Махамбет - суырып салма, қырғи тілді арынды ақын
ЖОСПАР
Махамбет Өтемісов 2
Пайдаланылған әдебиеттер: 12
Махамбет Өтемісов
Махамбет Өтемісов - 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісін
басқарушылардың бірі, халық қозғалысының дауылпаз жыршысы, сөзімен де,
ісімен де халықтың азаттығы үшін жан аямай күрескен қаһарман.
Махамбет Өтемісов 1804 жылы бұрынғы Бөкей хандығында қазіргі Орал
облысының Орда ауданында Бекектай деген жерде туған.
Өтемістен он ұл болған. Махамбеттің:
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік,-
дейтіні сондықтан.
Махамбет жас мезінде хан сарайында болады. Оған екі түрлі себеп бар.
Біріншіден, Өтеміс балаларының үлкені Бекмағамбет-Жәңгірдің 12 биінің бірі.
Екіншіде, Махамбет те Құлмәлі ауылының старшыны болып сайланады.
Махамбет қай жағынан болсын ерте оянып, ел ісіне ерте араласқан және
керекті кезеңдерде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш, қабілеті мейлінше
күшті жастардың бірі саналады. Махамбет жас болса да жалынды ақын, жарқ
еткен талант екендігін ел тез таниды, оның даңқы жасынан-ақ шығады.
Махамбеттің осы қабілетін өз керегіне пайдаланбақ болған Жәңгір хан оны
сарай ақыны етуге әрекеттенеді. Осы мақсатпен хан өзінің ұлы Зұлқарнайды
Орынборға окуға жібергенде, ақынды соның қасына қосшы етіп қосқан.
Орынборда болу Махамбетке көп пайдасын тигізген. Хан баласының қасында
жүріп ақын өзі де орысша үйреніп, сауатын ашқан. Сол замандағы қыр қазағы
үшін бұл сирек кездесетін құбылыс екені түсінікті.
Орынбордан келгеннен соң да Жәңгір Махамбетті өз жағына тартып, біраз
арбап көреді. Бірақ ағасы Бекмағамбет түскен жолды, яғни ханға қызмет етуді
Махамбет қаламайды. Хан өкіметінің әділетсіздігі, еңбекші елді аяусыз
қанауы, елге салық үстіне салық салып, әбден титықтатуы Махамбетті хан
ордасынан тез жеріндіреді. Көп кешікпей-ақ Махамбет ханнан іргесін аулақ
салады.
Махамбетпен бірге хан ордасының төңірегіндегі Өтемістің Бекмағамбеттен
басқа балалары да кетеді. Ақынның әкесі Өтеміс те бұқарашыл, көпшіл
болған. Бұған ақынның мына сөздері дәлел:
Менің атым - Махамбет,
Жасқұстағы Жәңгір хан,
Ісінен болдым құса-дерт.
Атасы өткен Айшуақ
Соның көзі көрді ғой.
Менің атам - Өтеміс
Елдің қамын жеді ғой.
Махамбеттің туып-өскен жері - Бөкей хандығы немесе Ішкі Бөкей Ордасы
аталады. Бұл Орда бір бөлек ел. 1801 жылы Кіші жүзден бөлініп шығып, 1812
жылы өз алдына дербес хандық болып жарияланады. Патша өкіметі Кіші жүзді
бұлайша бөлшектегенде, қазақтың мемлекеттік бүтіндігін әлсіретіп, өзіне
тәуелділігін күшейту мақсатын көздеген еді. Бірақ Бөкей хандығы ұзақ өмір
сүрген жоқ, патша өкіметі 1845 жылы бұл хандықты ресми түрде жойды.
Бөкей хандығы бейбіт тыныш өмір сүріп көрген жоқ. Феодалдық езгіге
төзбеген қазақ шаруалары дүркін-дүркін хан өкіметіне қарсы ереуілге шығып,
көтеріліс жасап тұрды.
Бөкейліктегі ең елеулі қозғалыстар 1827-1829 және 1836-1838 жылдары
болды. Махамбет бұлардың екеуінің негізгі ұйымдастырушысы, басшысы Исатай
Тайманов еді. Махамбет сол Исатай батырдың ең жақын досы, әрі серігі,
кеңесшісі болды.
Исатай, Махамбеттің қалың қолы, осы Бекетай құмында сәтсіздікке
ұшырағаннан кейін-ақ ыдырап, тарай бастайды.
Исатайдан айрылған Махамбет көтерілісші батырлар жайында, Исатай
туралы, халық басына түскен ауыр күндер хақында әсерлі жырлар жазады.
Жеңіліп қалдық деп күрестен бас тартқылары келмейді. Халықты қайтадан
көтерілуге шақырады. Сол үшін де патша өкіметі мен ар жақтағы Жәңгір хан,
бер жақтың билеушісі Баймағамбет сұлтан Махамбет ақынның ізіне түсіп,
ұстамақ болады. Ақының асқақ үнін өшіріп, өзін өлтіруді жоспаралайды. Бірақ
халық өзінің батыр азаматын, аяулы ақынын қорғаштап, жаудың қолына
бермейді.
Аңдыған жаулар 1841 жылы мартта Гурьевке таяу жерде Тілекеев деген
қазақтың үйінде жайбарқат отырған Махамбетті ұстап, Орынборға айдатады.
Әскери сот сол жылы Махамбетті ақтап жібереді. Өйткені, Исатай, Махамбет
бастаған шаруалар қөтерілісінің басылғандығына үш жыл өтіп, оқиға ескіре
бастаған кезі еді. Оның үстіне Махамбетті өзімен дос орыс офицерлері
корғап қалады. Олар Махамбетті бір кезде қазақтарға тұтқынға түскен бейкүне
орыс солдаттарын босаттырғандығын дәлелдеп береді.
Махамбет еліне қайтып келген соң да хан-сұлтандары бұрынғыдан бетер
әшкерлей түседі. Исатай туралы, сәтсіз аяқталған көтеріліс жайында, тағы да
тамаша жырлар жазады.
Бұл жағдай Баймағамбет сұлтанның ыза-кегін қайнатады. Ол ардагер
ақынның басына мың сом бәйге тігіп, жер-дүниені қоймай іздеу салдыртады.
Ықылас Төлеев дейтін сатқын жауыз бастаған қанішерлер аңдып жүріп, ақыры
1846 жылдың ноябрь айының ішінде Махамбетті өз үйінде басын қылышпен шауып
өлтіреді. Сөйтіп, елін сүйген ер, аты-шулы ақын қапияда сұрқия жауының
қолынан қаза табады. Ақынның сүйегі Малайсары құдығынан төрт километр
жердегі Қарой деген жерге қойылады.
Махамбет ғылыми социализмнің тууынан бұрын өмір сүрді. Ол өршіл
романтикадан революциялық романтика биігіне көтеріле алмады, қоғамдық
өмірде бұқарашыл, демократияшыл идеяларды уағыздау дәрежесінен аспады.
Дегенмен, мұның өзі де қазақ тарихындағы қоғамдық пікірдің дамуында жаңа
қадам еді.
Ақын халық бұқарасының күшіне сенеді. Егер ел болып бірігіп, әділетсіз
Жәңгірге қарсы шықса, ханды тақтан тайдыратынына күмән келтірмейді.
Жүйрік аттың белгісі,
Тұрады құрық жалында-ай.
Айтып-айтпай немене,
Халық қозғалса,
Ұра алмайды хан тағында-ай.
Ақын ханнан қиянат көрген ел-жұртының арман-мұратын өз мақсатым деп
ұғады:
Еділдің бойы ен тоғай
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге
Мал толтырсам деп едім,-
Деген өлең жолдары осының куәсы. Ақын ханды тақтан тайдырып, тоғайлы
қонысты, шаруаға жайлы жерді халыққа үлестіріп, алдына мал салмақ. Бәрін
бірдей теңестірмек. Яғни ақын өзінің алдындағы ақын-жыраулар Жиделі
байсынды Еділ-Жайық арасына орнатпақ. Әрине, Махамбет өзінен бұрынғылардай,
қонысты тастап көшейік, Жиделі байсынға ауайық демейді. Өйткені ол ондай
жердің жоқ екенін біледі. Сондықтан жанға тыныш, малға қоныс болатын жұмақ
жерді қолдан жасамақ ниетте еді. Оның ойынша барлық шаруа бірдей ауқатты
болса, адамды адамның қанауы тоқтауға тиіс. Махамбет өзінің күрес
программасында жалпы ұлтты, бүкіл қазақты біріктіруді де мақсат етті. Ол
үшін хан-сұлтанды әуелі өзі шыққан Беріш руының күшімен, ол болмаса Кіші
жүздің бір бөлігі - Он екі ата Байұлының күшімен құлатпақ болды. Бұлардың
әлі жетпегенде ғана Алты сан алашты арқа тұтты:
Өлең айтып толғадым,
Көкірегімді басарға...
Махамбеттей мұндыға
Енді келер күн қайда?
Ханға құрған шатырады
Сүңгіменен түртіп ашарға?..
Он екі ата Байұлы
Жиылып келсе бүл іске.
Тігінің берсе қолыма,
Заулар едім бір көшке...
дейді ол.
Махамбет өз ісінің әділдігіне берік сенді.
Ісім жөнге келгенде,
Қамалаған көп дұшпан
Әлі де болса, қойдай қылып айдарамыз? - деп
қайратты ер мінезінен қайтпайды.
Махамбеттің өлең-жырлары әр заманда елдің жанында сақталып келеді.
Октябрь революциясына дейін Махамбет жырлары тек Батыс Қазақстан емес,
қазақ елінің көп жеріне ауызша тараған. Мысалы, Алматы облысының Ақсу
ауданында өмір сүрген Берсүгіров Жансүгір атақты ақын Ілияс Жансүгіровтің
әкесі Махамбет өлеңдерінің бірнешеуін ел ішінен жазып алған. Орынбор,
Астрахань, Түркменстан, Сыр өңірінің қазақтары да ақын жырларымен жақсы
таныс болған.
Ал Совет өкіметі тұсында Махамбет жырлары тұңғыш рет ел ауызынан
жазылып алынып, 1925 жылдан бері қарай жеке кітап болып бірнеше рет басылып
шықты. Ақын мұрасы орыс тілінде де жарық көрді.
Махамбет-суырып салма, қырғи тілді арынды ақын. Өлең шығарумен жалпы
халық ақындарының дағдысы бойынша, жастайынан-ақ шұғылданған. Ол да әуел
баста туған өлкесіне белгілі батырлық дастандар мен бұрынғы өткен
ақындардың жыр-толғауларын жатқа айтып жүрген. Күні бүгінге дейін Махамбет
жырлары кім айтса да, қай жерде айтылса да өзгеріссіз бір текстімен
айтылады. Бірақ әйтсе де ақын жырлары толық сақталмаған. Оның қолда бар
жырлары толық негізінен 1836-1846 жылдары, яғни ақын өмірінің соңғы он жыл
ішінде айтқандары ғана. Тақырыбы жағынан да бірыңғай: шаруалар көтерілісі,
хандардың жауыздығы, Исатайдың батырлығы, көтерілістің сәтсіздікпен аяқталу
себептері сияқты болып келеді. Мұндай жырлары төрт мың жолдан астам. Бізге
жеткен бұл бір бөлегінің өзін мол ағынды дарияға құятын кішігірім бір сала
десе де болады.
Махамбет жырларын шаруалар көтерілісің шежіресі дей аламыз. Оның көп
жырлары еңбекші бұқараны хан мен төрелерге, сұлтандарға қарсы үндеуге
арналған.
Ақын өзін азаматпын деген адамның алдына әділдік үшін, теңдік үшін
күресу керек деген мақсат қояды:
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай...
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай...
Ерлердің ісі бітер ме?!-деген жолдарындағы
поэтикалық саз жаумен айқасқа тайсалмай шығар батырға лайық мінез. Ақын
батырдың өр мінезіне дөп келер өрнек таба білген.
Ол өз өлеңдерінде халқын хан-сүлтандарға қарсы ерлікке шақырады.
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған кәтепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Бір-біртіндеп сөксе де,
Қабағын шытпас ер керек
Біздің бүйткен бұл іске...
Бұл-халық мүддесін өз мүдесінен артық санаған, халық үшін өз жанын
пида өткен ердің сөзі.
Ақын халықтың ханнан көрген жәбір-жапасын айталы. Ханды және оның
сыбайластарын жақсыдан туган жамандар деп түсіндіреді, оларды бұқара
халықтың жаулары деп дұрыс бағалайды. Бұқарадан шыққан халықты жактаушы
ерлерді олардан жоғары қояды.
Оның:
Арғымақтан туған қазанат,
Шаубыл салса нанғысыз.
Қазанаттан туған қаз мойын
Күнінде көз көрінім жер шалғысыз...
Айырдан туған жампоз бар-
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мая бар
Асылын адуын десең нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар-
Күндердің күні болғанда
Атасын айтса нанғысыз
дейтіні осының айғағы.
Еңбекші елді қорлаушы, аяусыз қанаушы хан тұқымының бәрі төре
нәсілінен еді, олар бұдан бүрын айтқанымыздай,өздерін моғолдың ханы
Шыңғыстың ұрпағымыз деп саналады, қарапайым халықты “қара қазақ” деп,
кемсітіп бақты. Ақын төрелер айтып отырған жамандар - жаман емес шын
жақсылар осылар деді. Сондықтан ақынның ойынша, елді билеуге лайық терелер
емес, жаманнан туған жақсылар болуы тиіс.
Махамбеттің қай өлеңін оқысаңыз да, ол патриот, халқын шын сүйген,
халық мұңын жырлаған ақын екенін дәлелдейді.
Махамбет-реалист ақын. Махамбет шындықты сүйді. Хан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz