Әлкей Хақанұлы Марғұлан-қазақ ауыз әдебиетін терең зерттеген ғалым



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Әлкей Хақанұлы Марғұлан

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985жж.) XX ғасырдағы аса ірі ғалымның
бірі. Дүние жүзі ғылымында ол Қазақстан археологиясының патриархы (атасы)
және Қазақ археология мектебінің негізін қалаушы. Сондай-ақ ол тарихшы,
шығыстанушы, этнограф, Әдебиетші-фольклорист, эпиграф және аса ірі
өнертанушы. Осындай гуманитарлық ғылымдардың бес —алты саласында өмірбойы
жемісті еңбек еткен Әлекең Қазақстан архитектурасы тарихына және Шоқантану
ғылымына көп еңбек сіңірді. Ә.Х. Марғұлан XX ғасырдағы ең ірі -
Шоқантанушы.
Әлекең өзінің көп қырлы ғылыми еңбектері мен зерттеулерінде хундар
мұрасына көп көңіл бөлді. Бүкіл түркі хайықтары өзінің тарихын, тілін және
мәдениетінің бастаулары мен қайнар бұлағын алатын Хун империясы туралы
Әлекеңнің зерттеулерін негізінен былай жіктеуге болады:
- Хундардың саяси тарихы
- Хундардың тұрмысыh және салт-дәстүрі
- Хундардың бізге жеткен аңыз-ертегілері
- Хундардың қала мәдениеті және архитектурасы

- Хундардың кол-енері
а) ою-өрнектері (орнамент)
б) зергерлік өнері. "Полихром стилі"
в) қару-жарақтары
г) бейнелеу өнері
- Хундардың шет елдермен қарым-қатынасы
- Хун жазулары, яғни эпиграфикасы
- Хун тілі мен түркі тілдерінің сабақтастығы. Осылай деп тағы басқа
бёліктерге бөліп Ә.Х. Марғұланның ғылыми мұрасын жіктеп көрсетуте
міндеттіміз. Біз солардың ішінде Хундардың аңыз ертегілері мен әңгімелеріне
және олардың қазақ халқымен байланысына тоқталамыз...
Әлекең қазақ ауыз әдебиетін терең зерттеген ғалым. Халқымыздың көп
ғасырлардан келе жатқан асыл мұраларын - ғажайып аңыздарды, мазмұны
ертегіге айналған терең мифтерді, жан күйін көкке сермейтін асқақ ерлік
жырларын, пәлсапалық қария сөздерін тереңнен алып қараған алғаш рет
Ә.Х.Марғұлан болатын... Сонда ол бүкіл дүние жүзі мәдениетіне қосылатын бір
үлкен сәулетті сыр бар екенін көріп мұқият зерттеген... Сол бір халық
шығармаларын ертеде келіп шығу өзі ерекше-жарқын дүние деп көрсетеді Әлекең
[1].
Көп халықтардың әдебиетінің басталуы батырлық пен ерлік жырлар. Қазақ
халық мұралары да сондай. Қазақстанды ежелден мекендеген сақ, ғұн, үйсін
және қаңлылар болса, орта ғасырларда оғыздар, кыпшақтар, қарлүқтар,
наймандар, керейлер жөне хазарлар болатын. Солардын ауыз әдебиеті бірімен
бірі тыгыз байланыста...
Батырлық пен ерлік жырларының көп туған кезі ғұндар, үйсіндер және
қаңлылар заманы-деп жазған Әлекең. Сондай-ақ ол Ер Төстік, Еділ, Жайық
туралы әртүрлі аңыздар мен жырларды сол дәуірде шыққан деп дәлелдейді.
Мысалы, Еділ (Аттила) аң аулап жүріп, жалғыз көзді дәудің үңгіріне
кездессді. Еділ жалғыз көзді дәумен алысып, қызып тұрған темірмен оның
мандайындағы жалғыз көзін ағызып түсіреді... [2] Мүндай аңыз-ертегілер тек
түрік халықтары арасында ғана емес, сондай-ақ грек жырлары мен мифтеріндегі
сюжеттерге өте ұқсас. Мысалы, гректің Одиссей мен Иллиада жырларында осы
жалғыз көзді дәуді көреміз.
Ә. Марғұланның зерттеулерінде ғұн дәуірінен сақталған аңыздың бірі —
Дың-сұлу. Ерте дәуірдегі ұлы қағанның сұлу қызына биік мұнара "дың"
тұрғызып, сыртынан қарап тұруға қырық күзетші қойған екен. Әлеуке деген жас
батыр оның қиындығына қарамай, аса биік мұнараның басына шығып, қыздың
жатқан жеріне есігінен кіреді... Қыз ұйықтап жатқан екен, жағып қойған
шамын басқа жерге қойып, қызды ақырын оятып тұрғызады. Қасында тұрған
көркем жігітті көрген қыз оянғанда таң қалады. Жігіттің ұнап қалғаны
соншалық қыз оған ғашық болады... Кейін әкесіне сөз салып, осы жігітке
қосуды тілек етеді [3]. Сондай-ақ Әлекең бұл аңызды А. Веселовский жазған
аңызбен салыстырады. Онда жігіт мұнараның басына өрмелеп шықпай ағаш атқа
мініп квтеріледі...
Ғұндардың Дың сұлу туралы аңыздарының бірнеше нұсқасы бар. Бірінде
қағанның екі сұлу қызы болады. Хан мұндай өзгеше туған қыздарының елсіз
жапан түзге салынған дың мұнара ішінде сақтайды. Осы арада оның қыздарына
бөрі ғашық болып. әсіресе күн нұрынан екі қабат болыи көп ұрпақ тарайды.
Жалпы айтқанда борінің тотем болатыны тек түркі халықтарында ғана емес,
сондай-ақ римдіктерде де бар екені әуел бастан белгілі. Бұл аңыздар әсіресе
бәріге қатыстылары сол ғұн, түркі қағанаттары кезінде кеңінен тараған аныз
ертегілердің бірі...
Ғундар туралы әртүрлі аңыздар мен нақты мәліметтер Қытай мен Рим
тарихында кептеп жазылған... Әсіресе қытай жылнамаларындағы аңыздарды
мұқият зерттеген Әлекең:
"...Біздің эрамыздан үш ғасыр бұрын - Қытай үкіметі ғұндарға қарсы
жойқын соғыс ашып, алты жүз жыл өткенде оларды қиратып бітіреді.
Бостандықты жақсы көретін ғұндар Алтай тауының және Жетісудің төңірегіне
жиналып, суармалы егін егіп, тау-кен жұмысымен шұғылданады. Темір, мыс,
алтын шығарып, сәнби, жуандардың хандарына көмек көрсетеді... 350 жыл өткен
соң ғұндардың қалғандары жаңадан көтеріліп, VI ғасырдың орта кезінде Түрік
қағанатын құрады. Бұл туралы Қытай тарихында ғұндардың бір ғажайып әңгімесі
сақталған. Онда мынадай дерек келтіріледі. Түріктердің бұрынғы аталары
күнбатыс теңізінің жоғары жағында тұратын. Олар ғұндардың бірі ұлы тайпасы
еді. Ғұндар өзінің күншығыстағы көрші елінен жеңіліп, тегіс қырылады, тірі
қалғаны тек жалғыз бала. Жау әскері оны өлтіруге қимай, шөбі шүйгін көлдің
жағасында қалдырып кетеді. Баланы бөрінің қаншығы асырайды. Оны аңға шыққан
мергендер көріп, елінің басшыларына айтып барады. Бөрінің қаншығы соңына
түскен аңшыларды сезіп, көркем көлдің (Ыстык көл) жағасын тастап, баланы
ертіп күншығыста тұратын биік Алтай тауының ішіне келіп бекінеді. Бұл тау
Гао-Шаннан Солтүстік батыска қарай тұратын жойқын биік, іші толған үңгір.
Ең таңсығы Ергене көң алабы, жан-жағын, биік таулар қоршап алған кең алқап,
қандай жау болса да таудан түсе алмайтын мықты бекініс, іші толған байлық,
шөбі, суы орасан көп. Бөрінің қаншығы осы арада бекініп, баладан он ұл
көтереді. Соныц бірі ғұн ұрпағы Ашина, Қытай иероглифымен жазылған, қазақша
айтқанда Шене (бөрте-шене) — бөрі. Түрік қағанатын бірінші рет басқарған
ғұн ұрпағы шене (бөрі) - ақылды, кемеңгер ойшыл кісі болған. Тоны — көкке
ұқсас..." [5] — деп әдемі халықтың аңызын жазыпты.
Сондай-ақ Әлекең ғұндар туралы жазылған Қытай деректерін мұқият
зерттеген... "Ғұндар түркі тайпасының арғы атасы екенін Қытай тарихынан
келістіре аударған жүйрік ғалымның бірі Абел Ремюзе... - деп жазған Ә.Х.
Марғұлан әйгілі ғалымдар академик А.А. Куник, В.В. Бартольд, И. Дегин, Н.Я.
Бичурин. Ф. Хирт, Гроот, Радлов және басқалардың ғұндар түркі тілдес
болғанын дәлелдейтін ойларын одан әрі дамытты.
Ғұн тайпаларының географиялық орналасуын жіктеген ол Бичурин
материалдары бойынша Ғұндар Ордос пен Хансудан бастап, Жайық өзеніне,
Каспий теңізіне, одан да әрі қоныстанғанын айтады. Бұл мәліметтер б.э.д. 9-
4 ғасырларға қатысты. Ол кездегі ғұндарды тоғыз тайпалы ел деп атаған.
Кейінірек ғұн империясы нығайған кезде (Тұман, Моде заманында) тайпалардың
саны 24 жеткені белгілі.
Чжоу заманынан қалған ескі жазулар мәліметтеріне қарағанда ғұн
мемлекеті басшылары шежіресі 48 атадан тұрады.
"Егер бұл материалдарды Шыңғыс ханның жазылған шежіресімен салыстырып,
оның бүгінгі тірі жүрген ұрпағына дейін жеткізсек барлығы 28 ата болып
шығады (1166-1982), демек 800 жыл шамасында. Ғұндардікі бұдан екі есе
артық"[6] — деп жазған Ә.Х. Марғұлан.
Сол Қытай жазуларының мәліметтеріне қарағанда кола дәуірінің соңғы
кезінде өмір сүрген ғұндар әлі де көшіп жүруді біле қоймаған деп көрсетеді
Әлекең. Олар бір жерде қоныстап, егіншілік кәсібімен, мал бағумен, кен казу
жумысымен айналысқан. Аңыз бойынша ғұндарға ең алғаш егіншілік кәсібіне
үйреткен аяулы қарт Кауке. Ол ғұндардың ескі жырларында үзілмей айтылатын
ұлы бейне. Ғұндардың сол ескі дәуіріндегі тұрмысын археологиялық
зерттеулерімен ашқан белгілі совет ғалымы В. Киселев болатын...[7]

"Ғұндар кейінгі заманда көшпелі тұрмысқа өтуі б.э.б. 8 ғасыр деп
корсетеді Әлекең... Ғұндардың мал өсіруі де сол кезден бастап дамыған.
Олардың ең жақсы керген малы түйе болса — түйенің тәңірісін -Ойсылқара деп
атаған. Жылқының иесін, яғни оны қолдайтын тәңірісін Қамбар ата, сиырдікі —
Зеңгі баба, қойдікі - Шопан ата деп айтқан. Сондықтан осы уақытқа дейін
қазақ елінде:
Ойсылқара оңдай гөр
Қамбар та қолдай гөр
Зеңгі баба жарылқай гөр
Шопан ата байыта гөр [8] — деп айтылатын халық сөзін келтіреді.
Кезінде Ақсак Темір Қожа Ахмет мавзолейін тұрғызбас бұрын Зәңгі атаның
күмбезін тұрғызган. Содан кейін Қожа Ахмет кесенесін тұрғызған. Ал Зәңгі
баба күмбезі осы күнге дейін сақталған, Ташкентке жақын жерде тұр. [9]
Төрт түлік малға қатысты Ә. Диваев жинаған қазақ аңыздарын зерттеген
Әлекең малдың шығуын қазақтар мифке айналдырғанын айтады. [10] Мысалы,
"Жылқы желден, түйе сордан. сиыр судан, қой ауадан"-деп айтылатын қазақтың
әдемі жырларынан аса қажетті үзінділер келтірген...
Сондай-ақ Әлекең ғұндарға тотем болған малдарға кеңінен тоқталады.
Ғұндарға ұлы төтем болғандар — көк бұқа. бөрі, марал [11]— деп айта келіп
бұған Рим жазушыларының еңбектерін мысалға алады... "Ғұндарға елес беріп,
жол көрсетіп отыратын сұлу - Ақ Марал" болған дейді. (сонда) Бірде Меотий
батпағында аң аулап жүрген бір топ ғұндар батпақтан шыға алмай көп
қиыншьшық көреді. Сол кезде кенеттен бір сұлу Марал кездесіп, батпақты
кесіп өтіп, көлдің ар жағына шығып тұрады. Оған таң қалған аңшылар Маралдың
ізімен бірге өтеді. Олар шыққан кезде Ақ Марал көзден ғайып болып жоқ
болады... Осынау Рим Жазушыларының ғұндар туралы аңыздарын мұқият
зерттегендердің бірі ағылшын ғалымы Томсон. [12]
Көк бұқаның бейнесі ғұндар қол өнерінен де көп орын алған. Ғұндардың
ұғымында бұқа - мал өсірудің бір алыбының бірі...
Сондай-ақ ғұндардың Өкр, оғыз деген сөздері де тарихта ел аты болып
қалды. Мысалы, Өкіреш найман, Оғыз мемлекеті т.б. Оғыз қаған түгелдей Моде
қағанының прототипі... Барлық тарихи оқиғалар соны меңзейді. Алайда, ислам
діні келген соң Оғыз туралы аңыз-ертегілер және жырлар мейлінше
бұрмаланған.
Ғұндар "жаратылыстағы барлық көркем бейнелерді ардақтап, оған бас
иген. Аса сүйген дүниелері аспан, көк, жер-су, әдемі зәулім таулар, ұлы
орман. Олардың бас иетін тәңірісі, аспан, көк, одан ізгі, одан қадірлі
дүние болмаған. Көкке қарап күнге, айға табынған. Ғұндардың басшылары
тәңертең ерте тұрып, шығып келе жатқан күнге бас иіп, қолын көкке
көтерген..."[13] — деп түйіндеген еді Әлекең. Шынында ондай сюжеттерді
немістің батырлар жырында, яғни Аттилаға (Еділ) қатысты тарихи
мәліметтерден де көреміз. Неміс халқының әйгілі драматургі Ц. Вернердің
"Хун патшасы Аттила" атты 5 актілі романтикалык трагедиясында осындай
сюжеттер беріледі. Мысалы, Аттила (Еділ) мен Едіге қанды шайқас алдында
шығып келе жатқан күнді қарсы алу үшін тобе басына шығады. Шығып келе
жатқан күнді бірінші болып қарсы алған Аттила болады. Вернер бұл сюжетте
және басқаларын Нибелунга жырынан жане Норвегия халқының жыры "Тидрек
туралы сагадан" алыпты. [14]
Сондай-ақ Әлекең: "Күнге табыну — ескі түріктер мен қыпшақтар жасаған
ата-анаға, әскерге, кемеңгер адамдарға арналған тас мүсіндерде айқын
суреттелгенін көрсетеді. Тас мүсіндерді ескі тәртібі бойынша бетін шығып
келе жатқан күнге қаратып қойған"[15] — деп ол бұл мәселелер туралы әртүрлі
жаңалық ашқан еді.
Ал ғұндардың казіргі қазак халқында сақталған тайпалары туралы —
"Қазақстан мен Орта Азия өлкелерін қоныстаған ғұн тайпалары VI ғасырда
әкімшілік құрып, кейін Түрік қағанатына қосылады. Олардың ішінен бүгінге
дейін сақталып келгендері, Ұлы жүзде абак, екей (икіой), суан (субай, сюан,
субан кент), албан (алпан, алапан, лабан), Кіші жүзде кердері абдал
(эфталит), адай, кете, Орта жүзде арғын (арутүн), қыпшақ, қоңырат...
Бұлардың барлығы ғұндардың атасы қияттардан тарап, Ергене кең алабынан
шыққан елдер..." [15] — деп көрсетеді.
Ғұндардың герман тілі мен мадьяр тілінде сақталып келген қария
сөздерін жақсы зерттеген ғалым Ю. Блеердің еңбектерін негізге ала отырып Ә.
Марғұлан одан әрі тереңдетті. Ғүн тілінде Орал өзенін "Яиқ" деп атаса,
кылыш (семсерді) "Қынлық" деп атаған, яғни қынға салып жүретін семсер
(парадный меч гуннов). Ғұндар мен сянби тілінен калған сөздің бірі - "Ажа"
— бұйрық заң. Сондықтан әлі күнге дейін қазақтар:"Ай дерге ажа жоқ, қой
дерге қожа жоқ" дейді [16] — деп Әлекең халық мақалының түп-төркінш
көрсетеді.
Азия халықтары тарихындағы жарқын бетгердің бірі - Ұлы жібек жолы.
Ғұндар біздің заманымыздан үш ғасыр бұрын, күншығыс Түркістан мен Каспий
теңізінің арасында үлкен керуен жолын жасап, оған жүк таситын түйелерді
ерекше пайдаланған. Ғұндардың империясы мықты болған кезде қытайлар
Жетісуға, Орта Азияға келе алмаған. Тянь-Шань тауының теріскейіндегі ұлы
керуен жолын жасаған ғұндар [17] — деп көрсеткен Әлекең Мөде мен Еділ
(Аттила) тұлғаларының адамзат тарихындағы роліне де көп көңіл бөлген.
Еуропа халықтарындағы аңыз-ертегілер мен батырлар жырларындағы Аттила
бейнесіне зер салған Әлекең ол туралы — Скандинавия және герман
халықтарының жырларында, сондай-ақ венгрлердің (Мадияр) аңыз-ертегілерінде
жиі кездесетінін көрсеткен. "Ұлы Эдда" және "Кіші Эдда" жырларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Академик Әлкей Марғұлан
Әлкей Марғұлан
ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗА
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Академик Ә. Х. Марғұланның ғылыми еңбектері
Әлкей Хақанұлы Марғұлан
Әлкей Марғұлан өмірбаяны
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Ұлттық құндылықтар – жеке тұлғаға рухани –адамгершілік тәрбие берудің кәусар бұлағы”
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
Пәндер