Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған ұлт - азаттық қозғалыс



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1. Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған ұлт – азаттық қозғалыс. 4
2. Исатай бастаған шаруалар көтерілісі. 8
3. қазақстандағы кенесары қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыс (1837
– 1847 жж) 12
Қолданылған әдебиеттер 20

Кіріспе

Әр халықтың азаттық үшін күресі – ел шежіресінде алтын әріптермен
жазылар қасиетті жәдігері. Сан ғасырлық өмір тарихын басынан кешірген қазақ
халқы "егеулі найза қолға алар" батырлардан, қара қылды қақ жарған билер
мен ақылғөй, дана басшылардан қай заманда да кенде болған жоқ. Билер мен
хандар – ел бірлігі мен берекесінің ұйытқысы. Бұл, әсіресе, "Ақтабан
шұбырындыда" айқын көрініс тапты. Бұл кездегі қазақ даласындағы жағдай
Есенберлинше былай еді: "Қазақ жері – көкпарға тартылған көк серкедей еді.
Көп жауының бірінің тақымында кетер ме, әлде іште тоз-тоз болып жатқан
сұлтандардың бірінің қолында басы, бірінің қолында аяғы қалар ма?" Бұл
кезде бірлік-берекесі кеткен ел жоңғар қонтайшыларының шабуылына төтеп бере
алмады. Осындай кезде бір тудың астына бірігу қажет болды. Қазақтардың
толық қанды, біртұтас мемлекет болуы үш жүздің билері: Төле, Қазыбек,
Әйтекелер мен дана хан Абылайдың жанкешті еңбегінің арқасында іске асты.
Осының нәтижесінде жоңғар шапқыншыларының беті қайтарылды. Бірақ, қазақ
үшін ең қатерлі кезең бұл емес еді. "Орыстың ғалымы – дүниенің кілті. Оның
жақсысын үйреніп, жаманынан жирен", - дейді Абай. Орыс империясының екі
басты самұрығы біздің даламызға екі жүзбен келіп қонды. Бірі жан-жағына
білім шашып, нұрын төксе, бір басы жан-жағына от бүркіп, жалмады. Адам
өміріндегі ең ыстық, ең жақын нәрсе – Отан, төрт ана. Осы дәуірде, әсіресе
қызыл империяның қол астындағы жетпіс жылда, Отан өгей анаға айалып, тұтас
бір халық, тамырынан айырылып, қаңғырып, жоғалып кете жаздады. Ресей бізді,
тіпті, қарусыз-ақ жер бетінен өшіруге айналды. Ғасырлар бойы қазақ
даласында болған әрбір оқиға, әрбір шайқас – тәуелсіздікке жасалған бір
қадам. Осындай кішкене адымдармен, бірақ оң жолмен, азаттық жолымен қазақ
елі армандаған мақсатына келе жатты. Желтоқсан оқиғасы осы бір "соқтықпалы"
соқпақтағы ең соңғы ірі адым болды.
Біздер үшін халқымыздың төл тарихы сондай қымбат, қастерлі бола
береді. Оған қылаудай көлеңке түсірмей, келер ұрпаққа жеткізу – барша
қазақстандықтардың төл парызы. Халқымыздың азаттық үшін күресінің айнасы –
ел тарихының қасиетті жазбасы.

1. Кіші жүздегі Сырым батыр бастаған ұлт – азаттық қозғалыс.

XVIII ғасырдың 30-жылдарында кіші жүз Ресейге қосылғаннан кейін
патша өкіметі қазақ жерін игеру үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, қазақ
даласы арқылы Орта Азияға өтетін сауда жолдарын ашу, бұл жолдардың және
қазақ жерлерін басып өтетін балығы, шабындыры, егіске қолайлы жерлері мол
өзендер бойынан бекіністер салу сияқты шараларды жүзеге асыра бастады.
1744 жылы Орынбор қаласы салынды. Ол орыс патшасының отарлау саясатын
жүргізу үшін қазақ жерінде құрылған әкімшілік орындар орналасқан орталық
болды. Одан көп қашық емес Ор өзенінің бойынан Орск бекінісі салынды. Орал
қаласынан Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырым кашықтағы Жайық, Ертіс
өзендерінің жағалауларында көптеген ірі әскери бекіністер бой көтерді.
Оларда патша өкіметінің отар елдердегі қол шоқпарлары — орыс казактар
орналастырылды.
Жайық бойындағы жақсы жерлерге жайғасып алған казактар қазақ
ауылдарына дүркін-дүркін шабуыл жасап, малдарын айдап әкетіп, адамдарына
зорлық-зомбылық көрсетті. Оның үстіне патша өкіметінің шенеуніктері мал
өсіріп отырған шаруалардың шұрайлы жерлерін тартып алып, қысым жасады.
Нұралы ханның да халыққа тізесі батты. Оның адамдары елдегі шаруаларды алым-
салықпен зар илетті. Осының бәрі халықтың наразылығын күшейтіп, жаппай
көтерілуге себеп болды. Осы көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан
шыққан Сырым батыр болды. 1783 жылы бұл көтеріліс басталғанда Сырым жасы 60-
қа жетіп қалған егде адам екен делінеді бір деректерде. Ал енді біреулер
оны бұл тұста 40 жастың шамасында болыпты деседі. Қалай болғанда да, осы
көтеріліс кезінде Сырым ақыл тоқтатқан, орнықты, елге өзін танытқан, сөзін
тыңдатқан беделі зор адам.
1773—1775 жылдардағы Е. Пугачев көтерілісі кезінде орыс шаруаларының
азаттық идеясын қолдап, оған қатысқан қазақтардың арасында Сырымның болғаны
туралы да үзік-үзік деректер бар. Соның бірі шаруалар көтерілісін басуға
басшылық еткен орыс әскерлерінің даңқты қолбасшысы Суворовтың граф Панинге
жазған хатында (1775 ж. 22 маусым) келтірілген: Сырым бастаған қарулы
топтар тосыннан келіп шабуыл жасайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан
қуғанмен ешкім жете алмайды,— деген анықтама. Бұдан әрі қолбасшы:
Әскерлерге мынадай бұйрық бердім: реті келген бірдебір қолайлы сәтті
жібермей, бүгіннен бастап Сырым батыр бастаған, өз беттерімен кеткен ұры-
қары қырғыздарды қай жерде кездессе де, қандайлық алысқа қууға тура келсе
де, оның өзін ұстап алып, тамырына балта шауып, немесе сол жерде өлтіріңдер
дедім,— дейді. Бұл айтылғандар Сырымның көтеріліс кезінде белгілі адам
болғанын, оның орыс әскерлерін де тыныш қалдырмағанын, сонымен бірге
азаттық күресіне көтерілген орыс шаруаларымен бір тілекте болғанын
байқатады.
Батыс Қазақстанда ұлт-азаттық көтерілісі басталған кезде Сырым
Байбақты руының старшыны болатын. От тілді, орақ ауызды, болмысында батыл
да батыр, шешендігімен аты шығып дүрілдеп тұрған кісі екен. Кіші жүзде ол
айтты деген ұшқыр да ұтымды сөздер аз болмаған. Сырым қазақтың небір
кемеңгер, дана адамдарымен жақын болып, олардың ақылын тыңдаған: Солардың
бірі Тама руынан шыққан Малайсары би Сырымға: дүниеде адамды адам ететін үш
қасиет бар, соны бойыңа дарытсаң, халық алдында сыйлы боласың,— депті. Ол
қандай қасиеттер?—деп сұрағанда, би: олар — ар, намыс, парыз деген екен.
Тағы бір ақылым, жақын жүргенді жаралама, алыстағыны қаралама!— депті.
Ар-ожданына, намысына дақ түсірмей, халқының алдындағы азаматтық
парызына әрқашан адал болған Сырым бірге туған әпкесіне үйленген Нұралы хан
жақыны болса да, хан мен халықтың біріне таңдау жасау келгенде ойланбастан
халық жағына шыққан, халыққа тізесін батырғандарды, зорлық-зомбылық
жасағандарды аямай жазалаған. Осындай озбырлығымен аты шыққан Шаранов деген
Орал казактарының атаданын қолға түсіріп, Хиуа хандығына құлдықка сатып
жібереді.
1785 жылы көктемде қазақ даласында патша өкіметінің жазалаушы
шоғырларының шыққанын естіп, Сырым оларға тойтарыс беру үшін 2700 адамнан
жасақ құрады. Оған 3,5 мың адамы бар Барақ пен Тіленшінің (жоңғарларға
қарсы согыста аты шыққан табын Бөкенбайдың баласы) шоғыры қосылады. Оларды
шекара бойына қалдырып Сырым бес жүз жігітімен Сахарный бекінісіне шабуыл
жасайды. Бірақ оның жақындап келгенін білген казактар алдын ала зеңбіректен
оқ атып, қарсы алады. Тұтқиылдан тиісемін деп келген Сырым бекіністі ала
алмайды. Бірақ ол жазалаушы шоғырлардың қимыл-қозғалысын бағып, жақын
жердегі казактардың бекінісі мен шағын топтарына шабуыл жасап, берекетін
кетіреді. 1785 жылдың жазында оның жасақтары жаңа адамдармен толығып,
көтеріліс бұқаралық сипатқа ие болады. Осы тұста Тама руының старшыны Қадыр
және Садыр деген батырлардың бастауымен Нарын құмының жігіттері Сырымды
қолдап патша әскерлеріне қарсы ерлік күрес жүргізеді.
Халық қозғалысының каһарынан қорқып патша өкіметінен әскер сұраған
Нұралы хан соның көмегімен тағын, малын, жанын сақтамақшы болады. Нұралының
Сырымға қарсы әрекеті халықты жирендіріп, Сырымның беделі күшейе түседі.
1785 жылы Орынбордан патша генералы Смирнов, Орал қаласынан Жайық
атамандары Колпаков пен Пономарев басқарған әскер шоғырлары шығып, Сырым
жасақтарын құртпақшы, көтерілісті баспақшы болады. Қазақ ауылдарын тонап,
жазықсыз адамдарды тұткындап, елді зар илетеді. Сырым жасақтары жақсы
қаруланған патша әскерлерімен ашық айқасқа бармай, олардың ізін барып,
Жайық бойындағы казакорыстарды дүрліктіріп, бекіністеріне тұтқиылдан
тиісіп, партизандық соғыс жүргізеді.
Кіші жүздегі жағдайға Ресей патшасы қанық болды. Ол да халықтың тек өз
әкімдеріне ғана емес, еонымен бірге ханға да қарсы болып отырғанын
түсінеді. Сөйтіп Орынбор өлкесінің билеушісі Игельстром арқылы
старшындармен кеңесіп, оның ішінде Сырым батырмен пікірлесіп хандық
тәртіпті жоюды ұйғарады. Сырым бұл шараны қолдады. Бұл арада әрқайсысының
өз ішкі есебі болғанын айту керек. Патша өкіметі хандық тәртіпті жойып,
Кіші жүзді басқаруды жалпы империяны басқару жүйесіне жақындатуды ойласа,
Сырым хандықты жойып басқару ісін халық қолына, халықтың өз ортасынан
шыққан би-старшындарға беруді, солар арқылы ел билеу мәселелерін шешуді
демократиялық жолмен жүргізуді көздеді. Сөйтіп 1786 жылы хандық жойылып,
Нұралы хан Жайық бойындағы патша әскерлері бекіністерінің біріне кешіп
барып паналады. Сырымды алдап-сулап бауырына тартуды көздеген патша
әкімдері оны он екі ата Байұлы руларының ара старшыны жұмысына тағайындады.
Сырым осы жұмыста болған кез халық үшін жайлы жылдар болды. Әділдік пен
адалдықты, дұрыстықты жақтаған Сырым халықтын, хал-жағдайын біліп, олардың
мұң-мұқтажымен санасып отырды. Ол жергілікті старшындардың жыл сайын съезд-
мәслихатын өткізіп, онда халық мүддесіне қатысы бар мәселелерді талқылады.
1786—87 жылдарда өткен бұл съездердің маңызы зор болды. Қазақ халқы еңсесін
көтере бастады. Казактардың бұрынғыдай қазақ ауылдарын тонап, шауып кетуі
азайды. Шенеуніктер де халыққа бұрынғыдай озбырлық жасай алмайтын болды.
Елде патша өкіметінің жергілікті әкімдеріне жалтақтап, дегенін екі етпейтін
әкімшілік жүйесі жоқ еді.
Ұзақ жылдар бойы сүйеніш болып келген хандық билікті жойып қате
жасағанын патша өкіметі түсінді. Сөйтіп хандықты қалпына келтіру қамына
кірісті. Нұралы өлгеннен кейін осы оқиғаны желеу етіп оның баласы Ералыны
хан көтерді.
Ералы да қазаққа теңдік әперуді ойлаған жоқ. Оның тұсында да
қазақтардың жайылымдық жерлері тарылды. Жайық бойында мал жаюға, Жайықтан
балық аулауға, мал суаруға тыйым салынды. Осыған байланысты қазақтардың,
наразылығы күшейе түсті. Олар жасақтар құрып, Сырымның төңірегіне топтасты.
1792 жылы Сырымның қарулы күштерінде мыңнан астам жасақ болды. Патша
өкіметі Сырым Бұқар мен Хиуа хандығымен бірігіп орыс мемлекетіне қарсы шыға
ма деп қауіптенді. Мұндай қауіпке негіз де бар еді. Сырым шығыс беттегі бұл
елдердің әміршілерімен астыртын келіссөз жүргізіп, олардың көтеріліс
басталған жағдайда көмек көрсететініне уәдесін алды.
Сырым бастаған қазақ жасақтары мен шаруалардың толқуларын басу үшін
патша өкіметі кейбір жеділдіктер жасауға мәжбүр болды. Жайық өзенінің оң
жағында мал жаюға, Жайық пен Еділ арасындағы Үлкен және Кіші өзендердің
(Қара өзен, Сары өзен) бойындағы жайылымдарды пайдалануға рұқсат етті.
Бірақ бұдан жағдай жақсарған жоқ. Шұрайлы жерлерді, шабындық-жайылымдарды,
орман-тоғайларды бұрынғысынша казактар, хан, патша адамдары иемденді. Алым-
салық, хан төңірегіндегілердің халыққа озбырлығы мен астамшылығы азаймады.
1795—96 жылдардағы жұтта қалт-құлт етіп отырған шаруалардың елеулі бөлігі
қырылып, ел жүдеді. 1795 жылы хан тағына отырған Есім хан да езгіні
жеңілдеткен жоқ. Бұрыннан қаталдығымен аты шығып жүрген ол халықты онан әрі
қан қақсатты.
Осының бәрі ұлт-азаттық қозғалысының жаңа күшпен өрлеуіне, жандануына
жол ашты. Оның дем беруші көсемі — Сырым болды. Оған: Байбақты, Есентемір,
Серкеш, Алаша, Таз руларының шаруалары қосылды. Олардан шыққан Ерсалы,
Қайсарлы сияқты қазақ батырлары Сырымға қалтқысыз қызмет етті. Көтеріліс
кең қанат жайып келе жатты. 1797 жылы наурыздың 26-сынан 27-іне қараған
түнде көтерілісшілер Есім ханды өлтіріп, Сыр бойына бет алды. Патша өкіметі
көтерілісті басу, Сырымды ұстау үшін шығарған әскерге Орал атаманы Донсков
басшылық етті. Оған 800 адамымен Қаратай сұлтан қосылды. Бірақ Сырымға
олармен шайқасудың сәті түскен жоқ, ол Сыр бойына барып, көтерілісшілерді
таратып, өзі Хиуа хандығына өтіп, сол жақта жасы тоқсаннан асқанда қайтыс
болды. Бір жыл өткеннен кейін оның Кіші жүз жерінде асы берілді. Қазақ
даласының аяқ жетер жердегі үлкен-кішісінің түгел жиналуы, асқа екі мың
қой, екі жүз жылқы сойылып, жүзден аса киіз үй тігілуі, ат шаптырылып,
балуандар күресі беріліп, жеңімпаздарға жомарттықпен сый тартылуы —
Сырымның қазақ халқының алдында қаншалықты зор беделі болғанын айқын
көрсетеді.
Сонымен қорыта келіп, Сырым батыр бастаған 1783— 1797 жылдар
арасындағы Кіші жүз халқының ұлт-азаттық қозғалысы патшаның отарлау
саясатына қарсы бағыт алған, қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға
болғанын айтуымыз керек. Оның жеткілікті ұйымдаспаған стихиялық сипатта
болуы, айқын бағдарламасының жоқтығы қозғалысты мақсатына жеткізе алған
жоқ. Бірақ тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқының азаттық идеясын шыңдауда
үлкен әсері мен ықпалы болды. Бұл көтеріліс, оның көсемі туралы хабар ой
мен қырға, қазақ даласына жайылды. Бүкіл Үш жүздің басын құрайтын қазақ
халқы Сырымның оның сарбаздарының ерлігі мен батырлығын, тапқырлығын аңыз
етіп айтып жүрді. Қазақтың ауыз әдебиетінде Сырымға, ол бастаған ұлт-
азаттық қозғалысына байланысты тамаша жырлар, әндер туды. Сырымның, оның
төңірегіндегілердің шешендік сөздері ауыздан-ауызға тарап кетті.

2. Исатай бастаған шаруалар көтерілісі.

Батыс Қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1823 жылы хан тағына
отырған соң патша әкімшілігінің қолдауымен халықтың қоғамдық өмірі мен
тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі
жүйесін қайта құруға белсене кірісті. Ол көшпелілердің отырықшылануын,
олардың орыс хуторлары сияқты мекендер салуын, қырда пішен шауып, ағаш
өсіруді, малдың тұқымын асылдандыруын және ауыл шаруашылығы құрал-
саймандарының жаңа түрлерін алдыруын, мектептер, училищелер, мешіттер ашуын
және ауылдарда мал санының артуын, сауданың және басқарудың жаңа
формаларына көшуді көтермеледі. Ол патша өкімет орындары мен қазақ
шонжарларының мүдделерін жаңа әдістермен ұштастыруға күш салды.
Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының патша өкіметіне қарсы наразылығын
күшейтті. Олардың арасында толқулар басталып, аяғына келіп 1836—1838
жылдары Ішкі орданы және бүкіл Кіші жүзді қамтыған халық көтерілісі бұрқ
ете түсті. Көтерілістің басында Беріш руынан шыққан белгілі батырлар Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұрды.
1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп
тағайындады. 1814 жылдың аяғында оны Орынбор Шекара Комиссиясы бекітіп,
уақытша жарлықпен оған мөр тапсырылады. Бірақ 1817 жылы Исатай старшын
Өтеміс Құлманиязовты тонады деген жаламен қамауға алынып, абақтыға
отырғызылды. Одан 20 мың сом кепіл беріп, босап шыққан Исатай 1818 жылы
старшын ретінде Бөкей ордасы өкілдерінің Ұялыдағы съезіне қатысады. 1823
жылы Исатайды сұлтан Шығай Нұралиев қамауға алады, оған кісі өлтірді деген
айып тағады. Алатау бекінісінен келген Дон казактарының конвойы оны
Орынборға әкетеді. Жол бойында Исатай конвойдан қашып шығып, елге оралады.
1836 жылы ақпанда халықтың хан-сұлтандарға қарсы наразылығы қайтадан
өршіп, ашықтан-ашық шайқасқа қарай бет алды. Бұдан шошынған Жәңгір хан
қозғалысты бастап, дем беруші Беріш руының қоныстарына бірнеше кожа мен
старшын жіберіп, көтерілісті тоқтатуды талап етті. Исатайға жазған
хатында хан түлкі бұлаңға салып: Дос едік қой, патшаға адалдыққа ант беріп
едің ғой, бүлікті тоқтат, хан сарайына кел, татуласайық, әйтпесе іс насырға
шабады,— дейді. Сонымен қатар ханның жандайшабы Қарауылқожа 1836 жылғы
наурыздың 24-не қарай 800 адамдық қол жинайды да, жайлауға көшіп кеткен
Исатай ауылын шаппақ болады. Бұл кезде хан Исатайға екі адам елші жіберіп,
дереу келсін деп бұйырады. Бұған Исатай Қарауылқожа жасақтарын таратса
ғана барамын деп шарт қояды. Хан осы шартқа көнгенсіп, айлаға көшеді.
Оған сенген Исатайдың аңқау ауылы бұрынғы қонысына көшіп келе жатқанда
1836 жылдың 4 сәуірінде Қарауылқожа мен старшын Дүйсебай бастаған отряд
алдынан шығады. Мұны көрген Исатай көшті тоқтатып қорғанысқа дайындалады.
Алайда, Қарауылқожаның шабуылға шығуға батылы жетпей кейін қайтады.
Өйткені ол да, Жәңгір де жеңіліп қаламыз ба деп қорыққан. Егер олай бола
қалса халықтың рухы өсетінін және орыс әкімшілігіне хан билігінің масқара
болатынын олар жақсы білді. Қарауылқожа Исатай ауылын шаппаса да алты күн
қоршауда ұстап тұрды. Бұлай созыла берсе кісілер де, мал да аштыққа
ұшырайтынын сезген Исатай тәуекелге бел буды. Ол 200 жігітті бастап,
Қарауылқожаның Қиялыдағы тұрағына жақындап келді.
Бәрі де екі жақтың көз алдында бетпе-бет тұрысты. Әбден ашынған екі
жүз сарбазды жеңе алмасын білген Қарауылқожа қулықпен уақыт оздырып,
ханға ақыл сұрап кісі жіберді. Исатай ханның жауабын күтпейтінін айтты да,
түнделетіп сарбаздарымен ауылына қайтып кетті. Көтерілісшілердің батылдығы
мен бірлігі Қарауылқожаны састырды. 1836 жылы мамыр айында оқиғаның барысы
күрт өзгерді. Бұл кезде Күшік Жапаров деген шалды біреу өлтіреді. Тергеу
ұзаққа созылса да қылмыскер табылмайды. Жәңгір мен оның жандайшаптары мұны
өз мақсатына пайдаланып қалуға тырысып, бұл қылмысты Исатай мен Махамбет
жасады деп жала жабады. Орыстың қылмыс кодексі бойынша кісі өлтіруші қатаң
жазаға тартылатын. Куәлер кісі өлтірген Махамбет Өтемісұлы деп көрсетті.
Тергеу кезінде Исатай да, Махамбет те бұл істі мойындарына алмады.
Жазға қарай Исатайдың ауылына хан, сұлтандардың озбырлығына,
әділетсіздігіне шыдамай, наразы болғандар ағылып келіп, шағымдарын айтып
жатты. Олар әр түрлі рулардан еді. Бәрі Исатай мен Махамбеттен әділдік
іздеді. Енді одан әрі төзуге болмайтын еді. Бұл сапарда Исатай жалғыз
болған жоқ. Оның қасына Махамбет, Иса, Тінәлі, Есмағамбет, Рахмет, Құба,
Амаштай, хатшы ретінде Исатайдың ұлы Жақия ерді. Жол бойы оларға ханға
барып ру басшыларына шағым айтқысы келген көп кісілер қосылды. Олар не бары
жүз қаралы адам болды.
Исатайдың келе жатқанын естіген хан оның алдына бірнеше старшын
жіберді. Бұлар Исатай тобымен хан ордасынан 100 шақырымдай жердегі Толыбай
құмында кездесті. Хан Исатайға кері қайтсын деген екен. Жаналыұлы деген
сұлтаннан Исатай қолхат алып тұрып, көптің көзінше халықтың ханға қоятын
талаптарын бажайлап айтып берді. Бұл талаптарды ханның орындамайтынын
білген Исатай оның қаншалықты қаныпезер екеніне жұрттың көзін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихында Сырым жалғыз
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
18-19 ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер
КӨТЕРІЛІСТІҢ КЕҢЕЮІ
Көтерілістің 1774 жылы қазақ жүздерінде дамуын теориялық зерделеу
18-19 ғғ. Қазақстан территориясындағы ұлт-азаттық қозғалыс
Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс
Сырым Датұлының өмірі
Ұлт-азаттық қозғалысының шығу себебі және оның алғашқы кезеңі. Барон Игельстромның реформалары және Кіші жүзде хан билігін жою әрекеттері
Пәндер