М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны 5
Ақынның туындылары жайында 6
М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы
сомдау 7
Ақынның имандылыққа шақыратын өлеңдері хақында 11
Мұқағалидың өлеңдеріндегі ұлттық ерекшеліктерінің көрінісі 15
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Туған жерің?
- Ұланымын, Қарасаз деп аталатын ауылдың.
- Туған жылың?
- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
- Жынысың кім?
- Еркекпін ғой, еркекпін!..
- Мекен-жайың?
- Мекен-жайым – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Ірі ақындық қуат пен азаматтық кесек тұлғаның көркем келісімі ақынның
туындыларының қай-қайсысынан болсын айқын көрініп, ойға қанат, бойға қуат
дарытып, поэзия парасатының заңғар шыңдарына жетелейді. Өйткені
шығармалардың күретамырындағы, көркемдік бітіміндегі шешуші сипаттарды өз
замандасы сыншы – жазушы Ә.Кекілбаев ақынның Қарлығашым, келдің бе?
жинағы туралы Жүректен жүрекке атты мақаласында, сонау 1968 жылы-ақ
мейлінше тап басып айтқан:
Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы
жарастық пен келісім жыршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан,
шын күйзеліс пен қуаныштан, шын сағыныштан туған жырлар. Осынау
пікірлердің дәлдігі мен принциптілігіне, салмақтылығы мен қонымдылығына
шүбә келтіре алмайсыз.
Алмас табиғатта аса сирек кездеседі. Бәлкім, сондықтан да айрықша
қымбат шығар. Шынайы ақындық дарын мен тұлға да осы саф алмас тақілеттес.
Себебі поэзия кенінің жер қыртысы мен қойнауында орналасуы қаншалықты
жұмбақ болса, соның ішінде, әсіресе, алмасты кезіктіру, табу соншалықты
қиын. Осы тұрғыдан келгенде, әр ақынның кен бұрғысына - қаламының ұшына
алмас іліне беруі екіталай нәрсе. Анау-мынау емес, алтын емес, алмас табуға
ұмтылыс кезінде шынайы ақындық өлшемдер мен пендешілік қасиеттердің өзара
үйлесім тауып жатуы некен саяқ. Қайта, біз көбіне сәйкессіздікті жиі
ұшырастырамыз. Ақындық дарын мен парасат азаматтық мейір-махаббатқа, қажыр-
қайратқа қабысқанда ғана саф алмас-жыр бұлдыраған жұмбақ арман-қиялдан жан
қуантар, әрі көкірек сарайыңды ашар, көз сүйсінтер шын болмысқа ие болады.
Өйткені:
Өлең деген тумайды жайшылықта,
Өлең деген тулайды қайшылықта,
Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,
Күнделікті тірлікке бой суытпа.
Айшылық жол ...
Шөлдейсің, зарығасың,
Армандайсың, аңсайсың, сағынасың.
Жол азабын көресің, көресің де
Ашынасың, біресе бағынасың.
Даламенен жүресің, тау асасың,
Сезесің биігін де аласасын.
Кенезең кепкенде бір, лай суға
Кез келген мақұлықпен таласасың.
Сапар ұзақ, тағы да аяңдайсың.
Алыпқашпақ басылып, баяулайсың.
Ел шетіне жетесің, жетесің де
Көргеніңнің бәрісін баяндайсың.
Міне, осылай өлеңнің кілті деген,
Құйтай жүйкең қалмайды сілкімеген.
Аттанам деп алысқа айдалада
Адаспаса болғай-ды шіркін өлең - деген жолдардан өнердегі саф алмасын
іздеген ақын мұраты мен шындығын, сенімі мен қаупін, үміт пен күдігін айқын
аңғарамыз. Ақындық дарын мен парасат азаматтық мейір махаббаттан, қажыр-
қайраттан шыңдалған жүрек дүрсілін алып, бұла күшке, табиғи құдіретке ие
болады. Соғады жүрек атты екі томдықтағы өлеңдерден түгелдей дерлік осы
сипат бірден көзге түседі.

Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

Ақынды белгілі бір қоғамның, әлеуметтік ортаның жемісі десек, Мұқағали
Мақатаев социализм дәуірінің төл перзенті. Ақын творчествосының қайнар көзі
де, айқындар өлшемі де социалистік заманның әлеуметтік-эстетикалық
негіздері. Ал енді ақынның өмірлік жолына, қанат қатайтып, ұшырған ұясына
және биікткте шарлаған туындыларына келсек, Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9
ақпанда, Алматы обылысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз деген жерде
(қазіргі Энгельс атындағы колхоз) туған. Ауыл орта мектебін 1948 жылы
бітіріп, өз ауылында комсомол, совет қызметтерінде болған. Кейін аудандық
газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, Қазақ әдебиеті
газетінде, Жұлдыз журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан
Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
М.Мақатаевтың тырнақалды туындылары Нарынқол аудандық Советтік
шекара газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі
Әдебиет және искусство (қазіргі Жұлдыз) журналында, одан кейін бір
шоғыр жыры Әбділда Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен Қазақ
әдебиетінде жарияланған.
Мұқағали Мақатаев ақындық аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр
жинағын, Маркс пен Ленин жайлы дастандарын ұсынған. М. Мақатаев жыр
аудармасы саласында американың ұлы ақыны Уолт Уитменнің өлеңдерін
ағылшынның ұлы ақын-драматургі, трагигі Вильям Шекспирдің сонеттерін,
әлемге әйгілі италия ақыны Дантенің Құдіретті комедиясын қазақшалады.
Мұқағалидің Саржайлау, Сөнбейді, әже шырағың, Кел, еркем, Алатауыңа,
өлеңдеріне композитор Нұрғиса Тілендиев ән шығарған.
Мұқағали есімі көпшілікке Аппасионата (1962) поэмасы арқылы
танылды. Ильич (1964), Мавр (1970) поэмаларында ұлы көсемдеріміз Ленин
мен Марксті жырлады. Дәуір ұлылығын, замана шындығын шалқар шабыт, асқақ
азаматтық пафос, терең философиялық ой, шынайы үлкен сезіммен бейнеленген.
Қарлығашым келдің бе? (1908), Дариға жүрек (1972), Аққулар
ұйықтағанда (1974). Шуағым менің,, (1975), Өмір-дастан (1976),
Өмір-өзен (1978), Бәсіре (1981), Соғады жүрек таңдамалы екі
томдық, (1982), Шолпан (1984), Қош махаббат (1988) атты поэзиялық
жинақтары ұлттық әдебиетімізге, қазақ поэзиясының асыл қазынасына қосылған
үлкен үлес болды.
Мұқағали Мақатаев В.И. Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіндегі
мерекелік медальмен наградталған. Ақынның туған ауданындағы бір орта мектеп
оның есімімен аталады. Қазақстан Жазушылар Одағы жылдың ең жақсы жас
ақынына арнап Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлық тағайындады.

Ақынның туындылары жайында

Мұқағали Мақатаев жырларын оқып отырғанда, тарихтың маздаған шоғына
айналып кеткен уақыт табы кезінде ақын бойын қаншалықты қыздырса, күйдірсе,
оқырманын да соншалықты күйге түсіреді. Мысалы:
Бәрі есімде-
Мекен жай, тұрағымда,
Тек есте жоқ,
Күлдім бе, жыладым ба?
Балалық шақ жармасып жүретұғын
Өгіз жеккен соқаның құлағында.

Шаруаның баласы болғасын ба?
Шаруамен айналдым он жасымда.
Майдандағы әкеме оқ жібердім,
Айырбастап күлшемді қорғасынға - деген жолдар осының айғағы. Бұл-бүкіл
балалық шағы Ұлы Отан соғысы жылдарында өткен ұрпақтың көркем өмірбаянының
Мұқағали Мақатаев кестелеген шежіресі. Немесе:
Өлеңімсіз өмір сүрмес болыппын,
Өлеңімсіз өмірде жоқ, борықпын.
Ақындық бір жазылмайтын дерт екен,
Ақындық бір ауру екен, соны ұқтым.

Ақын деген лапылдаған өрт екен.
Ақындардың жанып өту-серті екен.
Бықсымаспын, шалам қалмас артымда,
Жана алмасам, ерте келдім, ерте өтем- деген жолдардан ақын болмысын
нақты сезінеміз, көреміз. Өмірі-өлеңге, өлеңі-өмірге айналған мұндай шынайы
туындылар Мұқағали Мақатаев творчествосының көркемдік биіктігін, кемеліне
келгендігін көрсететін белгілер. Сондықтан шығар, ақын шығармаларындағы
әлеуметтік орта жайы өзінің нақты бедерлерімен көзге түседі, есте қалады.

М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы
сомдау

Мұқағали Мақатаев - сыршыл, ойшыл лирик. Оның сезім найзағайлары
шарпысып-шамырқанып жататын лирикасындағы оптимистік жарқын мұң, кемел
философиялық пайымдаулар үнемі өзек-жарды, ащы шындық арқылы ақтарылып
жатады. Мұқағали Мақатаев өз лирикасында жүрек түбіндегі немесе пендешілік
– ақындық болмысындағы бүткіл мінез-құлқын, іс-әрекеттерін (лайық не
оғаштығын) ешқандай бүкпеген, бүркемелемеген. Жаманымды жасырайын,
жақсылығымды жариялайын деген жарапазаншылдық Мұқағали Мақатаев өлеңдеріне,
оның бүкіл творчествосына жат. Ақынның жүгінетіні, пірі-тек шындық пен
оқырман сезімінің, сенімінің тазалығы, адалдығы. Ол - оқырманын алдамаған,
өзін-өзі арнайы жылтыратып дәріптемеген. Мәселен:
Жетпейтіні – жүректің әні болар,
Бақыт, бақтың тарыдай дәні болар-деген ақын енді бірде:
Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым,
Ұстай алмадым,
Өткізіп қойып уақытын.
Сансырап шаршап жүргенде,
Біреу тап келіп,
Қақты да кетті,
Айылы мықты, аты тың
Тұратын еді,
Қол созым жерде, қарға адым,
Қамсыздығымнан, қайтейін,
Ұстай алмадым.
Ғанибет етіп, тірлікке мына алданып,
Өлген жоқ бірақ,
Бақытқа деген арманым.
Ырзамын өзім тіршілік етіп жүргенге,
Кімдерге жақпай,
Аяулы болып кімдерге,
Бақыт дегенің - өмір кешу ғой білгенге,
Келуі де оңай,
Кетуі де оңай бір демде..- деген жолдарды оқып отырып, ойды ақын
өлеңімен ілгері дамытсақ:
Аспан мен жер,
Уақыт, заман жайлы,
Өзім жайлы,
Сен жайлы, анау жайлы,
Бүгінгі ұрпақ, бүгінгі адам жайлы-
Азды-көпті алдыңда айтылған сыр,
Сорыңнан сенің сақтап қала алмайды,
Соны ойлап, сорлы көңіл алңдайды.
Білесің бе?
Жыр жазу - маған қайғы?
Мысалы, анам жайлы
Сөзбенен сурет салып, ой түйсем де,
Анамдай бәрібір ол бола алмайды.
Мен ішімнен өртеніп, алаулаймын,
Өз отыма жылынып,манаураймын.
..Шындықтың ауылында- қазына бар,
Шыр айналып, соны іздеп алаңдаймын.
Жоғарыдағы өлеңдерге, немесе Мұқағалидың бүкіл творчествосына
жүгінейік, әйтеуір, даусыз ақиқат, сол ақынның бүкпесіз ашық сырласуға ден
қоятыны. Шым-шым тереңіне тартқан ақын жүрегінің құпиясы, өлең сиқыры,
ұдайы еркелетуді аңсайтын сәбидей пәктігі мен нәзіктігі, сыршылдығы
оқырманын алаңсыз еліттіреді. Бұл-ақынның творчестволық принципі әрі мұраты
болған ең басты қасиеті. Сыйға-сый дегендей оқырман да Мұқағали Мақатаев
лирикасына айрықша ілтипат танытып, құлап түскен. Сонан соң қолынан
түсірмеуге, тастамауға тырысқан. Өйткені оқырманның өзі де сезімін, сенімін
сол ақын жырларынан ұдайы көріп, тауып және сүйсініп отырған.
Өкінішті...
Мына құрғыр сырқаттың беті күшті.
Жүрегім көтеріліс жасап жатыр,
Бұзбақ болып кеудемде бекіністі.
Өкінішті...

О, Жүрек!
Менің алтын қазығым-ау!
Қайтейін, қажыдың-ау.
Қытықтаған бауырдың назың мынау.
Қажыдың-ау, байғұсым, қажыдың-ау!
Не істемекпін?
Жаным-ай, саған шипа істемек кім?!
Жаралғанда бүтін ем, үш бөлекпін,
Жүрегім-Африка, бауырым-Кипр
Миым-Мұзды мұхиттай...
Не істемекпін? – деген жолдарды жүрегің шымырламай оқу мүмкін
емес. Бір тебірентіп, бір күйінтетін, бір күйзелтетін, ұдайы ойға
шомдыратын әрі қайран қалдыратын ақындық мұрат пен сақа шеберлік, жұтып
алар оқпан шындық Мұқағали Мақатаев лирикасының өзіне ғана тән құдіретін,
колоритін береді.
Халқынан қалтқысыз бағасын алған Мұқағали Мақатаев жырлары келер
ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен
адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы
болмысымен, ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат, құнды.
,, Айтып өткен ақында арман бар ма...,, деп толғанған Мұқағали
Мақатаев тоқырау кезеңінің мұз көбесі сөгілмей тұрған кезде де ащы ақиқатты
күлбілтелемей өзек жарды өлеңіне арқау еткені баршамызға аян.
Мұқағали Мақатаев ақын ағасы Әбу Сәрсенбаевтан қолқалап сұрап алған
Құранды 1970 жылдың жаз айларында оқып шыққанда, одан алған әсерлерін өлең
өрнегіне түсірген.
Ислам-тек қана дін емес, бұл біздің тарихымыз, ұлттық дүние
танымымыз, халықтық болмысымыз, мәдениетіміз. Екіншіден, ұлттың саулығын
күшейтетін рухани тазалық көзі халықты отаншылдыққа, тұтастыққа, бірлікке
баулитын негізгі берік тәрбие құралы. Бұл туралы Елбасымыз,, Саясат күнде
өзгереді, ал-дін мәңгілік,, деген болатын.

Ақынның имандылыққа шақыратын өлеңдері хақында

Міне Хантәңірінің мұзбалағы атанған, тазалығы мен пәктігі
нәрестедей мөлдір Мұқағали Мақатаевтың дін жөнінде қалам тартқан мұрасы
туралы бір ауыз сөз айтуға уақыт жеткен сияқты. Ал енді Мұқаңның бірнеше
өлеңіне тоқталайық.
Дін- ғылымның анасы,
Дін- ғылымның әкесі.
Ғылым- дінің баласы,
Дін-ғылымның көкесі.
Ғылым да бар, дін де бар,
Қоқыс та бар, гүл де бар,
Адам ата өлмесін.
Ақыр заман келмесін.
Қол қусырып құдайға,
Ғылым мен дін, бірге бар!
Бұл өлеңді Мұқаң 30 жыл ілгеріде 1970 жылдың 21 шілдесінде жазған
екен. Ұлы көсеміміз деп оның 100 жылдық мерейтойын әлемге паш етіп жазған
кезде, Мұқаңның жүрегінің түкпірінде имандылықтың шынайы бұлағы дін
жатыпты, оның өмірімен үндесіп жатқанын айтуы ақынның көрегендігі емес пе?
Сатқын емен,
Сатпаймын дінімді мен,
Өлмейтұғын, өшпейтін күнін білем.
Осы жолдың өзінде-ақ ислам дінін тану, ол дінінің тек шындыққа
жетелейтініне нық сенім бар.
Мұхамбеттің үмбеті- мұсылманмын,
Пайғамбарым қолдайды қысылған күн,-
деп өзін мұсылманның үмбеті екенін ашық айтып отыр.
Мұқаң сол жылы жазған Бүкіл дүние мұсылмандарына хат деген өлеңін
мынандай жолдармен аяқтаған екен.
Қаны аққан қайран менің мұсылманым,
Осы ма екі ортада қысылғаның?!
Бейіштің ақ қанатты ақ құстарын
Айырып ұясынан ұшырғаның?!
Бірігіңдер, әлемнің мұсылманы,
Құрбан болсын құдайым үшін жаның!
Имандылық жолы қашан да қиын, ауыр жол. Мұқаң өз заманында азапты аз
шеккен жоқ. Оған тағдыры, өмір жолы айқын дәлел. Бірақ қоғамның қасіретіне
төзе келе Алладан үмітін ешқашан үзбеген. Оған мына ойлары куә.
Иә, жаратушы Аллам!
Қолдай гөр, сүйей көр мені, сүйей гөр!
Қолдары да, қорғаны да жоқ жан ием
Жасаған ием!
Пенделерге табына-табына болған ем,-деп жырласа,
Я,Аллам! Адамдарға қас қылма,
Сорлы қылма көк аспанның астында.
Я,Аллам! Жауыздықтан сақтай көр,
Жамандыққа, жауыздыққа бастырма!-деп те жазған.
Мұқаңның поэзиясының, жалпы мұрасының күші де оның иман мен ғылымның
негізіне табан тіреп тұрғанында. Бір жағынан иман мен ғылым оның арқа күші
болса, екінші жағынан оның қос қанаты екен.
Мұқағали Мақатаев Қазақ жырының бір жылы атты мақаласында; ,, Егер,
біз, ақынның өмірі жырынан басталады десек, ақынның жыры алдымен өз
өмірінен басталатынын да есте ұстаймыз. Ақын адамның бүкіл өмірі- оның
бүкіл творчествосының лейтмотиві. Себебі өз жүрегінің құпиясын, өз өмірінің
күйініш-сүйінішін, лирикалық кейіпкері арқылы ма, басқа арқылы ма, әйтеуір,
ағынан жарылып нанымды түрде айта алмаған ақынның басқа жүрекке жол тауып,
басқа ғұмырды зерттеуге, оның жан-дүниесінің бұлтарыс-қалтарысын ашуға
шамасы келмек емес. Ақын жүрегінің жауы да, жанашыры да - өзі. Ақын өз
жүрегін, жүрегінің сезімін зерттей отырып, соларды адамдық биік парасатқа
бағыштай білгенде ғана, оның үні халықтық үнмен, азаматтық үнмен тоғыспақ.
Сонда барып, ақындық мен халықтық менге ұласпақ. Ақынның өмірді
зерттегені-алдымен өзін зерттегені. Ақынның құдіреті - өмірден өзін, өзінен
өмір жасай білуінде,,- деп жазған болатын. Бұл-ақынның әлеуметтік-
эстетикалық көзқарасы еді. Сондықтан шығар, Мұқағали Мақатаев өзін де,
өзгелерді де осы өлшемімен, осы көзқарасымен өлшейтін. Ол өзінен де, өзге
қаламгерлерден де осыны талап ететін. Менің мақсатым өлеңі осының тамаша
бір көрінісі. Мысалы:
Мен жырлаймын,
Сырласамын
Сыры бар замандаспен мұңдасамын.
Асыққан уақытпен,
Адымымды
Абайлап, анда-санда бір басамын.
Көгендеп жыр қосағын
Келмейді жыр жасағым.
Бөгендеп бетонменен қоя алмаймын,
Өзінше емін-еркін туласа ағын.
Ғайыптан пайда болған сайтандаймын.
Жыр туса қайтармаймын.
Улатып май таңдайын,
Ащы тіл ақиқатын айтар дәйім...
Ақын жоғарыдағы әлеуметтік-эстетикалық көзқарастарын берік ұстағанына,
содан ешқашан ауытқымағанына Өмір-дастан, Өмір-Өзен, Соғады жүрек екі
томдығы мен Шолпан тәрізді кітаптары тұтастай куә.
Мұқағали Мақатаев поэзиясындағы философия кемелдігі ақын таланты
мен парасатының биіктігін аңғартатын көшелі белгілердің бірі. Мұқағали
Мақатаев жырларындағы ойшылдық, философиялық парасат дидактикалық
безендіру немесе өлең түйіні үшін алынбайды. Оның көбісі өлеңнің ішкі
қуаты мен иірімнен, мазмұнынан, ақындық-азаматтық тұлғаның парасат-
білігінен, өзіне өзі табиғи қалыпта төгіліп жатқандай. Өмірден көрген-
түйгені мен оқыған-тоқыған ақын көкірегінің мартенінде өзінше қорытылады
да, оның мәйегі жырларынан көрінеді. Мысалы:
Ащы жырым құйылса етке барып,
Ашырқанып, алайда сөкпе, халық.
Шарам толы шаттығым, мұңымды айтпай,
Шау тартатын жәйім жоқ шетте қалып.

Өтсе,
Өтсін !
Басыма бақ бұйырмай.
Тіл кесілмей, тұрса екен, жақ қиылмай.
Енді менің күнелтер жағдайым жоқ.
Шығыршықта айналған ақ тиындай.

Әйтеуір, кінә тауып, бір жеріңнен,
Сынауға тіптен құмар кім көрінген
Бірақ та,
Білесің бе, ей, кім көрінген
Айтсын деп ақиқатты тіл берілген!!!- деген жолдар жоғарыдағы
пікірлеріміздің айғағы. Оның бүкіл лирикасындағы философиялық кемелдік
Чили ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақатаев социализм дәуірінің төл перзенті
Қазақ өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы (М.Мақатаев, К.Мырзабеков өлеңдері негізінде)
Мұқағали Мақатаев лирикасының өміршеңдігі
Мұқағали Мақатаев туралы
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұқағали Мақатаев поэмаларындағы лирикалық кейіпкер және тарихи тұлға
Мұқағали Мақатаев лирикасы тілінің көркемдігі
Шәкәрімнің қай шығармасынан
М.Мақатаев шығармашылығы
Мұқағали поэзиясын оқыту әдістемесі
Пәндер