АБЫЛАЙ АСУЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Абылай Хан

РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙ

АБЫЛАЙ АСУЫ

Тарихы сан гасырлардың тсреңіне кстетін халқымыздың "қазақ" аталган бсртінгі дәуірінде ел бастаган көсемдер, сөз бастаған айтулы шешендср, "сртеден шапса, кеште озған, ылдидан шапса, төсте озған" жүйрік ақындар, ердің құиын екі-ақ ауыз сөзбсн шешкен дана билер, калың жауға қарсы жалғыз шапқан жүректі ба-тырлар аз болмаған. Олардың ссімдері жазбаша кұжат-тарда да, ауызша тараған өлсң-жыр, аныз-әңгімелерде де бсрік орын алған. Әрбір тарихи қайратксрдің кадірі өз кезінде ел үшін қаншалықты қызмст атқарғанына байла-нысты болатынын ссксрсек, олардың әрқайсысія да ксйінгі үрім-бүтак күрметіне лайык скснін көреміз. Ке-меліне келгсн слдер өз тарихының әрбір бетін кастерлсйді, халықтың басып өткен жолдарын айқындауға септігі бар үлкенді-кішілі дерсктің бәрін де ссепке алады, тиісті бағасын бсрсді. ТіптІ түрлі себептсн заманындағы шежірешілердің, саяхатшылардың, тарихшы-лардың назарына түспсй қалған окиғалар мсн адамдар жайында халықтың өз "сстелігі" сакталып отыратын да зандылық бар. Кезінде бслгілі бір саясаттың ықпалымсн сңбегі не артық, не кем бағаланған қайсыбір қайраткерлер туралы нағыз әділ сипаттамалар да халық әдсбиетінде сакталатыны болады. Сондықтан сол мағлүматтарды есспке алмай, елдің шын тарихын толық түсіну қиын.

Өкінішке қарай, бұл кезге дейін қазақ халқының тарихы жөніндс жазылып жүрген енбектсрде төл шежірелсріміз бен аңыздарда ізі қалған куәліктер көп жағдайда ескерілмей келді. Қазакстанда түрлі кезснде болған, азды-көпті дерек қалдырган жиһангсздердің, мис-сионерлердің, отаршьтл империя тыңшыларының, сауда-герлердің, елшілердің жазбаларына имандай сенетін тарихшыларымыз халықтың өз хатира-естелігін елеусіз қалдыруы - зерттсу мәдениетінің балаңдығын көрсетсді. Бұдан былайғы жерде тарихымыздың қилы кезеңдерін алдын ала "пішілген" жасавды қалыпқа салмай, ше-телдік авторлардың жобалап айтқан, өздерінің дүниета-ным таразысымен өлшенген қисындары жетегімен кетпей, қүбылыстарды асырмай да жасырмай талдайтын, ғылми объективтік ақиқатты ғана айтатын еңбсктер туар деп үміттенеміз.

Халық әр дәуірде ел тізгінін ұстаған білікті билеушілерін естен шығармай, олардың жамиғат алдындағы өшпес қызметін қанатты сөздермен мшездеп отырған. "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген секілді бейнелі тіркестер тасасында терең мағна жатқаны анық. Қазақтың ең әйгілі хандарының бірі әз Тәуке (1680-1718) болса, онъщ түлғасы төңірегінде жылы лебіздер мол айтылатыны мәлім. Басқа да белгілі хавдар мен сұлтандардың ел үшін елеулі әрекет жасағандары жүртшылық ілтипатьгаа бөленгенін байқаймыз. Совда да болса солардың бәрінен де хан Абылай (1711-1780) даңқы басым жатады. Өзге ел өкілдеріне қазақ хандары ішінсн неғүрлым әйгілісі де, халық әдебиетіңде көркем бейнссі жарқын мадақталғаны да Абылай екені кәміл. Қазақ қауымының сан буыны қысылғанда медет көріп, намыс кегі қайралғанда үран етіп шақыратыны да Абылай есімі болуы тегін емес. Ол жөніндегі көне сөздердің көптігі соншалық - Абылайнама деп атарлық мол туындылар шоғыры жасалған. Орыс халқының тарихында бы-лина-жырлардың ең көбі ертедегі "күн дидарлы князь" Владимир дәуіріне арналған десек, казақтың тарихи-эпи-калық өлең-жырларының аса көрнекті бөлегі де Абылай және оның айналасындагы батырларға, билерге, шешендерге багышталган. Осының себебін іздеп көргенде кейбір мәселелерді еске салып өту қажет болады.

Абылай атының осыншама қастерленуінің тарихи негіздсрі жеткілікті скенін ең алдымен атап айту керек. Сонау XV гасырда бүрынгы Алтын Орда империясының бір атырабында іргесі қаланған қазак хавдығы өзінің тәуелсіздігі үшін үдайы күрес жүргізіп келгені тарихтан мәлім. Бүл халықтын жағдайы әрдайым алмағайып, аумалы-төкпелі болғандықтан, оның жері де, халық саны да бірде күрт көбейіп, тағн бір кезеңде тым азайып, әлсіреп отырған. Қазақтың кең даласы айналадағы мем-лекеттердің "көз қүрты" болган еді. Сондықтан да қазақ елі өзінің шаруашылық кәсібін, жер байлығын еркін иге-руге де мүршасы болмай, замандар бойында сыртқы жаулармен арпалысып өткен деуге болады. Өзге дүшпандарды айтпағанда, XVI-XVII гасырлардың үзына бойында жоңгар қалмақтары қазақ жеріне үздіксіз көз алартып, тынымсыз қанды жорықтар жасап отырғаны зайыр. Ха-лык әдебиетінде ең мейірімсіз, тілсіз жау ретінде қалмақтар аталатыны да осыдан. Қалмактар кастандығы арылмас дсрттсй үзаққа созылғандыгы соншалық, қазақ халқының ерте заманда арпалысқан өзге жаулары үмыт болып, тыюсыз тажал бейнесінде озбыр ойраттар ғана калган. Зорлыққа, астамдыққа еті үйренген, бүрын ешкімнсн беті қайтпаған ата жауымыздың Абылай зама-нында жеңіліс тауып, едцің көптен күткен мүратына қолы жеткені шыныңда да тарихымыздағы 'аса нүрлы, мәртсбелі кезең еді. Бұл жөнінде аса беделді ғалымдар оздерінің әділ-бағасын бергенін кысқа да болса қайталап айтудың артықтығы жоқ. Орыстың атақты гүламасы академик В. В. Бартольд "XVIII ғасырдағы ең күшті Орта жүздің ханы Абылай болды" деп жазган (В. В. Бартольд. История турецко-монгольских народов. М. 1968, 5 т. ) Ш. Уәлиханов қазақ-қалмақ соғыстары кезеніне те-рсң талдау жасай келіп: "Абылай гасыры - қазақ ерлігінің гасыры еді" дсгені де мәлім. Мүндай бағаға бүгінгі тарихшылар да толығымен қосылып, өз тарапынан жаңа зсрттсулер жасап келе жатқаны бслгілі. Мәселен, академик Р. Сүлейменов пен В. А. Моисеев "XVIII ғасырдағы Қазақстан тарихынан" (1988) деген моногра-фиясында Абылай өмірінің кезен-кезеңіне гылыми сипат-тама берген. Қазақ елін халықаралық көлемде мойындатқан, өзі дүниедсн кайтқанша жүртының ынты-магын сақтай білген, екі алып империя: Қытай мен Ре-сей тарапынан қазақ ханы деп ресми танылган, Орта Азияның да бірталай қалаларына билігі жүрген Абылай-дың халық қиялында ерекше туған киелі жан болып қалыптасуы мейлінше табиги. Әсіресе ғасырларға со-зылган үздік-создық соғыстардың тиылуы, қазақ қосындарының жерімізді жаулардан азат стіп, еркін, ты-ныштық заман орңауы елдің көптен күткен аңсары болса, соган Абылай сыңды кемеңгер ханның басшылығымен жеткенін халық қапысыз таныған. Абылай хандық қүрған дәуірдің ел үғымында "Алтын гасыр" секілденіп көрінуіне дәлел жеткілікті. Кейіннен, уақытты уакыт қуалап, қазак елінің басына жаңа озбырлар душар болған сәттердс де ертедсгі Абылай бсйнссі қайта жанданып, іріленіп, азаттықтың туындай, бостандықтың символындай ерлік рухын еске түсіріп отырған.

Алма ксзек шайкастарда жоңғарлардың көп ретке жеңіске жстіп отырулары ксздсйсоқ болып көрінбейді. Басты себеп - олардың бір орталыққа, катал тәртіпке, бағынған мықтылығы еді. "Бөлінгснді бөрі жсйді" деген-дей казак елінің ыдыраңқылығы, бас косып түрақты мәмілеге келуінің қиындығы дұшпандар үшін өте колайлы болған. Ал казак халқы басы бірігіп, "бір жағадан бас, бір жеңнен қол" шыгарган сәттерінде қандай қаһарлы жауды да ықтырарлық қабілет көрсет-кен. Жоңғар калмақтарының алғашқы соғыстарда басым шығып отыруларының тағы бір себебі - олардың қолында зеңбіректердің болуы. Ойраттарға зеңбірек қалай барганын тарихшы ғалымдар әртүрлі түсіндіреді. Ең көп тараган кисын орыс армиясының қызметінде болған швед инженері Рснат калмақтар қолына түсіп, оларга зеңбірек қүюды үйретті дсгенге саяды. Бірақ бұл әңгіменің шындыққа каншалықты сәйкес екенін әлі де тексере түсу қажет болады. Бір анык нәрсе сол - Сібірдегі орыс әкімдері жоңғарлардың қолында қанша зсңбірск жәнс басқа қару-жарақ бар екенін жаксы біліп отырган. (И. Я. Златкин. "История Джунгарского ханства. " 1964. ) Ресей патшалыгының жоңғарлармен әуел бас-тан одагы мықты болганын, көп жағдайда калмақтар жагын алып отырғанын еске түсірсек, бұл екі мемлс-кеттің өзара қарым-қатынасының біз білмеген сырлары мол екеніне көз жетеді . . . Қалмақ пен орыс байланыста-рының тізбсгін баяндаган архивтік қүжаттарды казак галымдары өз халқының мүддесі түргысынан үқыпты тек-серіп шықса, Рссей билеушілерінің XVIH ғасырдағы казак тағдырына қаншалықты оң немссе тсріс ықпал жа-саганы айқындала түсер еді.

Ресей отарлары қалмаққа іргелес жаткандыктан, пат-шалықтың жергілікті әкімдері жоңғар әрекетінен көз жазбай, кырагы қадағалап, орталыққа хабарлап отырған. Сондай жазбалардың біріндс қазақ отаншылдыгының та-маша бір куәлігі де хатка түсіпті. Жоңғарлар қазактарды түпкілікті жеңу мақсатымен 1739-41 жыл-дарда Орта жүз қоныстарына қарсы жойқын жорық ұйымдастырган. Жаулар казақтың карсыласу күшінің неғүрлым шогырланган жері Орта жүз екснін есепке ала отырып, сол қамалды бүзуды көздеген. Бірақ ойраттар бұл жолы ойлаған мақсатына толык жете алмай, ксйін серпілуге мәжбүр болған. Орыс шежірешілсрі дәл осы кезсңде, дәлірек айтқанда, 1741 жылы жаулардан ыгысып, қонысын тастап, бой тасалаған казак ауылдарын қалайда қуып жетіп, қүртпақ болган жоңғарларды бір қазақвдң "жол көрсетемін" деп әдейі адастырганын, өз басын ажалга тігіп, жауларын көп шығасыга душар ет-кенін жазып қалдырыпты. Өкінішке карай жоңгарларды алдап, жасырынған ауыл адамдарын аман алып қалган, саналы түрде өзін өлімге қиған ердің аты-жөні сақталмапты. (Бұл мағлұмат Р. Б. Сүлейменов пен В. А. Моисеевтің кітабынан алынды) . Орыс архивтерінде хат-талган бүл оқига бізге ғажайып құбылыс болып еле-стейді. Бұл қазак халқының тәуелсіздік үшін қандай да болмасын жанкешті әрекеттерге баруга қабілеттілігінің, ата жаумен айқаста ерліктің асқан үлгілерін көрсете алғандығының символы секілді эсер қалдырады. Әшейінде қойдан жуас елдің кисылтаяң күн туғанда өз бойынан өр қайрат, ерекше намыстылық таба білгеніне мысал көп. Солардың ішінде біз айтып отырған оқиға бірегей болып слестейді. Қазақ жерінде бүдан екі жарым мың жыл бүрын Дарий патшаның басқыншылық ұрыстары кезінде Шырақ есімді сахара адамының "іздеген жауыңның төбесінен түсіремін" деп парсы әскерлерін бетпақтың шөліне ертіп апарып, көз көрмес, құлақ естімес шөлстанда сусыз, азық-түліксіз қалдырганы, осының сал-дарынан дүшпанның қосындары қырылып-жойылып, аз ғана бөлегі аман құтылғаны туралы аңыз-дерек калган. Міне, осындай көзсіз ерліктің арага ғасырларды салып барып қайта көрініс бергенінің терең мәні бардай. Қазақтың еркін даласына сүғынып кірген қандай жаудың да сыбагасы қорлык өлім болмак деген халық аңсары күр қиялдан тумағанын, оның астарында нақтылы істер жатқанын біз сөз етіп отырған аңыз жаксы сипаттайды . . .

Абылай ханға және оның жауынгер серіктеріне, кенесші билеріне арналған алуан жанрдағы көркем мұра-ның ішінде өлеңдердің, толғаулардың мәні ерекшс. Бүларда дәуірдің тарихи куәлігі, болып өтксн істсрге ха-лык багасы берілген. Баска ешбір архив құжаттарынан табылмайтын, елдің өз сөзі, үгымы болып шыққан, ешкандай цензордың "тексеруінен" өтпеген, жұртшылық санасында сакталган, ауыздан ауызға тараған, уакыт өте ксле екшеліп, үмытуга болмайтын ең татымдылары ғана іріктеліп калган мүндай шығармалардың кадірі айрықша.

Бүл ретте ең алдымен қазактың үлы жырауы Бүқардың өлеңдеріне тоқталуымыз шарт. Көптеген ақындар, жыршылар, шсшендср тудырып, кейіннен елдің ортақ мүлкіне айналып кстксн шығармалар қатарында Бүқар сөздерінің орны бөлек. Мүның бірінші ссбсбі, жьг-рау өлеңдерінің тамаша тарихи қүжаттык мәнінс байла-нысты. Абылайдың ақылгөй кснесшісі, қазак халкының азаттық күрссінің сыры мсн қырын жаксы білстін, сл бірлігінің жаршысы Бүқар жыраудың ойлары мсн түжы-рымдары "бірсудсн естігсн" әңгіме емсс, нақтылы окиғалардың тікелей әсерінсн туған. Осының өзі толғауларының тағлымын есслеп арттырады. Біз бүл күнгс дейін өз тарихымызды көбінесе басқа ел адамдары-ның қалдырған естеліктсрі, күнделіктері, түсініктері бой-ынша жазып келеміз. Ал шындыгында ойрат озбырлығына қарсы үзақ жылдарга созылған жойқын күрсстің бастаушылары мсн қаһармандарын, олардың озіндік орнын қазақтың тарихи өлеңдерінен артық сипат-тай алатын дсректі табу қиын. Әсіресе XVIII ғасырда қазақ жерін басқыншылардан тазартып, дербес мемле-ксттікті сақтау жәнс ныгайту жолындағы Абылай хан әрексттсрінің қарапайым халық мүддесімсн орайлас шыққанының да сң сснімді куәгсрі осы мүра деп қараймыз. Ел бірлігі, қазақ мемлекстінің дербсс өмір сүруі қажеттігі, барлық күбылыстар осы мүдде түрғысынан бағаланып нсмссс мансүқталынуы бүл шығармаларға асқақ өміршеңдік қасиет дарытады. Осын-дай нүрлы мүраттар биік көркемдікпен, шешсндікпен, ха-лық даналығымен үштасқанда қайталанбас ғажайып әлсмдсй тәсір қалдырады.

Коп шығармалардың бел ортасында Абылай бейнесі түрады. Мүнда әсірслеу мүлде аз, болган оқиғалар тарихи өлсң шартына сай мейлінше нақтылы тізіліп, наным-ды баяндалады. Заманның да, қаһарманның да басындағы қайшылықтар аттап өтілмей, шындықтың шырайы барын-ша толық, жан-жакты көрінстіні жырау туындыларының өзінс хас өрнегі болып табылады. Бүқар жырау Абылай-дың қамкор тілектссі гана емсс, катал сыншысы да болып елсстсйді. Бірақ мүндай "сын" ел тағдырын терсң ойлагандыктан, Абылайдың жүргізген саясатына нүқсан келмссе екен деген тілсктен туғаны айқын көрінсді. Со-ндықтан да мүндай өлеңдердің "ашулы" тұстары катқыл естілмсй, зор акиқатшыл қуатқа не болады. Үлы жырау қазақ ханының балалық шағындағы ауыр күндсрін, қиын халін айта отырып, Абылайдың барлық атак пен даңққа халықтың колдауымен жәнс жеке басынын қасиеті аркасында жсткенін, оның бсделі елге сінірген еңбегінің нәтижссі екснін, бірақ осындай абырой биігіндс самгай беру үшін әділдік таразысынан жанылмау керектігін қайталай толғайды. Абылай өмірінің барлық ксзеңдерін шолу дәстүрлі қайталама әңгіме деңгейінде қалып қоймай, халық тағдырымен бірлестікте қаралып, үлкен мағынаға бөлснеді. Жыраудың үғымынша Абылай қазақ халқының басына сүрапыл қасірет төнген кезде сл еңсесін көтеруге, алаш мемлекеттігін сактауға және күшсйтуге туған қайраткср. Ханды мақтаса да, кейбір істерін мансүқтаса да, ішкі, сыртқы саясатына кеңес берсс де, Бүқар тек казак ынтымагы мен ырысы түрғысынан қарайды. Сонымсн жырау өлеңдерінің нақтылы кейіпкерлері Абылай және оның жорықтас ба-тырлары, мәслихаттас билері болса, ен басты қаһарманы қазақ халкынын өзі болады. Белгілі бір өңірдің жыршысы бола түрып, бүкіл халық атынан "сөйлейтін" ақындар аз болмаған, бірақ Бүқар ле-бізінің мәні мен бағыты олардан басқалау. Ол туған халкының тәуелсіздігі қыл үшінде түрғандай алмағайып заманның, "өлім не өмір" дерліктсй сауал күн тәртібіне қойылган жолайрык ксзеңнің бел ортасында түргандықтан, әрбір сөзі бүкілказақтық магнамсн нүрланады. Сол үшін де Бүқар сөзі халықтың сөзі болып естіледі. Бір гажабы, жыраудың ханға карата айтылган сөздері белгілі бір сүрақтарга жауап орайын-да туғандай. Кобінесе оның "сүхбаттасы" Абылайдың өзі тәріздснсді. Екі үлы адамның "диалогы" уақыт, за-мананың ділгір сүрауларына жауап бсргендей.

Бүл толгаулардың алтын желісі Абылай бастаған отандық соғыстың намыс пен ардың ісі екенін айтуға, барлық қайрат пен сананы азаттық, бақыт жолына жүмсау қажеттігін үктыруға қүрылған. Осы мүратты қостағандар Абылайдың, бірліктің досы, тсріс бүрылғандар немесе болініп ксткісі келгендср казак ын-тымағьтның дүшпаны деп есептслген. Бүқардың ру ара-сындағы бір жанжалда кісі өлтіріп, қүн бсрмей, көшіп кеткісі келген Садыр батырдың соңынан қуып барып айтқан әрі әділ, әрі өктем сөздері осыны дәлелдейді:

. . . Абылай алдында сен бітсең, Қүдандалы таныспын. Егер Абылай алдында бітпесең, Атасын білмес алыспын. Көшін кстер бір жакка, Малың кетер бір жақка, Көш соңынан жете алмай, Есің шығар сол шақта. Жар басына қонарсың, Жарты лашық тігсрсің, Ауызыңнан ас кетер, Қара көздсн жас кетер. Бұл қылығың қоймасаң, Сонау кеудедегі Дулығадай бас кетер!. .

Бір орталыққа бағынған айбарлы қазак мемлекетін орнату, ауыл арасындағы ұсақ-түйек қайшылықтардың бәрін Абылай күзырында шешу елдің түпкілікті арманы-на сәйкес келетінін үдайы өсиеттету жырау өлеңдерінің түп қазығы болып келеді.

Жоңғар жаулаушылығына қарсы күресте айрықша еңбек сіңірген ерлердің есімін Бүқар да, оған замавдас жыраулар да мәңгілік даңқка бөлеп, қастерлеп айтып кеткен. Солардың аттары қазақ тарихының алтын кітабына жазыларлық десек, артық айтқандық болмас. Бұқар жырау атаған сол ардақты жандарды есімізге кайта бір түсірейік:

. . . Қалданменен үрысып,

Жеті күндей сүрісіп,

Сондағы жолдас адамдар:

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Шақшақүлы Жәнібек.

Сіргелі кара Тілеуке

Қаракалпақ Қылышбек,

Текеден шыққан Сатай, Бөлек,

Шапырашты Наурызбай,

Қаумен, Дәулет, Жепск батыр қасында

Бақ-дәулеті басында.

Сеңкібай мен Шойбск бар,

Таңсық қожа Мәмбет бар.

Қасқараудан Молдабай,

Қатардан жақсы қалдырмай,

Есенқүл батыр ішінде,

Өңкей батыр жиыльш,

Абылай салды жарлықты . . .

Басқыншыларга карсы азаттык соғысының әр ке-зеңіңце әр өңірде қол бастаған, ел намысын қорғаған, аттанып барып жау алған батырлар саны жоғарыда көрсетілгендермен шектелмейді. Тарих ғылымы тереңдік пен нақтылыққа жақындаған сайын олардың да ссімдері анықталып, халық үшін көрсеткен қайраты көрінс түсер. Дегенмен ойратка қарсы үрыстың сң шешуші сәттерінде Абылай қауымындағы қосындардың жүргснін еске алсак, Бүқар жырау санап шыққан батырлардың әркайсысы ту-ралы жеке ізденістер жасап, олар туралы мағлүматты жүртшылыққа таныстыру парыз болып көрінеді. Егер ер-телі-кешті Қазақстанның бір жерінде Абылай бастаган әділетті үрыстардың сымбат панорамасы жасалатындай уақыт келсе, бүл ерлердін есімдері тасқа ойылып жазы-лып, Орхон ескерткіштеріндей ұрпақтың үрпағына же-тетін болуы керек . . .

Бүкар жырау толғауларында сайын сахарага шашырап қоныстанған, өзара байланысы әлсіз қазақ рулары мен жүздерінің басына төнген қауіптің нсгізгі себептері де ашық айтылады, Өздерінің шегараларынан алыстағы ел-дер мен жерлерді бірінен соң бірін күшпен бағындырып, барған сайын араны ашылып, қомагайлана түсксн екі империяның - Ресей мен Қытайдың тегеурініне төтсп беру қандай халыкка да жеңіл емес еді. Үшы-қиырсыз кең алқапты алып жатқан ойрат пен қазақ бірін-бірі қырып бітірсе, екі империя да өздерінің жері кеңитінін, байлығы артатынын өте жақсы білді. Сондықтан да олар сөз жүзінде бсйбітшілікті жақтаушылар болып корінгенімен, шынтуайттап келгенде "бірің өліп, бірің қал" деген саясат жүргізді. Осындай жағдайда қазақ елінің ішкі бүтіндігін, жауынгерлік рухын сактау, жауға тойтарыс беріп қана қоймай, елдің ежелгі қоныстарын қайтарып алу киынның қиыны болатын. Қазак хаңдары мен сүлтандарының кейбіреулері бас саугалап, кара ба-сының қамын ойлап, карауындагы руларының мүддесін коздсп, дүшпанга багынып, іріткі салып жүрген шақта өзара алауыз жүрттың басын косу ел басшыларынын корсген, қажымас қайратты, данышпан парасатты болуын қажет ететін. Абылай бейнесінің халық киялында ерекшс іріленіп сомдалуының басты себебі де оның тар кезеңде, тайғақ кешулсрде ел бірлігіне үйтқы боларлық ақыл, айла, ынтымақ кілтін таба алгандығына байланысты . . .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматандырылған жұмыс орны
Ұлы Жібек Жолы және VI- XIII ғғ. қала мәдениеті
Қабанбай батыр туралы аңыздар
Тойшыбек Қасаболатұлы - Жетісудағы қазақ ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі
Абылай ханның саясаты
Серіктас тауындағы қазақ- жоңғар соғысына қатысқан батырлар
Абылай ханның саясаты туралы
Олжабай Толыбайұлы (Төлебайұлы)
Серектас тауының Қалмаққырылған аталуы
Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен батырлар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz