Төлеубай Ыдырысұлы Аманов - Қазақстандағы функциялар теориясы және функционалдық анализ мектебінің негізін салушы ғалым


Т. Ы. Аманов туралы
Төлеубай Ыдырысұлы Аманов жылы тамызда Жаңасемей ауданының Құрманқожа ауылында, қазіргі Петропаловка селосында, дүниеге келген. Бала кезден ән айтып, өлең шығарып, тоғызқұмалақты жақсы ойнап зерделі болып өседі. Семей қаласындағы № 16 орта мектепті бітірген. Ол 9-сыныпта оқып жүргенде республикалық шахмат турниріне қатысып, бірінші орын алған.
1940 жылы Алматыдағы ҚазМУ-дың физика-математика факультетіне оқуға түседі. Бірақ келер жылы Ұлы Отан соғысы басталып, әскер қатарына алынады да, Шыршық әскери училищесіне жіберіліп, көп ұзамай қайнаған соғысқа кіріп кетеді. 1943 жылы Днепр шайқасында қатты жараланып, госпитальдан шыққан соң, Семейге қайта оралады. “Әскерге кеткен уақытымды былай толтырамын”, - деп бекінген болашақ ғалым Семей пединститутының физика-математика факультетіннің толық бағдарламасын бір жылда меңгеріп, институтты үздік бітіріп шығады (экстренно) .
21 жасынан факультеттің деканы және математика пәнінің оқытушысы болады. Әуелі тарих пен философиядан орысша лекция оқып, неміс тілінен сабақ береді. Бірақ көп ұзамай тек физика мен математикаға ғана ден қояды.
1949-1953 жылдары Мәскеудегі В. А. Стеклов атындағы математика институтының аспирантурасында оқып, оны өте жақсы аяқтап, “Физика-математика ғылымдарының кандидаты” ғылыми дәрежесімен Семей пединститутына қайта оралады. Институтта математикалық анализ функциялар теориясы, математикалық физика әдістері курстарынан лекция оқиды. Осы институттың проректоры қызметін атқарып, 1954 жылы доцент атағын алады.
1966 жылы Мәскеуде өткен ХІІІ халықаралық математикалық ғылыми конгресіне қатысып, “Теоремы представления вложения” деген тақырыпта баяндама жасайды. Оның әлемдік математика тұғырына көтерілуі осы жылдардан басталады.
Амановтың ғылыми еңбегі математикалық физика саласының аса күрделі проблемалық тарауына жатады. Қазіргі математикалық физиканың қиырсыз кеңістіктегі космостық құбылыстармен қатар микрокеңістіктегі атом, электрон, квант, тағы сол сияқты элементар бөлшектерге тән заңдылықтарды зерттеуге, дифференциалдық теңдеулер арқылы олардың моделін жасауға кең қолданылатынын еске алсақ, оған Амановтың қосқан ғылыми үлесі математика тарихының төрінен берік орын алып отыр деп мақтаныш етеміз.
Төлеубай Ыдырысұлы 1967 жылы Новосибирскіде докторлық диссертация қорғады, 1968 жылдан бастап Алматыдағы математика және механика институтының лаборатория меңгерушісі, 1970 жылдан институттың директоры, ҚазМУ-дің дифференциалдық теңдеулер кафедрасының меңгерушісі, 1972 жылдан Қазақстан Ұлттық ғылым Академиясының мүше корреспонденті.
Төлеубай Ыдырысұлы Қазақстандағы функциялар теориясы және функционалдық анализ мектебінің негізін салушы ғалым. Оның осы салада жарық көрген отыздан астам ғылыми еңбектері әлемдік ғылымның алтын қорына қосылған үлкен үлес. 1976 жылы Алматыдағы “Ғылым” баспасынан оның “Пространства дифференцируемых функций с доминирующей смешанной производной” атты монографиясы жарық көрді. С. Л. Соболев “W-кеңістігі” мен С. М. Никольскийдің “Н кеңістігіңе” ілесе, Амановтың “В - кеңістігі” де ғылым сахынасына көтерілді.
Заңды түрде “Аманов кеңістігі” деп аталған бұл теорияның әуе кеңістігінің ғана емес, жалпы кибернетикалық есептеуге елеулі жаңалық әкелгенін ғылым біледі.
Төлеубай Ыдырысұлының ғылыми жетістіктерін әлем таныды. 1973 жылы оған Америка математика қоғамының президенті Саундерс Мак Ланстың Чикаго университеті математика факультеті атынан жазған хатында былай делінген: “Қымбатты профессор Аманов! Егер Америка математика қоғамы еңбектерінің ішінен сіздің де ағылшын тіліне аударылған еңбегіңізді көрген болсақ, біз үлкен қуанышқа бөленген болар едік. Ал, егер Америка математика қоғамына мүше болу жөніндегі біздің шақыруымызды қабыл алсаңыз бізді екі есе қуантқан болар едіңіз”.
Бұл күндері Амановтың төл еңбектері де, оған сілтеме жасайтын еңбектері де тірілермен тірілерше сұйлесуде. Оның елу екі еңбегі Мәскеуде, Алматыда, Тулада, Санкт-Петербургте, Бакуде, Хабаровскіде, Чикагода жарық көрген.
Ғалымның өз қолымен жазған 60-қа жуық қалың дәптерлері сақтаулы. Мысалы, ол геометрияда 342 есепті шығарып, екі қалың дәптерге толтырып жасған.
Төлеубай Ыдырысұлы республикада талантты балалар үшін арнаулы физика-математика мектеп-интернатын ашу, даярлау ісінің басы-қасында бөлған қамқоршылардың бірі.
Төлеубай Ыдырысұлы Аманов 1978 жылдың 21 мамырында дүние салды.
Белгілі ғалымды мәңгі есте қалдыру мақсатында ауылындағы үлкен көшеге “Петропавловка” орта мектебіне профессор Амановтың есімі берілді.
Ө. А. Жолдасбеков туралы
Өмірбек Арыстанұлы Жолдасбеков 1931 жылы 1-наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Қызылсу ауылында дүниеге келді. 1949 жылы Шымкенттегі № 7 мектепті алтын медальмен бітіреді де, М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің механика-математика факультетіне оқуға түседі.
Университетті 1954 жылы бітіргеннен кейін Шымкенттегі Қазақ технологиялық институтының математика және механика кафедрасының оқытушысы, механика факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 1961 жылы ол Мәскеу тоқыма институтының аспирантурасын бітіреді де осы жоғарғы оқу орнында оқытушы болады. Келесі жылы «СТБ тоқыма станоктары торсионды соққы механизмінің кинематикасымен динамикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. 1962-1964 жылдары Қазақ политехникалық институтының доценті кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры болып қызмет істеді.
1972 жылы «Жазық рычагты механизмдер теориясы» та~кырыбында докторлық диссертация қорғады.
1970-1986 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болды. Осы жылдары өмірбек Арыстанұлының тікелей қатынасып басшылық етуімен университет қалашығы кешенінің ғимараттары салынды. Ол ҚазМУ-да машиналар механикасының ғылыми зерттеу лабораториясын ашып, студенттер мен оқушылардың ғылыми ізденістерінің нәтижелері негізінде макеттер мен үлгілер жасайтын тәжірибелік эксперименттік завод және робототехника бойынша республикалық оқыту-зерттеу орталығын ашты. Алматыда механизмдер және машиналар теориясы Бүкілодақтық семинарының қазақ филиалын ұйымдастырды.
Тәжірибелі ұстаз, машина жасау мен құрал жасау негізі саналатын машиналар механизмдері теориясының республикамыздағы тұңғыш маманы, осы сала мамандарын даярлау ісіне зор үлес қосты.
Өмірбек Арыстанұлының өзі және лабораториялар мен кафедралардағы шәкірттері жоғарғы класты механизмдердің сандық, аналитикалық теориясын жасады. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде түрлі жылжымалы жүк көтергіш құрлығылар, жалқы немесе қос жұмысшысы тетікті тура тасымалды жүктиегіштер, құрлыс-монтаж жұмыстарына арналған механикаландырылған баспалдақтар, қойма жұмыстарын баспалдақтар, қойма жұмыстарын атқаратын бесаспап жүктиегіштер, грейферлы механизмдер, электро тасымалдау желісін орнатуға және түсіруге арналған манипуляторлар, адам аяғы мен қолының протез механизмдері, сырғыма тиек жүрісі реттелінілетін пресстер мен қос әсерлі пресстер механизмдері, қорғасын көбігін қалқитын манипуляторлар жасады. 1989 жылы КСРО Министрлер Советі машина жасау жөніндегі бюросының ғылыми-техникалық Кеңесінде қаралып, машина жасау комплексінің салаларында кеңінен қолдану ұсынылды.
Тоқыма станоктары мен айнымалы құрылымдары механизмдер динамикасын зерттеудің сандық тәсілдерін жасады. Айнымалы құрылымды механизмдер негізінде темір штамптау өндірісіне муфтасыз пресс-автоматтардың тәжірибелік үлгілері жасалынып, сынақтан өткесін өнеркәсіпте пайдалануға шығарылды.
Роботтар мен манипуляторлар механикасы мен басқару процесстерін, жұғымды сұйық құйылған роторлы жүйелер динамикасын зерттеудің сандық тәсілдерін жасады. Қауысына жұғымды сұйық құйылған роторлы жұйелердің тербелісі мен орнықтылығы жайлы есептердің шешімін анықтау, тербеліс амплитудасын кеміту мақсатында роторлы жүйелердің тиімді параметрлерін таңдау тәсілдерін табу, сыртқы магнит өрісі әсері, білік пен тірек серпімділіктерінің әсерін зерттеу нәтижелері тамақ өнеркәсібінің технологиялық машиналарында қолданалды.
Өмірбек Арыстанұлы машинатанудың қазақша терминологиясының тұңғыш қарастырушысы, механизмдер мен машиналар теориясы және теориялық механика пәндерінен қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтардың, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктердің авторы. 400-ден астам ғылыми еңбектердің, 12 монография, 30 оқулықтар мен оқу құралдарының авторы 126 авторлық куәліктер мен шетел патенттерінің иегері.
Академик Жолдасбеков 25 ғылым докторы және 100-ден астам ғылым докторын дайындады. Ол ұйымдастырған ғылыми мектеп әлемдік ғылымда лайықты орын алып отыр.
Ж. С. Ержанов туралы
Жақан Сүлейменұлы Ержанов 1922 жылы 10 ақпанда Павлодар облысы, Баянауылда туған. 1939 жылы онжылдық мектепті бітіреді де Қазақтың тау-кен институтының маркшейдерлік бөліміне оқуға түседі. Ол студент кезінің өзінде жер қойнауы геометриясының негізін қалаушы П. А. Рыжовтың басшылығымен механиканың сандық әдістерін тау-кен ісінде пайдалану мүмкіншіліктерімен айналысады. 1944 жылы институтты бітірісімен Қазақ КСР ҒА-сында аспирантурада оқиды. Геологиялық ғылымдар институтында ғылыми қызметкер болып істегенде ғалым-геофизик Д. Н. Казанлидің ықпалымен жердің тектоникалық даму механикасына қызығушылығы пайда болады. 1949 жылы Алматыда «Тік құламалы кен орындарын игеру кезіндегі тау жыныстарының деформациясын зерттеу» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды да Қазақ мемлекеттік университетінде ғылыми-педагогтік қызмет істейді.
1951-1960 жылдары Украинаның Артем атындағы Днепропетровск тау-кен институтында аға оқытушы, доцент қызметін атқарды. «Ползучесть горных пород Донбасса при изгибе». ю «Исследование ползучести горных пород Донбасса» ғылыми монографияларын жазады. Рудалы кен орындарындағы тау жыныстарының жылжулары мен құлауларының заңдылықтарын иілімділік теориясының әдістерімен талдап, Донбасс шахталарындағы түрлі тау жыныстарының реологиялық қасиеттерін тәжірибелік әдістер арқылы терең зерттеді.
Елден жырақ жүрсе де білімімен топ жарған Жақан Сүлейменұлы 1960 жылы Теориялық және қолданбалы механикадан Москвада өткен І-Бүкілодақтық съезде екі тақырыпта баяндамалар жасайды. Сол съезде академик Қаныш Сәтпаевпен кездеседі. Кемеңгер ғұлама механика саласында ғылыми зерттеулермен тәжірибе жинақтап шыныққан Ержановты көрікті білім көшімен елге қайтарды. Ол Қазақстанға оралысымен академияда математика және механика Секторының қолданбалы механика білімін құрады.
1963 жылы КСРО ҒА-ның Сібір бөлімшесінде «Тау жыныстарының жылысуы және оның құрылыстардың кернеулік-деформациялық күйіне әсері» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғайды.
1968-1976 жылдары қазақ КСР ҒА Президиумның Бас ғылыми-хатшысы, 1976-1987 жылдары Жер туралы ғылымдар бөлімінің академик-хатшысы, Сейсмология институтының директоры, 1987-1991 жылдары Математика және механика институтының тау жыныстары механикасы лабораториясының жетекшісі болды. Қазір ол ҚР ҒА-ның Механика және машинатану институтының Тау жыныстары механикасы лабораториясы мен ҚР Инженерлік академиясының «Жер механикасы» ғылыми инженерлік орталығына жетекшілік етеді.
Теориялық механикадан Жер айналысының жалпы теориясы жасалды, өзгермелі және қабат-қабат болып орналасқан массивті гидростаттың тартылу центрі өрісіндегі қозғалысы мен орналықтығы зерттелді. Жердің айналу теориясының абсолютті қатты денеге қатысты үлгісінің нұсқасы редукциялық есептеулер үшін халықаралық стандарт ретінде қабылданды.
Деформацияланатын қатты дене механикасында адамның өндірістік әрекеті салдарынан болатын жер қойнауындағы процестерді зерттеу үшін серпімділік, тұтқыр серпімділік, пластикалық теорияларының шекаралық есептерін қоюға және шешуге, тектоникалық және сейсмикалық процесстер теориясын негіздеуге байланысты жүйелі қорытындылар жасалды.
Тау жынысы механикасы бойынша тау жынысы сырғымалығының математикалық теориясы, жер асты құрлыстары мен конструкцияларының беріктігін, орнықтылығы мен сейсмикалық төзімділігін есептеу әдістерін жасауға қатысты зерттеулер дамытылды.
1974 жылы Ержановқа «Жер асты құрылыстарының беріктігі мен орнықтылығын есептеу мақсатымен тау жыныстарының жылжымалылығын және күйреуін зерттеу деген ғылыми жұмысы үшін Қазақ ҚСР Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Ол бірнеше ғылыми еңбектердің авторы. Теория ползучести горных пород и ее приложения (1964) ; Общая теория вращения Земли (1984) ; Реология и сейсмомеханика породного массива. Международные связи науки Казахстана (1984) ; Движение и устойчивость слоистой Земли (1986) ; Теория складкообразования в земной коре (1975) т. с. с.
И. А. Ақбергенов туралы
Ибадулла Ақбергенұлы Ақбергенов Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақта 1907 жылы 15 қарашада Ақберген мен Зейнеп Қожамжаровтардың отбасында дүниеге келегн.
Ол 1921-1923 жылдары ауылдық бастауыш мектепте оқиды. 1923-жылдың күзінде өзі Ташкентке келіп, Қазақтың білім беру институтының (КазИНПРОС) дайындық бөліміне оқуға түсіп, онда 1927 жылға дейін оқиды. Сол жылы Ташкенттегі Қазақтың педагогикалық жоғарғы оқу орнының (Казпедвуз) физика-математика факультетіне оқуға түседі. Бірақ ол өку орнының Алматыға ауысуына байланысты, 1928 жылы Ташкент Орта Азия университетінің физика-метематика факультетіне екінші курстан қабылданады. Оны 1931 жылы бітіреді
Ибадулла ағартушылық еңбек жолын 1926 жылдан бастайды. Мектепте, жетім балалар үйінде, техникумда өзбекше, қазақша, орысша математикадан, физикадан сабақ береді.
Ибадулла Ақбергенұлы 1932-1933 жылдары өзі бітірген университетте аспирантурада оқиды. ұстазы В. И. Романовскийдің ақыл-кеңесімен болу керек, 1934 жылы Ленинград университетінің Математика және механика ғылыми зерттеу институтында функциялар теориясы мамандығы бойынша аспирантурасын жалғастырады.
Ұстаздары - Ленинградтық ғалымдар В. И. Смирнов, Г. М. Фихтенгольц, Л. В. Канторович, Г. М. галузин, В. И. Крылов, С. А. Янчевскийдің аспирант И. Ақбергеновтің білімін жоғарғы бағалағанын архив құжаттарынан көруге болады.
Ақбергенов өзі таңдап алған салада мол білімімен, асқан қайраттылығымен ғылыми табыстар шыңына көтеріледі.
Аспирант Ақбергенов ІІ-бүкілодақтық математиктер съезінде баяндама жасайды, бүкілодақтық матиматикалық жинаққа ғылыми мақаласын жариялайды.
Ғылыми жетекшісі Л. В. Канторовичпен бірге зерттеулер жүргізген Ақбергеновтің ғылыми еңбектері Волга бөгні, Волгоград су торабы құрылысын салғанда пайдаланды.
1935 жылы Ленинградта көпшілік алдында “Интегралдық теңдеулерді жуықтап шешу тәсілдері” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды да, Ташкент Орта Азия университетіне қайта оралып, педагогтік қызмет атқарады.
1936 жылы оған Москвада физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент атағы беріледі. Сол жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетіне математикалық анализ кафедрасының меңгерушісі, қабылдау комиссиясының мүшелерінің бірі болады, химия факультетінде жоғарғы математика курсынан, физика-математика факультетінде интегральдық теңдеулер курсынан, аналитикалық геометриядан дәріс оқиды. Жас ғалым оқу жоспарын орындауда жақсы көрсеткіштерге жетеді, ваканттық курстардыөзіне алып, үстеме сағаттармен жұмыс істейді. Ол үш бөлмелі пәтерде немере інілері - 13 жасар Әбдіханмен, 9 жасар Кәріммен бірге тұрады.
Университетке білікті оқытушы-профессорлар құрамын жинауға Ташкент, Ленинград, Москва қалаларына жолсапарға шығады.
1937 жылы Ташкентте басталған «О приближенном решении линейного интегрального уравнения Фредгольма второго рода и об определении его собственных значений» кітабы Алматыдағы Ұлттық кітапханада сақтаулы. Кітаптың жауапты редакторы В. И. Романовский.
Кітаптың алғы сөзінде былай деп жазылған: - «В настоящей работе дается краткий критический обзор наиболее важных приближенных способов решения интегрального уравнения Фредгольма второго рода и излагаются результаты автора, полученные в этом направлении».
Ибадулла ақбергенов жалындап жаныт тұрған шағында, отыздан енді асқанда отау үйге кіре алмай, өзінен ұрпақ сүйе алмай, 1938 жылдың 15 наурызында терезесіз тар бөлмеге қамалып, ажал құрығына ілінеді. Өкінішті.
Ибадулла Ақбергенұлы есімі мәңгі өшпейді, оның ілімін ілгері жалғастырушы ұрпақтары көптеген ғалым математиктер бар.
Мақала Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті архивінің материалдарын пайдаланып жазылды.
Ед. хрон. №60Акбергенов Ибадулла Акбергенович, опись 1 (от кадров) связка 2. Начато 10 июня 1936 г. окончено 17 марта 1938 на 57 листах.
Біздің журналда Ибадулла Ақбергенов туралы мақаланың жарыққа шығуына жылы ықылас білдірген университет проректоры Мұрат Кадесұлы Орынхановқа, архив қызметкерлеріне редакция мүшелері алғыс айтады.
А. Д. Тайманов туралы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz