Махамбеттің лирикалық өлеңдері
Жоспар
1. Махамбет Өтемісұлының өмірі.
2. Махамбеттің шығармалары.
3. Исатайдың өлімінен кейін туған өлеңдер.
4. Махамбеттің лирикалық өлеңдері.
5. Махамбет өлеңдерінің құрылысы.
6. Махамбет өлеңдеріндегі троптың түрлері.
Қорытынды.
Махамбет Өтемісұлының өмірі.
Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы, Батыс Қазақстан, Орда ауданы, Нарын
құмы, Бекетай деген жерде туған.Орда ауданы \қазір Жәнібекке қарайды\,
ол кезде Бөкейлік немесе Ішкі Бөкей Ордасы деп аталған.
Махамбет беріш руынан, жайық- арыстан. Махамбеттің атасы - Өтеміс,
Өтемістің атасы – Ққлмәлі. Мәлі деген кісі жауда қолға түскен тұтқын
екен. Өзін- өзі қызылбастың Нәдірше деген патшасының тұқымымын дейді
екен. Құлмәлі деген бұ күнде Гурьев уезінде Тайсойған деген жерде бір
бөлек ел.Құлмәлінің тұқымынан би де, әулие де, шешен де шықты деп
ұлықтайды.
Өтеміс Айшуақтың, Бөкейдің заманында қазақтың қабырғалы биінің
бірі болған. Махамбеттің Бекмағамбет деген ағасы Жәңгір ханның орда
биінің бірі болған, ханды жақтап, Исатай мен Махамбетке қарсы
болған.Махамбеттің өзіде жас кезінде Жәңгірдің нөкерлерінің бірі
болған. Исатай ханға қарсы бола бастағанда – ақ Исатайға еріп
кеткен.
Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған.
Әдіс, шеберләікке кем болса керек. Бағыт алған жағынан тайынбайтын
қарыспа ер екен. Исатай жұртты ақылмен, дәләлмен, түрлі әдіспен
соңынан ерткен адам болса, Махамбет көпті қыздырып, көңілін аударып
ертетін адамның бірі болған. Махамбеттің мінезі сотқар, қалжыңқой,
бетің – көзің демей ойына келгенін айта салатын батыл болған.
Жауласқан мезгілде өте батыр, айлакер болған. 1838 жылы қауыстың 23-
күні Бөкейлікте Бекайдар деген жерде Исатайды отыз жолдасымен
орыстың отряды қамайды. Махамбет жолдастарымен мылтық, садақ атып,
найза жұмсап отрядты қайырып, Исатайды екі жолдасымен орыстан қашады.
Қуғыншалар соңынан қалмай қуып Махамбетті ұстауға таянады. Сонда
Махамбет астындағы бұлық көпшікті жарып жіберіп, ішіндегі мамықты
жақындап қалған қуғыншылардың көзіне шашыпжіберіп құтылып кетеді.
Махамбеттің мінезі Исатайдікі секілді көптің басын құрастырып,
бүтін елді соңынан жүргізетін мінез емес. Махамбет жақсы үндеуіш \
агитатор \, жақсы қолбасшы болған.
Исатай өлген соң – ақ Махамбет көпті ерте алмады. Исатайдың
құрастырған елінен айырылып қалды. Бұған Исатайдың өлімі себеп
болды. Көптің тауы қайтты. Жорықтың алды оңбаған, арты да оңбас
деген пікір әскерлерді қалжыратты.
Ісін аяқтаймын деп Исатайдан кейін Махамбет біраз уақыт әуре
болып жүреді. Бірақ елді біріктіре алмайды. Исатайдың жолдастарын,
оның ішіндегі Махамбет секілді басшыларын ұста деген өкіметтің
қатты бұйрығы шыққан. Махамбет ел ішінде жүре алмайтын болған.
Махамбеттің ақыры ұсталуына көзі жеткен соң байұлының адамдары басы
Үбі, Байнақ дегендер болып Махамбетті зорлап Баймағамбет сұлтанға
алып барады. Баймағамбеттен өкіметке ұстап бермейтін қылып ел ішінде
жүре беруіне рұқсат алып береді. Билердің сөзін қабылдаған соң,
Баймағамбет батырды үйіне шақырып танысады. Батыр үйге қару –жарағын
тастамай кіреді. Баймағамбет батырдан бір – екі ауыз өлең айтыңыз деп
өтініш қылады. Менің сөзім сізге жақпас деп батыр айта қоймайды.
Баймағамбет қайта – қайта өтініш қылады. Сонда Махамбет Исатайды
жоқтап, Байекені боқтап, белгілі өлең айтады. Байекенің қасындағы жас
төрелер батырдың сөзіне ашуланып қызған екен, бұлай айтпаса
Махамбет батыр бола ма, батырдың сөзін көтермесем мен хан болам
ба? деп Байеке оларды тоқтатыпты – мыс.
Байекеден қайтқан соң Махамбет Оралдағы ағайындарының арасында
жүреді. Өкіметке, хандарға қарсы елді азғыруын қоймаса керек. Бір
күні үйіне бір бөтен адам мен Ықылас деген кісі келеді. Қонақ
болып отырған Ықылас Махамбеттің өз қылышымен басын кесіп
алады.Ықыласты азғырып өлтіруге жұмсаған Баймағамбет деп айтады –
мыс. Батыддың басын апарып бергенде Баймағамбет Ықыласқа айтыпты –мыс:
Өлтір деп жіберген жоқ едім, тірілей ұстап әкел деп едім, басын
алып кет деп.
Махамбет қырық екі жасында 1845 жылан жылы өлді. Сүйігі Ілбішін
уезіндегі Дендер деген жердің күншығыс жағындағы Қараой деген
жерде. Бір жылдан соң Ықыластың көмген жерінен ағайындары
Махамбаттің басын ұрлап әкеліп денесімен бірге көмген.
Махамбеттің шығармалары.
Махамбеттің әдебиет тарихына жататындығы талассыз мәселе
екендігі былай тұрсын, ХІХ ғасырдың бірінші жартасындағы қазақ әдебиет
тарихында феодалдық идеяны және демократтық идеяны қолдаған екі түрлі
ағым болды десек, осы демократтық бағыттағы әдебиеттік ағымның басы
да, айқын үлгісі де – Махамбет.
Байтоқ, Жанұзақ тәрізді феодалдық ағымдағы әдебиет өкілдері ханды,
хандықты дәріптей суреттеп, өмір шындығын феодалдық үстем таптың
көзқарас тұрғысынан танып, үстемдік етушілердің жырын жырлап, таяғын
соқса, Махамбет, Шернияз тағы басқалар өмір құбылысын мүлде басқаша
тұрғыдан таныды. Олар алдымен феодалдық қоғамның ауыр салмағынан
жаншылып жатқан еңбекші халықты көрді; Байтоқ, Жанұзақтардың аспанға
шығара жырлаған ханын да, төре – сұлтандарын да өмір шындығына
сәйкес суреттей келіп – олардың бәрі де халықтың қас дұшпандары
екендігін бетін ашты. Махамбеттің Жәңгірге, Шернияздың Баймағамбет
сұлтанға айтқан сөздері бұған толық дәлел.
Халықтың жырын жырлап, таяғын соғу ісінде Махамбет ақынның
еңбегі тарихи еңбек. Осы еңбегі үшін де халық оның сөздерін сары
алтындай сақтап, алып кеп оның шын мұрагері – қазақ жұртшылығына
табыс етті.
Махамбет реалистердің бірі болды. Махамбет шындықты сүйді. Хан
оны өз жыршысы етіп алмақшы болып, тәрбиелеп жүргенде де ол
Жәңгірге:
Хан емессің – қасқырсың,
Қас албасты басқырсың,
Достарың келіп табалап,
Дұшпаның сенің басқа ұрсын .
Хан емессің – ылаңсың,
Ысқырынған жылансың.
Хан емессің – аянсың,
Айыр құйрық шаянсың,- деген болатын.
Бұл үзінді де ханның ішкі, сыртқы сипаты өте шындықпен суреттелген
.Ақын бұл өлеңде сол кезге тән образ арқылы ханның елге жасаған
жауыздығын ашық айтқан. Махамбеттің Жәңгірге сен хан емессің деуі де
нағыз шындық. Дұрысында, Жәңгір – патшаның қазақ ішіндегі сенімді
адамының бірі болған.
Жәңгір өлгенде Николай патшаның: Шын берілген, өте керекті адам
еді, аянышты, аянышты - деп бас шайқауы бұған толық дәлел. Ендеше,
елді езіп отырғанын жақсы білген де, оның жауыздығын бетіне басқан.
Исатайдың өлімінен кейін туған өлеңдері.
Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі -дейтін ұзақ өлеңі
– даңқты халық көтерілісінің алдарына қойған негізгі нысанасын
айқындауға, көтерілістің туу себептерінің тамыры тереңде жатқандығын,
хан – сұлтандарға халық наразылығы арғы замандардан келе жатқанын
көрсетуде – мәні зор.
Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінде Махамбет:
Мен кескекті ердің соймын,
Кескілеспей басылман.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар – намысым қашырман.
Айта келген сөзім бар,
Не қылсаң да жасырман...
Шамдансам шығар асаумын,
Шамырқансам, сынар болатпын.
Кәр қылад деп, тақсыр – ау,
Аяғыңа бас ұрман.
Байеке сұлтан ақсүйек,
Қыларың болса қылып қал.
Күндердің күні болғанда
Бас кесермін жасырман,- деді.
Бұл Махамбеттің нағыз қиын жағдайда жүрген кезі болатын. Әйтсе
де, ақын жауымен тар кезеңде кездессе де, ішкі сыр, негізгі
нысанасын бүкпестен сөйлеп, хан, сұлтандарға еш рақымы жоғын бетіне
айтады.
Махамбет ел басына түскен ауыр халін және өзінің Исатай
өлгеннен кейін қоныс аударуын былай деп суреттейді:
Арғымаққа оқ тиді
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді
Ауыз омыртқаның түбінен,
Жантайып жатып көп іштім,
Жалғыздықтың енді дүние – ай...
Жағдайсыз кетіп барамын
Қасымда көмектің кемінен,- дейді.
Махамбеттің бұл жақтан Назар, Шүрен, Хиуаға қоныс аударуы
шынында да амалсыздықтан болды.Жеңген жау хан, патша әскері елдің
үрейін мықтап ұшырды.Жоғарғы айтылған жауыздықтың бәрі де елге енді
бас көтергізбеу үшін істелген саясат еді. Сондықтан Ордаға,
Орынборға, Оралға жақын елдердің Махамбетке көмек беруіне еш
мүмкіншіліктері болмады. Іштерінен Махамбетке көмек бергісі келіп
тұрғанымен, ел оған әскер болып қосыла алмады.
Қайтейін енді дүние – ай...
Жағдайсыз кетіп барамын,
Қасында көмектің кемінен, - дейтіні осыдан еді.
Бұл кету Махамбетке олқы тимейді. Оның :
Абайламай айрылдым,
Ар жақтағы елімнен,
Анау Нарын деген жерімнен
Тірі кеттім демеймін,
Кем болмады өлімнен, - деген сөзі бұған толық дәлел.
Мұнда біріншіден, өз істеріндегі қателіктерін көрсетсе,
екіншіден, бұл кетіс оған оңай соқпағандығын көрсетеді.
Айта кететін бір нәрсе, кейбіреулер Махамбеттің:
Жайықтың бойы енді су
Кешегі қуатымның барында,
Тіземен бұзып өткемін.
Жаныма айла болар деп,
Назарды тастап Шүренге,
Күнім үшін жеткенмін .
Әлпештеген аруды,
Бәрін тастап кеткенмін, - деген сөзін теріс түсінетіндік
бар. Бұл пікірді айтушылар: ол өз жанын сақтамақ, өз басын
қорғамақ болды, - дейді. Жоқ, бұл қате. Махамбет бұл жерде бастарында
болған ауыр халді, қысымшылықты, қатын – балаға, елге қарайлауға жаудың
мүмкіншілік бермегендігін суреттейді, ол бір. Екіншіден, оның күнім
үшін - деп отырғаны жеке басы емес. Ол жеке басының қамын, өз
жанын халқы үшін пида еткен адам. Ол өз жанын сақтаудың қамын
ойлаған адам болса, бұл жұмысқа кіріспеген де болар еді. Бұған оның
осы күрес жолындағы істері дәлел. Бұл жердегі күнім үшін дегені,
құлаған көтеріліс отын қайта тұтандыру. Орынбор, Орда, Астрахань, Орал
қалаларынан алысырақ жатқан Назар, Шүрен елдерінен әскер жиып, Хиуа
ханның беремін деген 20 мың әскерін алып, жауына аттану. Өйткені
Назар, Шүрен, Хиуа хандығына не үшін кеткенін ақын Айныман өлеңінде
ашық айтып береді.
Айтса дағы айныман
Көлденеңнің сөзіне,
Әшкере болған ісім бар,
Жиылған жұрттың көбіне.
Кеткенім жоқ олжа үшін,
Кетіп едім елімнен:
Атаңа нәлет Жәңгірдің
Қан жылатқан заңы үшін
Баданамды баса бөктеріп,
Күн түн қатып жүргенмін –
Ана Нарында жатқан
Жас баланың қамы үшін, - дейді.
Бұл үзінді Махамбеттің Назар,Шүрен, Хиуа хандығына ауысуы бас
қорғау емес, ханның қан жылатқан заңына қарсы күрестің жолын
іздеу, өзіне көмекші тауып, көршілес елден жолдас ертіп, Нарындағы
жас баланың қамы үшін нәлет хан Жәңгірмен күресу. Ол олжа үшін
кетіп бара жатқан жоқ, кек үшін, дұшпаннан өшін алу үшін кетіп
барады. Қандай қиыншылық көрсе де бірн ұстаған бағытынан айнымайды.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! деген өлеңінде:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос,
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған –
Лашын құстың тепкені.
Мені елден айырған –
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып, айтпай не керек,
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні, - деді ақын.
Бұл өлеңді зер салып оқыған адамға елді де, ел қорғаған ерді
де адам айтқысыз бақытсыздыққа ұшыратып, бастарына ауыр күн туғызған
хан мен оны жақтаушыларға нәлет айтып және өз халінің де тым
ауырлығын суреттейтіндігін аңғару қиын емес. Бірақ, ақын жалғыздықпен
болдым дос, - дегенде, оның елден қол үзіп, ел де одан безіп
кеткен екен деген ұғымнан аулақ болуымыз керек. Махамбет жалғыздық
деп, өзінің соңына ерген әскері жоқтығын, бұрынғыдай ауыр қолды
басқарып, ханға шабуыл жасауға мүмкіншіліктің жоқтығын айтады.
Исатайға тікелей арнап шығарылған Тарланым, Мінкен ер,
Тайманның ұлы Исатай, Исатай сөзі, Исатай деген ағам бар деген
өлеңдері бар. Бұлардан басқа: Мұнар күн, Исатай мен Жақия,
Соғыс т.б. өлеңдерінде де Исатайдың ерлік істері мен адамгершілік,
азаматтықтары жырланады.
Қорыта айтқанда, Махамбет өлеңдеріндегі реализм: ханның, би –
сұлтандардың елді езіп, қанап отырғандығын, олардың қару күш - құрал
арқылы ел басына туғызған қара күндері мен ауыр азаптарын, өз
бастарында болған хал, жағдайларды, көтерілістің әр кезеңдерін шебер
суреттеуде, Қабырғасын қаусатып бір бірлеп сөксе де әлеумет өміріндегі
теңсіздіктің бетін ашып көрсетуінде деуге болады.
Махамбеттің лирикалық өлеңдері.
Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz