әңгіме, қызықтайтын тамашасы жағынан өзінше бір білім-тағлым мектебі Іспеттес болатын-ды. Осындай шаңырақта өмірге келген аса зерек Мағжан бес жасында сауат ашып, талай кітап тауысып, ел тарихының әңгіме-хикаяттарын зердесіне түйіп, ана тілінің кәусарына қанып өседі. 12 жасында Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Әдебиетке ерекше ден қойып, Шығыстың ұлы ақындарын өз тілдерінде (түркі, парсы, араб) оқып, жаттайды. Абайдың 1909 жылы шыққан кітабын қолынан тастамай, "сөзі алтын хакім Абай" деп, асқақтата жыр арнайды, 1910 жылы Уфадағы Медресе-Ғалияға оқуға келгенде, ол мол білімді, ақындық таланты айқын танылған бозбала болатын.

Медреседе түркі жұртына мәшһүр жазушы әрі оқымысты Ғалымжан Ибрагимов Мағжанға ерекше ықылас танытады. Ол сол кісінің кеңесімен Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, онда орыс және Еуропа әдебиетімен терең танысады. 19 жасар Мағжанның "Шолпан" атты тұңғыш жинағы 1912 жылы Қазан қаласында жарық көреді. Жұртшылық жинақты ұлы Абайдың лайықты ізбасары дүниеге келгендігінің белгісі ретінде қабылдайды. Осыдан былайғы жерде ақын халқымыздың Ә. Бөкейханов, А, Байтұрсынов, М. Дулатов сияқты ардагер көсемдерімен етене жақындасып, солар көтерген идеяның жалынды жақтаушысы, ұраншысы болады. 1916 жылы семинарияны алтын медальмен бітіріп, біраз уақыт елде мұғалім болып істейді. Қазан төңкерісінің дүрбелеңді заманында "Алаш" партиясын құруға қатысып, Колчак үкіметінің түрмесінде жатып шығады. 1919-20 жылдары Орынборда мұғалімдер курсында дәріс береді, соның негізінде өзінін белгілі "Педагогика" атты кітабын шығарады. Ақмолада шығып тұрған "Бостандық туы" газетінде бірер жыл жүмыс істеп, оку-тәрбие жайын тереңнен толғайтың мақалаларын жариялайды. Одан кейін 2 жылдай Ташкентте тұрып, "Сана", "Шолпан" журналдары мен "Ақ жол" газетінде үлкен серпіліспен еңбек етеді. 1923 жылы Ташкентте халқымыздың ұлтжанды перзенті, белгілі мемлекет қайраткері С, Қожановтың алғы сөзімен өлеңдер жинағы шығады. ӘйгІлі "Батыр Баян" поэмасы да сонда жазылып, жарық көрді. Мағжан 1923-1927 жылдары Мәскеудегі Жоғары әдебиет-өнер институтында оқып, институт ректоры, атақты ақын әрі оқымысты В. Брюсов бастаған орыстың әдебиет-мәдениет қайраткерлерімен жақын танысады. Мәскеуде Орталык ұлттар баспасында қызмет атқарып, жоғары оку орындарында дәріс береді.

Мағжанның шығармашылық өмірбаяны, негізінен, 1910-1925 жылдар аралығын қамтиды. Сол мерзімде қазақтың ең үлкен ұлттық ақыны, бүкіл түркі әлеуметіне ортақ, даңқты шайыр ретінде танылды. Жоғарыда аталған Ғ. Ибрагимовтің өзі 1910 жылы басылған "Қазақ қызы" романына 16 жасар Мағжанның өлең шумағын эпиграф етіп алса, 20-жылдардың басында-ақ Ахаң "Әдебиет танытқыш" атты теориялық еңбегінде Мағжан өлеңдерін талай рет үлгі ретінде мысалға келтіреді. Әмбебап суреткер Ж. Аймауытов Мағжан туралы классикалық зерттеу жазып, бір хатында оны "қазақ әдебиетінің көгіндегі күнге" теңейді. Жас кемеңгер М. Әуезов: "Бүгінгі күн жазушылары ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз - Мағжан сөзі", - деп, көрегендік танытады. Мағжан талантының күштілігін ақынды идеялық жау санағандардың өздері де мойындайды. Ал орыс білімпаздары оны "қазақ Пушкині" деп атаған. Бірақ кеңестік идеологияның қызғаншақ қорғаушылары ақынды үнемі сыртқа тебумен болды, ал 1923 жылы Ташкентте жинағы шыққаннан кейінгі жерде жаппай қаралауға көшті. Амалы құрып, ашынған ақын:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
Қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев
Мағжан кейін Тоқсанның тобында
Қазақ кеңес өнерінің калыптасуы
Мағжан жұмабаевтың өмірбаяны
Мағжан өлеңдерінің өрнегі
М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері жайлы
Мағжан жұмабаевтың өмірбаяны, шығармалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz