Мартин Лютер Кинг (15. 01. 1929-04. 04. 1968)
Мартин Лютер Кинг
(15.01.1929-04.04.1968)
Мартин Лютер Кинг 1929 жыл Атланта қаласында туылған (Джорджия
штаты). Оның арғы атасы және одан да арғы бабалары құлдар болған және
өздерінің ақ нәсілді қожайындарының тегіне жазылған. Табысты шіркеу
қызметкерінің қызы болған Кингтің анасы, мектепте, соңынан коледжде оқып,
салыстырмалы түрде алғанда жақсы жағдайда өскен. Әкесі болса, тең жарым
пайдаға жұмыс істеуші шаруаның ұлы болғандықтан, оған нәсілдік
дискриминацияның қатаңдығымен ерте кезігуге тура келді.
Кингтің өзі кішкене бала кезінен бастап негрлерге деген
әділетсідіктерді сезініп, осыған байланысты кемсітулерді өмір бойына есінде
сақтап қалды.
Ол жақсы оқып 15 жасында коледжге түсті. Ата-анасы оның щіркеу
қызметкері болуын қалады, Кинг 1955 сол жерден философия ғылымдарының
докторы атағын алған, Бостон университетінің дипломымен щіркеу қызыметкері
болды.
Осы уақытта Америкадағы негрлер қозғалысы маңызды жеңіске жеткен
болатын: 1954 жылы АҚШтың Жоғарғы соты жалпы мектептердегі нәсілдік
бөлектеуге тыйым салу жайлы шешім қабылдадаы. Екінші дүниежүзілік соғыстағы
ұлтшыл Германияның өзінің нәсілдік идеологиясымен бірге жеңілуі, және
колониялды жүйенің бұзылып, Азия мен Африкада жаңа мемлекеттердің пайда
болуы америка негрлеріне зор ықпал етті.
Әлем халықтарының американдық ұлтшылдардың негрлерге деген қанды
жәбірлеріне, АҚШтағы нәсілдік дискриминацияға деген наразылықтары ресми
биліктің, негрлердің кейбір талаптарына көнуіне септігін тигізді. Алайда ку-
клус-клан, ақ нәсілділер одағы және басқа да нәсілдік ұйымдар өсіп келе
жатқан негрлік қозғалысқа қарсы нағыз лаңкестік жасады.
1955 жылдың желтоқсанында Алабама штатының астанасы Монтгомер
қаласында ақ нәсілді еркекке автобуста орын бермегені үшін негр әйел
қамауға алынды, бұл бір жылға жуық созылған қалалық автобустардың
шетқақпайлау бастауына себеп болды. Шетқақпайлауды өткізу комитетінің бас
хатшысы болып сайланған Мартин Лютер Кинг, қарсылықтың жаны мен символы
болды. Ол үшін бұл оқиғалар, артынан тек бір жол – күрес жолын қалдырған
Рубикон тәрізді болды.
1956 жылдың қаңтарында ол ең алғаш рет қамауға алынды, ал бірнеше күн
өткеннен кейін оның үйіне боиба тасталды, оның әйелі мен қызы өлімнен
әдеқалай құтылып, тірі қалды.
50 жылдардың соңына таман АҚШтың оңтүстігінде негрлердің Жоғарғы
соттың үкіміне сәйкес мектептегі бөлектуді тоқтату, және сайлаушы құқығы
үшін күресі бастады. Осы күрес барысында бақылау орнындары негрлердің
шіркеулік қауымдары, ал жетекшілері Мартин Лютер Кинг болған жаңа ұйым-
Шаруа Билігінің Оңтүстік Конференцисы пайда болды.
Қара геттолардағы апатты өшпенділіктің тұтануын Кинг күрес жүргізудің
өте қате тәсілі деп есептеген.Осыған негізделіп кейбір негр қайраткерлері,
әсіресе "қара сепаратистер": үкімет Кингті күрес бабындағы негрлік
көпшілікті ымыраға келтіру үшін қолданып отыр деп сендірді. Кинг зорлықсыз
күрес әдісін жақтаса да, оны ресми Вашингтон көрсеткісі келгендей,
зұлымдыққа қарсы шықпаудың насихаттаушысы болған жоқ. Ол ең алдымен,
мақсаткерлікпен және жігерлілікпен нәсілдікке, қанаушылыққа, әділетсіздікке
қарсы күресуші болды, ол бостандық пен теңдік өзінен-өзі келмейтінін, бұл
мәселелер тек сол қаналушылардың өздерінің жаппай қозғалысы арқылы
шешілетінін жалықпай айтушы болды.
Ескі буржуазды-либералды көсемдерден Кингтің айырмашылығы: ол
көпшілікке сенді, және соларға сүйенді. Сол баптистік шіркеудің қызметкері
болған күннен бастап, ол өзінің шешендік талантын негр халқын өздерінің
азаматтық құқытары үшін күресуге көтеру үшін аянбай қолданды. Оның бар
өмірінің қысқа жолы- бұл көпшіліктік митингілерді ұйымдастырушысының азапты
жолы. Ол жаужүректік, шыдамдылық, күрестегі жеке өзінің ерлігінің мысалы
ғана болып қоймай, сонымен қатар ұлы көпшілікті ұйымдастырушы болды. Негр
халқының құқықтары үшін күрестегі еңбегі үшін оған 1964 жылы Нобель сыйлығы
берілді.
Кинг Вашингтонға "көтеріліс –бұл ешкімнің тыңдағысы келмейтін тіл"
екенін ескертіп айтқан болатын. Және ол АҚШтың билеуші ортасын негрлердің
көтерілістерін ушықтырғандығымен айыптады.
Негрлердің толық теңдігі үшін күрестің, "қара геттолардың" милиондаған
тұрғындарының кедейшілігі мен жұмысыздығын азайтпайынша ешқашан алға
жылжымайтынын түсінген, Кинг және оның жақтастары әлеуметтік-экономикалық
мәселелерді шешуге бет бұрды.
Осы деңгейде негрлердің басты проблемасы жұмыспен қамтамасыз ету мен
өмір сүру деңгейін көтеру екенін түсінген Кинг, өмірінің соңғы айларын
кедейлердің Вашингтонға шеруін ұйымдастыруына арнады. Қайтыс болғаннан
кейінгі мақалада ол, бұл шеруге мыңдаған негрлер мен ақ нәсілділер
қатысатынын, олардың конгрестен, жасына байланысты немесе ауруына
байланысты "жұмыс істей алмайтындар үшін төлемақы" және "жұмыс істегісі
келетіндердің бәрін жұмыспен қамтылуына кепілдік беретін", "азаматтық
құқықтар жөніндегі экономикалық заң жобасын" қабылдауды талап ететінін
жазды.
Кинг азаматтық құқық үшін күреске қатысушыларды негрлік еңбекшілердің
саяси санасын оятуға, олардың біріккен қарсылықтарын рәсімдеуге жетуге,
саяси одақтастар тауып, әртүрлі кәсіподақтық және басқа ұйымдармен
келісімге келуге шақырды. Осыған байланысты ол негрлердің ақ нәсілді
американдықтармен, және азаматтық құқық үшін күрестегі негізгі күш болып
саналатын жұмысшылармен одақтасуының маңыздылығын баса көрсетті. Кинг
негрлік қозғалыстың басты негізін нәсілдік тұрғыдан емес, әлеуметтік
тұрғыдан қарастырды. Америкалық негрлер үшін Африкадағы ұлттық- азаттық
қозғалыстың қаншалықты ықпалы зор екенін көріп тұрып, ол африкалық тәсілдің
АҚШқа ауысып кетуінен бірнеші рет сақтады. Сондықтан ол әрқашан негрлердің
өзінің ұлты мен жеке мемлекетін құруды жоспарлайтын, сепаратизм мен "қара
ұлтшылдықты" қолдамады.
Алғашында ол, Вьетнам соғысына қарсы шықпай жүріп, колониализмнің ең
сорақы көрінісі ретінде, ол алыс елдегі азамат соғысына араласушылық деп
АҚШтың Вьетнамдағы саясатын лезде қаралауға көшті.
12 жыл ішінде Кингті 24 рет түрмеге қамады, оған көптеген қорқытулар
жасалды, оның өміріне бірнеше рет қастандық жасалды. 1968 жылдың 4
сәуірінде АҚШтың оітүстігіндегі Мемфис қаласында ақ нәсілшінің қолынан қаза
тапты.
Кингтің негрлер қозғалысының АҚШ жұмысшылар қозғалысымен одақтасуы,
және негр халқының теңдігі жайлы идеясы оның көптеген мақалалары мен
көпшілік орындардағы сөз сөйлеулерінде көрініс тапты.
Еркіндікке қадам
(Монтгомердегі оқиға)
Алғысөз
Бұл кітап- оқиғаға қатысушыларының бірі жазған, оңтүстіктегі өмірді
өзгерткен бірнеше жыл жайлы әңгіме.
50 мың негрдің зорлық-зомбылықсыз қарсыласудың тактикасын,
принциптерін қалай түсінді, оған қалай енді, және күрес арқылы өздерінің
адами маңызын жаңаша бағалағанын көрсететін оқиғаның тарихы деп айтқан
дұрысырақ болады.Бұл олар сенген, нанымы және діни көзқарасы іс-әрекет
арқылы негрлер қолбасшыларының тарихы.
Оңтүстіке оралу
Менің бала кезімнен есімде қалғаны, мені көбіне бөлектеу қорлайтын
және ол жайлы әке-шешемнен тапжылмай сұрайтынмын. Бұл кезде мен мектепке
бару үшін әлі кішкентай болатынмын, алайда мен кейбір бөлектеу жайттарын
білетінмін. Бұл жерде негрлердің өздерінің тәуелді жағдайларына көбіне
мойынсұнатын, өзінше теріс әлем болды. Бұл нағыз әлем емес қой. Нағыз әлем-
бұл тек қана шиеленісті жағдайлардың жоқтығы емес, ол әділеттілік барлығын
тұспалдауы тиіс. Бүгінгі Монтгомердегі шиеленіс - бұл қаналғандардың
көтеріліп, тұрақты, дұрыс әлемге қарай бет бұруынан еріксіз туындаған
жағдай.
Біздің қимылдарымызды ақтардың қимылдарына ұқсататынын көріп
тынышсызданған, мен, шетқақпайлаудың шығуы жайлы шындап ойлана бастадым.
Мен бұл әдіспен ақтар одағының негрлерді және көптеген ақтарды өмірлік
маңызы үлкен нәрселерден айырғанын мойындауым қажет еді. Бірақ мен өзіме
біздің келешектегі әректерімізді бұл әлемде қарастыруға болмайтынын айттым.
Біздің мақсаттарымыз әр түрлі. Біз бұл әдіске әділеттілік пен тәуелсіздікке
жету үшін жүгінеміз. Ақтар азаматтарының одақтары әділетсіздікті мәңгілікке
қалдыру үшін шетқақпайлауды қолданды.
Бірақ халықтың қысымшылыққа одан әрі төзе алмайтын уақыты келеді.
Халықтың құлдық езгі мен әділеттсіздіктен құтылғысы келетін уақыты туады.
Монтгомердегі өріс алған тарихи жағдай бұл - бөлектеу қамалдары
әділеттіліктің тегеурінінен құлағанынша, Монтгомер көшелерінде жаяу
жүргенді тәуір көрген 50 мың негрдің тарихы. Монтгомердегі оқиғалар
наразылық қозғалысының жетекшілері өмірге келмеген жағдайдын өзінде де орын
алатын еді.
...Біздің қарсыластарымыздың бізді ымыраға келуге көндіре алмағаннан
кейін, олар жетекшілерді бытыратып жіберу арқылы шетқақапайлауды басудың
әдістерін қолдана бастады. Қалада қозғалыс көсемдері жайлы жалған өсектер
тарай бастады.
Бұл негр жетекшілерін қаралау арқылы, олардың соңынан ергендердің
оларға деген сенімін жоғалту үшін ойланып жасалған қадам болды. Бұдан
басқа, жетекшілердің өздерінің де арасына от салу әрекеті жасалды.
Өздерінің қозғалысты тоқтату үшін жасалған қатаң әдістерінен түк
шықпағаннан кейін нәсілшілдер одан әрмен ызалана түсті, және біз олардан
жаңа бүліктер күттік.
Бір күні көпшілік митингіде мен: "Егер де күндердің күнінде мені өлі
күйімде табатын болсаңдар, бұған жауап ретінде күш қолданғандарыңды
қаламаймын. Осы уақытқы дейіңгі көрсеткен беріктікті және тәртіпті
қарсылықты жалғастыра берулеріңізді қатаң талап етемін",- деп айттым.
Қауіп-қатер жалғаса берді. Күн сайын дерлік мені әлдебіреу қастандық
жайлы ескертіп отырды. Әр түн сайын мен бұл түнде түк болмайтынына
сенімсіздікпен ұйқыға жататынмын. Таңертең Коретта мен балаға қарап мен
өзіме: "Оларды менен кез-келген сәтте алып кетуі мүмкін. Мені олардан
тартып алулары мүмкін",- деп айтатынмын. Бірақ Кореттаға мені ойландырып
жүрген қауіптер жайлы бір рет те айтқан емеспін.
...Біздің қарсыластарымыз қарсылық қозғалысын зорлық-зомбылық арқылы
жеңу мүмкін емес екенін түсінген кезде, бізді жаппай қамауға алуды бастады.
...Сол бір наурыз айының бұлыңғыр күні Судья Картер №7399 іспен сотты
болған Мартин Льютер Кингті ғана кінәлі деп қоймай, ол Монтгомердегі әрбір
негрді кінәлі деп айыптады. Қозғалысты тоқтатудың мүмкін еместігіне таң
қалатын ештеңе жоқ. Ол тіптен өршіп түскен болатын. Олардың түйіндері
біріккен мықты шынжыр іспеттес байланысқан болатын. Бірлікте таңғажайып күш
жатты. Нағыз бірлік бар жерде, оны бытырату әрекеті оны тек күшейте түседі.
Ал мұны біздің қарсыластарымыз біле алмады.
ТЕҢДІК-БҮГІН:
Президенттің өз құзырындағы
билікке еркі бар
Қазіргі үкімет (Д. Кеннедидің үкіметі Ред.) америка тарихындағы соңғы
жүз жылда азаматтық құқық мәселесін жаңа батыл түрде қарастырған бірінші
үкімет болуы мүмкін. Біз жаңа дәуірге сәйкес жаңа ойлар болуы тиіс екенін
білуіміз тиіс. Егер біз бұл позитивті шешімге келуге қабілетсіз болсақ,
жанданып келе жатқан әлем моральді және саяси жағынан бізді қазбалы
мемлекет деп шешіп, біздің жағдайымызды ешқандай да тоңазытқытар,
автомобильдер, түрлі-түсті теледидарлар легі жаңарта алмайды.
Азаматтық құқық саласындағы төзуге болмайтын баяу өрлеу, бөлектеу
оппозициясынан гөрі, үкіметтің өзінің әрекеттеріне салған шектеулерінен
көбірек туындады.
Біз федералды үкіметтің өзі нәсілдік бөлектеушілікке салынатын
қаржының үлкен мөлшерін бөлетінін мойындайтын қайғылы фактіге тура
қарауымыз керек.
Президент егер осыған дейін болған мысалдарды ескеріп, күрес рухымен
кеудесі тола, халықтан қолдау сұраса конгресске ықпал жасай алатыны сөзсіз.
Президенттің нәсілдік дискриминацияны жоюда тағы бір үлесі ол
насихаттау саласы. Президенттің жеке әрекеті халықты тәрбиелеп, оған ықпал
етеді. Егер президент бөлектеуді тәжірибелейтін ұйымдардың барлығынан бас
тартатынын мәлімдесе, бұл барлық жастағы америкалықтарға оңай игерілетін
және қарапайым анық мысал болар еді.
Бірақ, заң шығарушы сала мен президент беделінен басқа, атқарушы билік
өзі орасан зор күш құралы бола алады.
Тәртіптің және адамның бабын табудағы принциптердің өзгеруі үшін
федералды ведомоствалардағы дискриминацияны жою да зор маңызға ие болатынын
оңай көруге болады.
Президент жарлығы арқылы дискриминацияны үлкен масштабта тоқтата
алатын келесі бір сала ол- денсаулық сақтау.
Бірақ, менің ойымша президенттің араласуын ең қажет ететіні тұрғын үй
құрылысы саласы. Әсіресе осы жерде, негрлер бөлеуктеудің ең трагедиялық
аспектісі -геттоның адам төзгісіз жағдайларда тұру, мәселесіне кезігеді.
Мында, солтүстікте де оңтүстіктіктегі сияқты осындай мәселе жатыр.
Берілген мақаланың мақсаты - егер азаматтардың толық құқығы үшін
күрестің жеңуі қажет болса, бұл үшін федералды биліктің мүмкіндіктерін
мойындау керек екендігін көрсету. Алайда, бұнымен тағы бір мәселе
байланысты, ол- үкіметтің бұл мәселені шешуді өзінің рухани парызы деп
мойындауы.
Әрине, үкіметке жасалған бұл ұсыныстар халықты өз бетінше әрекет
етуінен босатпайды. Батыл халықтың жасаған әрекеттері нәтижесінде ерікті
үкімет анағұрлым күшейе түседі. Оңтүстіктегі тура, зорлық-зомбылықсыз
әрекеттердің зор құндылығы осында.
Жаңа шептердегі тұрақсыздықтар
1961 жылы Кеннеди үкіметі табанды қарсыласымен азаматтық құқық үшін
негізінен сақтықты қорғаныс күрес жүргізді. Уақыт өте келе атқарушы
үкіметтің белсенділігі әлсірей бастады, бұдан үрей туғызған, үкіметтің
жалпылама шегінуі байқала бастады.
Өкінішке орай, әрбір кіші жеңістең кейін қарсы тұру өрши түседі;
жігерсіздік бой ала бастады, алға жылжу бәсеңсіп қана қоймай, кейін кетуге
де ұласып жатты.
Бұған қоса, америкалық негр өзге түгілі өзінің ақ нәсілді одақтасы
түсінбейтін психологиялық реттіліктерге, әдіске сүйенеді. Білімділігі мен
оның мәдени деңгейіне қарамастан әрбір негр көп ғасырлар бойғы қорлыққа
және теңсіздікке төзген ауыртпалықты бойында сақтайды. Ол бұл ауыртпалықты
өзінің саналы өмірінің әр сәтінде сезінеді, және бұл оны түн ұйқысында да
мазалайды. Бұл оның өзіне деген сенімін өшіреді, және оның жетістіктерін
азайтады. Оның алдында әрдайым ауыр жүк болып өзгелерді қуып жету мәселесі
тұрады. Бұл мәселе әрбір күрестің алдында ұстараның жүзіндей өткірлене
түседі, осыдан ол өзінің мүмкіндіктерінің түкке тұрғысыз екеніне есеп
береді.
Осылай 1961 жылы негрлер сирек қана ақылмен қимыл жасайтын, бірақ
көбіне қатігездікке бой беретін қарсыласымен талмай күресіп, алға жылжи
берді. Бұл жыл зорлық-зомбылықты тоқтадудың жеңіс жылы болды: қан көл болып
аққанымен, бір де бір тамшы негрдің кінәсінен төгілген жоқ. Алайда
тізгінсіз кеткен топ емес, құрбан болғандар жеңіп жатты.
Көп жылдар бойы Авраам Линькольн негрлерді босату туралы декретке қол
қоюдан бас тартты, бұған бірден-бір себеп, ол шекаралық өлкелердегі
құлиеленушілерді өзіне қарсы қоямын ба деп қорықты. Президент, Кеннеди,
мүмкін тура осындай мәселенің алдында тұрып, осындай қатерлі шешім
қабылдауына тура келер, егер ол дұрыс болса мүмкін жүз жылдан кейін бұл
шешімнің, елдің мәртебесін көтергені және оның бастамашысының есімін
мәңгіге қалдырғаны туралы айтатын болар.
Оқиғалардың тез ауысуы кезінде әрекетсіздік қателіктен де сорақы.
Президент өзінің қарсыластарына ыңғайлы ымыраға келуді іздеді, бірақ олар
керісінше бұндай ымыраға келгеннен көрі оның зәресін қашыруға дайын.
Егер Құрама Штаттар үкіметі дәстүрлі жайлап әрекет ету концепциясынан
бас тартып, ұзақ мерзімді жоспар құрмайынша азаматтық құқық әлі көптеген
онжылдықтар бойы саяси футбол болып қала береді. Алдарында көп ғасырлық
артта қалуды жою проблемасы тұрған өзге индия және өзге дамымаған елдер
екі, төрт, алты жылдық нақты жоспарлар құрды. Бұл жоспарлар ақырындап
орындалатын анық қадамдарды анықтайды, және мемлекеттің алдына жаңа кезеңді
ашады. Бұндай концепциялар бізге жат емес. Президент адамның айға ұшуының
он жылдық жоспарын ұсынды. Бірақ бізде әлі негрді Алабама штатының заң беру
жиналысына сайлануын қарастыратын бірде-бір жоспар жоқ.
Олардың құдайы кім?
Миссисипи қайғылы оқиғасын ойға түсірейік: университеттің және штаттың
нәсілдік элементтерінің жоқтан өзгеге сенгіш, өшпенділік ашу-ызаға әкелген,
губернатор Барнетт; сайлаушылар тізімінде өзі туралы дұрыс мәлімет бермеді
деп өтірік сылтауратып, Мередитті азаматтық құқығынан айырған штаттың заң
шығарушы жиналысы. Оксфордта орналасқан Миссисипи университеті
құтқарушылықтың жарылып шығуы қайғылы жағдай.. Осы жерде, Миссисипидегі "ең
күшті элементтер " және "қоғамның қаймағы" саналатындардың арасында заң мен
тәртіпті мойындамаушылық болды. Егер олар Миссисипидегі ең жақсылар болса
онда ең жамандарынан құдай сақтасын. Онда ғылыми жетекшілер мен штаттың
зиялылары дәл солардың көмегі керек болған кезде, өздеріне артылған сенімді
алдағанына ешқандай күмән жоқ.
Штаттың оңтүстіктегі азамат соғысынан кейінгі кезеңдегі ең қиын
әлеуметтік өзгеруді көтере алмауының өзге себебі, оның ақ халықының өзінің
саяси билеушілерінің жауапсыздығымен келісуінен туындады.
Ал, құдайды насихаттаушылардың пікірі қайда қалды? Ең қатал айыптау
ақырында тығырықтан қайғылы шығыс тапқан, көкіректеріне ғасырлар бойы
жиналған жек көрушілік пен ыза толған шулаған топқа қарсы болмауы тиіс.
Әрине шіркеудің бұл жерде үнсіз қалуы назардан тыс қалмауы тиіс.
Олардың құдайы кім? Мені Оксфордтағы соңғы апта жайлы азапты ойлар
қинаған кезде, құр далаға кеткен еш айғайды еске түсіре алмадым, және
сұрақтарым да сол қалпы қалады: "Бұл жерде қандай адамдар сиынады? Олардың
құдайы кім? "
Зорлық-зомбылыққа қарсы идеяға берілген адам ретінде мен сонымен қатар
пацифист болып табыламын. Мен Миссисипиде күш қолданылғанына өкінішімді
білдірсем де, дегенмен менің қарапайым ойымның пайымдауынша бұл қажетті әрі
өзін ақтаған шара болды.
Миссисипидегі қайғылы оқиғаға тұтастай ел жауапкершілік артатынын
мойындау қажет. Азамат соғысынан кейін қайта құру кезінде ымыраға келуді
өзіміз бұзғанымызды жоққа шығармаймыз. Бөлектеудің және дискриминацияның
жүйесі соңғы жүз жыл ішінде оңтүстікте де, солтүстіктік те де, заңға немесе
дәстүрге сәйкес боды. Бұдан шығатыны, нәсілдік сенімдер (немесе дәлірек
айтқанда, терінің түсіне қарсы сенім) америкалық өмірдің матасына біздің өз
қолымыздан өрілді.
Тек қазір ғана, соңғы екі жылда, біздің республика осы ырымдарға қарсы
күресе бастады. Сондықтан бұнда бүкіл халықтың да кінәсі бар.
Бирмингем түрмесінен келген хат
...Менің Бирмингемде отыруымның себебі, бұнда әділеттілік жоқ.
Әрбір зорлық-зомбылықсыз әрекеттің төрт сатысы бар: 1)Әділетсіздіктің
бар екенін анықтайтын фактілер жиынтығы. 2) келіссөздер 3) өзін-өзі тазарту
4) тура әрекет.
Зорлық-зомбылықсыз әрекеттің мақсаты - ымыраға келуден мүлдем бас
тартқан қоғамды фактілерге тура қарату үшін дағдарыс немесе шиеленіс
тудыратын лаң жасау.
Мен зорлық-зомбылықты шиеленіске қарсы шын көңіліммен сөйледім, алайда
қоғамның дамуы үшін жүйелі, зорлық-зомбылықсыз шиеленіс қажет.
Тарих бұл - өзгешеленген топтардың, өздерінің артықшылықтарынан өз
беттерінше бас тартпайтынын дәлелдейтін, ұзақ, қайғылы оқиға.
Ащы тәжірибеден білетініміз қанаушылар ешқашанда қаналушыларға
бостандық бермейді, оны талап ету қажет екенін білеміз.
Көп жыл бойы естіп жүргенім "тоқтай тұрыңыздар!" Бұл сөз әрбір негрдің
құлағында бір қалыпты жалықтыруымен ызыңдап тұр. Іс жүзінде "тоқтай
тұрыңыздар!" сөзі "ешқашан" дегенді білдіреді. Үш жүз қырық жылдан астам
біз, бізге құдайдан және құқықтар конситутциясымен берілгенді күттік.
Әділетсіз заңды бұзатын адам оны ашық, өшпенділіксіз, жазалаудан
қашпай бұзуы тиіс. Менің ойымша, ұяты қозғап, істеген ісін мойынымен
көтеруге дайын және түрмеде қалатын, қоғамның әділетсіздіке ұятын ояту
үшін, әділетсіз заңды бұзған адам шыында да заңға деген құрметтің мысалы
бола алады.
Мен сіздерге екі нәрсені мойындауым керек. Біріншісі менің соңғы
бірнеше жыл ішінде орташа американдықтардан қатты көңілімнің қалғаны, сіз
біздің Бирмингемдегі іс-әрекеттерімізді экстремистік іс деп атайсыз.
Енді менің басқа көңілім қалғаны туралы айтсам. Менің ақ шіркеуден
және оның басшылығынан қатты көңілім қалды.
Біздің күнімізде бәрі де өзгерген. Қазіргі шіркеу- әлсіз, жасқаншақ,
сенімсіз шыққан үн. Ол болып келе жатқан жағдайды қызу қолдай неше рет
шыққан екен.
Мен, шіркеу осындай жауапты сәтте шақыртуға жауап береді деп
үміттенемін. Бірақ егер ол әділетті іске көмекке келмесе, мен болашаққа
деген сенімімді жоғалтпаймын.
Менде бір арман бар...
Жүз жыл бұрын Авраам Линькольн- ұлы американдық, ескерткішінің
көлеңкесінің өзі пана қылатын, босату туралы үгіт қағазына қол қойды. Бұл
айырықша мәнді құжат қаусататын және күйдіртін әділетсіздіктен тұншыққан
миллиондаған негр-құлдардың кеудесінде үміт отын жақты. Ол құлдықтың ұзақ
түнінен кейін келген қуанышты жарықтай болды.
Бірақ қазір, жүз жыл өткен соң, біз негрлер халқын әлі де бостандықсыз
екенін көрсететін қайғылы фактіні көріп отырмыз. Жүз жыл өтсе де негрлер
өмірі әлі де бөлектеу мен дискриминацияның шынжырына оралған. Жүз жыл өтсе
де негрлер айналасы гүлденген мұхитқа толы қайыршылық аралдарында күнелтіп
жатты. Жүз жыл өтсе де негрлер америкалық қоғамның ең түбінде қалтырап, өз
елінде өзін қуғындағыдай сезінуде.
Бүгінде бәріне белгілісі, Америка ең кемінде өзінің түсті азаматтарына
қарсы өзінің міндеттерін бұзды. Қасиетті міндетті адалдықпен атқару сақтау
орынына, ол негрлер халқына "жеткілікіз кепілденген" деп қайтарылған жалған
чек берді. Бірақ біз біздің елдегі әділеттілік банкі банкротқа ұшырады ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz