Әлкей Марғұлан туралы мағлұматтар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әлкей Марғұлан

(1904-1985 жж. )

Қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген, Филология ғылымының докторы (1945), Қазақ КСР ҒА академигі (1958), профессор (1960), Қазақ ғылымына еңбегі сіңген қызметкер (1961), республикада археологиялық мектептің негізін салушы, этнография, шығыстану, тарих, әдебиетану, өнертану салаларының көрнекті ғалымы.

Бастапқы білімді ауыл мектебінен алады. 1915 жылдан бастап 3 жылдық орыс мектебінде оқиды. 1920 жылы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсын бітіреді де, туған ауылда мұғалім болады. Семей техникумында оқып жүрген жылдарында «Таң» журналы мен «Қазақ тілі» газетінде қызмет істейді. Осы жерде ол М. Әуезовпен танысып, соның кеңесімен 1925 жылы Ленинградтағы Шығыстану институтының әдебиет факультетіне түседі. Сонымен қоса, Ленинград университеті мен Өнер тарихы институтының лекцияларын тыңдайды. Осы жылдары Ә. Марғұлан қазақ халқының тарихында қатысты адеби, архивтік материалдар жинақтаумен айналысады. Бірқатар орыс және шетел жазушыларының шығармалары қазақ оқырмандарына Ә. Марғұлан аудармасы арқылы жетті. 1926-1927 жылдары одақтас және автономиялық республикаларды зерттеу жөніндегі Ерекше комитетінің Қазақстан, Алтай энциклопедияларына қатысады.

1920 жылы Шығыс институтын бітіреді. 1930-1938 жылдары Ә. Марғұлан - ҚазКСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы жаңа алфавит Комитетінің ғылыми жетекшісі, КСРО ҒА жанындағы мемлекеттік академиясының аспиранты. 1938 жылы ҚазКСР Халық комиссар Кеңесінің шақыруымен КСРО ҒА Қазақ филиалына қызметке ауыстырылады.

1943 жылы қыпшақ этномәдени бірлігі жазба ескерткіштерінен докторлық диссертация қорғайды. 1941-1946 жылдары - тарих бөлімінің меңгерушісі, 1946-1951 жылдары - археология, палсолит бөлімінің, 1958-1976 жылдары - Ш. Уалиханов атындағы ҚазКСР ҒА Тарих, археология, этнография институты этнография бөлімінің меңгерушісі. 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық аңыздары»тақырыбында қорғаған докторлық диссертация қазақ халқының мәдениеті, тарихи саласындағы зерттеулерінің нәтижесі болып табылады. Ауызша эпикалық шығармашылық жанры, қазақтардың материалдық және рухани мәдениетінің тарихы ғұлама ғалым зерттеулерінде жан-жақты талдау тапқан. Соның арқасында халықтық эпикалық шығармалардың тарихи-әлеуметтік тамырлары ашылып, уақыттары негізделеді. Бұдан басқа, ол ежелгі архитектуралық ескерткштерді де зерттеді. Соның арқасында қала мен ерте темір дәуреніндегі Биғазы, Саңғуар, Беласар, т. б. бірегей археологиялық ескерткштер сыры ашылды. Орталық Казақстан аумағындағы археологиялық зерттеулер нәтижесі «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» (Ә. Марғұланның басшылығымен және оның тікелей қатысуымен жазылды. Бұл еңбек 1967 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықка ие болды. ) атты монографиялық еңбекте көрініс тапты, Марғұлан басты авторларының бірі болып жазылған 5 томдық «Қазақстан тарихы» мен «Орталық Қазақстанның Беғазы - Дәндібай мәдениеті» 1982 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды.

Марғұлан зерттеулері музыка, жер шаруашылығы, металлургия және т. б. салаларды қамтыды. 50-жылдардың ортасында Марғұланның басшылық етуімен қазақтың көрнекті ғалымы Ш. Уәлиханов жайында материалдар жинағы жарық көрді. Марғұлан - Ш. Уәлиханов шығармалар жинағының құрастырушысы әрі редакторы, ол жайында көптеген монографиялардың авторы.

Үлкен ғылыми ағартушылық қызметін Марғұлан ұйымдастырушылық қызметімен де үйлестіре біледі. Көп жылдар бойы қазақ халқының этногені жөніндегі үйлестіру кеңесін, Қазақ КСР ҒА Тарих, археология, этнография институтының ғылыми кеңесін, докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі мамандырылған кеңесті басқарды. 300-ден аса ғылыми-көпшілік мақалалар жазған, Жемісті еңбегі үшін КСРО ордендерімен, медальдарымен марапатталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан және оның шығыстанулық зерттеулері
Этнология ғылымының тарихы
Ә. Марғұланның Қорқыт жайындағы зерттеулері
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шежіре – елтану мектебі
Маңдайы жарқыраған марғасқа Әлкей Марғұлан
Академик Әлкей Марғұлан
Әлкей Марғұланның педагогикалық қызметтері
Әлкей Марғұлан
Әлкей Марғұлан деген кім
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz